Жаңалықтар

Матасу амалы арқылы құрылған зат есімді сөз тіркестері

Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар — ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басым сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы. Сөз тіркесіндегі екі сөздің формасы біріне-бірі ылғи қатысты. Тәуелдік формалы сөз, ілік формалы сөзді қажет етсе, ілік формалы сөз де тәуелдеулі сөзді тіркеске шақырып тұрады. Ең жалпы грамматикалық сипатына қарай, біз матасып тіркескен сөздерді өзара анықтауыштық қатынаста тұрады деп атадық. Судың түбі, үкінің қанаты, құстың қауырсыны, желдің лебі (екпіні). Матасып байланысқан сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың, құбылыстың меншіктілік сапасын білдіреді. Матасып байланысқан сөз тіркестерінің бастапқы және негізгі мағынасы меншіктілік қатынас болғанмен, осыдан дамып шыққан басқа да мағыналық қатынастар көрініп тұрады. Матасып байланысқан сөз тіркестері білдіретін мағыналық қатынасты іштей былай саралауға болады: 1.    Меншіктілік қатынас: інімнің кітабы, фермердің үйі. 2.    Бүтін зат пен оның бөлшектерінің қатынасы: көл- дің ортасы, пышақтың жүзі, етіктің қонышы. 3.    Зат пен заттың арасындағы (релятивтік) қатыстық байланыс: желдің лебі, қылыштың жарасы т. т. Бұл қатынастар тіркеске енетін сөздердің лексикалық мағыналарының ыңғайына қарай туады. Матаса байланысу амалы екі түрде көрінеді: толық құрамда, толық емес (толымсыз) құрамда: колхоздың малы, колхоз малы. Сөз тіркесіне бағыныңқы сөз ілік жалғаусыз формада кіріксе, матаса байланысу амалының толық емес (толымсыз) құрамда жұмсалғаны. Матасудың толымсыз түрі толық түрінің негізінде қалыптасады, Матаса байланысқан сөз тіркесінде грамматикалық амалдар толымсыз құрамда жұмсалғанда, тіркестегі сөздердің арасындағы қатынас негізінен басыңқы компоненттің тәуелдік формасынан көрінеді. Бірақ мұндайда анықтауыш компонент басьңқы сөзден жұбын жазбай қатар тұруға тиіс: көл жиегі — толған құрақ. Көлдің тік жағасы толған құрақ. Қалың қарағай жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып, теңселіп, ырғалып кояды (М. Ә.), Ал толық формалы матасу арқылы тіркескен сөздердің арасына басқа сөздер кіріге алады. Осы ерекшеліктерін ескеріп С. С. Майзель аталған сөз тіркестерін берік изафет (нераздвижной изафет), босаң изафет (раз-движной изафет) деп те атаған болатын . Матаса байланысқан сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөздің ілік жалғауынын түсуін түркологиялық ғылымда түрліше түсіндіреді. Н. Ф. Катанов бастап, Н. К. Дмитриев, А. П. Поцелуевский қостап синтаксистік кұрылыстағы бұл құбылысты анықтауыш сөз атаған заттың белгілі, белгісіздігіне байланысты деп түсіндірді. Анықтауыш сөз атайтын зат сөйлеушіге белгілі, конкретті түрде таныс болса, ол сөз міндетті түрде ілік септік жалғауын бойында сақтайды. Заттың тыңдаушыға ондай белгілі, таныстығы болмаса, тыңдаушы үшін ол көптеген басқа заттар қатарындағы абстрактілі ұғым есепті ғана көрінсе, онда анықтауыш сөз ілік жалғауын түсіріп тіркеседі. М. Б. Балақаев, А. Н. Баскаков матасудың түрлі құрамда көрінуін сөз тіркесіндегі сөздердің грамматикалық байланысына тәуелді деп есептейді. Бұл ғалымдардың айтуынша, сөз тіркесі релятивтік (қатыстық) байланысты білдіретін жағдайда ғана матасу амалы толымсыз кұрамда жұмсалады: Азамат борышы, ер намысы. Осы релятивтік байланысқа түскен сөздер ғана матасудың толымсыз, толымды түрін қатар жұмсап тіркеседі. Терминдік атау ретінде жүретін релятивтік тіркестер матасудың тек толымсыз түрі арқылы байланысады: хальқ шаруашылығы, тау-кен институты, ауа райы. Өйткені матасудың бұл түрі компоненттердің тығыз, нық байланысып, тіркестің тұтас атау ретінде көрінуіне септік етеді. Матасудың толымды, толымсыз түрінің талғануы тек сөз тіркесінің екі компоненті де зат есім болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бағыныңқы компонент есімдік болғанда, сөз тіркесі матасудың толық формасы арқылы ғана тіркеседі. Бұның себебі — бұл кұрамдағы сөз тіркесінде релятивтік байланыс болмайды, ал тек меншіктілік байланысты білдіреді: менің көмегім, сенің шаруашылығьщ т. т. Матаса байланысқан сөздердің көптік формасы негізінен өз лексикалық-грамматикалық мағынасына сай қатысады. Оқушылардың кітабы (кітаптары). Бірақ басыңқы (меншіктелуші затты білдіретін сөз) сөздің көптік формасы кейде заттың көптігін білдірмей, бір зат-тың көп иеге, меншіктеушіге қатыстылығын білдіретіні де болады: сендердің апаларың. Осы тіркестегі апаларың бір-ақ кісіні атап, оның көп меншіктеушіге (сендер) қатысты екенін білдіреді. Көптік жалғаудың ерекше мағынада жұмсалып, стильдік өң алуы осы тіркесте де көрінеді. Матаса байланысқан зат есімді сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде есімдіктің катысатынын ілгеріде атадық. Бағыныңқы компонент ретінде бұл тіркеске субстантивтенген сын есім сөздер де қатысады: қызылдың әскері, көктің реңі т. т. Матасу формасының тілімізде бұдан бөлек те бір қатар жұмсалатын саласы бар. Солардың бірі—затты ерекшелеп атау үшін жүмсалуы. Мысалы: жігіттің жігіті, ат-тың аты, күндердің күнінде т. т. Бұл жолға аттың аты ғана жарайды. Бақтығүл түптің түбінде от көсеген көсеудей күйе кететін болса, бұл малдардың құнарлы қалың топтары қайда-қайда кеткенін білмегені дұрыс (М. Ә.). Сын есім сөздер де субстантивтеліп барып, тіркестің осы амалы аркылы сапаны ерекшелеп атайды: әдемінің әдемісі, жүйріктің жүйрігі. Матаса байланысқан тіркестер тек меншіктілікті білдіріп қоймайды. Түрлі релятивтік  (жалпы катыстық) байланысты білдіру үшін жұмсалатынын ілгеріде айтқанбыз. Матасудың осы қызметі, әсіресе бастауыш-баяндауыш ретінде құралған тұлғаны сөйлемге сыйыстыру үстінде көрінеді. Оспанның келгеніне қуандым. Бұл сөйлемнің кұрамына Оспанның келгеніне үйірлі мүше ретінде кірігіп тұр. Сөздер бастапқыда предикативтік қатынаста  тұрған:   Оспан келді (келген).   Осы сөйлем ретінде тіркес екінші сөйлемге сыйыстырылғанда, предикативтік катынас бұзылып, сөздер өзара матасып байланысады. Оспан келген — Оспанның келгеніне  (қуанды). Осы ретпен сыйысқан компоненттер мына сөйлемде бар. Ақ боз ат, көк боз аттардың көрінуіне әлі алты ай барын, олар қырын. туса, аспан шытырлайтынын көріп келше баян етті (Т. Әл.). Предикативтік байланысты матасу амалы атаулы сөйлем құрамында да өз мойнына жүктейді. Тау биік — Таудың биігі-ай! Мен қорықтым — Менің қорыққаным-ай! Бастауыш, баяндауышы бар екі мүшелі сөйлем атаулыға айналғанда, ол мүшелер предикативтік қатынасын бұзып, өзара матаса байланысады.  
05.12.2012 11:34 24561

Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар — ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басым сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы.
Сөз тіркесіндегі екі сөздің формасы біріне-бірі ылғи қатысты. Тәуелдік формалы сөз, ілік формалы сөзді қажет етсе, ілік формалы сөз де тәуелдеулі сөзді тіркеске шақырып тұрады. Ең жалпы грамматикалық сипатына қарай, біз матасып тіркескен сөздерді өзара анықтауыштық қатынаста тұрады деп атадық.
Судың түбі, үкінің қанаты, құстың қауырсыны, желдің лебі (екпіні).
Матасып байланысқан сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың, құбылыстың меншіктілік сапасын білдіреді.
Матасып байланысқан сөз тіркестерінің бастапқы және негізгі мағынасы меншіктілік қатынас болғанмен, осыдан дамып шыққан басқа да мағыналық қатынастар көрініп тұрады. Матасып байланысқан сөз тіркестері білдіретін мағыналық қатынасты іштей былай саралауға болады:
1.    Меншіктілік қатынас: інімнің кітабы, фермердің
үйі.
2.    Бүтін зат пен оның бөлшектерінің қатынасы: көл-
дің ортасы, пышақтың жүзі, етіктің қонышы.
3.    Зат пен заттың арасындағы (релятивтік) қатыстық
байланыс: желдің лебі, қылыштың жарасы т. т.
Бұл қатынастар тіркеске енетін сөздердің лексикалық мағыналарының ыңғайына қарай туады.
Матаса байланысу амалы екі түрде көрінеді: толық құрамда, толық емес (толымсыз) құрамда: колхоздың малы, колхоз малы. Сөз тіркесіне бағыныңқы сөз ілік жалғаусыз формада кіріксе, матаса байланысу амалының толық емес (толымсыз) құрамда жұмсалғаны.
Матасудың толымсыз түрі толық түрінің негізінде қалыптасады,
Матаса байланысқан сөз тіркесінде грамматикалық амалдар толымсыз құрамда жұмсалғанда, тіркестегі сөздердің арасындағы қатынас негізінен басыңқы компоненттің тәуелдік формасынан көрінеді. Бірақ мұндайда анықтауыш компонент басьңқы сөзден жұбын жазбай қатар тұруға тиіс: көл жиегі — толған құрақ. Көлдің тік жағасы толған құрақ.
Қалың қарағай жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып, теңселіп, ырғалып кояды (М. Ә.),
Ал толық формалы матасу арқылы тіркескен сөздердің арасына басқа сөздер кіріге алады. Осы ерекшеліктерін ескеріп С. С. Майзель аталған сөз тіркестерін берік изафет (нераздвижной изафет), босаң изафет (раз-движной изафет) деп те атаған болатын .
Матаса байланысқан сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөздің ілік жалғауынын түсуін түркологиялық ғылымда түрліше түсіндіреді. Н. Ф. Катанов бастап, Н. К. Дмитриев, А. П. Поцелуевский қостап синтаксистік кұрылыстағы бұл құбылысты анықтауыш сөз атаған заттың белгілі, белгісіздігіне байланысты деп түсіндірді. Анықтауыш сөз атайтын зат сөйлеушіге белгілі, конкретті түрде таныс болса, ол сөз міндетті түрде ілік септік жалғауын бойында сақтайды. Заттың тыңдаушыға ондай белгілі, таныстығы болмаса, тыңдаушы үшін ол көптеген басқа заттар қатарындағы абстрактілі ұғым есепті ғана көрінсе, онда анықтауыш сөз ілік жалғауын түсіріп тіркеседі. М. Б. Балақаев, А. Н. Баскаков матасудың түрлі құрамда көрінуін сөз тіркесіндегі сөздердің грамматикалық байланысына тәуелді деп есептейді. Бұл ғалымдардың айтуынша, сөз тіркесі релятивтік (қатыстық) байланысты білдіретін жағдайда ғана матасу амалы толымсыз кұрамда жұмсалады: Азамат борышы, ер намысы.
Осы релятивтік байланысқа түскен сөздер ғана матасудың толымсыз, толымды түрін қатар жұмсап тіркеседі. Терминдік атау ретінде жүретін релятивтік тіркестер матасудың тек толымсыз түрі арқылы байланысады: хальқ шаруашылығы, тау-кен институты, ауа райы. Өйткені матасудың бұл түрі компоненттердің тығыз, нық байланысып, тіркестің тұтас атау ретінде көрінуіне септік етеді.
Матасудың толымды, толымсыз түрінің талғануы тек сөз тіркесінің екі компоненті де зат есім болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бағыныңқы компонент есімдік болғанда, сөз тіркесі матасудың толық формасы арқылы ғана тіркеседі. Бұның себебі — бұл кұрамдағы сөз тіркесінде релятивтік байланыс болмайды, ал тек меншіктілік байланысты білдіреді: менің көмегім, сенің шаруашылығьщ т. т.
Матаса байланысқан сөздердің көптік формасы негізінен өз лексикалық-грамматикалық мағынасына сай қатысады. Оқушылардың кітабы (кітаптары). Бірақ басыңқы (меншіктелуші затты білдіретін сөз) сөздің көптік формасы кейде заттың көптігін білдірмей, бір зат-тың көп иеге, меншіктеушіге қатыстылығын білдіретіні де болады: сендердің апаларың. Осы тіркестегі апаларың бір-ақ кісіні атап, оның көп меншіктеушіге (сендер) қатысты екенін білдіреді. Көптік жалғаудың ерекше мағынада жұмсалып, стильдік өң алуы осы тіркесте де көрінеді.
Матаса байланысқан зат есімді сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде есімдіктің катысатынын ілгеріде атадық. Бағыныңқы компонент ретінде бұл тіркеске субстантивтенген сын есім сөздер де қатысады: қызылдың әскері, көктің реңі т. т.
Матасу формасының тілімізде бұдан бөлек те бір қатар жұмсалатын саласы бар. Солардың бірі—затты ерекшелеп атау үшін жүмсалуы. Мысалы: жігіттің жігіті, ат-тың аты, күндердің күнінде т. т.
Бұл жолға аттың аты ғана жарайды. Бақтығүл түптің түбінде от көсеген көсеудей күйе кететін болса, бұл малдардың құнарлы қалың топтары қайда-қайда кеткенін білмегені дұрыс (М. Ә.).
Сын есім сөздер де субстантивтеліп барып, тіркестің осы амалы аркылы сапаны ерекшелеп атайды: әдемінің әдемісі, жүйріктің жүйрігі.
Матаса байланысқан тіркестер тек меншіктілікті білдіріп қоймайды. Түрлі релятивтік  (жалпы катыстық) байланысты білдіру үшін жұмсалатынын ілгеріде айтқанбыз. Матасудың осы қызметі, әсіресе бастауыш-баяндауыш ретінде құралған тұлғаны сөйлемге сыйыстыру үстінде көрінеді. Оспанның келгеніне қуандым. Бұл сөйлемнің кұрамына Оспанның келгеніне үйірлі мүше ретінде кірігіп тұр. Сөздер бастапқыда предикативтік қатынаста  тұрған:   Оспан келді (келген).   Осы сөйлем ретінде тіркес екінші сөйлемге сыйыстырылғанда, предикативтік катынас бұзылып, сөздер өзара матасып байланысады. Оспан келген — Оспанның келгеніне  (қуанды). Осы ретпен сыйысқан компоненттер мына сөйлемде бар.
Ақ боз ат, көк боз аттардың көрінуіне әлі алты ай барын, олар қырын. туса, аспан шытырлайтынын көріп келше баян етті (Т. Әл.).
Предикативтік байланысты матасу амалы атаулы сөйлем құрамында да өз мойнына жүктейді.
Тау биік — Таудың биігі-ай!
Мен қорықтым — Менің қорыққаным-ай!
Бастауыш, баяндауышы бар екі мүшелі сөйлем атаулыға айналғанда, ол мүшелер предикативтік қатынасын бұзып, өзара матаса байланысады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға