Жаңалықтар

Осакаров ауданы

   Осакаров ауданы (Шеткібұлақ ауданы). Аудан 1940 жылы құрылған. Аудан аумағы 11,2 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Осакаровка кентіне орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 36,8 мың адамды құрады. Ауданда 22 ауылдық әкімшілік, 55 ауылдық елді мекен, 2 кент бар. Ауданда 01.01.07 жылға 210 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 23 орта, 185 шағын субъектлер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 51 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 551 шаруа қожалық 10,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 660,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 410,3 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 256,7 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 200,7 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,8 мың га, көкөніс – 0,3 мың га. 2006 жылы 120,9 мың тонна дәндер, 14,0 мың тонна картоп, 6,2 мың тонна көкөніс дақылдары, 10,1 мың тонна ет (тірі салмақта); 44,3 мың тонна сүт, 5016,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 34,4 мың бас; қой мен ешкі – 23,5 мың бас; шошқа – 15,6 мың бас; жылқы - 4,5 мың бас; құс – 54,5 мың басты құрады. Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, табиғи су. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1833,1 млн. теңгені құрады. Ауданда  49 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 7067 оқушы оқиды. Ауданда  35 кітапхана,  33 клуб типті мекеме, 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым,  1 мұражай,  1 мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3420 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы 21233 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2215,9 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 101,8%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 185,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 68,1%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 954,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 94,5 млн. теңге.
05.12.2012 11:52 3824

 

 Осакаров ауданы (Шеткібұлақ ауданы). Аудан 1940 жылы құрылған. Аудан аумағы 11,2 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Осакаровка кентіне орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 36,8 мың адамды құрады. Ауданда 22 ауылдық әкімшілік, 55 ауылдық елді мекен, 2 кент бар.

Ауданда 01.01.07 жылға 210 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 23 орта, 185 шағын субъектлер. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 51 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 551 шаруа қожалық 10,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 660,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 410,3 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 256,7 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 200,7 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,8 мың га, көкөніс – 0,3 мың га. 2006 жылы 120,9 мың тонна дәндер, 14,0 мың тонна картоп, 6,2 мың тонна көкөніс дақылдары, 10,1 мың тонна ет (тірі салмақта); 44,3 мың тонна сүт, 5016,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 34,4 мың бас; қой мен ешкі – 23,5 мың бас; шошқа – 15,6 мың бас; жылқы - 4,5 мың бас; құс – 54,5 мың басты құрады. Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, табиғи су. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1833,1 млн. теңгені құрады. Ауданда  49 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 7067 оқушы оқиды. Ауданда  35 кітапхана,  33 клуб типті мекеме, 1 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым,  1 мұражай,  1 мәдениет және демалыс паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3420 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы 21233 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2215,9 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемінен 101,8%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 185,0 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 68,1%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 954,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 94,5 млн. теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға