Жаңалықтар

Шираз

Шираз  парсыша: شیراز Shīrāz‎ Үлгі:IPA-fa) — Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысы әкімшілік орталығы болып табылатын қала. Иран бойынша алтыншы ірі қала. Көптеген өнеркәсіп орындары, университеттер және мәдени орталықтармен қоса, Ширазда тарихи ескерткіштер мен ғимараттар, зиярат ететін орындар да жетерлік. Сондықтан бұл қала тарихи-мәдени ескерткіштердің көптігі мен әралуандығы тұрғысынан ЮНЕСКО ұйымы тарапынан әлемнің таңдамалы мәдени қалаларының бірі ретінде таңдалынып алынды. Фарс облысының орталығы Шираз қаласы Иранның оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1484 метр биіктікте Загрос таулы қыратының етегінде және Иранның астанасы Тегераннан 919 шақырым жерде орналасқан. Климаты Шираз жұмсақ климатты қала, мың жылдан астам аймақтық орталық болып келген. Шираздың ауа райы салыстырмалы түрде қоңыржай және жыл мезгілдері қалыпты. Бұл аймақ ежелден-ақ маңызды болған. Оның атауы Персеполисте табылған элам жазуымен жазылған тақташаларда аталып өтілген. Тарихи ескерткіштер Шираз – Иранның ең үлкен және ең әдемі қалаларының бірі. Ондағы тарихи ескерткіштердің көптігі елдің ішіндегі және шетелдегі жұртшылықтың назарын өзіне аударып отыр. Тіпті кейбіреулер Иранды Шираз деген атпен таниды. Ирандағы статистика орталығының 1385 жылғы халық санағының нәтижесі бойынша Шираздағы тұрғындардың саны – 1 млн. 700 мың адамды құрайды. Шираз қаласы Шираз алқабында орналасқан. Ширақ алқабының тіктөртбұрышты ауданы шамамен 400 шаршы шақырымды құрайды. Бұл алқап батыстан шығысқа қарай көлбей орналасқан. Оның батысында бұлақтар мен қаннат (жерасты сулары) бар. Бұл алқаптың шығыс бөлігінде "Махарлу" атты тұзды көл орналасқан. Оның ауданы шамамен 200 шаршы шақырым. Бұл алқаптың айналасын салыстырмалы түрде биік таулар қоршап тұр. Шираз әдемі бақтардың көп болуына байланысты Иранның бақ салу ісінде ерекше орынға ие. Бұл қала ежелден-ақ үлкен де саялы бақтарға ие болумен әйгілі болған. Тіпті шетелдік саяхатшылардың сапарнамаларында да осы бақтарға сипаттама берілген. Х.қ.ж.с.б. 8-ғасырда Ширазды көруге келген марокколық саяхатшы Ибн Батута былай дейді: "Шығыста базар, бақ, өзен, субүркек пен халқының сұлулығы жағынан ешқандай қала Дамаскқа жетпейді. Тек Шираз онымен теңдесе алады. Бұл қала жазық жерде орналасқан. Оның айналасын бақтар қоршап тұр." Әрине қолайлы да қоңыржай ауа-райы осындай әдемі бақтардың болуына себеп болғандығы айқын. Қазір Шираз қаласында х.қ.ж.с.б. 12-13 ғасырлардан бірнеше бақ сақталынып қалған. Мысал ретінде, Эрам, Делгоша, Жаһаннама, Назар және Наренджестан Қавам бақтарын атауға болады. Тарихы Ахеменидтер дәуірінде Шираз қаласы осы әулеттің астанасы Шуш қаласынан Персеполис пен Пасаргадқа баратын жолдың бойында болған. Сасанидтер дәуірінде Нишапур және Гур сияқты маңызды қалалардың Эстахр қаласына барар жолы Шираз алқабы арқылы өтетін болған. Егіні бітік, ауа райы қолайлы және саяси-экономикалық жағынан маңызды жерде орналасқан Шираз алқабының үнемі билеушілердің назарында болуы табиғи нәрсе. Археологтардың тапқан деректері мен ескерткіштері бойынша, Шираз қаласының тарихы Исламға дейінгі дәуірден басталғандығы дәлелденді. Бүгінде Нью-Йорктің "Метрополитен" деп аталатын музейінде сақталынған тарихи заттар мен ыдыстар Селевкидтер, Ашканидтер және Сасанидтер кезіндегі Шираздың салтанаты мен ұлылығын көрсетеді. Х.ш.с.ж. 1312 жылы Персеполистің "Хазане" деп аталатын шығыс бөлігінде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде эламдық мық жазуымен жазылған шамамен 3 мың балшық тақта табылды. Бұл тақташаларда шираздық жұмысшылардың қай жерде өмір сүргендігі жайлы мәліметтер жазылған. Аталмыш тақталардың жазылған уақыты б.з.д. 496 жылы болып табылады. Бұл балшық тақташалар табылғаннан кейін және мық жазуының мамандары оларды оқығаннан кейін Шираз қаласы Ахеменидтер заманында болғандығы және осы қаланың жұмысшылары Персеполисті салуға қатысып, жалақы алып тұрғандығы анықталды. Шираз қаласының тарихы Ахеменидтер заманынан басталса да, Ислам дәуірінде оның атағы мен маңыздылығы айтарлықтай артты. Бұл кезеңде Шираз дамып, төрт рет елдің астанасы ретінде таңдалынып алынды. Алғаш рет х.қ.ж.с. 4 ғасырында Дейламидтер дәуірінде, кейіннен 6-7 ғасырларда Атабек Фарстың кезінде астана ретінде таңдалынып алынды. Шираз х.қ.ж.с.б. 7 ғасырда Але Инджу және Але Мұзаффардың және 12 ғасырда Зендтер кезінде де астана болу мүмкіндігіне ие болды. Бұл қалада аталған кезеңдердің әрқайсысынан тарихи ескерткіштер қалды. Ислам пайда болғаннан кейін Шираз білім, таным, суфизмнің (эрфан) орталығына айналды. Ол медреселер, кітапханалар және мешіттердің көптігімен әйгілі болды. Бұл қаладан ұлы ғалымдар, ақындар мен сопылар шықты. Иранның екі ұлы ақыны Саади мен Хафиз 7-8 ғасырларда Ширазда дүниеге келді. Олардың кітаптары Иран мен әлем әдебиетінің құнды қорының маңызды үлгісі болып саналады. Біліп жүргендеріңіз жақсы, Шираз Саади мен Хафиздан басқа ойшылдар, сопылар мен ақындарды, атап айтқанда, Сибавай, Ибн Мұқаффа, Молласадра, Құтб ад-дин Ширази, Шейх Рузбехан және т.б. өз топырағында тәрбиеледі. Сондықтан бұл қалаға бұрыннан-ақ "ғылымның үйі" деген атақ берілген. Бүгінгі Шираз Бүгінде Шираз Иранның солтүстігінен оңтүстігіне, шығысынан батысына баратын ең маңызды жолдардың қиылыстарында орналасып, ерекше стратегиялық жағдайға ие. Университеттер мен жоғары беделді орталықтар ғылыми тұрғыдан Ширазды Иранның маңызды қалаларының біріне айналдырды. Мыңдаған студент техникалық, инженерлік, медициналық, гуманитарлық, Ислам ілімдері және т.б. салалар бойынша Фарс облысының әртүрлі университеттерінде, атап айтқанда, Шираз қаласы университетінде оқиды. Осы облыстың беделді университеттерінде ғылымның әртүрлі салаларында жаңа бастамалар мен жаңалықтар ашуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан да уақыт өткен сайын осы облыстың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында жаңа құрал-жабдықтарды жасауда жаңа бастамалар көтеріп, әртүрлі ғылымдар, әсіресе медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жетіп жатқандығының куәсі болып отырмыз. Бүгінде Шираз қаласының медициналық орталықтары көздің шынайнасын (роговицасын), бауыр, сүйек жұлыны мен жүректі трансплантация жасау және құлаққа шиыршық (спираль) салу операциаларын жасау бойынша, Иранның ең маңызды медициналық орталықтарының бірі болып саналады. Фарс облысының, әсіресе Шираз қаласының жақсы жарақталған емханалары облыстың өз тұрғындарына қызмет көрсетумен қоса, көршілес облыстар мен көршілес елдерден, әсіресе Парсы шығанағы жағалауындағы елдерден келген жүздеген науқас адамды қабылдайды. Фарс облысында электр қуаты, металлургия және электроника өнеркәсіптерінің дамуы өткен ондаған жыл ішінде айтарлықтай қарқынға ие болды. Мысалы, электроникалық құрал-жабдықтар шығаратын көптеген зауыттардың болуы Ширазды Иранның электроникалық қаласына айналдырды.  
05.12.2012 11:28 3630

Шираз  парсыша: شیراز Shīrāz‎ Үлгі:IPA-fa) — Иранның оңтүстігіндегі Фарс облысы әкімшілік орталығы болып табылатын қала. Иран бойынша алтыншы ірі қала. Көптеген өнеркәсіп орындары, университеттер және мәдени орталықтармен қоса, Ширазда тарихи ескерткіштер мен ғимараттар, зиярат ететін орындар да жетерлік. Сондықтан бұл қала тарихи-мәдени ескерткіштердің көптігі мен әралуандығы тұрғысынан ЮНЕСКО ұйымы тарапынан әлемнің таңдамалы мәдени қалаларының бірі ретінде таңдалынып алынды.
Фарс облысының орталығы Шираз қаласы Иранның оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1484 метр биіктікте Загрос таулы қыратының етегінде және Иранның астанасы Тегераннан 919 шақырым жерде орналасқан.

Климаты

Шираз жұмсақ климатты қала, мың жылдан астам аймақтық орталық болып келген. Шираздың ауа райы салыстырмалы түрде қоңыржай және жыл мезгілдері қалыпты. Бұл аймақ ежелден-ақ маңызды болған. Оның атауы Персеполисте табылған элам жазуымен жазылған тақташаларда аталып өтілген.

Тарихи ескерткіштер

Шираз – Иранның ең үлкен және ең әдемі қалаларының бірі. Ондағы тарихи ескерткіштердің көптігі елдің ішіндегі және шетелдегі жұртшылықтың назарын өзіне аударып отыр. Тіпті кейбіреулер Иранды Шираз деген атпен таниды. Ирандағы статистика орталығының 1385 жылғы халық санағының нәтижесі бойынша Шираздағы тұрғындардың саны – 1 млн. 700 мың адамды құрайды. Шираз қаласы Шираз алқабында орналасқан. Ширақ алқабының тіктөртбұрышты ауданы шамамен 400 шаршы шақырымды құрайды. Бұл алқап батыстан шығысқа қарай көлбей орналасқан. Оның батысында бұлақтар мен қаннат (жерасты сулары) бар. Бұл алқаптың шығыс бөлігінде "Махарлу" атты тұзды көл орналасқан. Оның ауданы шамамен 200 шаршы шақырым. Бұл алқаптың айналасын салыстырмалы түрде биік таулар қоршап тұр. Шираз әдемі бақтардың көп болуына байланысты Иранның бақ салу ісінде ерекше орынға ие. Бұл қала ежелден-ақ үлкен де саялы бақтарға ие болумен әйгілі болған. Тіпті шетелдік саяхатшылардың сапарнамаларында да осы бақтарға сипаттама берілген. Х.қ.ж.с.б. 8-ғасырда Ширазды көруге келген марокколық саяхатшы Ибн Батута былай дейді: "Шығыста базар, бақ, өзен, субүркек пен халқының сұлулығы жағынан ешқандай қала Дамаскқа жетпейді. Тек Шираз онымен теңдесе алады. Бұл қала жазық жерде орналасқан. Оның айналасын бақтар қоршап тұр."
Әрине қолайлы да қоңыржай ауа-райы осындай әдемі бақтардың болуына себеп болғандығы айқын. Қазір Шираз қаласында х.қ.ж.с.б. 12-13 ғасырлардан бірнеше бақ сақталынып қалған. Мысал ретінде, Эрам, Делгоша, Жаһаннама, Назар және Наренджестан Қавам бақтарын атауға болады.

Тарихы

Ахеменидтер дәуірінде Шираз қаласы осы әулеттің астанасы Шуш қаласынан Персеполис пен Пасаргадқа баратын жолдың бойында болған. Сасанидтер дәуірінде Нишапур және Гур сияқты маңызды қалалардың Эстахр қаласына барар жолы Шираз алқабы арқылы өтетін болған. Егіні бітік, ауа райы қолайлы және саяси-экономикалық жағынан маңызды жерде орналасқан Шираз алқабының үнемі билеушілердің назарында болуы табиғи нәрсе.

Археологтардың тапқан деректері мен ескерткіштері бойынша, Шираз қаласының тарихы Исламға дейінгі дәуірден басталғандығы дәлелденді. Бүгінде Нью-Йорктің "Метрополитен" деп аталатын музейінде сақталынған тарихи заттар мен ыдыстар Селевкидтер, Ашканидтер және Сасанидтер кезіндегі Шираздың салтанаты мен ұлылығын көрсетеді. Х.ш.с.ж. 1312 жылы Персеполистің "Хазане" деп аталатын шығыс бөлігінде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде эламдық мық жазуымен жазылған шамамен 3 мың балшық тақта табылды. Бұл тақташаларда шираздық жұмысшылардың қай жерде өмір сүргендігі жайлы мәліметтер жазылған. Аталмыш тақталардың жазылған уақыты б.з.д. 496 жылы болып табылады. Бұл балшық тақташалар табылғаннан кейін және мық жазуының мамандары оларды оқығаннан кейін Шираз қаласы Ахеменидтер заманында болғандығы және осы қаланың жұмысшылары Персеполисті салуға қатысып, жалақы алып тұрғандығы анықталды.

Шираз қаласының тарихы Ахеменидтер заманынан басталса да, Ислам дәуірінде оның атағы мен маңыздылығы айтарлықтай артты. Бұл кезеңде Шираз дамып, төрт рет елдің астанасы ретінде таңдалынып алынды. Алғаш рет х.қ.ж.с. 4 ғасырында Дейламидтер дәуірінде, кейіннен 6-7 ғасырларда Атабек Фарстың кезінде астана ретінде таңдалынып алынды. Шираз х.қ.ж.с.б. 7 ғасырда Але Инджу және Але Мұзаффардың және 12 ғасырда Зендтер кезінде де астана болу мүмкіндігіне ие болды. Бұл қалада аталған кезеңдердің әрқайсысынан тарихи ескерткіштер қалды. Ислам пайда болғаннан кейін Шираз білім, таным, суфизмнің (эрфан) орталығына айналды. Ол медреселер, кітапханалар және мешіттердің көптігімен әйгілі болды. Бұл қаладан ұлы ғалымдар, ақындар мен сопылар шықты. Иранның екі ұлы ақыны Саади мен Хафиз 7-8 ғасырларда Ширазда дүниеге келді. Олардың кітаптары Иран мен әлем әдебиетінің құнды қорының маңызды үлгісі болып саналады. Біліп жүргендеріңіз жақсы, Шираз Саади мен Хафиздан басқа ойшылдар, сопылар мен ақындарды, атап айтқанда, Сибавай, Ибн Мұқаффа, Молласадра, Құтб ад-дин Ширази, Шейх Рузбехан және т.б. өз топырағында тәрбиеледі. Сондықтан бұл қалаға бұрыннан-ақ "ғылымның үйі" деген атақ берілген.

Бүгінгі Шираз

Бүгінде Шираз Иранның солтүстігінен оңтүстігіне, шығысынан батысына баратын ең маңызды жолдардың қиылыстарында орналасып, ерекше стратегиялық жағдайға ие. Университеттер мен жоғары беделді орталықтар ғылыми тұрғыдан Ширазды Иранның маңызды қалаларының біріне айналдырды. Мыңдаған студент техникалық, инженерлік, медициналық, гуманитарлық, Ислам ілімдері және т.б. салалар бойынша Фарс облысының әртүрлі университеттерінде, атап айтқанда, Шираз қаласы университетінде оқиды. Осы облыстың беделді университеттерінде ғылымның әртүрлі салаларында жаңа бастамалар мен жаңалықтар ашуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан да уақыт өткен сайын осы облыстың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында жаңа құрал-жабдықтарды жасауда жаңа бастамалар көтеріп, әртүрлі ғылымдар, әсіресе медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жетіп жатқандығының куәсі болып отырмыз. Бүгінде Шираз қаласының медициналық орталықтары көздің шынайнасын (роговицасын), бауыр, сүйек жұлыны мен жүректі трансплантация жасау және құлаққа шиыршық (спираль) салу операциаларын жасау бойынша, Иранның ең маңызды медициналық орталықтарының бірі болып саналады.

Фарс облысының, әсіресе Шираз қаласының жақсы жарақталған емханалары облыстың өз тұрғындарына қызмет көрсетумен қоса, көршілес облыстар мен көршілес елдерден, әсіресе Парсы шығанағы жағалауындағы елдерден келген жүздеген науқас адамды қабылдайды.

Фарс облысында электр қуаты, металлургия және электроника өнеркәсіптерінің дамуы өткен ондаған жыл ішінде айтарлықтай қарқынға ие болды. Мысалы, электроникалық құрал-жабдықтар шығаратын көптеген зауыттардың болуы Ширазды Иранның электроникалық қаласына айналдырды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға