Жаңалықтар

Жезқазған

  Жезқазған Жезқазған  қаласы - Қазақстандағы қала, Қарағанды облысы Қала 1954 жылы құралды. Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтбаев қаласында “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС және Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда, 45175 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 39511 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 210886,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар 16057,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 103,6%-ды құрайды.Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655,5 млн. теңгені немесе 2005 жыл көлеміне 163,9%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 8678,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 3314,7 млн. теңге.  Маңызы Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және тағы басқа мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты. Маңызды оқиғалар хроникасы Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 1772 жылы капитан Н.Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатынан күнделік жазбалары кітап болып шыққан, онда Жезқазған мыс кен орны туралы тұңғыш жазылған. 1847 жылы орыс өнеркәсіпшісі Н.Ушаков Жезқазған мыс кен орнын ресми тіркетті. 1912 жылы желтоқсан айында «Спасские медные руды» акционерлік қоғамыныңың жиналысы Жезқазған мыс кені негізінде мыс қорыту зауытыныңың және байыту фабрикасының құрлысын бастау жөнінде қауылы қабылдау. 1925 жылы 10 маусымда «Атбасцветмет» тресі құрылып, оның құрамына Қарсақбай мыс зауыты, Байқоңыр көмір ошағы және Жезқазған мыс кеніші кірді. 1928 жылғы 19 қазанда Қарсақбай бірінші мыс балқымасы алынды. 1929 жылы Қ.И.Сәтбаев «Атбасцветмет» тіресінің геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы болып тағайындалды. 1934 жылы Москвада КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасы ғылыми кеңесінің Үлкен Жезқазғанның мәселелеріне арналған сессиясы болды. 1936 жылы 25 наурызда КСРО Ауыр Өнеркәсіп Халық коммис- сары С.Орджоникидзе «Жезқазған мыс қорыту комбинатының құрлысы туралы» бұйрыққа қол қойды. 1937 жылдың қараша айында кең табанды темір жол Жезқазғанға дейін салынды. 1954 жылы 20 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған қаласы құрылды. 1960 жылы 8 желтоқсанда Жезқазған телевизия студиясы жұмыс істей бастады. 1961 жылдың көктемінде Жезқазғанда ССР Ғылым Академиясының, республика геология және жер байлығын қорғау министрлігінің, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің және Жезқазған кен-металлургия комбинатының біріккен сессиясы болды. 1963 жылы Жезқазғанда екінші байыту фабрикасы іске қосылды. 1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кен-металлургия академик Қ.И.Сәтпаев есімі берілді.
05.12.2012 11:15 17639

 

Жезқазған

Жезқазған  қаласы - Қазақстандағы қала, Қарағанды облысы

Қала 1954 жылы құралды. Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең.

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады.

2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтбаев қаласында “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС және Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда, 45175 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы – 39511 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 210886,1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар 16057,8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 103,6%-ды құрайды.Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655,5 млн. теңгені немесе 2005 жыл көлеміне 163,9%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 8678,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 3314,7 млн. теңге.

 Маңызы

Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті,ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және тағы басқа мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.

Маңызды оқиғалар хроникасы

Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

1772 жылы капитан Н.Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатынан күнделік жазбалары кітап болып шыққан, онда Жезқазған мыс кен орны туралы тұңғыш жазылған.

1847 жылы орыс өнеркәсіпшісі Н.Ушаков Жезқазған мыс кен орнын ресми тіркетті.

1912 жылы желтоқсан айында «Спасские медные руды» акционерлік қоғамыныңың жиналысы Жезқазған мыс кені негізінде мыс қорыту зауытыныңың және байыту фабрикасының құрлысын бастау жөнінде қауылы қабылдау.

1925 жылы 10 маусымда «Атбасцветмет» тресі құрылып, оның құрамына Қарсақбай мыс зауыты, Байқоңыр көмір ошағы және Жезқазған мыс кеніші кірді.

1928 жылғы 19 қазанда Қарсақбай бірінші мыс балқымасы алынды.

1929 жылы Қ.И.Сәтбаев «Атбасцветмет» тіресінің геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы болып тағайындалды.

1934 жылы Москвада КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасы ғылыми кеңесінің Үлкен Жезқазғанның мәселелеріне арналған сессиясы болды.

1936 жылы 25 наурызда КСРО Ауыр Өнеркәсіп Халық коммис- сары С.Орджоникидзе «Жезқазған мыс қорыту комбинатының құрлысы туралы» бұйрыққа қол қойды.

1937 жылдың қараша айында кең табанды темір жол Жезқазғанға дейін салынды.

1954 жылы 20 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған қаласы құрылды.

1960 жылы 8 желтоқсанда Жезқазған телевизия студиясы жұмыс істей бастады.

1961 жылдың көктемінде Жезқазғанда ССР Ғылым Академиясының, республика геология және жер байлығын қорғау министрлігінің, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің және Жезқазған кен-металлургия комбинатының біріккен сессиясы болды.

1963 жылы Жезқазғанда екінші байыту фабрикасы іске қосылды.

1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кен-металлургия академик Қ.И.Сәтпаев есімі берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға