Жаңалықтар

Жайық

  Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км², Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді. Шекарааралық Жайық өзені Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі. Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.). Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады. Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді. Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады. Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді. Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км. Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті - дала және шөл. Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады. Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды. Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км². Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге құйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ. Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады. Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді. Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі. Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ландшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады. Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайыңдар таралады және шағын тоғайлар құрайды. Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан. Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды. Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады. Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады. Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі. Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді. Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған . Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта - су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі. Кирсанов кешенді қорықшасы, жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандары сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиреп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген өсімдік түрлері өседі ( қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары да табылады. Жайық өзенінің экологиялық проблемалары , басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты. Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар: - Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы; - Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады. Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұтастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Емболат, Барбастау және т.б. кіреді. Бұдан басқа , Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтері де өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі. Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтамасыз етпейді. Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады. Жайық өзені мен аңғарлардың суының азаюына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде. Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес, Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді. Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.
05.12.2012 11:37 15587

 

Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.

Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі.

Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км², Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді.

Шекарааралық Жайық өзені

Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.

Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).

Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.

Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.

Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.

Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.

Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.

Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті - дала және шөл.

Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.

Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.

Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км².

Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге құйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ.

Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.

Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.

Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.

Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.

Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ландшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.

Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайыңдар таралады және шағын тоғайлар құрайды.

Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.

Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды.

Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады.

Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.

Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі.

Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді.

Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған .

Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта - су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.

Кирсанов кешенді қорықшасы, жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандары сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиреп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген өсімдік түрлері өседі ( қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары да табылады.

Жайық өзенінің экологиялық проблемалары , басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты.

Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар:

- Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;

- Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады.

Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұтастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Емболат, Барбастау және т.б. кіреді.

Бұдан басқа , Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтері де өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі.

Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтамасыз етпейді.

Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады.

Жайық өзені мен аңғарлардың суының азаюына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде.

Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес, Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді.

Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға