Жаңалықтар

Марокко

Марокко, Марокко корольдығы –  Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Жері 446,5 мың км2. Халқы 30,1 млн. адам. Ресми тілі – араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы, негізінен, ислам дінін ұстанады. Астанасы – Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінеді. Марокко – конституциялық монархиялы ел.  Мемлекет және үкімет басшысы – король. Заң шығарушы жоғары орган – 2 палаталы парламент (өкілдер палатасы және ұлттық жиын). Ақша бірлігі – дирхем. Марокко жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты, негізінен, субтропиктік, солтүстігінде — жерортатеңіздік; шілденің орташа температурасы 24 – 28°С, қаңтарда 10 – 12°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері – таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мароккода тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, Умм-әр-Рабия, Тенсифит жатады. Бұлар Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлардан жыланның түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі, т.б. кездеседі. Қазіргі Марокконың жерін ертеден ливий немесе ежелгі бербер тайпалары мекендеген. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың аяғында Марокконың теңіз жағалауында бірсыпыра финикиялық қоныстар салынып, кейінірек Карфагеннің билігіне көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2-ғасырларда болған Рим мен Карфаген арасындағы соғыстардан кейін Марокко Римнің ықпалына түсті. Ал біздің заманымыздан бұрынғы 27 ж. оны римдіктер толық бағындырды. 5-ғасырда Марокконың солтүстік бөлігін славян текті вандалдар, 6-ғасырда Византия басып алды. 701 – 711 ж. Марокко жерін арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына қосты. 788 ж. Марокконың солтүстік-батысында Идрис (Ыдырыс) әулеті билеген мемлекет орнады. 10-ғасырда Марокко жері Фатима әулеті билеген халифатқа қосылды. 19-ғасырдың 40-жылдарынан бастап Еуропа елдері Мароккоға қарудың күшімен басып кіре бастады. 1845 ж. Франция Марокко мен Алжир жерін түгелге дерлік жаулап алды. 1921 ж. маусымда Марокконың Абд әл-Керим басқарған риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, тәуелсіз Риф республикасы құрылды. 1926 ж. Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1956 ж. 2-наурызда Франция Марокконың ұлттық тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындады. 1956 ж. 12-қарашада Марокко БҰҰ-ға қабылданды. 1958 ж. Марокко Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат етті, 1961 ж. қарашада елден француз әскерлері толық шығарылды. 1962 ж. желтоқсанда конституциясы қабылданды. Марокко Араб мемлекеттерінің лигасына мүше. 1992 ж. 28-мамырдан Марокко мен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыс орнаған. Мароккода балық шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған. Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдерін, темекі, тоқыма бұйымдарын шығарады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал-жабдықтары әкелінеді. Туризм де дамыған. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 3060 доллар құрады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.    
05.12.2012 11:17 19471

Марокко, Марокко корольдығы –  Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Жері 446,5 мың км2. Халқы 30,1 млн. адам. Ресми тілі – араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы, негізінен, ислам дінін ұстанады. Астанасы – Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінеді. Марокко – конституциялық монархиялы ел.  Мемлекет және үкімет басшысы – король. Заң шығарушы жоғары орган – 2 палаталы парламент (өкілдер палатасы және ұлттық жиын). Ақша бірлігі – дирхем.

Марокко жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты, негізінен, субтропиктік, солтүстігінде — жерортатеңіздік; шілденің орташа температурасы 24 – 28°С, қаңтарда 10 – 12°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері – таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтүстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мароккода тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, Умм-әр-Рабия, Тенсифит жатады. Бұлар Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлардан жыланның түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі, т.б. кездеседі.

Қазіргі Марокконың жерін ертеден ливий немесе ежелгі бербер тайпалары мекендеген. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың аяғында Марокконың теңіз жағалауында бірсыпыра финикиялық қоныстар салынып, кейінірек Карфагеннің билігіне көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2-ғасырларда болған Рим мен Карфаген арасындағы соғыстардан кейін Марокко Римнің ықпалына түсті. Ал біздің заманымыздан бұрынғы 27 ж. оны римдіктер толық бағындырды. 5-ғасырда Марокконың солтүстік бөлігін славян текті вандалдар, 6-ғасырда Византия басып алды. 701 – 711 ж. Марокко жерін арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына қосты. 788 ж. Марокконың солтүстік-батысында Идрис (Ыдырыс) әулеті билеген мемлекет орнады. 10-ғасырда Марокко жері Фатима әулеті билеген халифатқа қосылды. 19-ғасырдың 40-жылдарынан бастап Еуропа елдері Мароккоға қарудың күшімен басып кіре бастады. 1845 ж. Франция Марокко мен Алжир жерін түгелге дерлік жаулап алды. 1921 ж. маусымда Марокконың Абд әл-Керим басқарған риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, тәуелсіз Риф республикасы құрылды. 1926 ж. Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1956 ж. 2-наурызда Франция Марокконың ұлттық тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындады. 1956 ж. 12-қарашада Марокко БҰҰ-ға қабылданды. 1958 ж. Марокко Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат етті, 1961 ж. қарашада елден француз әскерлері толық шығарылды. 1962 ж. желтоқсанда конституциясы қабылданды. Марокко Араб мемлекеттерінің лигасына мүше. 1992 ж. 28-мамырдан Марокко мен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыс орнаған.

Мароккода балық шаруашылығы мен мал шаруашылығы дамыған. Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдерін, темекі, тоқыма бұйымдарын шығарады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал-жабдықтары әкелінеді. Туризм де дамыған. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 3060 доллар құрады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға