Жаңалықтар

Философия жайынан

Философия жайынан Адам баласы тұтынып келе жатқан ғылым екі түрлі. Бірі күндік керек мұқтаждық шығарған, адам баласының тіршілігіне нық байланысқан ғылымдар. Бірі кең ақыл, терең қиял шығарған адамның жанын тәрбиелейтін ғылым. Алғашқы айтқан ғылымдар да, соңғы түрдегі ғылым да әр тарауға бөлінген. Бірақ соңғы айтқан ғылымның тарауының бәрінің түйіскендегі түп негізі философия болады. Философия грек тілінде хақиқатқа, даналыққа құмарлық деген сөз. Бар ғылымның да құмары — хақиқат. Бірақ бұлардың айырылатын жолы іздеген жолында. Өзге ғылымдар мақсұтына жеткізетін басқыштаған дәлелді адамның көз алдындағы дүниеден алады. Және сол көз алдымыздағы дүниенің жеке-жеке өзгеріс, сырын іздейді. Философияның құралы толғаулы терең ой. Іздейтіні мүтіл[1] дүниенің ең әуелгі сыры, негізгі хақиқаты. «Философияның басы — таңдану», — дейді Аристотель. Таңданудан барып адам бір нәрсені тексере ойлайды. Тексерген соң шынынан бұлдырды айырады. Бұлай болғанда философия бір нәрсені тереңдеп ойлау болады. Біздің күндегі көріп жүрген өмірімізде шын тереңдеп ойлап, таза ақылмен шешеміз дерлік жасырын терең сыр жоқ. Және бұлардың көбінің соңына алғы түскен бір беткей ғылымдар бар. Философияның кірісетін жері қолға ұстанып, көзге көрсетерлік дәлелдер табылмайтын, таза ақыл ғана шешетін сауалдар. Философия адамның басынан шыққан бар ғылымның тамырын бір араға жиып, сол шығарған қорытындысын адамның ақылына, жанына азық қылып береді. Философияның жолымен хақиқатты іздеуге адам құлаштаған кең ақылдың ғана нұсқаған жолында болып, терең ойдың түбіне телміре қарауына керек. Мұндай тереңдеп ойлаған ой бірден адамның көкірегін оятып, ақыл көзін дүнияға жайнатып ашқызады. Екінші адамды ұсақтықтан, басқа әр түрлі мінезсіздіктен құтқарады. Қай уақытта болса да, адам ақылының аймағы шынды, ақтықты іздеумен кеңейген болса, ол адамның адамшылығының жүзі жарқын болмақ. Және оның жүрегіне нық бекіген хақиқи жолдың беті ездікпен толқымайды. Бұл терең ойдың, ойшылдың өз басына келтіретін пайдасы. Адам баласы өзінің, өзгенің дәрежесін ұғып, шын адамның мағыналы өмір қалпына жетуі терең ойға қожа болуына байланысады. Дүнияға таза адамшылық сипаты, таза мінездердің күші жетпейді. Олардың әлі аз, өрісі жоқ. Дүниеде мәңгілікке орнап қаларлық адамшылық хақиқат жеке ғана мінезге сүйеніп тұра алмайды. Бұған ең бір күшті діңгек, бар адамның көкірегіне сіңген толғаулы терең ой. Соның себепті философия адам баласының жан тәрбиесінің, адамшылығының бірінші—өрлейтін басқышы, екінші — көркі. Бұл терең ойдың адам баласына жолдасшылық істей бастағанына үш мың жылдай болды. Адамның әуелгі аясы аз ақылының туғызған қараңғы танымын, меңіреу надандығын философия кетірген. Бұрынғы уақыттағы халықтың надандығы қандай болған, бұл надандықтан туған соқыр таным қандай болған, мұның бәрі тарих жүзіне қарасақ белгілі. Бірақ, ол заманда да оқығандар, ойшылдар болмай қалмаған. Бұлардың көбі халыққа шешен тілімен кемшіліктерін суреттеп үгіттеген. Көбі соңдарынан шәкірттер ерткен. Бұлардың артынан ерген шәкірттері ғылым үйреніп, дүниеге соқыр нанымнан құтылып, өздері жұртқа ғалым болатын болған. Сол ойшылдардың бәрінің сондағы тұтынып жүрген жолдары, айтып жүрген сөздері философия ғылымы болатын. Терең ой сондағы істеген басшылығынан әлі жаңылған жоқ. Философия заманның жәй қозғалысының артынан еріп, бақылап отырып бір жол ескіруге айналса, я теріс болса, оң, жаңа жол нұсқамай қойған жоқ. Адамның өмірін көкірегіндегі ақылдың (идеясы) билейді дейді. Ақылдың жолы билейтін болса, ол идеяны философия билейді. Осымен адам баласының ақыл жолындағы тарақиетін, бұған жалғасатын адамшылық жолындағы тарахиятын» да философия билейді.  Адамның жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып ақтыққа сүйрейтін үлкен күш — дін. Философия дінмен бастас ғылым. Себебі: екеуінің де іздейтін мақсұты бір түрлі. Философия шыннан шынды туғызып һаман ізденетін жолда әуелгі ашпақ сыры дүниенің ең жоғарғы негізін таппақ, қайдан жаралғанын шешпек. Екінші, адамның жанын, ішкі қалпын тексермек, үшінші, адамның дүниеге келген мақсұтын тексермек. Бұл айтылған жолдар діннің де мақсұттары. Бірақ бұған ғана қарап философия мен дін бірігуге болмайды. Философияның айтатын жолы жалғыз ғана адамның таза ақылына сүйеліп айтылады. Және ол адамның ақылы айтқан жол болған соң, сынға алып, алғашқының дәлелін орынсыз тауып, әрлі-берлі толғап өзгертуге болады. Діннің жолы үлкен неден келді деп танылады, сол себепті мынасы дәлелсіз, мынасы қате, өзгертем деуге, шүбалануға болмайды. Даяр, анық, даусыз нәрсе деп тануға керек. Бұдан соңғы бір айырмыштары: діннің мақсұтының аймағы, философияның мақсұтының аймағынан кең. Дін адамның ақылына аз да болса қорек берудің үстіне, алдымен жүректі тәрбиелейді, мінезділікке үйретеді. Еріктің күшін тәрбиелейді (мұнда бір дін мақсұд болып айтылып отырған жоқ, бар діннің дін болғандағы мақсұды осы болатындығы айтылды). Философияның бар тәрбиелеп орын беретіні толғаулы терең ой. Философияның керектігін басқа дүнияуи ғылымдармен салыстырғанда бұрынғы уақытта да, осы уақытта да бір дәрежеде. Бұрын ғылым көп тарауға бөлінбей тұрған уақыттағы айтылған шын деген жолдар философияның шын, шын емес деуіне байланушы еді. Себебі: тапқан жолын қолға ұстатып, көзге көрсетіп, дәлелге сүйей қоярлық дәлшіл ғылым жоқ болатын; ол күнде философия бар ғылымның қазысы болып тұрды. Бұл уақытта ғылым көп тарауға бөлінді. Әрқайсысы өз ізденген жолындағы хақиқатын өзі таппақ. Бұлардың тапқанын дәл болмайды деуге болмайды. Ендігі табатынының бәрі де шын болмақ. Бірақ сонда да философияның керегі мол. Себебі өзге ғылымдардың бәрі де бірбеткей болып өзді-өз жағына кеткенде, әр қайсысы өз алдын ғана көретін аудансыз тар соқпақтың үстіндегі ғылымдар болып табылмақ. Бұлардың тапқанының бәрін жиып, қорытып жаңадан жөн тауып, жол салып адамның ақылын тәрбиелейтін бір ғылым тағы керек. Ол ғылым — философия. Философия ғылымның тарау-тарауларының бәрінің мақсұдын қорытып, қысқартып әкелгендегі жетпегі екі түрлі ғана мақсұд. Бірінші мақсұды адамның ішкі қалпын анықтап біліп, ақыл ауданын кеңейту (познание), екінші мақсұды дүниедегі шын барлықты білу (бытье). Бірінші бөлікке кіретін философияның тараулары: 1) Адамның жанының сипаттарын, мінезін оқитын ғылым — психология, 2) Көңілдегі ойлаған ойдың қалпын, мүсінін сынап отыратын ғылым — логика10. 3) Философияның тарихы — адам баласының ақылының қай заманда тереңдігі қандай болды, қалайша өсті, бұл күйге қалайша жетті. 4) Әлгі айтқан ғылымдардан шығады — гносеология — адамның білімі қайдан туды, білімінің қандай түрлері бар, дәлдігі қандай, шегі қандай екенін айырады. Екінші бөлікке кіретін дүниедегі барлықты әр жағынан қарастырып айыратын ең кең, ең ауыр ғылым — метафизика. Бұл өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мұның біріншісі негізгі дәлелдерге сүйеп мүтіл дүниядағы барлықты айырмақ (онтология), екінші — дүниенің түп иесін құдай жолын(ан) іздейді (рациональная теология), үшіншісі — дүниедегі тәннің (көзге көрініп, қолға ұсталатын нәрселердің) барлығын тексереді — (рациональная космология) 15, төртіншісі — адамның дене тірлігін қойып, жан бағасын ғана алып, жан суретінде тексереді (рациональная психология). Философияның тарихы екі дәуірге бөлінеді. Бірі ескі философия, бірі жаңа философия деп аталады. Ескі философияның басы Ғайса пайғамбар тумастан мың жыл бұрын басталған. Бұл ғылымның алғашқы буынын бекітіп, ілгері қадам басуына себепші болған грек жұрты. Оның ішіндегі философия дүкенінің іргесін көтерушілер белгілі тарихтағы гректің жеті данышпаны17. Сол жетеуінің ішіндегі философияның ең жақын атасы деп саналатын кісі — Фалес. Ескі философияның дәуірі XV—XVI ғасырлардың ішіне шейін жүріп келген. Бұл уақытта тарих жүзінде болған белгілі үлкен өзгерістер (ғылымның кіндігі болып тұрған Стамбулдың түрік қолына түсуі секілді) философияның бетінің толқуына себеп болып жаңа философия дәуірі өрлеп кетті. Жаңа философия Декарт, Бэкон деген кісілерден бері қарай басталады. Жаңа философияның ең гүлденіп, көркейіп, өрісінің кеңейген уақыты XVIII ғасырдың орта шенінде шыққан Германияның философы Канттың заманында болды. Тарихтың ұзақ жолында әрбір ғасырда андыздап, үздік-создық шыққан кемеңгерлер әр ғылымды көтермелеп, тартып бірталай жерге ұзатып апарып тастап отырды. Философияның сондай көтермешілерінің ең белдісі Кант еді. Қай ғылым болсын әр уақытта ескіріп қалып жаңартуды керек қылып отырады. Философия да сол жолмен барып Канттан біраз кейін әр түрлі жолдарға түсті. Мұның аяғы көп керіс, талас болып, ақырында осы жаңарақ уақыттарға философия қайта айналып, сол Канттың пікіріне бір иығын сүйейтін болды. Ақыры Канттан бергі философия көзге түсерлік жол тауып кете алған жоқ, әр ғылымның тапқанын қорытам деп, философия өзінің жеке ғылымдығынан айырылып, бірбеткей бір-ақ ғылымның жетегіне ғана кетіп қала жаздаған уақыты болды. Ондағы ерген ғылымы жаратылыс (естественная наука). Осы күнгі уақытта да философия жаңа жол тауып, ескірек философтардың пікірінен ұзап кете алып тұрған жоқ. Философияның тарихын тексерушілер бұл уақытты үлкен адам істеуінің алдындағы мезгілі деп есептейді. Мұның анығын келешек заман көрсетер. Енді философия мақсұд қылған жолында ұсағырақ мақсұдтарын қоя тұрғанда, жасырын, алыстағы әрі сырдың қайсысын айқын қылып көрсете алды деген сауал болуға болады. Рас бұл турада философия пәлендей мақсұдына жетіп болды деп кесіп айтуға болмайды. Бірақ философияның көздеген мақсұдына жетерлік басқышы өзге дүниауи ғылымдар. Сол ғылымдар бұл уақытта тереңдеп бола алған жоқ. Сол себепті философия да шарықтап шығып кете алмай тұр. Бірақ философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адамның жаны қорек қылады. Және ол қоректің алдын философия бұрынғы заманда да, бұл күнде де бермей тұрған жоқ. Адам баласының көкірегіне адамшылықтың таза нұры кіруіне үлгілі тәрбие шарт. Тәрбиенің мақсұдын орындау үшін тәрбиешінің көкірегінде терең ойы болуына керек. Тәрбиенің жолымен өскен уақытта да адам баласын бауыр тұтып, бақытын ойлап, қамын жейтін болуға да терең ой керек. Адамның бойындағы қандай таза мінез болсын жалғыз ғана өзі болса, берік болуына болмайды. Билеп отырып, нығайтып, әуелгі таза қалпында сақтайтын қарауылшысы таза ақыл. Сол себепті әншейін жәй адамның адамшылығын сақтауына терең ой керек болғанда, көпшіл, қамқордың терең ойсыз болуына тіпті болмайды. Бұл адамдағы терең ойды тәрбиелеп жетілтетін философия. Сол себепті философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ. Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағына, шын мақсұдына түсіне алмайды. Дүниауи ғылымдар күндік керекті жеңілдетіп беріп, дене тілегін күшейтпек. Бұл ғылымдардың бетінен мағына шығарып, жанға азық жиып беретін терең ой. Адамның жүрегіне бақыт, махаббат ұрығын орнататын да көкірекке сіңген сол толғаулы терең ой. Сол себепті философияның өркендеуін ғана тілек қылу керек. Мұхтар. Мұхтар Әуезов   [1]Мүтіл − мұқым, бүкіл.
05.12.2012 12:23 15619

Философия жайынан

Адам баласы тұтынып келе жатқан ғылым екі түрлі. Бірі күндік керек мұқтаждық шығарған, адам баласының тіршілігіне нық байланысқан ғылымдар. Бірі кең ақыл, терең қиял шығарған адамның жанын тәрбиелейтін ғылым. Алғашқы айтқан ғылымдар да, соңғы түрдегі ғылым да әр тарауға бөлінген. Бірақ соңғы айтқан ғылымның тарауының бәрінің түйіскендегі түп негізі философия болады. Философия грек тілінде хақиқатқа, даналыққа құмарлық деген сөз. Бар ғылымның да құмары — хақиқат. Бірақ бұлардың айырылатын жолы іздеген жолында. Өзге ғылымдар мақсұтына жеткізетін басқыштаған дәлелді адамның көз алдындағы дүниеден алады. Және сол көз алдымыздағы дүниенің жеке-жеке өзгеріс, сырын іздейді. Философияның құралы толғаулы терең ой. Іздейтіні мүтіл[1] дүниенің ең әуелгі сыры, негізгі хақиқаты.

«Философияның басы — таңдану», — дейді Аристотель. Таңданудан барып адам бір нәрсені тексере ойлайды. Тексерген соң шынынан бұлдырды айырады. Бұлай болғанда философия бір нәрсені тереңдеп ойлау болады. Біздің күндегі көріп жүрген өмірімізде шын тереңдеп ойлап, таза ақылмен шешеміз дерлік жасырын терең сыр жоқ. Және бұлардың көбінің соңына алғы түскен бір беткей ғылымдар бар. Философияның кірісетін жері қолға ұстанып, көзге көрсетерлік дәлелдер табылмайтын, таза ақыл ғана шешетін сауалдар. Философия адамның басынан шыққан бар ғылымның тамырын бір араға жиып, сол шығарған қорытындысын адамның ақылына, жанына азық қылып береді. Философияның жолымен хақиқатты іздеуге адам құлаштаған кең ақылдың ғана нұсқаған жолында болып, терең ойдың түбіне телміре қарауына керек. Мұндай тереңдеп ойлаған ой бірден адамның көкірегін оятып, ақыл көзін дүнияға жайнатып ашқызады. Екінші адамды ұсақтықтан, басқа әр түрлі мінезсіздіктен құтқарады. Қай уақытта болса да, адам ақылының аймағы шынды, ақтықты іздеумен кеңейген болса, ол адамның адамшылығының жүзі жарқын болмақ. Және оның жүрегіне нық бекіген хақиқи жолдың беті ездікпен толқымайды. Бұл терең ойдың, ойшылдың өз басына келтіретін пайдасы. Адам баласы өзінің, өзгенің дәрежесін ұғып, шын адамның мағыналы өмір қалпына жетуі терең ойға қожа болуына байланысады. Дүнияға таза адамшылық сипаты, таза мінездердің күші жетпейді. Олардың әлі аз, өрісі жоқ. Дүниеде мәңгілікке орнап қаларлық адамшылық хақиқат жеке ғана мінезге сүйеніп тұра алмайды. Бұған ең бір күшті діңгек, бар адамның көкірегіне сіңген толғаулы терең ой. Соның себепті философия адам баласының жан тәрбиесінің, адамшылығының бірінші—өрлейтін басқышы, екінші — көркі. Бұл терең ойдың адам баласына жолдасшылық істей бастағанына үш мың жылдай болды. Адамның әуелгі аясы аз ақылының туғызған қараңғы танымын, меңіреу надандығын философия кетірген. Бұрынғы уақыттағы халықтың надандығы қандай болған, бұл надандықтан туған соқыр таным қандай болған, мұның бәрі тарих жүзіне қарасақ белгілі. Бірақ, ол заманда да оқығандар, ойшылдар болмай қалмаған. Бұлардың көбі халыққа шешен тілімен кемшіліктерін суреттеп үгіттеген. Көбі соңдарынан шәкірттер ерткен. Бұлардың артынан ерген шәкірттері ғылым үйреніп, дүниеге соқыр нанымнан құтылып, өздері жұртқа ғалым болатын болған. Сол ойшылдардың бәрінің сондағы тұтынып жүрген жолдары, айтып жүрген сөздері философия ғылымы болатын. Терең ой сондағы істеген басшылығынан әлі жаңылған жоқ. Философия заманның жәй қозғалысының артынан еріп, бақылап отырып бір жол ескіруге айналса, я теріс болса, оң, жаңа жол нұсқамай қойған жоқ. Адамның өмірін көкірегіндегі ақылдың (идеясы) билейді дейді. Ақылдың жолы билейтін болса, ол идеяны философия билейді. Осымен адам баласының ақыл жолындағы тарақиетін, бұған жалғасатын адамшылық жолындағы тарахиятын» да философия билейді. 

Адамның жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып ақтыққа сүйрейтін үлкен күш — дін. Философия дінмен бастас ғылым. Себебі: екеуінің де іздейтін мақсұты бір түрлі. Философия шыннан шынды туғызып һаман ізденетін жолда әуелгі ашпақ сыры дүниенің ең жоғарғы негізін таппақ, қайдан жаралғанын шешпек. Екінші, адамның жанын, ішкі қалпын тексермек, үшінші, адамның дүниеге келген мақсұтын тексермек. Бұл айтылған жолдар діннің де мақсұттары. Бірақ бұған ғана қарап философия мен дін бірігуге болмайды. Философияның айтатын жолы жалғыз ғана адамның таза ақылына сүйеліп айтылады. Және ол адамның ақылы айтқан жол болған соң, сынға алып, алғашқының дәлелін орынсыз тауып, әрлі-берлі толғап өзгертуге болады. Діннің жолы үлкен неден келді деп танылады, сол себепті мынасы дәлелсіз, мынасы қате, өзгертем деуге, шүбалануға болмайды. Даяр, анық, даусыз нәрсе деп тануға керек. Бұдан соңғы бір айырмыштары: діннің мақсұтының аймағы, философияның мақсұтының аймағынан кең. Дін адамның ақылына аз да болса қорек берудің үстіне, алдымен жүректі тәрбиелейді, мінезділікке үйретеді. Еріктің күшін тәрбиелейді (мұнда бір дін мақсұд болып айтылып отырған жоқ, бар діннің дін болғандағы мақсұды осы болатындығы айтылды). Философияның бар тәрбиелеп орын беретіні толғаулы терең ой.

Философияның керектігін басқа дүнияуи ғылымдармен салыстырғанда бұрынғы уақытта да, осы уақытта да бір дәрежеде. Бұрын ғылым көп тарауға бөлінбей тұрған уақыттағы айтылған шын деген жолдар философияның шын, шын емес деуіне байланушы еді. Себебі: тапқан жолын қолға ұстатып, көзге көрсетіп, дәлелге сүйей қоярлық дәлшіл ғылым жоқ болатын; ол күнде философия бар ғылымның қазысы болып тұрды. Бұл уақытта ғылым көп тарауға бөлінді. Әрқайсысы өз ізденген жолындағы хақиқатын өзі таппақ. Бұлардың тапқанын дәл болмайды деуге болмайды. Ендігі табатынының бәрі де шын болмақ. Бірақ сонда да философияның керегі мол. Себебі өзге ғылымдардың бәрі де бірбеткей болып өзді-өз жағына кеткенде, әр қайсысы өз алдын ғана көретін аудансыз тар соқпақтың үстіндегі ғылымдар болып табылмақ. Бұлардың тапқанының бәрін жиып, қорытып жаңадан жөн тауып, жол салып адамның ақылын тәрбиелейтін бір ғылым тағы керек. Ол ғылым — философия. Философия ғылымның тарау-тарауларының бәрінің мақсұдын қорытып, қысқартып әкелгендегі жетпегі екі түрлі ғана мақсұд. Бірінші мақсұды адамның ішкі қалпын анықтап біліп, ақыл ауданын кеңейту (познание), екінші мақсұды дүниедегі шын барлықты білу (бытье). Бірінші бөлікке кіретін философияның тараулары: 1) Адамның жанының сипаттарын, мінезін оқитын ғылым — психология, 2) Көңілдегі ойлаған ойдың қалпын, мүсінін сынап отыратын ғылым — логика10. 3) Философияның тарихы — адам баласының ақылының қай заманда тереңдігі қандай болды, қалайша өсті, бұл күйге қалайша жетті. 4) Әлгі айтқан ғылымдардан шығады — гносеология — адамның білімі қайдан туды, білімінің қандай түрлері бар, дәлдігі қандай, шегі қандай екенін айырады. Екінші бөлікке кіретін дүниедегі барлықты әр жағынан қарастырып айыратын ең кең, ең ауыр ғылым — метафизика. Бұл өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мұның біріншісі негізгі дәлелдерге сүйеп мүтіл дүниядағы барлықты айырмақ (онтология), екінші — дүниенің түп иесін құдай жолын(ан) іздейді (рациональная теология), үшіншісі — дүниедегі тәннің (көзге көрініп, қолға ұсталатын нәрселердің) барлығын тексереді — (рациональная космология) 15, төртіншісі — адамның дене тірлігін қойып, жан бағасын ғана алып, жан суретінде тексереді (рациональная психология). Философияның тарихы екі дәуірге бөлінеді. Бірі ескі философия, бірі жаңа философия деп аталады. Ескі философияның басы Ғайса пайғамбар тумастан мың жыл бұрын басталған. Бұл ғылымның алғашқы буынын бекітіп, ілгері қадам басуына себепші болған грек жұрты. Оның ішіндегі философия дүкенінің іргесін көтерушілер белгілі тарихтағы гректің жеті данышпаны17. Сол жетеуінің ішіндегі философияның ең жақын атасы деп саналатын кісі — Фалес. Ескі философияның дәуірі XV—XVI ғасырлардың ішіне шейін жүріп келген. Бұл уақытта тарих жүзінде болған белгілі үлкен өзгерістер (ғылымның кіндігі болып тұрған Стамбулдың түрік қолына түсуі секілді) философияның бетінің толқуына себеп болып жаңа философия дәуірі өрлеп кетті. Жаңа философия Декарт, Бэкон деген кісілерден бері қарай басталады. Жаңа философияның ең гүлденіп, көркейіп, өрісінің кеңейген уақыты XVIII ғасырдың орта шенінде шыққан Германияның философы Канттың заманында болды. Тарихтың ұзақ жолында әрбір ғасырда андыздап, үздік-создық шыққан кемеңгерлер әр ғылымды көтермелеп, тартып бірталай жерге ұзатып апарып тастап отырды. Философияның сондай көтермешілерінің ең белдісі Кант еді. Қай ғылым болсын әр уақытта ескіріп қалып жаңартуды керек қылып отырады. Философия да сол жолмен барып Канттан біраз кейін әр түрлі жолдарға түсті. Мұның аяғы көп керіс, талас болып, ақырында осы жаңарақ уақыттарға философия қайта айналып, сол Канттың пікіріне бір иығын сүйейтін болды. Ақыры Канттан бергі философия көзге түсерлік жол тауып кете алған жоқ, әр ғылымның тапқанын қорытам деп, философия өзінің жеке ғылымдығынан айырылып, бірбеткей бір-ақ ғылымның жетегіне ғана кетіп қала жаздаған уақыты болды. Ондағы ерген ғылымы жаратылыс (естественная наука). Осы күнгі уақытта да философия жаңа жол тауып, ескірек философтардың пікірінен ұзап кете алып тұрған жоқ. Философияның тарихын тексерушілер бұл уақытты үлкен адам істеуінің алдындағы мезгілі деп есептейді. Мұның анығын келешек заман көрсетер.

Енді философия мақсұд қылған жолында ұсағырақ мақсұдтарын қоя тұрғанда, жасырын, алыстағы әрі сырдың қайсысын айқын қылып көрсете алды деген сауал болуға болады. Рас бұл турада философия пәлендей мақсұдына жетіп болды деп кесіп айтуға болмайды. Бірақ философияның көздеген мақсұдына жетерлік басқышы өзге дүниауи ғылымдар. Сол ғылымдар бұл уақытта тереңдеп бола алған жоқ. Сол себепті философия да шарықтап шығып кете алмай тұр. Бірақ философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адамның жаны қорек қылады. Және ол қоректің алдын философия бұрынғы заманда да, бұл күнде де бермей тұрған жоқ. Адам баласының көкірегіне адамшылықтың таза нұры кіруіне үлгілі тәрбие шарт. Тәрбиенің мақсұдын орындау үшін тәрбиешінің көкірегінде терең ойы болуына керек. Тәрбиенің жолымен өскен уақытта да адам баласын бауыр тұтып, бақытын ойлап, қамын жейтін болуға да терең ой керек. Адамның бойындағы қандай таза мінез болсын жалғыз ғана өзі болса, берік болуына болмайды. Билеп отырып, нығайтып, әуелгі таза қалпында сақтайтын қарауылшысы таза ақыл. Сол себепті әншейін жәй адамның адамшылығын сақтауына терең ой керек болғанда, көпшіл, қамқордың терең ойсыз болуына тіпті болмайды. Бұл адамдағы терең ойды тәрбиелеп жетілтетін философия. Сол себепті философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ. Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағына, шын мақсұдына түсіне алмайды. Дүниауи ғылымдар күндік керекті жеңілдетіп беріп, дене тілегін күшейтпек. Бұл ғылымдардың бетінен мағына шығарып, жанға азық жиып беретін терең ой. Адамның жүрегіне бақыт, махаббат ұрығын орнататын да көкірекке сіңген сол толғаулы терең ой. Сол себепті философияның өркендеуін ғана тілек қылу керек.

Мұхтар.

Мұхтар Әуезов

 



[1]Мүтіл − мұқым, бүкіл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға