Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы – Өскемен қаласындағы техникалық және экономикалық бағыттағы мамандар даярлайтын жоғары оқу орны. •    1958 ж. құрылыды. •    1996 ж. университет мәртебесі берілген. •    1997 жылдан Д.Серікбаев есімімен аталады. •    Оқу орны 1958 жылдан бері еліміз үшін 50 мыңнан астам инженерлер, тау-кен мамандарын, ақпараттық технология мен энергетика салаларының жоғары білімді мамандарын даярлады. Қазіргі күні университеттің 5 факультетінде 43 мамандық бойынша мамандар оқытылады. Онда 11 мыңнан астам студент бар. Университет базасында Қазақстанда тұңғыш рет “университет-технопарк” аталатын инновациялық университет үлгісі құрылып, Алтай ғылыми-техникалық бағы жұмыс істейді. Оқу-ғылыми-инновация-өндірістік кешен жемісті жұмыс атқарып, студенттік технологиялық бизнес инкубатор құрылған. Университет қабырғасында Жоғары технологиялар аймағы бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда.[1] Қазіргі университет Университет 5 факультеттен, әскери кафедрадан, және IT-колледжден тұрады: 1.    Сәулет-құрылыс факультеті, 2.    Тау-кен металлургиялық факультеті, 3.    Машина жасау және көлік факультеті, 4.    Экономика және менеджмент факультеті, 5.    Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті, 6.    Әскери кафедра 7.    IT-колледж Сәулет-құрылыс факультеті Сәулет-құрылыс факультеті 1988 жылы«Сәулет-құрылыс факультеті» құрылды, оны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гольцев Анатолий Григорьевич басқарды. 1989 жылы факультет ғылым кандидаты, доцент Анисимов Юрий Владиславович басшылық еткен сәулет және 1993 жылға дейін А.Г Гольцев жетекшілік еткен құрылыс факультеті болып қайта құрылды. Сәулет-құрылыс факультеті 2006жылы бұрынға сәулет және құрылыс екі факультетін біріктіру арқылы құрылды. Қазіргі кезде факультетте 1700студент бакалавриаттың 9 және магистратураның 5 бағыты бойынша оқиды. Факультет құрамына 5 кафедра кіреді, оның 4-і сәулет, дизайн, құрылыс, су ресурсы, стандарттау және метрология, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы, құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндірісі, ағаш өңдеу технологиясы, орман шаруашылығы ісі бағыттары бойынша мамандарды даярлап шығарады. 13 профессор, 48 ғылым кандидаттары мен доценттер, барлығы: 123 адамнан тұратын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, оқу және ғылыми зертханалардың ірі материалдық-техникалық базасы мамандарды дайындаудың жоғары сапасының кепілі болып табылады. Барлық мамандықтардағы оқу жоспарлары мен курстардың мазмұны дамудың «Унивеситет - Технопарк» инновациялық үлгісіне, заманауи нарықтық қатынас-кіші және орта бизнес, жоспарлау және құрылыс бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыруда білім алу мен дағдылануға, дизайн, ғимараттарды, үймереттерді, су-газ және жылу беру құрылымын қайта құру мен жөндеуге бағытталған. Факультетте барлық мамандықтардағы студенттердің математика, физика, информатика, шет тілдері, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша базалық деңгейдегі дайындықтары да қарастырылған. Құрылғаннан бері факультет өңірдің, Қазақстан Республикасы мен одан тысқары жерлердің кәсіпорындары мен ұйымдарында сәтті еңбек етіп жатқан 10 мыңнан астам мамандарды даярлап шығарды. Тау-кен металлургиялық факультеті Тау-кен металлургиялық факультеті 1995 жылы құрылған. Тау-кен металлургиялық факультетінің құрылуы заңды болып табылады және де аймақ ерекшелігімен байланысты, онда Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалар кенорындарының көп бөлігі, сол сияқты, ірі кен-металлургиялық кешеннің кен өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары шоғырланған. Олардың қалыпты жұмыс істеуі көбінесе инженерлік кадрлардың біліктілігіне байланысты, бұларды оқыту мен дайындау аталған факультетте жүзеге асырылады. Факультет аймақта өте қажет етілген мамандық алу мүмкіндігін береді, мұнда кен-металлургиялық кәсіпорындар базалық болып табылады. Қазіргі кезде факультетте 1.    бакалавриаттың 8 мамандығы, 2.    магистратураның 8 3.    және докторантураның 2 бағыты бойынша 2000 студенттен артық адам оқиды. Машина жасау және көлік факультеті Машинажасау және көлік факультеті университеттің ең алғаш ашылған әрі аймақтағы бірден бір факультеті. Оның түлектері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің барлық аймақтарында жемісті еңбектенуде, олар жоғары беделге ие. Студенттердің кәсіби дайындығын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады – бұл 129-дан артық оқытушы, соның ішінде 65 оқытушының ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың арасында: тоғызы – ғылым докторы, он екісі – профессор. Кафедралар: Технологиялық машиналар мен жабдықтар. Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы. Көлік және логистика. Техникалық физика. Философия және адамның даму проблемалары. Оқу үдерісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік лицензиялар барлық мамандықтарға берілген. Машинажасау және көлік факультетінің кафедралары жақсы материалдық-техникалық негізге ие, олардың ғылыми-зерттеу және техникалық зертханалары, "Машиналар мен механизмдер сенімділігі проблемалары" (т.ғ.д., профессор Ж.О.Құлсейітов), «САТиМ» ғылыми-техникалық орталықтары, және де "ЭТОРА" автотехникалық сынау орталығы бар. Студенттерді өндірістегі кафедралар филиалдарында практикалық дайындау кең түрде қолданылады. Гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану пәндері бойынша барлық студенттер дайындығының базалық деңгейі ескерілген. Экономика және менеджмент факультеті Экономика және менеджмент факультеті Факультет дербес бөлімше ретінде 1993 жылдан бастап іс-әрекет етеді. Факультетте 6 кафедра бар, соның ішінде 3-уі шығарушы болып табылады: 1.    Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу. 2.    Қазақстан тарихы және құқық. 3.    Экономикалық теория және нарық. 4.    Қаржы, есеп және салық салу. 5.    Кәсіпорын экономикасы. 6.    Инновациялық менеджмент. Факультетте оқыту қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқу түрлері бойынша жүргізіледі. Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті Факультет құрамына келесі кафедралар кіреді: 1.    «Ақпараттық жүйелер». 2.    «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» . 3.    «Өнеркәсіптік энергетика» . 4.    «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» . 5.    «Жоғары математика» . 6.    «Шетел тілдері» . Оқытушылар – 2007 жылғы «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері: 1.    Е.М.Тұрғанбаев – АТЭФ деканы. 2.    Н.Г.Хисамиев – «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі. 3.    Д.Л.Алонцева – «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы. 4.    М.Т.Ипалақова – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы. Әскери кафедра Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы студенттердің әскери дайындығы - жүйелі және мақсатты түрде жүргізілетін оқыту және тәрбиелеу үдерісі. Әскери кафедрадағы студенттердің әскери дайындығы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен білім және ғылым Министрлігінің басқарушы құжаттарының негізінде жүргізіледі. Әскери кафедрадағы әскери дайындықтың оқыту үдерісін ұйымдастыру мынадай жұмыстардан құралады: оқыту жұмысы; оқытушылар мен оқытушы көмекшілердің кәсібін жоғарлату; әдістемелік жұмыс; әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстары; оқыту үдерісін техникалық құралдар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары; студенттердің әскер-патриоттық тәрбиесіне қатысты және жалпылама қорғану жұмыстары; ішкі тәртіпке байланысты жұмыстар; студенттердің әскери бөлімдердегі жиналыстары; зачеттар, курстық жұмыстар, бітіру экзамендері. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін төрт түрлі әскери мамандық дайындайды: 1.    ВУС 021001– «Жаяу әскердің соғыс машиналарында мотобағыттық бөлімшелер, бөлімдер мен қосылымдарды пайдалану» 2.    ВУС 310101– «Әскердің соғыстық және шаруашылық істерінің экономикасы және оларды қаржылық қамсыздандыру» 3.    ВУС 420201 –«Базалық танкы машиналарын қирату және жөндеу» 4.    ВУС 560201– «Көпқырлы қолданыстағы автомобильді техниканы қирату және жөндеу жұмыстары» Әскери кафедра штаттық тізбек бойынша келесідей құрамнан тұрады: 1.    Профессорлық-оқытушылық құрамы – 17 адам; 2.    Инженерлік-техникалық құрамы – 4 адам; 3.    Оқыту-көмекшілік құрамы – 7 адам; БАРЛЫҒЫ – 28 адам. Кафедрада оқитындар саны – 528 студент. IT-колледж ШҚМТУ колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 08.07.1999ж. №340 бұйрығы негізінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде «Мектеп – колледж – университет» жүйесіндегі үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылды. Оқытушылар құрамы тәжірибелі педагогтармен жиынтықталған. Колледждегі сабақтарды колледж оқытушылары ғана емес, сол сияқты университеттің тәжірибелі оқытушыдлары да – ғылым кандидаты, доцент және профессор ғылыми дәрежесі бар мамандар да жүргізеді. Оқушылардың пайдалануына университеттің зор материалдық-техникалық базасы берілген: кітапхана, спорт залдары, оқу кабинеттері және зертханалар, компьютерлік сыныптарда орналасқан жаңа деңгейдегі дербес ЭЕМ. Колледждің 1-ші курсына – 9- немесе 10-сыныпты, 2-ші курсына 11-сыныпты бітірген жастар қабылданады. Таңдап алынған мамандыққа байланысты колледжде 9-сынып негізінде оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай және 3 жыл 10 ай. 11-сынып негізінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай және 2 жыл 10 ай. Колледждегі сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Күндізгі оқі түрінің 1000-нан артық оқушысы компьютерлік, автомеханикалық, тау-кен металлургиялық, сәулет-құрылыс, жол және экономика-басқарушылық мамандықтар бойынша екі бөлімде оқиды: техникалық, ақпараттық технологиялар және басқару. 2004 жылдан бастап колледжде сырттай оқу бөлімі ашылды, онда 600-ден артық оқушы оқиды. Колледж оқушылары үшін келешекте өз білімдерін күндізгі оқу түрінің, сол сияқты сырттай оқу түрінің тиісті немесе сабақтас мамандықтары бойынша ШҚМТУ-де жалғастырудың үлкен мүмкіндігі бар. Тарихы 1958 жыл. 5 тамызда КСРО Министрлерлер Кеңесі № 866 қаулысы және 30 тамыздағы Қазақ КСР Министрлерлер Кеңесі № 765 қаулысы негізінде Өскемен құрылыс жол институты құрылды. ӨҚЖИ-дің бірінші ректоры Д.М.Серікбаев болды. Шығыс Қазақстан облысында техникалық жоғарғы оқу орнының ашылуы бұл өңірдегі экономиканың қарыштап дамуы және оған деген инженерлі-техникалық мамандардың қажеттілігін толтырумен байланысты болды. Оқу корпустарын, студенттер жатақханаларын, спорттық алаңдармен тұрғын үйлерді салу үшін қалалық Кеңестің депутаттары Ертіс өзенінің жағасынан 66 га жерді бөліп берді. Алғашқы жылдары ЖОО құрылыс техникумының оқу корпусында, жобалаушы институт «Казгипроцвет»-тің әкімшлің ғимаратына орналастырылды, ал студенттер Шығысмашзаводтың 400 орындық жатақханасында тұратын болды. Өндірістік және азаматтық құрылыс, бетонды және темірбетонды заттар мен құрастырмаларды өндіру, құрылыс-жол машиналары мен құрал-жабдықтары, автомобиль жолдары мен автомобиль транспорты мамандықтарына 175 адам қабылданды, соның ішінде күндізгі оқу бөлімінеде - 100 адам, сырттай оқу бөлімінеде 75 адам болды. Институт құрамына 8 кафедра кірді: маркзим-ленинизм, химия, жоғарғы математика, физика, сызба геометриясы мен графикасы, теориялық механика, құрылыс механикасы, геодезия, онда 13 оқытушы жұмыс істеді, соның ішінде 3 ғылым кандидаты мен 10 лаборанттар. 1959 жылы құрылыс, автомеханикалық факультеттері құрылған соң, металдар технологиясы жене арнайы дайындық кафедралары мен бұрынғы құрылыс механикасы, теориялық механика, жоғарғы математика, марксизм-ленинизм кафедралары автомеханикалық факультетке қарайтын болды, ал қалғаны құрылыс факультетінің құрамына кірді. 1959 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен бүкіл кеңестік сырттай инженерлі-құрылыс институты негізінде сырттай оқу факультеті құрылды. 1960 жылы дене тәрбиесі мен спорт кафедрасы құрылды, оны Левченко Б.Ф. басқарды. 1961 жылы ӨҚЖИ-де профессорлар-оқытушылар мен студенттер құрамында бірінші ғылыми-техникалық конференция өтті. 45 оқытушы мен 10 студенттің ғылыми докладтары тыңдалып, талқыға түсті. 1962 жылдан бастап Зырян қаласында жалпытехникалық жұмыс істеді. 1962 жылы институтты сәулет өнерінің докторы, профессор Сидоров А.К. басқарды. 60 жылдардың басы есептеу орталығын құруға жатады. 1962 жылы Минск қаласына арнайы дайындықтан өту үшін Каханов А. А., Смирнов Б. П., Коровина А. В., Чернявский В. С., Макарцев М. И. жіберілді. 1963 жылы институт бірінші 79 жас мамандар, оның ішінде 8-і "ерекше диплом"-мен даярлап шығарды. 1965 жылы институттың 3000 кв. м бас корпусы мен 516 орынға арналған жатақхана мен 48 пәтерлі тұрғый пайдалануға берілді. 1966-1967 жылдар аралығында зертханалық корпус, мәдени шаралар залы мен спорт зал, кітапхана, 3-ші жатақхана пайдалануға берілді. Материалдық-базаның үлкеюі студенттер санының көбеюі мен сәулет (1964 ж.), инженерлі-кономикалық (1965 ж.), суландыру және канализация (1967 ж.) факультеттерінің ашылуына әсер етті. 1967 жылдң 25 ақпанында институттық газет «За знание»-нің бірінші нөмірі жарыққа шықты. Оның редакторы болып КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі доцент Савостенко В бекітілді. 1967 жылдан бастап біліктілігін көтеру кафедрасы жұмыс істеді. Өзінің 10 жылдық мерейтойы жылында институт 1550 адамды қабылдады, соның ішінде 725 адам іштей оқу бөліміне болды. Барлығы 35 кафедрада 340 оқытушы жұмыс істеп, оның 36-ы түрлі ғалымдар болды 1972 жылы Алматы қаласында ӨҚЖИ-дің кешке оқыту филиалы ашылды. Оның материалдық базасын республиканың автомобиль жолдары министрлігі қаржыландырды. 1972 жылы жалпы инженерлік факультет құрылып, 13 кафедра жалпы инженерлік мамандықтарды мен 1,2 курстың 54 тобын біріктірді. Деканы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Токмурзин О. Т. болды. 1974 жылы Халық шаруашылығы көрмесіне белсене қатысқаны үшін ӨҚЖИ Қазақ ССР-нің I дәрежелі ВДНХ дипломымен марапатталды. 1975 жылы 500 орындық клуб-асхана мен 5-ші студенттер жатақханасының негізі қаланды. Ректорлары •    1958 - 1962 Серікбаев Даулет Мірқасімұлы •    1962 - 1986 Сидоров Анатолий Константинович •    1986 - 2000 Баталов Юрий Васильевич •    2000 - 2003 Гамарник Геннадий Николаевич •    2003 - 2010 Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы •    2010 Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы  
05.12.2012 12:25 9703

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы – Өскемен қаласындағы техникалық және экономикалық бағыттағы мамандар даярлайтын жоғары оқу орны.

•    1958 ж. құрылыды.
•    1996 ж. университет мәртебесі берілген.
•    1997 жылдан Д.Серікбаев есімімен аталады.
•    Оқу орны 1958 жылдан бері еліміз үшін 50 мыңнан астам инженерлер, тау-кен мамандарын, ақпараттық технология мен энергетика салаларының жоғары білімді мамандарын даярлады.

Қазіргі күні университеттің 5 факультетінде 43 мамандық бойынша мамандар оқытылады. Онда 11 мыңнан астам студент бар. Университет базасында Қазақстанда тұңғыш рет “университет-технопарк” аталатын инновациялық университет үлгісі құрылып, Алтай ғылыми-техникалық бағы жұмыс істейді. Оқу-ғылыми-инновация-өндірістік кешен жемісті жұмыс атқарып, студенттік технологиялық бизнес инкубатор құрылған. Университет қабырғасында Жоғары технологиялар аймағы бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда.[1]

Қазіргі университет

Университет 5 факультеттен, әскери кафедрадан, және IT-колледжден тұрады:

1.    Сәулет-құрылыс факультеті,
2.    Тау-кен металлургиялық факультеті,
3.    Машина жасау және көлік факультеті,
4.    Экономика және менеджмент факультеті,
5.    Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті,
6.    Әскери кафедра
7.    IT-колледж

Сәулет-құрылыс факультеті

Сәулет-құрылыс факультеті

1988 жылы«Сәулет-құрылыс факультеті» құрылды, оны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гольцев Анатолий Григорьевич басқарды. 1989 жылы факультет ғылым кандидаты, доцент Анисимов Юрий Владиславович басшылық еткен сәулет және 1993 жылға дейін А.Г Гольцев жетекшілік еткен құрылыс факультеті болып қайта құрылды. Сәулет-құрылыс факультеті 2006жылы бұрынға сәулет және құрылыс екі факультетін біріктіру арқылы құрылды.

Қазіргі кезде факультетте 1700студент бакалавриаттың 9 және магистратураның 5 бағыты бойынша оқиды. Факультет құрамына 5 кафедра кіреді, оның 4-і сәулет, дизайн, құрылыс, су ресурсы, стандарттау және метрология, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы, құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндірісі, ағаш өңдеу технологиясы, орман шаруашылығы ісі бағыттары бойынша мамандарды даярлап шығарады. 13 профессор, 48 ғылым кандидаттары мен доценттер, барлығы: 123 адамнан тұратын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, оқу және ғылыми зертханалардың ірі материалдық-техникалық базасы мамандарды дайындаудың жоғары сапасының кепілі болып табылады.

Барлық мамандықтардағы оқу жоспарлары мен курстардың мазмұны дамудың «Унивеситет - Технопарк» инновациялық үлгісіне, заманауи нарықтық қатынас-кіші және орта бизнес, жоспарлау және құрылыс бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыруда білім алу мен дағдылануға, дизайн, ғимараттарды, үймереттерді, су-газ және жылу беру құрылымын қайта құру мен жөндеуге бағытталған. Факультетте барлық мамандықтардағы студенттердің математика, физика, информатика, шет тілдері, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша базалық деңгейдегі дайындықтары да қарастырылған. Құрылғаннан бері факультет өңірдің, Қазақстан Республикасы мен одан тысқары жерлердің кәсіпорындары мен ұйымдарында сәтті еңбек етіп жатқан 10 мыңнан астам мамандарды даярлап шығарды.

Тау-кен металлургиялық факультеті

Тау-кен металлургиялық факультеті 1995 жылы құрылған. Тау-кен металлургиялық факультетінің құрылуы заңды болып табылады және де аймақ ерекшелігімен байланысты, онда Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалар кенорындарының көп бөлігі, сол сияқты, ірі кен-металлургиялық кешеннің кен өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары шоғырланған. Олардың қалыпты жұмыс істеуі көбінесе инженерлік кадрлардың біліктілігіне байланысты, бұларды оқыту мен дайындау аталған факультетте жүзеге асырылады.
Факультет аймақта өте қажет етілген мамандық алу мүмкіндігін береді, мұнда кен-металлургиялық кәсіпорындар базалық болып табылады.

Қазіргі кезде факультетте

1.    бакалавриаттың 8 мамандығы,
2.    магистратураның 8
3.    және докторантураның 2 бағыты бойынша 2000 студенттен артық адам оқиды.

Машина жасау және көлік факультеті

Машинажасау және көлік факультеті университеттің ең алғаш ашылған әрі аймақтағы бірден бір факультеті. Оның түлектері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің барлық аймақтарында жемісті еңбектенуде, олар жоғары беделге ие.

Студенттердің кәсіби дайындығын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады – бұл 129-дан артық оқытушы, соның ішінде 65 оқытушының ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың арасында: тоғызы – ғылым докторы, он екісі – профессор.

Кафедралар: Технологиялық машиналар мен жабдықтар. Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы. Көлік және логистика. Техникалық физика. Философия және адамның даму проблемалары.

Оқу үдерісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік лицензиялар барлық мамандықтарға берілген.

Машинажасау және көлік факультетінің кафедралары жақсы материалдық-техникалық негізге ие, олардың ғылыми-зерттеу және техникалық зертханалары, "Машиналар мен механизмдер сенімділігі проблемалары" (т.ғ.д., профессор Ж.О.Құлсейітов), «САТиМ» ғылыми-техникалық орталықтары, және де "ЭТОРА" автотехникалық сынау орталығы бар. Студенттерді өндірістегі кафедралар филиалдарында практикалық дайындау кең түрде қолданылады. Гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану пәндері бойынша барлық студенттер дайындығының базалық деңгейі ескерілген.

Экономика және менеджмент факультеті

Экономика және менеджмент факультеті
Факультет дербес бөлімше ретінде 1993 жылдан бастап іс-әрекет етеді.
Факультетте 6 кафедра бар, соның ішінде 3-уі шығарушы болып табылады:

1.    Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу.
2.    Қазақстан тарихы және құқық.
3.    Экономикалық теория және нарық.
4.    Қаржы, есеп және салық салу.
5.    Кәсіпорын экономикасы.
6.    Инновациялық менеджмент.

Факультетте оқыту қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқу түрлері бойынша жүргізіледі.

Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті

Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті
Факультет құрамына келесі кафедралар кіреді:

1.    «Ақпараттық жүйелер».
2.    «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» .
3.    «Өнеркәсіптік энергетика» .
4.    «Математикалық және компьютерлік үлгілеу» .
5.    «Жоғары математика» .
6.    «Шетел тілдері» .
Оқытушылар – 2007 жылғы «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері:
1.    Е.М.Тұрғанбаев – АТЭФ деканы.
2.    Н.Г.Хисамиев – «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі.
3.    Д.Л.Алонцева – «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы.
4.    М.Т.Ипалақова – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы.

Әскери кафедра

Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы студенттердің әскери дайындығы - жүйелі және мақсатты түрде жүргізілетін оқыту және тәрбиелеу үдерісі. Әскери кафедрадағы студенттердің әскери дайындығы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен білім және ғылым Министрлігінің басқарушы құжаттарының негізінде жүргізіледі.

Әскери кафедрадағы әскери дайындықтың оқыту үдерісін ұйымдастыру мынадай жұмыстардан құралады: оқыту жұмысы; оқытушылар мен оқытушы көмекшілердің кәсібін жоғарлату; әдістемелік жұмыс; әскери-ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстары; оқыту үдерісін техникалық құралдар және оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары; студенттердің әскер-патриоттық тәрбиесіне қатысты және жалпылама қорғану жұмыстары; ішкі тәртіпке байланысты жұмыстар; студенттердің әскери бөлімдердегі жиналыстары; зачеттар, курстық жұмыстар, бітіру экзамендері.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін төрт түрлі әскери мамандық дайындайды:

1.    ВУС 021001– «Жаяу әскердің соғыс машиналарында мотобағыттық бөлімшелер, бөлімдер мен қосылымдарды пайдалану»
2.    ВУС 310101– «Әскердің соғыстық және шаруашылық істерінің экономикасы және оларды қаржылық қамсыздандыру»
3.    ВУС 420201 –«Базалық танкы машиналарын қирату және жөндеу»
4.    ВУС 560201– «Көпқырлы қолданыстағы автомобильді техниканы қирату және жөндеу жұмыстары»

Әскери кафедра штаттық тізбек бойынша келесідей құрамнан тұрады:

1.    Профессорлық-оқытушылық құрамы – 17 адам;
2.    Инженерлік-техникалық құрамы – 4 адам;
3.    Оқыту-көмекшілік құрамы – 7 адам;

БАРЛЫҒЫ – 28 адам.

Кафедрада оқитындар саны – 528 студент.

IT-колледж
ШҚМТУ колледжі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 08.07.1999ж. №340 бұйрығы негізінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде «Мектеп – колледж – университет» жүйесіндегі үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында құрылды.

Оқытушылар құрамы тәжірибелі педагогтармен жиынтықталған. Колледждегі сабақтарды колледж оқытушылары ғана емес, сол сияқты университеттің тәжірибелі оқытушыдлары да – ғылым кандидаты, доцент және профессор ғылыми дәрежесі бар мамандар да жүргізеді. Оқушылардың пайдалануына университеттің зор материалдық-техникалық базасы берілген: кітапхана, спорт залдары, оқу кабинеттері және зертханалар, компьютерлік сыныптарда орналасқан жаңа деңгейдегі дербес ЭЕМ. Колледждің 1-ші курсына – 9- немесе 10-сыныпты, 2-ші курсына 11-сыныпты бітірген жастар қабылданады. Таңдап алынған мамандыққа байланысты колледжде 9-сынып негізінде оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай және 3 жыл 10 ай. 11-сынып негізінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай және 2 жыл 10 ай.

Колледждегі сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Күндізгі оқі түрінің 1000-нан артық оқушысы компьютерлік, автомеханикалық, тау-кен металлургиялық, сәулет-құрылыс, жол және экономика-басқарушылық мамандықтар бойынша екі бөлімде оқиды: техникалық, ақпараттық технологиялар және басқару. 2004 жылдан бастап колледжде сырттай оқу бөлімі ашылды, онда 600-ден артық оқушы оқиды.

Колледж оқушылары үшін келешекте өз білімдерін күндізгі оқу түрінің, сол сияқты сырттай оқу түрінің тиісті немесе сабақтас мамандықтары бойынша ШҚМТУ-де жалғастырудың үлкен мүмкіндігі бар.

Тарихы

1958 жыл. 5 тамызда КСРО Министрлерлер Кеңесі № 866 қаулысы және 30 тамыздағы Қазақ КСР Министрлерлер Кеңесі № 765 қаулысы негізінде Өскемен құрылыс жол институты құрылды. ӨҚЖИ-дің бірінші ректоры Д.М.Серікбаев болды. Шығыс Қазақстан облысында техникалық жоғарғы оқу орнының ашылуы бұл өңірдегі экономиканың қарыштап дамуы және оған деген инженерлі-техникалық мамандардың қажеттілігін толтырумен байланысты болды.

Оқу корпустарын, студенттер жатақханаларын, спорттық алаңдармен тұрғын үйлерді салу үшін қалалық Кеңестің депутаттары Ертіс өзенінің жағасынан 66 га жерді бөліп берді. Алғашқы жылдары ЖОО құрылыс техникумының оқу корпусында, жобалаушы институт «Казгипроцвет»-тің әкімшлің ғимаратына орналастырылды, ал студенттер Шығысмашзаводтың 400 орындық жатақханасында тұратын болды.

Өндірістік және азаматтық құрылыс, бетонды және темірбетонды заттар мен құрастырмаларды өндіру, құрылыс-жол машиналары мен құрал-жабдықтары, автомобиль жолдары мен автомобиль транспорты мамандықтарына 175 адам қабылданды, соның ішінде күндізгі оқу бөлімінеде - 100 адам, сырттай оқу бөлімінеде 75 адам болды. Институт құрамына 8 кафедра кірді: маркзим-ленинизм, химия, жоғарғы математика, физика, сызба геометриясы мен графикасы, теориялық механика, құрылыс механикасы, геодезия, онда 13 оқытушы жұмыс істеді, соның ішінде 3 ғылым кандидаты мен 10 лаборанттар. 1959 жылы құрылыс, автомеханикалық факультеттері құрылған соң, металдар технологиясы жене арнайы дайындық кафедралары мен бұрынғы құрылыс механикасы, теориялық механика, жоғарғы математика, марксизм-ленинизм кафедралары автомеханикалық факультетке қарайтын болды, ал қалғаны құрылыс факультетінің құрамына кірді.

1959 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен бүкіл кеңестік сырттай инженерлі-құрылыс институты негізінде сырттай оқу факультеті құрылды. 1960 жылы дене тәрбиесі мен спорт кафедрасы құрылды, оны Левченко Б.Ф. басқарды. 1961 жылы ӨҚЖИ-де профессорлар-оқытушылар мен студенттер құрамында бірінші ғылыми-техникалық конференция өтті. 45 оқытушы мен 10 студенттің ғылыми докладтары тыңдалып, талқыға түсті. 1962 жылдан бастап Зырян қаласында жалпытехникалық жұмыс істеді. 1962 жылы институтты сәулет өнерінің докторы, профессор Сидоров А.К. басқарды. 60 жылдардың басы есептеу орталығын құруға жатады. 1962 жылы Минск қаласына арнайы дайындықтан өту үшін Каханов А. А., Смирнов Б. П., Коровина А. В., Чернявский В. С., Макарцев М. И. жіберілді. 1963 жылы институт бірінші 79 жас мамандар, оның ішінде 8-і "ерекше диплом"-мен даярлап шығарды. 1965 жылы институттың 3000 кв. м бас корпусы мен 516 орынға арналған жатақхана мен 48 пәтерлі тұрғый пайдалануға берілді. 1966-1967 жылдар аралығында зертханалық корпус, мәдени шаралар залы мен спорт зал, кітапхана, 3-ші жатақхана пайдалануға берілді.

Материалдық-базаның үлкеюі студенттер санының көбеюі мен сәулет (1964 ж.), инженерлі-кономикалық (1965 ж.), суландыру және канализация (1967 ж.) факультеттерінің ашылуына әсер етті.

1967 жылдң 25 ақпанында институттық газет «За знание»-нің бірінші нөмірі жарыққа шықты. Оның редакторы болып КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі доцент Савостенко В бекітілді.

1967 жылдан бастап біліктілігін көтеру кафедрасы жұмыс істеді.

Өзінің 10 жылдық мерейтойы жылында институт 1550 адамды қабылдады, соның ішінде 725 адам іштей оқу бөліміне болды. Барлығы 35 кафедрада 340 оқытушы жұмыс істеп, оның 36-ы түрлі ғалымдар болды

1972 жылы Алматы қаласында ӨҚЖИ-дің кешке оқыту филиалы ашылды. Оның материалдық базасын республиканың автомобиль жолдары министрлігі қаржыландырды.
1972 жылы жалпы инженерлік факультет құрылып, 13 кафедра жалпы инженерлік мамандықтарды мен 1,2 курстың 54 тобын біріктірді. Деканы - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Токмурзин О. Т. болды.
1974 жылы Халық шаруашылығы көрмесіне белсене қатысқаны үшін ӨҚЖИ Қазақ ССР-нің I дәрежелі ВДНХ дипломымен марапатталды.
1975 жылы 500 орындық клуб-асхана мен 5-ші студенттер жатақханасының негізі қаланды.
Ректорлары
•    1958 - 1962 Серікбаев Даулет Мірқасімұлы
•    1962 - 1986 Сидоров Анатолий Константинович
•    1986 - 2000 Баталов Юрий Васильевич
•    2000 - 2003 Гамарник Геннадий Николаевич
•    2003 - 2010 Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
•    2010 Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға