Жаңалықтар

Сәбит Дөнентаев

Сәбит Дөнентаев   Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында Павлодар ауданында туған. Әкесі Дөнентай молда сымақтау, еті тірі, кедей адам болған.   Дөнентай Сәбитті оқытып ескіше молда қылмақ оймен елдегі Махамбет-Садық дегеннен оқытып, онан кейін Павлодар қаласындағы Қасым қажы Ертіспаев дегеннің медресесіне берген. Бұл Қасым қажының медресесі бұрын ескі дін оқуын оқытатын мектеп болса да, артынан заманының сазына қарай төте оқу (жәдит) жолына түскен.   1915 жылдар Сәбит орысша үйрену мақсатымен орыс тілінде оқытатын бір мектептен жабайы тыңдаушы болып оқиды.   1916 жылы солдат алатын июнь жарлығы шыққанда Сәбиттің жасы ілініп, содан қалу үшін Екібастұз бен Жармақ темір жол бойындағы Жол құдық дейтін қызыл үйдің (разъезд) жұмысына түскен. Онда вагонға топырақ салып жүретін қара жүмысшы болып істеген.   1917 жылы февральдан кейін Семей келіп, сонда ашылған мұғалімдер курсінде оқып, бір жағынан "Сарыарқа" газетінде, соңынан "Абай" журналында қызмет істеп, жазып жүрген.   1919 жылдың аяғында елде болып, қазақ даласы ақтардан сейіліп, Совет үкіметі орнағаннан кейін 1920 жылдан 1922 жылға дейін аудандық сот болып қызмет істейді. 1924 жылдың басында Семей келіп, ұдайымен 6 жыл "Қазақ тілі" газетінің басқармасында істейді.   1930 жылы еліне барып, елде тұрақтай алмай, Павлодарда бір қыс мұғалім болады. Денсаулық жағдайынан 1931 жылы Бесқарағай кетіп, Бөген дейтін жерде оқу-ағарту қызметінде болады. Артынан Семей газетінің өкіріктік болып шығуымен бірге Сәбит қайта шақыртылып, байырғы қызметіне қайта кіріседі.   Бірақ, бұл жолғы қызметі созымды болмайды. Соңғы 6-7 жылдың бойында бірде сау, бірде ауру болып, қалмай келе жатқан безгектің ауыр түрі 1933 жылдың жануар ішіне дейін төсек тартқызып тастайды.   Денсаулығын жөндеу үшін 1933 жылы демалыс үйіне барады. Бірақ, шыңына жеткен ауру бой бермейді.   Сәбит 1924 жылдан бастап Совет жолына түсіп, өз еңбектерін жарыққа шығара бастайды. 1929 жылдан бері ҚазАП-қа мүше. Әсіресе, сол жылдары "Он жылдың жемісі", "9 жылғы олжа", "Ленин", "Бай мен комсомол" сияқты өлеңдер жазып өзін көрсетіп қалып еді. Сол жолын енді ұлғайтамын деп құлшынып кірісе бастап келе жатқанда (мақсаты бұрынғы қатасын ісімен түзетпекші еді), 1933 жылдың 23 майы күні қайтыс болды.   Сәбит — революциядан бұрын әдебиет майданына шыққан бұқарашыл ақынның бірі. Сәбит "Замандастар" деген бір өлеңінде былай дейді:   Жабылайық өнерге, Ынтықпай қарап өлерге. Өзіміз керек демесек, Керек қып бізді келер ме? Қызмет көрсет халқыңа, Игі ат қалсын артыңа.   Сәбит оқығанның бәрі ұлтшыл-басшы болуы керек деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде олардың қылығы жақтағандығынан Сәбит "Ұлтшылға", "Қайтіп қарғыс алмайсың?" деген өлеңдерін жазады. Олардың жаман әдетін сынап, бетіне басады.   "Менің жайым" деген өлеңінде де ұлтшыл оқығандардан күдер үзе бастағандығын көрсетеді.   Осымен қатар "Қиял", "Үміт" деген өлеңдерінде қиялы мен үмітіне, арына азба, түзулікке баста дейді. Мұнда бұқарашылдық идеясы ашық көріне бастайды.   Дөнентаев февраль төңкерісіне дейін осы бетпен келді. Әрине, бұл саяси жолының сүрлеуі. Сәбит әйел мәселесін де жыр қылады. "У жеген қасқырға" деген өлеңінде ауылдағы жемқор болыс, атқамінерлерге де қарсы шығады. "Көктөбетке" дегенінде де солардың берсең дос, бермесең қас, құбылмалы мінезін көрсетеді.   Февраль революциясынан кейін ұлт буржуазиялары "патша құлады, бостандық туды" деп қуанысқан болатын. Бірақ, ол февраль революциясы бұқараға шын "тендік, адамшылық" әпермек емес еді. Жауынгерлік қанау саясатының таза өзі құрылып еді.   Сондай бай табымен мүддесі жымдасқан алашордашылар қанша "қазақ-қазақ" дегенмен, қазақ ішіндегі ат төбеліндей байларының ғана мұңын мұңдады. Қалың бұқараның нағыз дұшпаны, реакцияшыл күш әбден әшкереленеді. Міне, бұл араға келгенде ақын оларға наразы болады. "Қаулы" деген өлеңінде осы наразылығы көрінеді.   С.Дөнентаев азамат соғысының аяғын ала бере-ақ Алаш жолынан безіп, совет жолына түсе бастады. Ескі уақ байшылдық санасынан тез арылып кетпегенмен, совет туының ардақты екенін түсініп, қаламын жүргізе бастады. Берегірек келгесін "10 жылдың жемісі", "9 жылғы олжа", "Бай мен комсомол", "Жалғыз құдықтағы әйелдер мектебі", тағы осындай тақырыптарға жазып, көпшілікпен қол ұстасуға тырысты.       Мұхтар Әуезов          
05.12.2012 11:29 15786

Сәбит Дөнентаев

 

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында Павлодар ауданында туған. Әкесі Дөнентай молда сымақтау, еті тірі, кедей адам болған.

 

Дөнентай Сәбитті оқытып ескіше молда қылмақ оймен елдегі Махамбет-Садық дегеннен оқытып, онан кейін Павлодар қаласындағы Қасым қажы Ертіспаев дегеннің медресесіне берген. Бұл Қасым қажының медресесі бұрын ескі дін оқуын оқытатын мектеп болса да, артынан заманының сазына қарай төте оқу (жәдит) жолына түскен.

 

1915 жылдар Сәбит орысша үйрену мақсатымен орыс тілінде оқытатын бір мектептен жабайы тыңдаушы болып оқиды.

 

1916 жылы солдат алатын июнь жарлығы шыққанда Сәбиттің жасы ілініп, содан қалу үшін Екібастұз бен Жармақ темір жол бойындағы Жол құдық дейтін қызыл үйдің (разъезд) жұмысына түскен. Онда вагонға топырақ салып жүретін қара жүмысшы болып істеген.

 

1917 жылы февральдан кейін Семей келіп, сонда ашылған мұғалімдер курсінде оқып, бір жағынан "Сарыарқа" газетінде, соңынан "Абай" журналында қызмет істеп, жазып жүрген.

 

1919 жылдың аяғында елде болып, қазақ даласы ақтардан сейіліп, Совет үкіметі орнағаннан кейін 1920 жылдан 1922 жылға дейін аудандық сот болып қызмет істейді.

1924 жылдың басында Семей келіп, ұдайымен 6 жыл "Қазақ тілі" газетінің басқармасында істейді.

 

1930 жылы еліне барып, елде тұрақтай алмай, Павлодарда бір қыс мұғалім болады. Денсаулық жағдайынан 1931 жылы Бесқарағай кетіп, Бөген дейтін жерде оқу-ағарту қызметінде болады. Артынан Семей газетінің өкіріктік болып шығуымен бірге Сәбит қайта шақыртылып, байырғы қызметіне қайта кіріседі.

 

Бірақ, бұл жолғы қызметі созымды болмайды. Соңғы 6-7 жылдың бойында бірде сау, бірде ауру болып, қалмай келе жатқан безгектің ауыр түрі 1933 жылдың жануар ішіне дейін төсек тартқызып тастайды.

 

Денсаулығын жөндеу үшін 1933 жылы демалыс үйіне барады. Бірақ, шыңына жеткен ауру бой бермейді.

 

Сәбит 1924 жылдан бастап Совет жолына түсіп, өз еңбектерін жарыққа шығара бастайды. 1929 жылдан бері ҚазАП-қа мүше. Әсіресе, сол жылдары "Он жылдың жемісі", "9 жылғы олжа", "Ленин", "Бай мен комсомол" сияқты өлеңдер жазып өзін көрсетіп қалып еді. Сол жолын енді ұлғайтамын деп құлшынып кірісе бастап келе жатқанда (мақсаты бұрынғы қатасын ісімен түзетпекші еді), 1933 жылдың 23 майы күні қайтыс болды.

 

Сәбит — революциядан бұрын әдебиет майданына шыққан бұқарашыл ақынның бірі.

Сәбит "Замандастар" деген бір өлеңінде былай дейді:

 

Жабылайық өнерге,

Ынтықпай қарап өлерге.

Өзіміз керек демесек,

Керек қып бізді келер ме?

Қызмет көрсет халқыңа,

Игі ат қалсын артыңа.

 

Сәбит оқығанның бәрі ұлтшыл-басшы болуы керек деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде олардың қылығы жақтағандығынан Сәбит "Ұлтшылға", "Қайтіп қарғыс алмайсың?" деген өлеңдерін жазады. Олардың жаман әдетін сынап, бетіне басады.

 

"Менің жайым" деген өлеңінде де ұлтшыл оқығандардан күдер үзе бастағандығын көрсетеді.

 

Осымен қатар "Қиял", "Үміт" деген өлеңдерінде қиялы мен үмітіне, арына азба, түзулікке баста дейді. Мұнда бұқарашылдық идеясы ашық көріне бастайды.

 

Дөнентаев февраль төңкерісіне дейін осы бетпен келді. Әрине, бұл саяси жолының сүрлеуі. Сәбит әйел мәселесін де жыр қылады. "У жеген қасқырға" деген өлеңінде ауылдағы жемқор болыс, атқамінерлерге де қарсы шығады. "Көктөбетке" дегенінде де солардың берсең дос, бермесең қас, құбылмалы мінезін көрсетеді.

 

Февраль революциясынан кейін ұлт буржуазиялары "патша құлады, бостандық туды" деп қуанысқан болатын. Бірақ, ол февраль революциясы бұқараға шын "тендік, адамшылық" әпермек емес еді. Жауынгерлік қанау саясатының таза өзі құрылып еді.

 

Сондай бай табымен мүддесі жымдасқан алашордашылар қанша "қазақ-қазақ" дегенмен, қазақ ішіндегі ат төбеліндей байларының ғана мұңын мұңдады. Қалың бұқараның нағыз дұшпаны, реакцияшыл күш әбден әшкереленеді. Міне, бұл араға келгенде ақын оларға наразы болады. "Қаулы" деген өлеңінде осы наразылығы көрінеді.

 

С.Дөнентаев азамат соғысының аяғын ала бере-ақ Алаш жолынан безіп, совет жолына түсе бастады. Ескі уақ байшылдық санасынан тез арылып кетпегенмен, совет туының ардақты екенін түсініп, қаламын жүргізе бастады. Берегірек келгесін "10 жылдың жемісі", "9 жылғы олжа", "Бай мен комсомол", "Жалғыз құдықтағы әйелдер мектебі", тағы осындай тақырыптарға жазып, көпшілікпен қол ұстасуға тырысты.

 

 

 

Мұхтар Әуезов

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға