Жаңалықтар

Өмірзақов Елубай

  Өмірзақов Елубай (1.1. 1899, қазіргі Қостанай обл. Таран ауд. – 2.4.1974, Алматы) – актер, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931). Ө. еңбекке ерте араласты. Болашақ актердің талантын танып, өнерге баулыған әрі оны оқуға үйреткен сол кездері (1914) ауыл ұстазы, жазушы-драматург Б.Майлин. 1923 – 25 ж. Орынбор қ-ндағы Қазақтың халық ағарту ин-тында оқыған. 1924 ж. Орынбор қ-нда қойылған М.Әуезовтің “Еңлік – Кебегі” және Ж.Ерданаевтың “Малқамбайында” Ө. Абыз бен Малқамбай рөлдерінде ойнады. Бұл актердің сахналық өнерге бүтіндей бет бұруына үлкен әсер етті. 1925 ж. Қызылорда қ-нда Қазақ мемл. драма театры (қазіргі Қазақтың мемл. академ. драма театры) құрылғанда А.Абдуллин, І.Бадыров, С.Байғожин және С.Оспановпен бірге Ө. та алғашқы ұлт театрының іргетасын қалап, оның өркен жаюына мол үлес қосты. 1927 ж. Мәскеу қ-нда өткен этногр. концерт-ке қатысты. 1931 ж. қазақ сахна шеберлері қатарынан реж. Ж.Шанинмен бірге театрдың бес жылдық мерекесіне байланысты Ө. республиканың тұңғыш халық артисі атағына ие болды. Ө. қазіргі Қазақтың мемл. академ. опера және балет театрын (1934) ұйымдастырушылардың бірі, осы театр сахнасында қойылған Әуезов пен И.В. Коцыктың “Айман – Шолпан” (1934) және Майлин мен Е.Г. Брусиловскийдің “Жалбыр” сияқты муз. спектакльдерінде халық өкілі, тапқыр Жарас пен күзетші Қайрақбайдың рөлін орындады. 1930 – 40 ж. драма театрында ойнаумен ғана шектелмей, радио мен филармонияға, эстрад. концерттер мен кино өнерінің дамуына да қызу ат салысты, табиғи талантының әр қырынан танылды. Халық өнерінің қайнар көзінен нәр алған Ө. әйгілі  халық батыры Амангелдінің (әуелі Майлин мен Ғ.М. Мүсіреповтің осы аттас спектаклінде; одан кейін осы аттас фильмде, 1938), сондай-ақ Жарас пен Дәркембайдың бейнесін (Әуезовтің “Түнгі сарыны” мен “Абайында”; соңғы рөлі үшін КСРО Мемл. сыйл. берілді, 1952) шеберлікпен сомдады. Ө. ойнаған рөлдерінің саны 150-ден астам, олардың қатарына Асан, Кеңгірбай, Қазан (Әуезов “Қарагөз”, “Еңлік – Кебек”, “Қара қыпшақ Қобыланды”), Мұңайтпас, Жалмұқан (Мүсірепов “Амангелді”, “Ақан сері – Ақтоқты”), Мырқал (Ә.Әбішев “Достық пен махаббат”), Есіркеп (Ш.Хұсайынов  “Кеше мен бүгін”), Костя – капитан,  В.И. Ленин (Н.Ф. Погодин “Ақсүйектер”, “Мылтықты адам”), Пантелеев (Б.Ф. Чирсков “Жеңімпаздар”), Караваев (Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі” бойынша), Романов (В.М. Киршон “Астық”), Кочкарев, Осип (Н.В. Гоголь “Үйлену”, “Ревизор”), Отелло (У.Шекспирдің осы аттас трагедиясында), т.б. Ө. актерлік шеберлігінің ерекшелігі сөзінен гөрі сахналық қимыл-қозғалысы мен мимикасында, ол әрбір кейіпкерінің мінезін, табиғатын ішкі сезім дүниесіне лайықтап, өзінің бүкіл дене бітімін құбылтып, құлпыртып ойнауға өте шебер сахна суреткері болған. 1938 жылдан киноға түсті: Жексен (“Райхан”, 1940), Ерден (“Абай әні”, 1945), Ақтанбай (“Дала қызы”, 1954), Бақсы (“Атамекен”, 1967; Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1968), т.б. 2-дүниежүз. соғыс (1942 – 43) жылдары майданның алғы шептерінде болып, жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетті. Ө. халық әндерін  (“Шәпибаяу”, “Кербесті”, “Нақ-нақ”, “Қыздар-ау”, “Заулатшы-ай”, т.б.) шебер орындаушы ретінде де белгілі. 1936 және 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1975 жылдан Алматы қ-нда ол тұрған үйге (Қабанбай батыр көшесі, 89-үй) мемориалдық тақта орнатылып, актер есімімен көше (бұрынғы 14-линия) және Қостанай обл. филармониясы аталды. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
05.12.2012 12:26 7309

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға