Жаңалықтар

Орал облыстық қазақ съездері

  Орал облыстық қазақ съездері - 1917-1919ж аралығында ішкі және сыртқы саясатты, экономиканы реттеу жөнінде Орал облысында орын алған съездер.   Бірінші Орал облыстық қазақ съезі Орал облыстық қазақ съезі, 1917 жылы сәуірдің 19 мен 22 аралығында Орал облысы қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Орал қаласында өтті. Съезге осы облыстың болыстарынан 800-ден астам делегат қатысты. Съездің төралқасы құрамына Ж.Досмұхамедов (төрағасы), Ғ.Әлібеков, А.Қалменов (төраға орынбасарлары), Ғ.Жетпісбаев, Х.Ахметшин және Н.Арғыншиев (хатшылары) сайланды. Съездің күн тәртібінде мемлекеттік басқару құрылымы, соғысқа, Уақытша үкіметке көзқарас, жер, дін, сот ісі, оқу-ағарту, мәдениет және шаруашылық-қаражат мәселелері секілді 23 мәселе қойылып, тиісті шешімдер қабылданды. Съезде Ресей көлемінде ұлттық-аумақтық федерация құру мәселесін басы ашық қалдыра отырып, Құрылтай сайлайтын федеративті-демократиялық республика құру, жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне облыстық қазақ управасын сайлау, соғысты жеңіске жеткенше жүргізе беру, ал Уақытша үкіметтің қызметі уәде етілгендей демократиялы болса қолдау көрсету, жер мәселесі бойынша сырттан көшіп келушілерге және қазақтардың пайдалануындағы жерлерді алуға тыйым салу, дінге байланысты облыстық діни басқармасын Орынбор муфтиатына бағындыру, жергілікті жерлерді басқаруға тиісті өкімет пен атқару органдары жүйесін құру, орта мектептер ашу және кәсіби мамандардың қатынасуымен оқу-ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру, т.б. мәселелер талқыланды. Съездің бірінші күні құрамында 20 адам бар Ж.Досмұхамедов басқарған облыстық қазақ комитеті сайланды. 1917 жылы мамыр айында Мәскеуде өтетін жалпыресейлік мұсылман съезіне делегат ретінде Х.Досмұхамедовтерді, Ғ.Әлібековті, мұғалім Сұбхановты және алты молданы жіберу жөнінде шешім қабылданды. Съезде құрылған облыстық қазақ комитеті өзінен кейін 1918 – 1919 жылы осы өңірдің әкімшілік-саяси құрлымы ретінде өмір сүрген “Ойыл уәлаятының” қызмет жүйесін қалады. [1] Соғыс мәселесі Соғыс мәселесіне байланысты съез қаулысында «қазақ халқы басқа халықтармен бірге соғыстан көптеген қиыншылықтар көріп отыр» деп көрсетіп, оны неміс милитаризмін жеңгенше жүргізуді жақтап, оның соңында «жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі ұсынған жоғарғы адамгершіліктік принциптер негізінде» келісім-шартын жасауға шақырды. Жер мәселесі 20 сәуір күнгі отырысында съез жер мәселесін талқылап, «жер мәселесін біржола шешу, жер кім егер оны игеруге - мейлі ол егін егу, мал өсіру, бақша салу т.б. түрлерінде болсын - күш жұмсаған болса, соған берілуге тиіс» деп көрсетіп, «қазақ жері оның байырғы иесі қазақтарға берілуге тиіс және қазақ демократиясы мүддесін қорғауға қажет шаралар қарастырылуы керек» деп көрсетті. Съез жергілікті басқару ісі бойынша Х.Досмұхамедұлы және Ж. Досмұхамедұлылардың баяндамаларын тыңдап, «ескі бюрократиялық басқару жүйесін коллегиялық халықтық басқару жүйесімен ауыстыру» жөнінде қаулы қабылдайды. Съезде құрылған облыстық Қазақ комитеті 20 адамнан тұрды. Олардың арасында Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Әлібеков, К.Жәленов, Ғ.Есенгүлов, С.Қаратілсуов және басқа белсенді интеллигенция өкілдері бар. Екінші Орал облыстық қазақ съезі Екінші Орал облыстық қазақ съезі 1917 жылдың маусым айында өтті. Мәліметтерге қарағанда, осы съезде қазақтың тұңғыш басқару органы - Жайық сырты земство управасы сайланды. Төрағасы - Д.Күсепқалиев. Үшінші Орал облыстық қазақ съезі: Орал облысы молдаларының съезі 1917 жылдың 18 қыркүйегінде Жымпиты базарында Орал облысы молдаларының съезі болады. Күн тәртібіне медреселерді ашу, дін жұмысының жүргізілу жайы қойылады. Төртінші Орал облыстық қазақ съезі Орал облысында болған келесі съез 1918 жылдың 17 қаңтарында Қаратөбеде өтеді. Халел және Жанша Досмұхамедұлдары съез төрағалығына сайланады. Съездің күн тәртібіндегі мәселелер әскер жасақтау және үкімет кұру, әскерге ақша жинау болды. Ал, зерттеушілердіи пікіріне қарағанда, бұл съезде екінші земство сайлауы өтіп, оның төрағалығына Х.Досмұхамедұлы сайланған. Бесінші Орал облыстық қазақ съезі Келесі Орал облыстық қазақ съезі 1918 жылғы 18-21 мамыр күндері болған. Делегаттар саны - 450. Күн тәртібіне енгізілген 20 мәселенің негізгілері: Ресей мен Орал облысындағы ағымдағы жағдайға көзқарас, земство делегациясының Мәскеуге баруы жөніндегі есебі; земство мекемелерінің билігін кеңейту; Орал облысының қазақ бөлімінде мықты өкімет құру т.б. Осы мәселелерге байланысты мынадай ұсыныстар жасады: Орал казачествосымен одақтасу жөніндегі келісім-шартты заңдық негізде даярлау, казачествоға заттай және қаржылай көмек беру, Жымпитыдан алты айлық юнкерлік курс ашу т.б. Съезге қатысушылар бұл ұсыныстарды бір ауыздан мақұлдады. Алтыншы Орал облыстық қазақ съезі Алтыншы Орал облыстық қазақ съезі 1919 жылдың 14-20 шілде аралығында болды. Съездің күн тәртібінде талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдері белгісіз.  
05.12.2012 11:23 7809

 

Орал облыстық қазақ съездері - 1917-1919ж аралығында ішкі және сыртқы саясатты, экономиканы реттеу жөнінде Орал облысында орын алған съездер.
 
Бірінші Орал облыстық қазақ съезі
Орал облыстық қазақ съезі, 1917 жылы сәуірдің 19 мен 22 аралығында Орал облысы қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Орал қаласында өтті. Съезге осы облыстың болыстарынан 800-ден астам делегат қатысты. Съездің төралқасы құрамына Ж.Досмұхамедов (төрағасы), Ғ.Әлібеков, А.Қалменов (төраға орынбасарлары), Ғ.Жетпісбаев, Х.Ахметшин және Н.Арғыншиев (хатшылары) сайланды. Съездің күн тәртібінде мемлекеттік басқару құрылымы, соғысқа, Уақытша үкіметке көзқарас, жер, дін, сот ісі, оқу-ағарту, мәдениет және шаруашылық-қаражат мәселелері секілді 23 мәселе қойылып, тиісті шешімдер қабылданды. Съезде Ресей көлемінде ұлттық-аумақтық федерация құру мәселесін басы ашық қалдыра отырып, Құрылтай сайлайтын федеративті-демократиялық республика құру, жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне облыстық қазақ управасын сайлау, соғысты жеңіске жеткенше жүргізе беру, ал Уақытша үкіметтің қызметі уәде етілгендей демократиялы болса қолдау көрсету, жер мәселесі бойынша сырттан көшіп келушілерге және қазақтардың пайдалануындағы жерлерді алуға тыйым салу, дінге байланысты облыстық діни басқармасын Орынбор муфтиатына бағындыру, жергілікті жерлерді басқаруға тиісті өкімет пен атқару органдары жүйесін құру, орта мектептер ашу және кәсіби мамандардың қатынасуымен оқу-ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру, т.б. мәселелер талқыланды. Съездің бірінші күні құрамында 20 адам бар Ж.Досмұхамедов басқарған облыстық қазақ комитеті сайланды. 1917 жылы мамыр айында Мәскеуде өтетін жалпыресейлік мұсылман съезіне делегат ретінде Х.Досмұхамедовтерді, Ғ.Әлібековті, мұғалім Сұбхановты және алты молданы жіберу жөнінде шешім қабылданды. Съезде құрылған облыстық қазақ комитеті өзінен кейін 1918 – 1919 жылы осы өңірдің әкімшілік-саяси құрлымы ретінде өмір сүрген “Ойыл уәлаятының” қызмет жүйесін қалады. [1]
Соғыс мәселесі
Соғыс мәселесіне байланысты съез қаулысында «қазақ халқы басқа халықтармен бірге соғыстан көптеген қиыншылықтар көріп отыр» деп көрсетіп, оны неміс милитаризмін жеңгенше жүргізуді жақтап, оның соңында «жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі ұсынған жоғарғы адамгершіліктік принциптер негізінде» келісім-шартын жасауға шақырды.
Жер мәселесі
20 сәуір күнгі отырысында съез жер мәселесін талқылап, «жер мәселесін біржола шешу, жер кім егер оны игеруге - мейлі ол егін егу, мал өсіру, бақша салу т.б. түрлерінде болсын - күш жұмсаған болса, соған берілуге тиіс» деп көрсетіп, «қазақ жері оның байырғы иесі қазақтарға берілуге тиіс және қазақ демократиясы мүддесін қорғауға қажет шаралар қарастырылуы керек» деп көрсетті. Съез жергілікті басқару ісі бойынша Х.Досмұхамедұлы және Ж. Досмұхамедұлылардың баяндамаларын тыңдап, «ескі бюрократиялық басқару жүйесін коллегиялық халықтық басқару жүйесімен ауыстыру» жөнінде қаулы қабылдайды. Съезде құрылған облыстық Қазақ комитеті 20 адамнан тұрды. Олардың арасында Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Әлібеков, К.Жәленов, Ғ.Есенгүлов, С.Қаратілсуов және басқа белсенді интеллигенция өкілдері бар.
Екінші Орал облыстық қазақ съезі
Екінші Орал облыстық қазақ съезі 1917 жылдың маусым айында өтті. Мәліметтерге қарағанда, осы съезде қазақтың тұңғыш басқару органы - Жайық сырты земство управасы сайланды. Төрағасы - Д.Күсепқалиев.
Үшінші Орал облыстық қазақ съезі: Орал облысы молдаларының съезі
1917 жылдың 18 қыркүйегінде Жымпиты базарында Орал облысы молдаларының съезі болады. Күн тәртібіне медреселерді ашу, дін жұмысының жүргізілу жайы қойылады.
Төртінші Орал облыстық қазақ съезі
Орал облысында болған келесі съез 1918 жылдың 17 қаңтарында Қаратөбеде өтеді. Халел және Жанша Досмұхамедұлдары съез төрағалығына сайланады. Съездің күн тәртібіндегі мәселелер әскер жасақтау және үкімет кұру, әскерге ақша жинау болды. Ал, зерттеушілердіи пікіріне қарағанда, бұл съезде екінші земство сайлауы өтіп, оның төрағалығына Х.Досмұхамедұлы сайланған.
Бесінші Орал облыстық қазақ съезі
Келесі Орал облыстық қазақ съезі 1918 жылғы 18-21 мамыр күндері болған. Делегаттар саны - 450. Күн тәртібіне енгізілген 20 мәселенің негізгілері: Ресей мен Орал облысындағы ағымдағы жағдайға көзқарас, земство делегациясының Мәскеуге баруы жөніндегі есебі; земство мекемелерінің билігін кеңейту; Орал облысының қазақ бөлімінде мықты өкімет құру т.б. Осы мәселелерге байланысты мынадай ұсыныстар жасады: Орал казачествосымен одақтасу жөніндегі келісім-шартты заңдық негізде даярлау, казачествоға заттай және қаржылай көмек беру, Жымпитыдан алты айлық юнкерлік курс ашу т.б. Съезге қатысушылар бұл ұсыныстарды бір ауыздан мақұлдады.
Алтыншы Орал облыстық қазақ съезі
Алтыншы Орал облыстық қазақ съезі 1919 жылдың 14-20 шілде аралығында болды. Съездің күн тәртібінде талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдері белгісіз.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға