Жаңалықтар

Реалистік драма жолында

Реалистік драма жолында Советтік драматургия — әдебиеттің мол, күрделі арнасының бірі. Сондықтан жалпы қазақ совет әдебиетінің алдында тұрған міндеттер жайында айтылған сөздер, аталған шарттар біздің драматургиямызға да мейлінше ортақ шарт — міндеттер болады. Оларды айрықша, нақтылап еске алып өтсек, ең алдымен қазақ совет драматургиясын біз социалистік реализм драматургиясы дейміз. Бұның ең іргелі негіздері: советтік патриотизм, биік идея, партиялық зор сана, халықтық мол сипат және мейлінше өмірлік шындығы терең драматургия болу керек. Осындай сапалы драмалық шығармалар ғана еңбекші жұртшылығымызды коммунистік тәрбиеге баулитын үлкен себепкер бола алады. Аталғандай талап, мүдделерге сай боларлық шығармалар үлгісін біздің жұртшылығымыз орыс совет драматургиясынан ең алдымен көріп, нәр алып келеді. Қазақ совет драматургтері де өздерінің іздену, өсу жолында идеялық-көркемдік тәрбиені, үлгі, өнегені сол алдыңғы, озғын сапалы орыс совет драматургиясынан алады. Үлгі ала отырып, соның табысына табыс қоса білген өскендігіміз қандай? Болмаса кемшін соғып, олқы түсіп жатқан шикілік, шалағайлық жағдайларымыз қайсы? Осы жайларды ұлы әдебиеттің биік өресіне шендестіре, салыстыра отырып талдауымыз: арналы талдау, ой туғызарлық талдау болса керек. Орыс совет драматургиясының бірнеше өзгеше, оқшау тұрған қасиеттерін еске алып өтейік. Мысалы, социалистік реализмді ең биік көркемдік сапада баурай білген Горький шығармалары бар. Орыс совет драматургиясы 20-шы, 30-шы жылдардың өзінде ірі өріс, өрнек тапты. Ұлы Отан соғысы дәуірінде орыс совет драматургиясы және де бірнеше биік өрге шықты. Өмір шындығына сай етіп, халықтың патриоттық сезімін бейнеледі. Оның басқыншы жауға деген жиренішін өзгеше өктем сана дәрежесінде көрсете білді. Бірақ Одақ көлеміндегі драматургиялық табыстар жақсы болумен қатар, бірнеше жайдан недәуір елеулі олқылықтарға, кемшілік, қателіктерге де ұшыраған болатын. Бұндай кезде Орталық партия Комитетінің 1946—1948 жылдардағы идеология мәселелеріндегі қаулылары ұлы ұстаздық, басшылық жасады. Сол қаулылар мен партия көрсетіп отырған негізгі даналық нұсқаулар орыс совет драматургиясын және соған ілес қазақ совет драматургиясы сияқты салалардың барлығын тарихтық жаңа зор өріске қарай бастады. Осы қатарда, Отан соғысынан кейінгі жылдарда совет драматургиясының ірілеп өсуіне бөгет жасаған жалған жүйесымақтарға соққы берілді. "Конфликтсіздік жүйесі" деген жаңсақ, жалған жүйесымақтардың залалды сырлары әшкере болып, қатал сынға ұшырады. Орталық партия Комитетінің 1946 жылғы 26 августегі "Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы" деген атақты тарихи қаулысында қазақ драматургі Әбділда Тәжібаевтың "Біз де қазақпыз" деген залалды пьесасы аталғаны мәлім. Кейін біз толығырақ тоқтайтын бір саламыз сатиралық комедиялар болса, соңғы жылдарда қазақ драматургиясында бұл ретте де теріс, татымсыз, нашар шығармалар туып жатқанын білеміз. Сонымен, қазақ совет драматургиясының II съезд бен III съезд арасында жүріп өткен жолын шолуға кірісер алдында түйіп айта кететін айрықша бір-екі тезисіміз бар. Бірінші — социалистік реализмді драматургияда барлау жолында озған орыс совет драматургиясының жақсы үлгісінен жақсы түрде оқып өсуіміз қандай болды? Бүкілодақтық совет драматургиясының ортақ қазынасына сапалы қазына қоса алдық па? Бұл жөндегі барлық сын мен таразы талабымыз реалистік пьеса туғызу жөніндегі табысымыз бойынша өлшену шарт. Қазақ совет прозасы тәуір табысқа жеткенде реалистік роман тудырғанын ең зор тарихтық критерий етіп айтысады. Сол өлшеумен драматургияға келгенде, "реалистік драма үлгісін туғыза алдық па, жоқ па?" деген талғауды, менің білуімше, осы III съезд үстінде ең бір үлкен өлшеуіш, мерзім етіп еске ала сөйлеуіміз керек. Бұл — бірінші жай. Екінші, драматургия жолында қазақ совет әдебиетінің өсуіне залал келтірген олқылықтар, әр түрлі натурализм, формализм, нигилизм тәрізді теріс бағыттардың қазақ совет драматургиясына келтірген залалы қаншалық екенін ашып айту да съезд баяндамасының міндеті деп білеміз. Сонымен, біз екі тұрғы тақырып алдық. Ең күрделі мәселе — социалистік реализм көлемінде қалыптанған қазақ советтік реалистік пьесаның жайы. Барлық сын ойлардың, ізденгіш ойлардың таразысы, тиянағы сол жөнде. Еске ала кетейік, тегінде, реализм — әрбір анық бағалы көркем шығарманың ең сенімді іргесі. Сондықтан оның жайындағы проблема жеке бір стильдің ғана мәселесі емес, одан әлдеқайда кең проблема. Ал сол реализмнің не үлкен шарт, өлшеуі — шындық. Шындықты көркемөнер критерийі, жапа-жалғыз және өзгеше терең, ғылымдық критерий деп білу керек. Осындай реализм таразысын ең үлкен өлшеуішіміз етіп атап отырып, қазақ совет драматургиясының қалпына келейік. Сонда "Орыс драматургиясының классикалық үлгілеріндегі реализмнен үйренуіміз қалай?", "Советтік орыс драматургиясының жаңғырып дами түскен реалистік трагедиясынан үйрене өсуіміз қалай?" деп барлап көрейік. Мысалы, Гоголь үлгісінде, немесе Островский аңғарында, әлде Чехов стилінде, болмаса М. Горький пьесаларының сарынында туған шыны, толық мәнді, реалистік қазақ пьесасы "пәлен шығарма" деп айта аламыз ба? Одан бері келе, Октябрьден бері орыс совет драматургиясы советтік дәуірдің өз болмысынан тудырып, 20-жылдардың өзінде советтік классика деп аталып отырған қадірлі бір топ пьесаны туғызды. 30-жылдардың оларға қосқан бағалы үлгілері тағы бар. Ұлы Отан соғысы күндерінде туған, кейінгі ұзақ замандарда қадірлі қазына боп қаларлық бірнеше орыс советтік пьесалары және мәлім. Осы 37 жыл бойында, атап өтсек: "Күйреу", "Бронепоезд 14-69", "Дауыл", "Любовь Яровая", "Мылтықты адам", "Эскадраның апаты", "Қорқыныш", "Майдан", "Орыс адамдары", "Шапқыншылық" сияқты пьесалар туды. Ал қазақ совет драматургиясында осы аталған пьесалардың тым құрыса бірде-біріне шендес келетін, совет тақырыбындағы анық, толық тұрақты қасиеті бар шынайы көркем пьеса туғыза алдық па? Туғыза алғамыз жоқ! Бізде тәуір пьесалар бар, тіпті көркемдік сапасы жоғары дәрежеге жеткен, шеберлікпен жазылған бірен-саран пьеса да бар. Бірақ олар совет тақырыбына жазылған пьесалар емес және мен кейін толығырақ дәлелдеймін, олар анық мәніндегі реалистік пьесалар да емес. Біз драматургияда әлі творчестволық методтың ең үлкен қадірлі, арналы жолын толықтанып, түгел баурап ала алмай отырмыз. Нақтылап айтқанда, біз драматургиялық творчествода реалистік әдісті, көркем реализмді бар көлемінде шын мәні, нәрімен бағалай алмай келдік. Осы жай біздің олқылығымыздың зоры. Қиын жанр, ең жауапты жанр және сәті келген шағында ең бір көптік жанр — драма жанры. Осы жанр біздің жас қазақ совет әдебиетіміздің артта қалып келе жатқан жанры болып отыр. Бұл жөнде нақтылы қысқа ғана, бірақ тиянақты бір ғана жайға жауап беріп көрейік. Белинский айтып еді: "Анық зор таланттың әрбір бейнелеген адамы — тип және сол бір тип оқушы үшін таныс емес білісі" (знакомый незнакомец) деген. Әдебиеттің өзге жанрларының бәрінен бөлек драматургияның аса қиын бір өзгешелігі, ол тек қана адам жайындағы шығарма. Ендеше, оның адамдарының көбі бірдей типтер болу керек. Ал тіпті болмаса, әр пьесада тым құрыса бірден-екіден, жұрт жадында жүретін жұғымды-жұғымсыз типтер болу шарт. Орыс совет драматургиясында біз: Любовь Яровая, Окорок, Швандя, Огнев, Шадрин сияқты талай адамдардың бүгінгі совет жұртшылығына күнделік таныс, білісіндей мәлім типтер екенін білеміз. Ал біздің совет тақырыбына жазған пьесаларымызда жаңағы орыс совет пьесасының Одақ жұртшылығына танытып берген типтерінің бірде-біріне барабар келетін, болмаса шендес шығатын тип бар ма? О да жоқ! Бұның себебі біреу-ақ. Біз реалистік пьеса жөнінде маркстік-лениндік эстетиканың жүйелік бір жайына тоқтап өтейік. Мысалы, советтік болмысты суреттеу міндетінің ішінде ең қасиетті тақырып — еңбек тақырыбы. Ал сол еңбекті қалай суреттеу шарт еді? Еңбекті, геройлық еңбекті совет жазушысы біздің тірлігіміздің ең қасиетті мазмұны есебінде бейнелеуі шарт. Бұл арада біздің көркем шығарманың этикалық және эстетикалық сапасы танылып, қасиеті арта түседі. Ал сол қасиетке, мысалы, пьесада ойдағыдай жету үшін тек қана адам: терең, көркем, шебер бейнеленген болу керек. Ендеше, Белинский айтқандай: "Анық көркем пьесаның ішіндегі адамдар жазушының тек өз басынан туған жасанды адам болмай, өмірлік шындықтан туып, көркем қалыптанған адам болу шарт". Сонда көркем образ көркемөнер көлемінде болмысты елестетудің өзгеше формасы боп шығады. Пьесада әсіресе идеяның өзі де адам образында ғана қалыптанып, тек сол образ арқылы ғана тірлік тыныс табады. Типтік шығарма туғызудың тетігі сонда. Реалистік шығарма жазудың ең терең сыры, ең қиын талабы, ең шеберлік түйіндері тағы сонда. Өткеннің тәжірибесін қорытып кеп, қазақ совет драматургиясына болашаққа бағыт белгілегенде, енді реалистік пьеса туғызу шарты бүгінгі этапта қазақ совет драматургиясының қатты бір қарманып ойланатын жайы деп білеміз. Сондықтан бұл баяндаманың негізгі проблемалық мәселесі осы реалистік пьеса жайы. Енді сол тұрғыдан қарағанда, біздің жеке жазушылар мен көптеген пьесаларымыздың қалпы қандай? Негізгі, ең үлкен талап деп атап отырған реалистік пьеса жөнінде қазақ драматургиясының қаншалық табысы мен нақтылы жеткен өрісі бар? Ол кімнің шығармаларында, қай тақырыпта? Екінші, жоғарыда біз еске алып өткендей, реализм стилінде жазылмаса да, көркемдік, шеберлік қасиетімен қазақ драматургиясының қазынасы, асыл бұйымдары саналып келген кейбір шығармалар қалай бағалануы шарт? Бұған да жауап айту жөн. Осылардың үстіне, қазақ совет драматургиясы көп жылдар бойында советтік тақырыптар жөнінде де өзінше көп ізденіп, көп талпынды. Сан жағынан көп шығармалар тудырды. Солардың ішінде, сонау арман еткен аса көркем, толыққанды реалистік пьесалар шықпағанымен, халқымыздың коммунистік тәрбиеде рухтануы жөнінде кез-кезінде көп пайда келтірген талай шығармалар бар. Шамасынша, кез-кезеңі бойынша сол шығармалар жайы осы баяндамада және де талдану керек. II съезд бен ІII съезд аралығында Қазақстанның республикалық, облыстық және колхоз-совхоздың театрларында, театрлық үйірмелерінде қойылып, жұрт алдына шыққан пьесалардың саны мен осы баяндамаға әзірлену үстінде оқып, танысып шыққан пьесаларымның саны 40 шамалы болды. Бұлар тақырып жағынан мейлінше мол, жан-жақты кең, көп материалды қамтиды. Осы қатарда тәжірибесі өскен атақты жазушыларымыздан атайтындарымыз: Ғабит, Сәбит, Әлжаппар, Шахмет, Әбділда, Ғабиден, Мұсатай сияқты әдебиеттік ұзақ жылдар тәжірибесін драматургиялық творчествоға да арнаған жазушылар. Бұл топқа бергі жылдарда үлкенді-кішілі еңбектерімен кеп қосылған жаңа драматургтеріміз: Иманжанов Мұқан, Байжанов Шамиль, Сатыбалдин Қапан, Ахтанов Тахауи, Баймұхамедов Нығмет сияқты жолдастар. Осы жазушылардың еңбегі арқылы қазақ драматургиясы екі съезд арасында едәуір жемісті, елеулі жол кешіп өтті. Нақтылап айтқанда, тақырып жағынан көлемді үш үлкен топқа бөлінетін шығармалар пайда болды. Бұлардың алғашқы бір тобы — эпос, фольклормен, тарихпен байланысты "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Алдаркөсе", "Жомарттың кілемі", "Алтынсарин", "Шоқан" сияқты пьесалар. Екінші тобы — тарихтық-революциялық тақырыпқа арналған Амангелді жайындағы пьесалар. Үшінші — совет тақырыбына, бүгінгі күн болмысына, шындығына арналған пьесалар. Жазылып, жарыққа шығу кезеңдеріне қарағанда, осы үш саладағы пьесалардың жиыны біздің Отанымыздың басынан кешкен соңғы дәуір, үш кезеңмен байланысады. Алғашқы бір кезең — Ұлы Отан соғысына шейінгі кез. Екіншісі — Отан соғысы дәуіріндегі шығармалар. Үшінші дәуір — Отан соғысынан кейінгі, бүгінгі күнге дейін дамыған тірлікке ілесе жүріп суреттеген шығармалар. Осылардың ішінен өз шамасынша пісіп, толысып шыққан шығарма дегендерді айрықша атап өтеміз. Сонымен, екшей тізгенде, табыс есебінде санайтындарымыз: "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Достық пен махаббат", "Миллионер", "Амангелді", "Алтынсарин", "Гүлден, дала", "Шоқан", "Көктем желі" сияқты пьесалар. Бұл шығармалардың қатарынан анық, даусыз көркемдік қасиетімен, талантты пьеса есебінде үздік шығатын — "Қозы Көрпеш — Баян сұлу". Советтік тақырыпқа жазылған шығармалар ішінде, "Қозы Көрпештің" көркемдік дәрежесіне жетпегенмен, өз орнында тұрақты, салмақты бағасы бар, советтік тақырыптағы анық табыс деп айтуға келетін бірнеше пьесалар да бар. Сол ретте ауызға алдымен аларлық шығарма — "Достық пен махаббат". Бұдан былайғы сөзді біз жеке жазушылардың табыстық қасиеті бар деп екшеген шығармаларын талдауға арнаймыз. Тек реалистік пьесаны шарт етумен қатар, біз реализмнің өзі туралы тағы бір ойымызды анықтай түсейік. Тегінде, реализм адам баласының көркемдік жолындағы дамуының ең жоғарғы сатысы болумен қатар, жалпы реализм түсінігі, реализм дейтін ұғым — ол өзі де үдеп, дамып отыратын ұғым. Реализм бұрынғы әдебиетте де болған. Тіпті бағы замандағы Софоклдың трагедияларында орын алған реализм де бар. Шекспирдің реализмі өзіне бөлек, Пушкиннің, Гогольдің реализмін де бірінен-бірін басқалап айыра танимыз. Сол сияқты социалистік реализм дәуірінде, мысалы, осы баяндамада біз ауызға алатын реализмнің де алуаны бөлек. Бұл реализм — жалпы барлық әдебиетіміздің негізгі методы социалистік реализмнің драматургиядағы талабын топтап түйіп айтатын әмірлік шындықтың, социалистік эстетиканың ең зор негізі. Енді осы тұрғыдан қарап, қазақ совет драматургиясының II съезден соңғы жылдардан басталған ірі табыстарына тоқтайық. Туған мезгілінде және өзінің қазақ совет драматургиясында алатын орнына қарағанда, осы 15 жыл ішіндегі қазақ драматургиясының ең зор табысы біздің талантты жазушымыз Ғабит Мүсірепов жазған "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" пьесасы болады. Осы пьесаны ұғынып, талдап көрейік. Жоғарыда реалистік пьеса жөнін барлық талабымыздың тірегі, тетігі еткен халде "Қозы Көрпеш" пьесасына қалай қарауымыз керек? Ең алдымен бұл пьесаның оқшау тұрған өзгеше ірі қасиеттерін атап өтейік. Белинскийдің айтқанына орай бұл пьеса адам жайында. Ал адамдары сом, салмақты, шебер қалыптанған. Өзінің поэзиялық, психологиялық шындықтарымен аса көркем кейіптелген адамдар бар. Горькийдің пьесаға қойған талабы бойынша — пьеса сюжетті болу керек. Оқиғасы шиеленіскен, қою құрылысты болу шарт. "Қозы Көрпештің" құрылысында бұл зор талап та ақталған. Пьесада халықтық тілге поэзиялық қасиет бітіріп, әсем күйлілік қалпында кестелеген. Бұл пьесаның ішінде жырланған сезімдер, молынан ашылған жеке-жеке мінездер, барлық тартыс атаулының өсіп, өрбуі, шарықтап жетіп, шарт сынып аяқталуы — барлық осы сипаттары өз қалпында, өз орнында үлкен шеберлікпен қиюласқан. Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш" пьесасы — қазақ драматургиясының ғана емес, соңғы 15 жыл ішіндегі бар қазақ әдебиетінің көркем шығарма туғызу жолындағы биік белінің бірі. "Қозы Көрпеш" пьесасы — қазақ әдебиетінің бір салада ірілеп өскендігінің айғағы. Драматургия құрылысы қиын, ауыр жанр болғанда, "Қозы Көрпештің" жазушысы сол қиыншылықтарды шеберлікпен, ақындық, көркемдік ұсталықпен шеше білген. Пьеса осы сипаты арқылы қазақ әдебиетінің қатты өскендік айғағы болып шықты. "Қозы Көрпешті" қазақ әдебиеті өзінің үлкен мақтаны ете алады. Сондықтан да қазақ театрының сахнасында, қазақ совет көрушілерінің көңілінде бұл спектакльдің аса ыстық мәнді, тұрақты қазыналық қадірі бар. Ал енді осындай ірі қасиеттерін атаумен қатар, реалистік пьеса жасау жолындағы ізденгіш зор талаптарды еске ала отырып, соны осы ең жақсы деген пьесаның өзіне өлшеу-мөлшер етіп байқасақ, нені көреміз? Көретініміз — бұл пьеса реалистік пьеса болып шықпайды. Бұл — романтизм үлгісіндегі пьеса. Екі түрлі романтизмнің — реакциялық романтизм, революцияшыл романтизм деп бөлінетін жіктерін бұл пьесадағы романтизмге шендестірсек, "Қозы Көрпеште" ол екі романтизмнің екеуі де жоқ. Социалистік реализм үлгісінде жазылған "Қозы Көрпеш" болса, онда біз "революцияшыл романтизм пафосына құрылған шығарма" дер едік, бірақ бұл пьеса ол қалыпта шықпаған. Идеялық ең биік мүддесі — халықтық ұғым, сезім, санасы, махаббат азаттығы. Содан ары, ескі тақырып көлемінде социалистік реализм әдісімен жазылатын қоғамдық ірі талап, идеялық терең пафос, мысалы, ескілік атаулыны әшкерелеу пафосы, соны құрту, жою пафосы дейтін еңсесі биік ойлар бұнда жоқ. Өз орнында, өз дәуірінде, өз тақырыбына сай ағартушылық бағасы бар "Қозы Көрпештің" идеялық салт-санасынын ең биіктеп барып жеткен төрі әлгі ғана. Ғабит пен біз жастық, албырттық шақтың ыстық отты сезімі билейтін адамдар емеспіз. Талантты жазушы Ғабиттің табысы мен салмағы, жеткен әрі, көтерілген биігі "Қозы Көрпеш" пьесасы десек, менің өз басым оны Ғабитке жеткіліксіз дер едім. Шынайы, үлкен табыс, үлкен шеберлік өрісі Ғабит үшін "Қозы Көрпеш" алуандас романтизм стилінде емес, ол анау "Оянған өлкедей" боп Қарағанды тақырыбына жазылатын ірі еңбектерде. Реалистік полотно жасау жолындағы өрісте деп кесіп айтар едім. Бұлай дейтін себебім не? "Қозы Көрпешке" қайта оралайық. "Қозы Көрпештің" Ғабит қалыптаған болмысын, бар тынысын, шығарма ішіндегі шындығын алып қарасақ, осындай шығарма тек қана советтік дәуірдің, социалистік мәдениет құрушы қайраткерінің ғана туғызатын пьесасы ма?.. Жоқ! Менің ойымша, дәл "Қозы Көрпеш" үлгісіндегі халықтық-ағартушылық сананың дәрежесіндегі пьеса XIX ғасырдағы, халықтық санадағы жазушының жазуында да мейлінше боларлық шығарма. Бұл пьеса революциялық романтизм дәрежесіне өзінін барлық аңсағанымен, еңсесімен жетіп болмаған. Романтизм, Шиллер үлгісіндегі романтизм, қайталап айтайын, Шекспир үлгісіндегі де емес, анық "Зұлымдық пен махаббат" стиліндегі, Шиллерше шыққан романтизм "Қозы Көрпеш" пьесасының көркемдік стилі мен ішкі болмыс кенеуін қалыптайды. Бұл тұста Энгельстің айтқан бір ойын еске алмай болмайды, "Шиллер үшін Шекспирді ұмытпау керек" деген еді. Сонда Энгельс Шиллерден нені таппады, Шекспирдің қай қасиетін жоқтады? Менің ойымша, Шекспирдегі романтизм реалистік кеңдікке, даналыққа, кемелдікке қосымша бір сипат есебінде қатысады. Ал Шиллерде болса, романтизм адамды көбінше кең көрсетпейді. Барынша жалындап, өзеуреп тұрғанмен, адамын бір-бір-ақ сезімге, бір-бір-ақ импульске қадалтып алады. Оның адамында анық, дана келген жан-жақты, әр тарау мол диапазонды, кең құлашты кемел сипат болмайды. Сол ерекшеліктер "Қозы Көрпеште" де бар. Сондықтан да жоғарыда айтқан поэзиялық, қызықтық қалың оқиғалы ыстық жалынды жайлардың бәрі де пьесаның ішіндегі адамдарды тар ауданда, бір-бір-ақ сезім, бір-бір-ақ сипаттың, бірден-бір ғана импульстің адамдары етіп шығарған. Мысалы, Қарабай — тек сараңдық импульстің құлы. Жантық — тек қана шағымқой, аярлық импульсін ұстанады. Қодар — негізінде жалғыз ғана қызғаныштың тұтқыны. Қозы мен Баянда жақсы сезім, сұлу сезім болса да, тек қана махаббаттың сусағандары, тұтқындары болады да қояды. Осы жайды пьесадағы жаңағы аталған басты геройдың бәрінің сөздерінен, сезімдерінен айқын көреміз. Аңсағандары мен әрекеттерін білдіретін сөздерін алсақ соның 90 проценті жаңағы бір-бір-ақ сарын болады. Рас, "Қозы Көрпеш" жазылатын қарсаңында әдебиеттік тарихтық бір жағдай болды. Барлық совет әдебиеті көлемінде біз "Шекспирден үйрену" деген жақсы бір аңғардың соңында жүрдік. Соған бой ұру салдарынан "Қозы Көрпештің" ішінде Ягодай шағымқой аярдың қазақ топырағындағы егізінің сыңары боп Жантықтың туғаны рас. Бірақ сол Жантықтың бір өзінің келуімен шекспирлік сипат келмейді екен. Ягоның ар жағында күнес белдей болып Отелло, Дездемона психологиясы тұр. Олардың адамдық кең, өзгеше терең және аса шыншыл сипатталған бейнелері жатқанда, Яго бір-ақ импульстің адамы боп жүре беруге болар еді. Ал "Қозы Көрпеш" ішінде барлық кейіпкер бір-бір-ақ сезімдердің адамдары болғандықтан, Жантық арқылы келген шекспирлік элемент "Қозы Көрпештің" барлық идеялық көркемдік бітімін биікке көтеріп әкетпеген. Адамдар ылғи бір жақты ғана, олар бір-ақ қана қырларынан көрінеді. Сондықтан әр образдың реализмге шарт болатын кеңдігі мен жан-жақтылығы болмайды. Қаншалық қызықты, әсерлі, қою оқиғалы болғанмен, "Қозы Көрпеште" толысып жетпеген, творчестволық жастық ыстық та болса, жалынды да болса, тар тынысты танылып тұрады. Оның ең үлкен себебі, кейбір реалистік элементтері болғанымен, пьесаның негізгі стилі романтизм арнасында қалғандықтан. Рас, Ғабит Мүсіреповте реалистік әдіспен социалистік реализм дәстүрінде жазылған басқа пьеса бар. Ол "Қозы Көрпештен" мүлде бөлек стильде қалыптанған Амангелді жайындағы пьесалары. Тегінде, Амангелді әрекетіне байланысты Ғабит жазған отызыншы жылдар ішіндегі алғашқы вариант пьесаның өзі де реалистік стильде қалыптанған болатын. Бері келе, Ұлы Отан соғысынан кейін Ғабит сол Амангелді тақырыбына тағы оралып, жаңа, тың вариантта соңғы пьесасын жазды. Такырыптық, образдық, сюжеттік, барлық мазмұн санасымен, тіл, сезім, әрекет атаулысымен бұл пьесадағы жағымды, жағымсыз бейнелердің бәрі де көбінше шындық, реалистік үлгіде қалыптанады. Реалистік стильді өнімді творчестволық оймен қолданғандықтан, негізінде әр адам өзінің тарихтық ортасында сенімді күйде суреттеледі. Кейіпкерлердің кеудесіне келетін сезімі, тіліне оралатын сөзі, қайраты мен әрекеті, қимыл-қажыры, мінездері тегіс заманына лайықты шындықпен беріледі. Бұл адамдардың жаңағы санаған сезімі, ойы, істері, мінездері Ғабиттің суреттеуінде әсіресе "Амангелдінің" соңғы вариантында типтік жағдайда жаратылған типтік образдардың сипатын танытады. Бірақ, сонымен қатар реалистік пьеса болу бағытында қалыптанған "Амангелді" пьесасының да барынша толық үлкен көркемдікке жете қоймауына себеп боп тұрған едәуір кемшілік-олқылықтары бар. Соның ең бастысы, "Амангелді" тақырыбын жазуда Ғабит бір пьесаның көлеміне сыймайтын екі дәуірді бір Амангелді арқылы тұтас көрсетем деп жаңсақ басып жүрген сияқты. 1916 жылғы Амангелді, азамат соғысы кезіндегі Амангелді, біздің ойымызша, екі пьеса болмаса, бір пьесаға сыймайтын тарихтық тақырыптар. Әсіресе іс-әрекеті қою келген, қалың болған кезеңдерін алғанда, пьесалық тартыс орнына хроника кернеп кетеді. Сондықтан да "Ленин Октябрьде", "Ленин 1918 жылда", немесе "Мылтықты адам" сияқты пьесаларда қысқа мезгіл ішіндегі қалың тартыс алынады емес пе? Осы жағынан қарағанда, аясы аз пьеса көлемінде шарасыздық күйге өзін-өзі салған авторлар "бар амангелділік әрекеттерді бір-ақ береміз" деп талпынады да, арман еткен мүддесіне жете алмай қалып отырады. Амангелді жөнінде қызық, қою тартысты, күшті пьеса жасау үшін аз мезгілдің тартыс-тайталасын шоқтай қып жия суреттесе, сол пьесаның сәті оңайырақ түсер еді. Болмаса Ғабиттің мынау пьесасында жаңа тарихтың таңында аяғына оралып жүрген, типтік жанасы жоқ хандықтың пьесадан орын алуы лайықсыз сияқты. Осымен қатар, реалистік образ жасауда "Амангелді" пьесасында кейбір адамдардың, соның ішінде әсіресе жағымды зор кейіп Амангелдінің, өзінің және Петр Логинов тәрізді орыс халқының жағымды өкілі болған адамның образдарын бейнелеуде реалистік қонымды шындыққа қабыспайтын көріністер бар. Амангелдінің алғаш сахнаға шыға көрсететін кейбір өз әрекеттері, мысалы, приставты атқа өңгеріп алып қашып кетуі, Эверсман жандаралдың алдында тағы атқа міне шапқылай жөнелетіні, аспаннан құс атып түсіретіні тәрізді киноның әдісіне қызығудан туған жасандылықтар бар. Сонымен қатар кей кезеңдердегі Амангелдінің диалогтері, мысалы, Зілқарамен сөйлескендегі сөзі — ұзақ, тұзсыз, драмасыз солғын жүріп жатады. Қысыр кеңес, іш пыстырар жай сөздер драмалық шығармалардың көркемдік қасиетіне өзінің сылбыр, созалаң, шикілеу қалыптарымен көп залал келтіреді. Ал адамның сөзі мен сезімін, мінезін алғанда, Тымақбай образынан қызық шыққан, көркем шыққан образ болмағаны жарамсыз. Тымақбай — қоғамдық сырына қарағанда, жағымсыз ортаның жат адамы. Бірақ соған елшеусіз, көп күлдіргі, жазықсыз простак сипаты сынсыз берілген тәрізді. Ал осы пьесадағы орыс халқының ең жақсы өкілі Петрге келгенде, Тымақбай үшін табылған типтік сезім, типке лайық тіл табылмаған. Оның орайына Петрдің образын Ғабит тіл мен сезім жағынан жеңіл, үстірт жасаған. Бұл пьесадағы Петр аты орыс болғанмен, сөйлер сөзде, пьесаның ең қымбат сырлы өзгеше материалы — тіл жөнінде нағыз қарапайым қазақ боп қалыптанады. Петр: "әйтеуір бір кірбең бар арамызда" дейді. Осында "кірбең" деген сөз тек қазақтың ғана аузында және өте анайы қазақтың аузында болатын сөз. Петрдің тағы бір төмендегідей диалогі бар: "Үйкүшік боларын сезінген қазымыр жанның дәрменсіз қыжыртуы да әшейін, басқа не бар дейсің?" — деп сөйлейді. Осылайша фольклорлық теңеу қолданып, қазақтың ескі шешендік үлгісінде осынша оюлап, кестелеп сөйлеу Петр образына мүлде қонбайды. Петрдің кадеттер туралы айтатын кейбір сөздері, сөйлемдері мүлде жабайы қазақы тілде айтылады. Бір емес, пьесаның өнбойында осылай өз бойына, образына, болмысына қонбайтын тілмен жағымды геройдың сөйлеуі оны суреттеген бояуды көп жерде жалған бояу етеді. Ендеше, осындай тұстарда пьеса реалистік, өмірлік, шындық талаптарынан табылмай қалып отырады. Негізі қазақ совет драматургиясының реалистік пьеса жасау бағытында туған "Амангелді" пьесасының осы алуандас олқылықтары бар. Бірақ, қалай да, бұл пьеса соңғы жылдардағы реалистік пьеса сипаттарын шебер жазушының тілімен едәуір елеулі етіп танытып тұрған шығарманың бірі болады. Қазақ драматургиясы көлемінде 6-7 пьеса жазып, кейбіреулері сахнаға қойылып жүрген автордың бірі — Әбділда Тәжібаев. Әбділда ең алдымен драматургияға "Ақ қайың" атты пьесаны Әуезовпен бірге жазысу арқылы келді. Одан бері де "Көтерілген күмбез", "Біз де қазақпыз", "Жомарттың кілемі", "Гүлден, дала", "Дубай Шубаевич" сияқты пьесалары туды. Соңғы аталған бір топ пьеса бірнеше стильде жазылған. Кейбіреулері "Жомарттың кілемі" сияқты ертегі-аңыз тақырыбына жазылса, "Көтерілген күмбез" — тарихтық аңыз. "Біз де қазақпыз" символистік сарында, "Гүлден, дала" комедия стилінде, "Дубай Шубаевич" сатира үлгісінде жазуды мақсат, мүдде еткен еді. Бас-аяғы 14-15 жылға созылған, жаңағыдай драматургиялық әр алуан стильдерге барған тәжірибе бар. Жоғарыда аталған талабымыз — реалистік пьеса жазу шартының тұрғысынан қарасақ, тек "Гүлден, даланың" кейбір тәуір жақтары болмаса, жалпы алғанда, драматургияда Әбділда көбінше сәтсіз, теріс, кейде орасан қателік бағыттарға, жайларға шырмалумен келеді. Сол олқылық пен кемшіліктердің ең әуелгі жиын себебі, зор себебі — бұл жазушының реалистік пьеса жазу жолына түспей, адасуынан. Бір кездегі идеялық, творчестволық адасуының себебі формалистік түрдегі еліктегіштік болды. Сол кезде ол Орталық партия Комитетінің қатал сынап, әшкерелеп, мінеген тізімінен шықты. Онда Әбділда Г. Ибсен пьесаларының ескі жолына еліктеді. Оған қызыққанда, драматургияның дүниежүзілік даму тарихын білгендіктен, әдебиеттік мәдениетті терең түсініп танығандықтан барған жоқ. Тек жеңіл ғана жұқалаң ғана дерек алып, дақпыртқа сеніп, қызыққыштықпен ғана барды. Қай заманда болсын драматургияның ұлы асқарлары символистік пьесалар емес, реалистік пьесалар арнасында жүріп жатқанын аңдамай барды. Ол жолда реалистік, шын бағалы көркемдік Әбділдаға табылатын түрі жоқ еді. Абырой, қасиет табу орнына, біле-білсе, қасірет тауып шықты. Өмір шындығы мен көркем әдебиет шындығы терең тамырларымен айқыш-ұйқыш нық байланысып, айқасып жатпаса, көркем шығарма тумайтынын ойлау керек, жауапты түрде ұғыну керек еді. Әбділда сол қорытындыны алғашқы сәтсіздік тәжірибесінен жасай алмады. Рошальға қосылып "Жомарттың кілемі" деген пьесаны жазды. Бұл пьесада және де жарқыраған жылтырға, арзан әшекейге құмарлық аңқып тұр еді. Тағы да реалистік дәстүрге аса шалғай жайлар көрінеді. Есте болсын, ертегілік тақырыптан да, эпостық тақырыптан да аса көркем, аса қонымды реалистік пьеса жасауға болады. Оның мысалына біздің драматургтерге Назым Хикметтің "Махаббат туралы аңыз" атты пьесасын атап өтеміз. Ал, Әбділда мен Рошаль қазақтың ертегі аңызынан не шығарды? Халықтың қазынасына, халықтың қиялына мүлде қонбайтын, қиыспайтын өрескел жамаулар, жалған формалистік бояулар жақты. Бері келе Әбділда бірнеше жылдан соң драматургия жанрына қайта оралып, "Гүлден, дала" деген пьеса жазды. Бұл пьеса алғаш рет Жазушылар одағында оқылып талқыланған кезеңінде көп ойлар айтылған-ды. Жазушының осы тақырыпта едәуір елеулі жаңалықтар тапқанын, көрікті көріністер, көңіл шақтарын бере білгенін — осу жолындағы жақсылық деп бағалау болған. Бірақ сонымен қатар бүкіл Одақ көлемінде драматургияның соңғы бір жылдарда кейін қалуына себепші болған "конфликтсіздік жайы осы пьесада күдік туғызады" деп айтылған пікірлер аз емес-ті. Кейін қанша түзедік дегенмен, автор да, театр да бұл пьесаны сол бір әлсіздік жағынан биікке шығарып, дәлді, белді етіп әкете алған жоқ. Қатардағы тәуір ғана пьеса, орташа ғана спектакль шыққан еді. "Аспаннан құс тістеген" асқан кесек табыс бұл пьесада да даусыз күйде туа қойған жоқ-ты. Бірақ соңғы жылдардың сәтсіз пьесалары көп болып, театр искусствосы шөліркеп жүргендіктен, "Гүлден, даланы" мүлдем дана осы екен деп біліп, алып ұшып, асыра бағалап кетті. Бірнеше жыл бәйгесін өткізе алмай жүрген орындар қос-қосарлап үкі-танасын түгел тақты. "Реалистік пьеса туса, болса екен" деген шартымызды осы "Гүлден, далаға" және де әкеп, өлшеу-мөлшер таразы етіп байқасақ не шығар еді? Бұл шығармада реалистік элементтер бар екені даусыз. Бұрынғы натуралистік, формалистік үлгіге сырт еліктегіш автор мынау шығармада көбінше өмірлік шындыққа жақындай түскен, қабыса келген деуге болады. Бірақ солай дей тұра, бұл шығарма және де толық көркемдік сипаты жеткен, анық реалистік пьеса болып кетпеген. Ол әсіресе осы пьесадағы күлкі комедия шығарам деген жайлардан байқалады. Аты комедия болғанмен, "Гүлден, даладағы" күлкі не қуантпайды, не жирентпейді. Көбінше дәрменсіз, тек зорлықпен ғана, болымсыз ғана езу тарттыратын, тұздығы татымсыз күлкілер. Өмірдің өзіне нық байланысты терең шындықтан туған күлкі болса, бір сәрі еді. Бұл шығармада және де "кей пьесалар, кейбір спектакльдер осылай күлдіруші еді ғой" дегендей, өмірден гөрі тағы да бөгде шығармалардан ауысып жүрген әдебиеттік кезбе күйлер, литературные реминисценции көбірек көзге түседі. Адамның күлкі жөнінде қолданған тілі, сезім, сөздігі — бәрі де зорланып шығып, қонымсыз болады да, қызықтыра тартпайды. Міне, осы жайдың және жоғарыда айтылған үстірттік әдеттің аса бір сәтсіз, өрескел көрінісі Әбділданың соңғы пьесасы "Дубай Шубаевич" тұсында бір араға түгел жиылған. Бұл пьеса сол себепті жұртшылықты әсіресе қатты түңілтіп отыр. Белинский: "Анық көркем комедияның негізінде терең мәнді мысқыл жатады. Атаулының діңгегі кейіпте (характерлерде) болғанда, адам бейнесі көркем боп қалыптану шарт, жалған түрде жаннан жасалған болмау керек". Ал "Дубайдың" бар адамы сол жалған, жасанды жандар. Белинский және де: "Шын таланттың әр адамы — тип" десе, "Дубайдың" бар адамынан бір тип шықпаған. Гоголь, Щедрин аттарын ауызға алғанда комедиядан не талап етілер еді? Ең алдымен бейнелеген кейіпкерде қоғамдық, типтік сипат болсын дейді. Драмалық коллизияда (қақтығыста), конфликте биік сапалы мысқыл мен қоғамдық мазмұны, тереңдігі Гоголь үлгісінше үйлесіп келсін дейді. Міне, осы сипат, қасиет орыс комедиясының реалистік және ұлттық белгісі боп еді. Жолдастар! Мен қазақтағы жас комедияның кәрі әзірейілі болғым келмейді. Ол рольде, әрине, қадір де, қасиет те жоқ. Бірақ сонда да қазақ совет комедиясы дегеніміз "Дубай Шубаевич" болатын болса, бұрынғыша айтқанда, оның "бетінен жарылқасын". Кей жазушылар мен әсіресе искусство адамдары Шубайды шәлей мақтаса да, тумай тоқтап тұр. Солай болмасқа әдді жоқ. Бұл пьеса жөнінде конфликт жайын, типтік ерекшелік, жалпы пьесаның архитектоникасын айтып, атап жатудың қажеті жоқ. Мынау сәтсіз, теріс шығарма, тұтасынан алғанда жасанды, жалған, фальш іргесіне құрылған. Сондықтан бұнда шынайы сән де, мән де жоқ. Сатира жөнінде сан цитата тапқанмен, ешуақытта "сатира — сатира үшін" бола алмайды. Сатираның стилі әсірелеуді, ойнақыны, жеңілдікті кешірсін-ақ. Бірақ сонда да әсте өмір шындығынан тыс тұрған жайдан тумайды. Қайта өмірдегі мол міннен, сан сорақыдан, көп көргенсіздіктен туады. Соларды жиып топтайды да, сатира обобщение жасайды. Жә, "Дубай" осы жағынан қарағанда, қай өмірдің іргесінен туды? Қазақстандағы жап-жас қана ғылым майданының айналасындағы қандайлық қаптап кеткен сорақы шындықты әйгілемек болды? Сондай сорақылық, сол майданда анығы осылай-ақ бар ма еді? Жоқ, ондай күй біздің өмірде жоқ болатын. Ендеше, пьесаның негізі жасанды, фальш. Аталған фальштің үлкені — пьеса өмір шындығынан мүлде жұрдай. Себебі, дүние жүзінде осы пьесада суреттелгендей институт жоқ та, ондай оқымыстылар да болмайды. Анығында, бүкіл Советтік Қазақстан топырағында облыстық емес, ВАСХНИЛ филиалында бір ғана мал өсіру институты бар. Ол — Қазақстан ғылым орындарының ішіндегі мақтанышы боларлық институт қайсы десе — соған татиды. "Дубай" пьесасының көрсетпегі сол институт десек, ол жала. Бұл тұста әдеттегі обобщение дейтін ұғымды қолдануға келмейтін бір жай бар. Себебі: егер дүниеде бірден-бір ғана, мысалы, қазақ университеті, қазақ консерваториясы, қазақ филармониясы болса — сіз пьесаңызда сол орындардың бірінің атын атап сын-сатира жазсаңыз, "айтқаным обобщение, сендер емес" деген жалтаң сөз жауап болмайды. Атын атап айыптаған коллективіңіз алдында (ия, коллектив, өйткені институттың директоры, орынбасары, сектор бастықтары, кіші қызметкерлері бір жағынан кеңсе ішінде және де көрсетілсе, оның коллектив болмасқа шарасы жоқ), міне, сол коллектив алдында жаңағы айтқандай айыптағаныңыз үшін сіз морально жауапкерсіз. Сөйтіп, сіз не шынды айттыңыз, не жала жаптыңыз. Ал осы тұрғыдан қарасақ, не көреміз? Өмір шындығын таныту былай тұрсын, пьесаның өнбойындағы тартыссымақ оқиғаның бәрі тек бір ғана ойдан шығарылған қылмысты ғана таратып баяндайды. Онысы институтқа, жаңағы ғылым орнына тек қана обывательдің жапқан жаласы. Негізі осы болған соң конфликті де жалған, адам да жалған — жанды қуыршақ. Совет комедиясы дамығанда социалистік реализм негізінде өркендейді десек, бұл пьеса ол арнадан мүлде алыс, ерсі, қарсы жатыр. Жә, "Дубай" пьесасының осылай шығу себебі не? Себебі: тағы да Әбділданың өмірден, шындықтан негіз нәр алмай және де формалистік, натуралистік еліктегіш әдетке басуында. Реалистік комедия, бағалы сатира осындайда туа ма? Тумайды, әрине. Сөйтіп, пьеса жазу тәжірибесіне қарағанда, Әбділда жауапты жанр жөнінде терең ойлап жазып жүрген жоқ, осы жанрмен ойнап жазып жүрген тәрізді. "Олай да жаза алам, бұлай да жаза алам" деген тәрізді, пьесалар жазудың сыртқы приемдарына машықтанып, пьеса жазу формасын меңгеріп алған да, жаза салатын болған. Міне, Әбділда жазған жасанды пьесалардың осындай өкінішті шыны бар сияқты. Біз Әбділданың драматургиядағы қатесін қатал сынап, қатты айтып отырмыз. Бұның себебі мұқату да, құрту да емес, әрине. Менде "үстем" дерлік ниет болған емес, болуы мүмкін де емес. Бірақ біз есеп беріп отырған дәуірде анық даусыз, екі үлкен өрескел творчестволық қате жіберіп отырған жазушы Әбділдаға өзгеден бөлегірек, қаталырақ талап айтылмаса, онда біздің жіксіз, жалтақсыз сын айтамыз дегеніміз бекер. Әбділдадан таланты, шеберлігі көп төмен жүрген драматургтерге біз осы баяндамада жеңілірек сын айтуымыз мүмкін. Ол да бұрғандықтан емес. Сол жазушылардың, солғын жазса да, міні Әбділда мініндей болмағанынан. Ал осының үстінде "Бұл сынды бұрын неге айтпадың?" дейтіндер болар. Бұрын Әбділда ғана емес, тіпті бүкіл қазақ драматургиясы туралы, дәл осы баяндама тұсында болмаса, мен үңіліп ойлап, желілі сын тізіп, барлап көрген емеспін. Сондықтан көп нәрсе туралы жеңіл ғана, сырт қана бір-екі ауызша сөз айтқаным болмаса, тереңдеп ойланып, жазып таратып сөйлеген де емеспін. Сол ретте кейде сын пікірім, кейде сынсыз сүйсінген қате пікірім де дәлелденбей, таралып ойланылмай, селқос жүре берді. Мысалы, мен "Біз де қазақпыз" туралы Орталық Комитеттің қаулысына шейін тәуір пьеса екен деп өзім де қателесіп жүргемін. Енді, міне, бүгін ғана бар ойым, сынымды таратып, желілеп айтуға тура келгенде, Әбділда жөнінде де, өзге бұрын өзім пікір айтып көрмеген пьесалар мен авторлар туралы да ойдағы шынды, сынды өз түсінігім шамасынша негізді сын тұрғысынан шолып өтпек болдым. Тағы бір ауыз көлденең бір жай жөнінде... Жоғарыдағы тәрізді шыннан туған қатаң сөздерді сыналушы жазушылар "қастан сөз" деп түсінбес деп сенеміз. Сонымен қатар оларға деген сын сөзді "ежелгі бір есептердің керегіне жаратам" деп, сыналатын жол
05.12.2012 11:21 9370

Реалистік драма жолында

Советтік драматургия — әдебиеттің мол, күрделі арнасының бірі. Сондықтан жалпы қазақ совет әдебиетінің алдында тұрған міндеттер жайында айтылған сөздер, аталған шарттар біздің драматургиямызға да мейлінше ортақ шарт — міндеттер болады. Оларды айрықша, нақтылап еске алып өтсек, ең алдымен қазақ совет драматургиясын біз социалистік реализм драматургиясы дейміз. Бұның ең іргелі негіздері: советтік патриотизм, биік идея, партиялық зор сана, халықтық мол сипат және мейлінше өмірлік шындығы терең драматургия болу керек. Осындай сапалы драмалық шығармалар ғана еңбекші жұртшылығымызды коммунистік тәрбиеге баулитын үлкен себепкер бола алады.

Аталғандай талап, мүдделерге сай боларлық шығармалар үлгісін біздің жұртшылығымыз орыс совет драматургиясынан ең алдымен көріп, нәр алып келеді. Қазақ совет драматургтері де өздерінің іздену, өсу жолында идеялық-көркемдік тәрбиені, үлгі, өнегені сол алдыңғы, озғын сапалы орыс совет драматургиясынан алады.

Үлгі ала отырып, соның табысына табыс қоса білген өскендігіміз қандай? Болмаса кемшін соғып, олқы түсіп жатқан шикілік, шалағайлық жағдайларымыз қайсы?

Осы жайларды ұлы әдебиеттің биік өресіне шендестіре, салыстыра отырып талдауымыз: арналы талдау, ой туғызарлық талдау болса керек.

Орыс совет драматургиясының бірнеше өзгеше, оқшау тұрған қасиеттерін еске алып өтейік. Мысалы, социалистік реализмді ең биік көркемдік сапада баурай білген Горький шығармалары бар. Орыс совет драматургиясы 20-шы, 30-шы жылдардың өзінде ірі өріс, өрнек тапты. Ұлы Отан соғысы дәуірінде орыс совет драматургиясы және де бірнеше биік өрге шықты. Өмір шындығына сай етіп, халықтың патриоттық сезімін бейнеледі. Оның басқыншы жауға деген жиренішін өзгеше өктем сана дәрежесінде көрсете білді.

Бірақ Одақ көлеміндегі драматургиялық табыстар жақсы болумен қатар, бірнеше жайдан недәуір елеулі олқылықтарға, кемшілік, қателіктерге де ұшыраған болатын. Бұндай кезде Орталық партия Комитетінің 1946—1948 жылдардағы идеология мәселелеріндегі қаулылары ұлы ұстаздық, басшылық жасады. Сол қаулылар мен партия көрсетіп отырған негізгі даналық нұсқаулар орыс совет драматургиясын және соған ілес қазақ совет драматургиясы сияқты салалардың барлығын тарихтық жаңа зор өріске қарай бастады.

Осы қатарда, Отан соғысынан кейінгі жылдарда совет драматургиясының ірілеп өсуіне бөгет жасаған жалған жүйесымақтарға соққы берілді. "Конфликтсіздік жүйесі" деген жаңсақ, жалған жүйесымақтардың залалды сырлары әшкере болып, қатал сынға ұшырады.

Орталық партия Комитетінің 1946 жылғы 26 августегі "Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы" деген атақты тарихи қаулысында қазақ драматургі Әбділда Тәжібаевтың "Біз де қазақпыз" деген залалды пьесасы аталғаны мәлім. Кейін біз толығырақ тоқтайтын бір саламыз сатиралық комедиялар болса, соңғы жылдарда қазақ драматургиясында бұл ретте де теріс, татымсыз, нашар шығармалар туып жатқанын білеміз.

Сонымен, қазақ совет драматургиясының II съезд бен III съезд арасында жүріп өткен жолын шолуға кірісер алдында түйіп айта кететін айрықша бір-екі тезисіміз бар.

Бірінші — социалистік реализмді драматургияда барлау жолында озған орыс совет драматургиясының жақсы үлгісінен жақсы түрде оқып өсуіміз қандай болды? Бүкілодақтық совет драматургиясының ортақ қазынасына сапалы қазына қоса алдық па? Бұл жөндегі барлық сын мен таразы талабымыз реалистік пьеса туғызу жөніндегі табысымыз бойынша өлшену шарт.

Қазақ совет прозасы тәуір табысқа жеткенде реалистік роман тудырғанын ең зор тарихтық критерий етіп айтысады. Сол өлшеумен драматургияға келгенде, "реалистік драма үлгісін туғыза алдық па, жоқ па?" деген талғауды, менің білуімше, осы III съезд үстінде ең бір үлкен өлшеуіш, мерзім етіп еске ала сөйлеуіміз керек. Бұл — бірінші жай.

Екінші, драматургия жолында қазақ совет әдебиетінің өсуіне залал келтірген олқылықтар, әр түрлі натурализм, формализм, нигилизм тәрізді теріс бағыттардың қазақ совет драматургиясына келтірген залалы қаншалық екенін ашып айту да съезд баяндамасының міндеті деп білеміз.

Сонымен, біз екі тұрғы тақырып алдық. Ең күрделі мәселе — социалистік реализм көлемінде қалыптанған қазақ советтік реалистік пьесаның жайы. Барлық сын ойлардың, ізденгіш ойлардың таразысы, тиянағы сол жөнде. Еске ала кетейік, тегінде, реализм — әрбір анық бағалы көркем шығарманың ең сенімді іргесі. Сондықтан оның жайындағы проблема жеке бір стильдің ғана мәселесі емес, одан әлдеқайда кең проблема. Ал сол реализмнің не үлкен шарт, өлшеуі — шындық. Шындықты көркемөнер критерийі, жапа-жалғыз және өзг

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға