Жаңалықтар

Отан соғысы (1812)

  Отан соғысы (1812) – басқыншылық мақсатымен шабуыл жасаған Францияның Наполеон армиясына қарсы Ресейдің жүргізген әділетті ұлт-азаттық соғысы. Бұл соғыс буржуазиялық Франция мен феодал-крепостнойлық Ресей арасындағы саяси және экономикалық қайшылықтарға, әсіресе Наполеон жүргізген басқыншылық соғыстарға байланысты басталды. Тарихы Наполеон І агрессиялық жолмен Еуропадағы мемлекеттерді өзіне бағындыру, дүние жүзін жаулап алу мақсатын қойды. Ол Батыс Еуропа елдерін – Пруссия мен Аустрияны, бүкіл Италияны дерлік, Варшава князьдығын Францияға бағындырды. Наполеонның басқыншылық саясатының өріс алуына, Еуропа халықтарын құлдыққа салуына Ресей кедергі болды. Сондықтан наполеондық Франция Ресейге қарсы соғыс дайындығын жүргізді. Наполеон Ресейдің экономикалық қуаты мен әскери күшін әлсіретуге тырысты. Одақтастар әскерлерінің 1805 ж. Франциядан жеңілуінен кейін Тильзит бітімі (1807) бойынша Ресей құрылықтық қоршауға міндеттенді. Наполеон Батыс Еуропаның барлық ресурстарын, Аустрия, Пруссия, Бавария, Саксония, Италия, Польша, Испания және т.б. мемлекеттердің соғыс ресурстарын пайдаланып 610 мыңдай адамнан, 1372 зеңбіректен тұратын «Ұлы армия» жасақтады. Наполеон Ресейге қарсы Түркия мен Швецияны да пайдалануға әрекеттенді. Бірақ орыс-түрік соғысы (1806-12) барысында жеңілген Түркия Бухарест бітімі (1812) бойынша бейтараптықты сақтауға міндеттенді. Швеция Франциямен одақ жасаудан бас тартты, 1812 ж. Ресеймен шарт жасасты, бұдан кейін Англия қосылды. Ресей де соғысқа әзірлене бастады. Батыс шекарадағы ескі бекіністер қалпына келтіріліп, жаңадан қорғаныстар жасалды. Ресей армиясының күшін 23 жаяу әскер және 10 атты әскер полктеріне, 8 батарея және 6 атты артиллерия роталарға, 900 мың адамға жеткізді. Бірақ әскерлердің едәуір бөлігі Молдавияда, Қырымда, Кавказда, Финляндияда болғандықтан, Батыс шекараға 1812 ж. маусымда 240 мыңдай адам мен 934 зеңбіректі ғана шоғырландыра алды. Шайқастары мен операциялары Наполеон әскерінің сан жағынан басымдылығын пайдаланып, сол қанаттағы және орталықтағы әскери бөлімдерінің шабуылымен орыс әскерлерін қоршап алып, талқандаймын деп есептеді. 440 мыңнан астам адам орыс шекарасында алдыңғы шепке қойылды, басқа әскерлер (160 мыңнан астам) Висла мен Одер аралығында резервте болды. Наполеонның өзі басқарған сол қанаттағы әскерлер (218 мың адам) Данциг-Торн аралығында Ковно арқылы Вильнога шабуыл жасауға дайын тұрды. Э.Богарна басқарған орталық әскер бөлімдері (82 мың адам) Гродно мен Ковно аралығында болды. Наполеонның інісі Жерома (Иеронима) басқарған оң қанаттағы әскер бөлімдеріне (78 мың адам) Гродноға қарай шабуыл жасау міндетті жүктелді. Ж.Макдональдтың пруссия-франция корпусы (32,5 мың адам) сол қанатта Рига маңында, К.Шварценбергтің Аустрия корпусы (34 мың адам) оң қанатта 3-армияға қарсы тұрды. Орыс әскери бөлімдері Петербург, Мәскеу және Киев бағыттарындағы негізгі жолдарын қорғады. Генерал М.Б.Барқлай-де-Толли басқарған 1-армия (127 мың адам) Россиена-Лида бағытында, генерал П.И.Багратион басқарған 2-армия (45-48 мың адам) Неман мен Буг аралығында, генерал А.П.Тормасов басқарған 3-армия (43-46 мың адам) Луцк ауданында болды. 1812 ж. 12(24) маусымда француз армиясы соғыс жарияламай Ковно (Каунас) ауданында Неман өзенінен өтіп, орыс шекарасын бұзды. Күшінің басымдылығын пайдаланған Наполеон әскерлері алғашқы күндері Вильноны, Минскіні басып алды. 1-орыс, 2-орыс армиялары тізе қосып, қарсылық жасау үшін кейі н шегінді. Наполеон 8 шілдеде Могилевті басып алып, орыс армияларының Орша ауданында қосылуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен орыс армиялары 23 шілдеде Смоелнск түбінде қосылды. 3-армия Кобиран маңында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Генерал П.Х.Витгенштейн басқарған орыс әскерлері Клястиц маңында болған ұрыста маршал Ш.Удино корпусына қатты соққы беріп, жаудың алға басуын тоқтатты. Орыс армияларын біртіндеп талқандау жөніндегі Наполеонның жоспары жүзеге аспады. Орыс армиялары Смоленскіде қосылғаннан кейін Наполеон армиясы Днепрден өтіп, Смоленскіге шабуылжасады. Табан тірескен ұрыстардан кейін 6 тамызда орыс әскерлері Смоленскіні жауға қалдыруға мәжбүр болды. Орыс әскерлері Царево-Займище ауданына келіп тоқтады, орыс әскерлерінің шегінуі армия мен халық арасында зор наразылық туғызды. 1812 ж. күзде партизан қозғалысы қанат жайды. Орыс шаруалары басқыншыларымен белсене күрес жүргізді. Халық жасақтары пайда болды. Армия мен халықтың талабы бойынша Александр І бас қолбасшы етіп генерал М.И.Кутузовты тағайындады. Ол Царево-Займищеде тұрған әскери күштермен танысқаннан кейін жауға тойтарыс беру үшін қолайлы шепке шегінуді ұйғырды. Ол армия мен партизан отрядтарының қимылдарын ұштастырып, жеке шайқастарда жаудың күшін әлсіретпекші болды. Нәтижесі Отан соғысы орыс соғыс өнерінің дамуына үлес қосты. Ресей халықтары мен әскердердің жоғары моралдық рухы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Бұл соғыс Ресейдің қоғамдық өмірінде із қалдырды. Соғыстың ықпалымен дворян революционер-декабристер идеологиясы қалыптаса бастады, ұлттық мақтаныш сезім күшейе түсті. Бородино даласында, Бородино музейінде, Малоярославец-Тарутино және басқа елді пункттерде орнатылған ескерткіштер, Ленинградтағы Қазан соборына қойылған ескерткіштер мен шығармалар, «Бородино шайқасының» панорамасы, соғыс қаһармандарының ескерткіштері Отан соғысы оқиғаларын бейнелейді.
05.12.2012 11:59 18871

 

Отан соғысы (1812) – басқыншылық мақсатымен шабуыл жасаған Францияның Наполеон армиясына қарсы Ресейдің жүргізген әділетті ұлт-азаттық соғысы. Бұл соғыс буржуазиялық Франция мен феодал-крепостнойлық Ресей арасындағы саяси және экономикалық қайшылықтарға, әсіресе Наполеон жүргізген басқыншылық соғыстарға байланысты басталды.

Тарихы

Наполеон І агрессиялық жолмен Еуропадағы мемлекеттерді өзіне бағындыру, дүние жүзін жаулап алу мақсатын қойды. Ол Батыс Еуропа елдерін – Пруссия мен Аустрияны, бүкіл Италияны дерлік, Варшава князьдығын Францияға бағындырды. Наполеонның басқыншылық саясатының өріс алуына, Еуропа халықтарын құлдыққа салуына Ресей кедергі болды. Сондықтан наполеондық Франция Ресейге қарсы соғыс дайындығын жүргізді. Наполеон Ресейдің экономикалық қуаты мен әскери күшін әлсіретуге тырысты. Одақтастар әскерлерінің 1805 ж. Франциядан жеңілуінен кейін Тильзит бітімі (1807) бойынша Ресей құрылықтық қоршауға міндеттенді. Наполеон Батыс Еуропаның барлық ресурстарын, Аустрия, Пруссия, Бавария, Саксония, Италия, Польша, Испания және т.б. мемлекеттердің соғыс ресурстарын пайдаланып 610 мыңдай адамнан, 1372 зеңбіректен тұратын «Ұлы армия» жасақтады. Наполеон Ресейге қарсы Түркия мен Швецияны да пайдалануға әрекеттенді. Бірақ орыс-түрік соғысы (1806-12) барысында жеңілген Түркия Бухарест бітімі (1812) бойынша бейтараптықты сақтауға міндеттенді. Швеция Франциямен одақ жасаудан бас тартты, 1812 ж. Ресеймен шарт жасасты, бұдан кейін Англия қосылды. Ресей де соғысқа әзірлене бастады. Батыс шекарадағы ескі бекіністер қалпына келтіріліп, жаңадан қорғаныстар жасалды. Ресей армиясының күшін 23 жаяу әскер және 10 атты әскер полктеріне, 8 батарея және 6 атты артиллерия роталарға, 900 мың адамға жеткізді. Бірақ әскерлердің едәуір бөлігі Молдавияда, Қырымда, Кавказда, Финляндияда болғандықтан, Батыс шекараға 1812 ж. маусымда 240 мыңдай адам мен 934 зеңбіректі ғана шоғырландыра алды.

Шайқастары мен операциялары

Наполеон әскерінің сан жағынан басымдылығын пайдаланып, сол қанаттағы және орталықтағы әскери бөлімдерінің шабуылымен орыс әскерлерін қоршап алып, талқандаймын деп есептеді. 440 мыңнан астам адам орыс шекарасында алдыңғы шепке қойылды, басқа әскерлер (160 мыңнан астам) Висла мен Одер аралығында резервте болды. Наполеонның өзі басқарған сол қанаттағы әскерлер (218 мың адам) Данциг-Торн аралығында Ковно арқылы Вильнога шабуыл жасауға дайын тұрды. Э.Богарна басқарған орталық әскер бөлімдері (82 мың адам) Гродно мен Ковно аралығында болды. Наполеонның інісі Жерома (Иеронима) басқарған оң қанаттағы әскер бөлімдеріне (78 мың адам) Гродноға қарай шабуыл жасау міндетті жүктелді. Ж.Макдональдтың пруссия-франция корпусы (32,5 мың адам) сол қанатта Рига маңында, К.Шварценбергтің Аустрия корпусы (34 мың адам) оң қанатта 3-армияға қарсы тұрды.

Орыс әскери бөлімдері Петербург, Мәскеу және Киев бағыттарындағы негізгі жолдарын қорғады. Генерал М.Б.Барқлай-де-Толли басқарған 1-армия (127 мың адам) Россиена-Лида бағытында, генерал П.И.Багратион басқарған 2-армия (45-48 мың адам) Неман мен Буг аралығында, генерал А.П.Тормасов басқарған 3-армия (43-46 мың адам) Луцк ауданында болды.

1812 ж. 12(24) маусымда француз армиясы соғыс жарияламай Ковно (Каунас) ауданында Неман өзенінен өтіп, орыс шекарасын бұзды. Күшінің басымдылығын пайдаланған Наполеон әскерлері алғашқы күндері Вильноны, Минскіні басып алды. 1-орыс, 2-орыс армиялары тізе қосып, қарсылық жасау үшін кейі н шегінді. Наполеон 8 шілдеде Могилевті басып алып, орыс армияларының Орша ауданында қосылуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен орыс армиялары 23 шілдеде Смоелнск түбінде қосылды. 3-армия Кобиран маңында қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Генерал П.Х.Витгенштейн басқарған орыс әскерлері Клястиц маңында болған ұрыста маршал Ш.Удино корпусына қатты соққы беріп, жаудың алға басуын тоқтатты. Орыс армияларын біртіндеп талқандау жөніндегі Наполеонның жоспары жүзеге аспады.

Орыс армиялары Смоленскіде қосылғаннан кейін Наполеон армиясы Днепрден өтіп, Смоленскіге шабуылжасады. Табан тірескен ұрыстардан кейін 6 тамызда орыс әскерлері Смоленскіні жауға қалдыруға мәжбүр болды. Орыс әскерлері Царево-Займище ауданына келіп тоқтады, орыс әскерлерінің шегінуі армия мен халық арасында зор наразылық туғызды. 1812 ж. күзде партизан қозғалысы қанат жайды. Орыс шаруалары басқыншыларымен белсене күрес жүргізді. Халық жасақтары пайда болды. Армия мен халықтың талабы бойынша Александр І бас қолбасшы етіп генерал М.И.Кутузовты тағайындады. Ол Царево-Займищеде тұрған әскери күштермен танысқаннан кейін жауға тойтарыс беру үшін қолайлы шепке шегінуді ұйғырды. Ол армия мен партизан отрядтарының қимылдарын ұштастырып, жеке шайқастарда жаудың күшін әлсіретпекші болды.

Нәтижесі

Отан соғысы орыс соғыс өнерінің дамуына үлес қосты. Ресей халықтары мен әскердердің жоғары моралдық рухы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Бұл соғыс Ресейдің қоғамдық өмірінде із қалдырды. Соғыстың ықпалымен дворян революционер-декабристер идеологиясы қалыптаса бастады, ұлттық мақтаныш сезім күшейе түсті. Бородино даласында, Бородино музейінде, Малоярославец-Тарутино және басқа елді пункттерде орнатылған ескерткіштер, Ленинградтағы Қазан соборына қойылған ескерткіштер мен шығармалар, «Бородино шайқасының» панорамасы, соғыс қаһармандарының ескерткіштері Отан соғысы оқиғаларын бейнелейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға