Жаңалықтар

Өлкетану

  Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы. Кешенді Ө. осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастырады, салалық Ө. – геогр., тарихи, этногр, топоним., т.б. болып бөлінеді. Ө-дың негізгі міндеті – өлке жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш үлгілерін, т.б. мәліметтер жинақтау. Қазақстанда Ө. патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспед-лар шығарып, ғыл.-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғ-дың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солт. және Бат. Қазақстан, кейінірек Орт. Қазақстан аум-на экспед-лар ұйымдастырды. Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғ-да Қазақстанның ғыл.-танымдық Ө-ында Орыс география қоғамының 1868 ж. құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика к-ті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Ө-дың тағы бір орт. Орал қ. болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қ-нда жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика к-тінің жанындағы геогр. қоғамның бөлімшесіне бірікті. Бат. Сібір Ө. қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғ-дың аяғында Бат. Сібір геогр. қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солт. Қазақстанды зерттеуде Ө. қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңт. Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 ж. Ташкент қ-нда ұйымдастырылған Ресей геогр. қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ а. ш. қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспед. сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статист. жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғыл.-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда обл. статистика к-ттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімш. реформаларға байланысты 1886 ж. статистика к-ті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Ө-дың тұрақты ғыл. мекемелері мен ғыл.-зерт. ин-ттары, қорықтар ұйымдастырылды. Ө. бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғыл.-зерт. жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Ө-ында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспед-лар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археол. қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 ж. Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспед-лар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Ө-дың жергілікті орт-тары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Ө. мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде обл., ауд. Ө. мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғыл.-зерт. экспед-ларын ұйымдастыру да ілгері дамуда. Б. Тәшкенбаева
05.12.2012 12:23 14280

 

Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы. Кешенді Ө. осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастырады, салалық Ө. – геогр., тарихи, этногр, топоним., т.б. болып бөлінеді. Ө-дың негізгі міндеті – өлке жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш үлгілерін, т.б. мәліметтер жинақтау. Қазақстанда Ө. патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспед-лар шығарып, ғыл.-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғ-дың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солт. және Бат. Қазақстан, кейінірек Орт. Қазақстан аум-на экспед-лар ұйымдастырды. Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғ-да Қазақстанның ғыл.-танымдық Ө-ында Орыс география қоғамының 1868 ж. құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика к-ті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Ө-дың тағы бір орт. Орал қ. болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қ-нда жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика к-тінің жанындағы геогр. қоғамның бөлімшесіне бірікті. Бат. Сібір Ө. қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғ-дың аяғында Бат. Сібір геогр. қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солт. Қазақстанды зерттеуде Ө. қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңт. Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 ж. Ташкент қ-нда ұйымдастырылған Ресей геогр. қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ а. ш. қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспед. сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статист. жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғыл.-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда обл. статистика к-ттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімш. реформаларға байланысты 1886 ж. статистика к-ті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Ө-дың тұрақты ғыл. мекемелері мен ғыл.-зерт. ин-ттары, қорықтар ұйымдастырылды. Ө. бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғыл.-зерт. жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Ө-ында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспед-лар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археол. қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 ж. Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспед-лар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Ө-дың жергілікті орт-тары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Ө. мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде обл., ауд. Ө. мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғыл.-зерт. экспед-ларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.

Б. Тәшкенбаева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға