Жаңалықтар

Ыдырыс Ноғайбаев

Ыдырыс Ноғайбаев (15.05.1931 жылы туған,Алматы облысы Талғар қаласы.) — қазақактері, педагог, Қаз. КСР халық өртісі (1966). Профессор И.М.Раевскийдің шәкірті. 1954 жылы Мәскеудің А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы қазақ студиясын бітірді. Сол жылдан қазақ драма театрының құрамында қызмет етеді. Сахналық дебютін М.Горький драмасы бойынша қойылған спектакльдерде Тетерев пен Егор Булычов ("Тоғышарлар" мен "Егор Булычов және басқаларында") рөлін ойнаудан бастады. М.Горький қаһармандарының тағдырымен байланысты өзінің актерлік творчествосының өн бойынан өтетін өзекті бір тақырыпты ашты. Ол — қогамдық ауыр тұрмыстан ғүмырлық ой-мураты мен бақытын таппай, өмірдің тұйық тұңғиығынан биік тұғырға ұмтылған өрелі жандар тағдыры, жалғыздықтан қайғылы өмірге тап болған жандардың шиыршық атқан ой арпалысы. Осы тақырыпта сахналық бояуын тапқан кейіпкерлер қатарында М.Әуезовтің "Еңлік—Кебегіндегі" Есенді, Ғ.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясындағы" Мылқауды (Балуанды), Э.Раннеттің "Адасқан ұлындағы" Март Туйскіні, Қ.Мұхамеджановтың "Жат елдесіндегі" Құрбанды, Қ.Бекхожиннің "Ұлан асуындағы" Абылайды, Ә.Нүрпейісов пен Ә.Мәмбетовтің "Қан мен теріндегі" Кәленді т.б. атауға болады. Бүдан басқа актер ойынында сахналық шешімі күрделі характерлер болып шыққан — Абай, Қобыланды (Әуезов пен Соболевтың осы аттас трагедиясы мен "Қара Қыпшақ Қобыландысында"), Қарабай (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Отелло, Петруччио (Шекспирдің осы аттас трагедиясы мен "Асауға түсауында"), Теодоро (Лопе де Веганың "Қызғаныштан махаббатында"), Агабо (Иоселианидің "Арбаң аман болсынында") өзара мүлдем ұқсамайтын өскен ортасы мен туған топырағы бір-бірінен тым шалғай жатқан қилы-қилы тағдырлар. Осындай адам бойындағы қым-қиғаш сезім иірімдері мен күрделі ой-толғаныстарын көрермендерге терең ашып өткізу — оның актерлік өнері не тән қасиет. 1955 жылдан фильмдерде ойнап, ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Ыдырыс ("Мазасыз көктемде", 1955), Амантай ("Ботакөзде", 1958), Оспан ("Өмір жолында", 1959), Данияр ("Асуда", 1963), Нармағанбет ("Алғашқы мүғалімде", 1964), Сағит ("Шыңдағы шынарда", 1965), Бәйтенов ("Қилы кезеңде", 1966), Сырлыбай ("Қыз Жібекте", 1970) т. б. 1958 жылы Мөскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен Қазанда, Уфада, Нүкісте, Ширазда (Иран) өнер көрсетті. 1970 жылдан Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ консерваториясы) актерлер факультеті мен республикалық эстрада студиясында педагогтық қызметпен шүғылданады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). "Құрмет Белгісі" орденімен жөне медальдармен марапатталған.
05.12.2012 12:44 6271

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға