Шерлок
«Шерлок» (ағылш. Sherlock) — Hartswood Films компаниясы түсірген британдық телесериал, BBC Wales теле тарату корпорациясы тапсырысымен жасалынған. Артур Конан Дойльдің Шерлок Холмс туралы детективтік туындысының сюжеті қазіргі заманға сәйкес үйлестіріліп, сериал хикаятына негіз болған. 2009 жылы көрсетілмеген пилотты эпизодқа тапсырыс берілді, ал 2010 жылдың шілде мен тамыз айында BBC One және BBC HD телеарналарында бірінші маусымның тоқсан минуттық үш эпизоды көрсетілді. 2012 жылдың қаңтар айында үш сериалы екінші маусымы көрсетілді, ал үшінші маусымы 2013 жылға жоспарланған. Қазақстанда сериал Бірінші арна арқылы көрермендерге жол тартты.
Сериал авторлары: Стивен Моффат пен Марк Гэтисс «Дәрігер Кім» және «Джекилл» телесериалдарымен танымал болған. Басты кейіпкер Шерлок Холмс рөлін Бенедикт Камбербэтч, доктор Джон Ватсон рөлін Мартин Фримен сомдаған. Түсірілім Лондон мен Кардиффте жүрген.
Жобаның екі маусымына да киносыншылар тарапынан оң пікірлер айтылып, бірнеше жүлделерге ұсынылған. 2011 жылы «Шерлок» телесериалы BAFTA телевизиялық жүлдесінің «Ең үздік драмалық сериал» санатын иеленді.
Артур Конан Дойльдің туындысы — жеке детектив Шерлок Холмс пен оның серіктесі доктор Джон Ватсон туралы хикаят желісімен түсірілген сериал үлкен серпіліс әкелді. XIX ғасырдағы жағдай XXI ғасырға көшірілген: жеке детектив Шерлок Холмс, өзіне пәтер іздеп жүріп, доктор Джон Ватсонмен — Ауғанстаннан оралған әскери дәрігермен танысады. Олар қарт кісі миссис Хадсонның Бейкер-стрит көшесіндегі 221 Б пәтеріне көшіп барады. Шерлок пен Джон Скотланд-Ярдтағы күрделі қылмыстық істерді қадағалау әдісін, анализді, дедукцияны және заманауи технологияларды, соның ішінде интернет пен ұялы телефонды қолдана отырып әшкерелейді.
Телесериал — викториандық әдебиетті телевизияға бейімдеуде мол тәжірибелері бар Стивен Моффат пен Марк Гэтисстің бірлесе істеген еңбектерінің жемісі. 2007 жылы Моффат «доктор Джекил мен мистер Хайданың әдеттен тыс таңғажайып оқиғалары»(орыс.) повесіне сүйене отырып түсірілген «Джекилл» телесериалының сценарийшісі болған, ал Гэтисс Чарльз Диккенстің туындыларының арқауымен түсірілген «Мазасыз құрбан» атауымен белгілі «Доктор Кім» телесериалы сценарийінің авторы болған. Идея Моффат пен Гэтисс Кардифф қаласында «Доктор Кім» телесериалымен айналысып жүрген кезде, Дойльдің туындысына қызығып жүргенде, Лондонға бара жатқан пойыздың ішінде туды. Идеяның басты тірегі Шерлок Холмсты өз заманындағы индустриялды кезеңнен арашалау болды. Оның аңшылар бас киімі мен твидті костюмдерін смартфон мен никотинді пластыр ауыстырды. Шерлок Холмсқа қатысты оқиғалар туралы Марк Гэтисс: «Мен бұл туындыны оқымаған адамдарды кездестіргенде, болашақта бұларды не күтіп тұр екен деген ойға қаламын» — деген пікірін білдіреді. Монте-Карлодағы жүлде ұсыну салтанатында Стивен Соффаттың жұбайы, продюсер Сью Вертью екі авторға да экранизациялау сценарийін дайындауды жүктеді.
Шерлок Холмсты телевизияға бейімдеу ісіне Гэтисстің көңілі толмайды, оны «тым әсірелеу әрі іш пыстырады» деп бағалайды. Моффат мен Гэтисс «Шерлоктың» DVD-не берген аудиосұхбатында «Конан» деп тек Конан Дойльді ғана емес, Шерлок Холмс туралы түсірілген фильмдерді де, соның ішінде Granada Television компаниясы түсірген туындыларды да танитындықтарын айтады.
Шерлок Холмс рөліндегі Бенедикт Камбербэтч қылмысты әшкерлеу кезінде SMS, интернет, GPS секілді заманауи технологияларды қолданады. «Шерлоктың» екі эпизодының режиссері болған Пол Макгиган: «Бұл образ Конан Дойльдің детектив туралы жазған туындыларындағы тұлғамен ұқсас болғанмен, ол, шын мәнінде, дәл сол образбен қазіргі заманға көшірілген, шығармадағы Шерлок та дәл сериалдағыдай өз заманының соңғы технологияларын қолданады әрі қолынан келгенше зертхана тәжірибелерін өткізген» — деп өз пікірін білдіреді: Бенедикт Камбербэтч өз сөзінде: «Мен Холмс Уикипедияны қолданады дегенге күмән келтіремін, бірақ ол заманауи технологияларды дереккөздер ретінде пайдаланады — деп атап өтеді. Кейіпкерлердің өз аттарына қатысты сәттерінде модернизациялаған «Шерлокте» басты рөлдегі екі кейіпкер де бір-бірін фамилиясымен емес, есімдерімен атайды, өзара болған әңгімеде кездесетін тиянақсыз, французша амандасу да алынып тасталған, ал Шерлок пен Джонды гомосексуальды жұп деп шатастырады.
Кейбір жерлері заманға сай өңделмей, сол қалпымен қалған. Мысалы, Бейкер-стриттегі Холмстың пәтері, оның айналасындағы атажауы Мориарти. Джон Ватсон рөлін сомдаған Мартин Фримен — әскери дәрігер, Ауғанстанда қызметін өтеп келген. Туындыда ол екінші ағылшын-ауған соғысынан кейін демобилизацияланған жаңа Ватсонның кейпін жасаған кезде, Гэтисс былай деді: «Бұл дәл сол аяқталмаған соғыс деп ойладым. Дәл сол жеңілмейтін соғыс.
«Шерлоктың» алпыс минуттық эпизоды 2008 жылы тамызда Эдинбург халықаралық телевизиялық фестивалінде сыншыларға көрсетілді және 2009 жылдың екінші жартысына көрсетілімге дайындалды. Алғашқы сериал сәтті шығып жатса, онда оны толық түсіруді қолға алу ойластырылды. 800 000 фунт стерлингке түскен пилотты эпизод БАҚ арасында сәтсіз шыққан туынды ретінде аталынды. BBC алғашқы сериалды көрсетуден бас тартып, және оның форматын өзгертіп, тоқсан минуттық үш сериалға ауыстырды. Көрсетілмеген алғашқы сериал кейінірек DVD форматындағы бірінші маусыммен бірге шығарылды. Сериал авторлары DVD-ге берген аудиосұхбаттарында «BBC алғашқы сериалды мақұлдады, бірақ оның форматын өзгертті» деп айт. The Guardian тілшісі Марк Лоусонның сөзінше, эпизод толығымен өзгертіліп қайта жазылған, декорация жоспары бойынша ішкі жағы және дыбысы мен даму оқиғасы толығымен жаңаланған.