Жаңалықтар

ЖҰМАЛИЕВ Қажым

ЖҰМАЛИЕВ Қажым (Қажығали) (28.12.1907, қазіргі Батыс Қазақстан обл. Қаратөбе ауд. – 16.12.1968, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1947), проф. (1950), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961), Қазақстан ҒА-ның акад. (1967. Орынбор ересектер мектебінде (1923–25), Шымкент а. ш. техникумында оқыған. ҚазПИ-ді (1932, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Орал пед. ин-тында (1932–37, қазіргі Батыс Қазақстан мемл. ун-ті), ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын (1937–68) басқарды. Ж. шығарм. жолын ақындықтан бастаған. Оның алғашқы өлеңі «Батырақ Ғалиасқар» 1928 ж. «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Ж. 20 ғ-дың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды. 1946 ж. «Абай поэзиясының тілі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 1958–60 ж. 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы» (1960), «Әдебиет теориясы» (1938; 2-бас., 1964, 3-бас., 1969), «XVІІІ–XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы респ. жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» кітабының 1-томына «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман–Шолпан» эпостары туралы зерттеулері енген. 2-томында 19 ғ-дағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығарм. талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғыл. шолу жасалып, 18–19 ғ-лардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығарм. жан-жақты зерттелген. Ж. – Махамбет шығарм. бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 ж. «Махамбет» атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай–Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғыл. айналымға енгізді. Ол Әдебиет және өнер ин-ты даярлаған «Қазақ совет әдебиеті очеркінің» (1948) бас редакторы, 6 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» 18–19 ғ-лар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы, 1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды. Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8–9 сынып) және жоғары оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды. Ғалымның «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Ж. Абайдың өмірі мен шығарм-на кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді. Бұл кітапқа Н.К.Дмитриев, С.Е.Малов, В.М.Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді. Ж. зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 ж. шыққан «Әдебиет теориясы» деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Ж. әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері «Стиль – өнер ерекшелігі» атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. С.Сейфуллин, Б.Ж.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Ә.Сәрсенбаев, С.Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. 1969 ж. қазақ зиялылары туралы «Жайсаң жандар» естелік кітабы жарық көрді (1969). Кітапта С.Меңдешев, Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.И.Сәтбаев, Камалов, т.б. шығарм. портреттері жасалған. Ж. өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.  
05.12.2012 11:13 7056

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға