Жаңалықтар

Орта ғасырдағы театр

  Орта ғасырдағы театр. Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді. Қалалардың өсуімен байланысты 11 ғасырдан бастап орындаушылық өнердің мамандануы басталады. Мысалы, кезбе актерлер: жонглерлер, гистриондар мен скоморохтар пайда болды. Орта ғасыр театрындағы ең ірі жанр болып табылатын миракль мен мистерия сауықтарының (14 – 15 ғасырлар) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы белгілер, тұрмыстық реализм мен стихиялы халықтық бояулар да бой көрсетіп отырды. 15 – 16 ғасырлардағы аллегориялық драма сауығы – моралите өсиет пен мораль айтушылықтан аспады. 14 – 16 ғасырларда бірқатар елдерде (Италияда, Францияда, Германияда, т.б.) фарс секілді орта ғасыр театрының ең демократиялық бір түрі өркен жайды. Қайта өркендеу дәуіріндегі алғашқы еуропалық кәсіби театр болып саналатын итальянның дель арте комедиясының (16 – 17 ғасырлар) спектаклі тұрақты маска образдар мен сценарийлерге негізделген ұжымды актерлік шығармашылық бойынша жасалды. Бұл спектакльдер актерлердің көрермен-көпшілікпен емін-еркін қарым-қатынас жасап отыруына құрылды әрі олар жарқылдаған буффонада, гипербола, гротескіге құрылған өткір сатираға, нәрлі юморға, динамика мен жарқын бояуға толы болды. Қайта өркендеу дәуірінде әдеби драма өмірге келді; осыған орай Т. әдебиеттік негізге құрылып, бұдан былай ол қаланың мәдени орталықтарына, тұрақты мекенжайларға қарай ойысты. Жалпы мәдениеттің даму процесінде театрдың шығармашылық міндеттерінің ұлғайып өсуі оның алуан түрлерінің жіктеліп, әрқайсысының жеке, өз алдына дамуына себепкер болды. Мысалы, 16 ғасырда опера, 18 ғасырдың ортасында балет, 19 ғасырдың ортасында оперетта жеке жанр түрінде бөлініп шығып, қалыптаса бастады. Қайта өркендеу дәуіріндегі У.Шекспир, М.Сервантес, Лопе де Вега, П.Кальдерон, т.б. секілді ұлы драматургтер пьесаларында тарих мәселесі өткір әлеуметтік және саяси талас-тартыстар үстінде ашылды; олар өздерінің өмірлік мақсат-мұратын орындауға ұмтылған, ойлау мен әрекет жасау қабілеті жойқын, кесек мінезді ерен жандардың бейнесін алдыңғы қатарға шығарды. Жоғары адамгершілік пен қаһармандық негізінің болуы, өмірге деген философиялық көзқарас, поэзиялық, қайырымдылық пен зұлымдықтың ымырасыз кереғарлығы, арлылықтан арсыздыққа, трагедиялықтан комедиялыққа табиғи түрде ауысып отырушылық, т.б. Қайта өркендеу дәуірі драмасының ерекшелігін айқындады және оның барлығы сол дәуірдегі сахналық мәдениеттің де ерекшеліктерін қалыптастырды. Драматургияның халықтығы театрдың да халықтық сипатын айқындады. Еуропа елдерінде кезбе актерлер труппасынан басқа театр антрепренерлері басқарған жеке меншікті немесе актерлер жолдастығы типіндегі тұрақты кәсіпорындар (мысалы, Лондондағы “Глобус” театры) пайда бола бастады. Көптеген сарай театрлары ұйымдасты. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басындағы театрдың жаңадан қайта өрлеуі классицизмнің кең өріс алуымен тығыз байланысты. Осы кезеңде Францияда қатаң ережеге құрылған театр жүйесі (Н.Буалоның “Поэтикалық өнер” атты теортялық поэмасы, 1674, т.б.) жасалды. Көрерменнің жан дүниесін баурап алар актерлік сезім дүниесі театрдан аласталды. Трагедиялық актер өнерінде музыка-поэзиялық декламацияға негізделген принцип тұжырымдалды. Сана мен эмоция, борыш пен сезім арасындағы қайшылықтар және оның борыш пен ақыл-ой пайдасына қарай шешілуі драмалық әрекеттің негізгі өзегіне айналды. Осымен байланысты классикалық спектакль аналитикалық психологизмге, характерлерді ашуда монологтық принципке негізделді. П.Корнель, Ж.Расин сияқты көрнекті француз драматургтері өз пьесаларын зор қаїармандық пафосқа, психол. шынайылыққа, тартыстың ішкі трагизміне құрды. 17 ғасырдың ортасында реалистік реформасын жасаған Ж.Б. Мольер қызметінің нәтижесінде қарапайым халық өкілдерінің сахналық бейнесі жасалды. Актерлер өнерінде жоғары азаматтық әуен толыққанды характерлер жасау және тарихи шындыққа ден қою мақсатымен ұласты. Дегенмен, ой-парасатқа негізделген эстетика талаптары (Д.Дидроның “Актер парадоксы”, 1773 – 1778) актерлік сезімді жоққа шығара алмады. Ерлікті, ізгі жандарды және буржуазиялар, тоғышарлар тұрмысын жалаң сезіммен, патетикалық рухта бейнелейтін мещандық драма мен көз жасы аралас комедия секілді жанрлар пайда болды. Г.Лессинг, Ф.Шиллер, П.Бомарше, Г.Филдинг, Р.Шеридан, К.Гольдони қаламынан туған драмалық шығармаларда феодалдыққа қарсы идеология мен реалистік ағымдар белең алды. Ф.Ж. Тальма (Франция), С.Сиддонс (Ұлыбритания), И.Флекк (Германия), т.б. сынды трагедиялық актерлер шығармашылығынан романтик. бағыттың алғашқы нышандары айқын байқалды. 18 ғасырдың аяғында “Дауыл мен тегеурін” драматургиясының (Германия), мелодрамалар мен сатиралық ағымдағы водевильдердің өмірге келуі театрдың демократиялық негізін кеңейте түсті. 18 және 19 ғасыр аралығында өткен саяси-әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде көрермендер молайды да оның өзі жалпы театр өмірін демократияландыру мен театр жүйесінің толассыз өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар театр ісіне сауда тұрғысынан – пайда табу көзімен қараушылық күшейіп, театрда буржуазия идеологияның әсері байқалды. Театр идеялық-көркемдік күрес алаңына айналды; Еуропадағы жаңа қоғамдық құрылыстың өткір қайшылықтары мен одан туындаған азат ету қозғалысы 19 ғасырдың бүкіл өн бойында театрдың прогресшіл бағыттан айнымауына жағдай жасап отырды. 19 ғасырдың 1-жартысындағы гуманистік мұрат пен утопиялық арманды паш еткен романтик. Театрда буржуазиялық тәртіпке қарсы қоғамдық наразылық білдіру, үстем тап өкілдеріне сыншылдықпен қарау мәселелері өз шешімін тапты. Романтизм туы астында драмада замани театрдың қоғамдық прогресшілдігі, халықтық пен ұлттық қасиеті үшін, сондай-ақ эпигондық классицизмге қарсы күрес өрістеді. Ресейде декабристер мен ақын А.С. Пушкин театр реформасын жариялап, театрды “шекспирлендіру” принципін ұсынды, ал М.Ю. Лермонтов өз шығарм-мен романтик. дәстүрді жалғастырып, ілгері дамытты. Еуропа елдерінде романтик. драманың жаңа үлгісі жасалды. Романтикалық драма мен театр ұлт-тық тарихқа, фольклорға, халық эпосына назар аударып, халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуын, өсуін бейнелеп көрсетті. Романтикалық қозғалыстың алқапты арнасында театрдың реалистік негізі зор қарқынмен дами бастады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы еуропалық театр репертуарынан мелодрамалар және романтик. тарихи драмалар мол орын алды. Аталмыш шығармаларда зұлымдық пен жауыздықтың иелері әдетте қолында билігі бар, ой-өрісі мешеу бай, үстем тап өкілдері болып келеді. Ал адамгершілік пен ізгілік мәселелері бұл жанрлардың әлеум. бағытын айқындай түсті. Сезім табиғилығы мен психологизм, контрастқа құрылған сахналық ойын жүйелері, қоғамдық әшкерелеу пафосы мен жарқын демократиялыққа ұмтылу романтик актерлері өнерінің ерекшелік сипаттарын айқындап берді. Сахнада өмірдің ұнамсыз жайлары үлкен әлеум. тұрғыда қорытылып, өткір гротескілік мінез-кейіптер жасау шеберлігі қалыптасты. Декабристер эстетикасының азаттықты, ерлік пен азаматтықты көксеген ой-мұраттары әсерімен қалыптаса бастаған орыс сахна романтизмі 19 ғасырдың басында өнер толғаған трагедиялық актерлер Е.С. Семенова мен А.С. Яковлев шығармашылығы арқылы бой көрсетті. Көбіне У.Шекспир пьесаларында ойнап, өзінің зор трагедиялық дарын-қабілетімен ерекше көзге түскен демократ актер П.С. Мочалов декабристер романтизмінен кейінгі орыс сахна өнеріндегі ірі тұлға болды. Дүниежүзілік театрда романтизм дәстүрі кейінгі жылдары да үзілген жоқ, қайта ол реализммен сабақтасып (мысыла, М.Н. Ермолова шығарм-нда), жарыса қатар дамып отырды. Осы заманғы театрда да ол өзіндік бояу-сипатын тапты. Алдымен ағарту дәуірі, одан кейінгі романтизм театрды ықпалымен қалыптаса бастаған реализм 19 ғасырдың ортасында зор қарқынмен дами бастады. Типтік характерлерді типтік жағдайларда алып бейнелеу реалистік драма мен актерлік өнердің методолог. негізіне айналды. Режиссураның өрістеп өркендеуі сахнада өмірдің тұтас көрінісін жасауды, өткен оқиғалардың тарихи дәлдігін сақтауды, қаїармандардың мінез-кейіптері мен өмір кешкен ортасын шынайы бейнелеуді талап ететін реализм ағымының даму жолымен тығыз байланысты. 18 ғасырдың аяғында басталған режиссерлік өнер 19 ғасырда Германияда Ф.Л. Шредер, И.В. Гете, К.Л.Иммерман, Э.Ф. Девриент пен Л.Кронектің, Францияда Ф.Ж. Тальма мен Фредерик-Леметррдің, Ұлыбританияда У.Ч. Макреди, Ч.Кин, С.Фелпс, Г.Ирвинг пен ерлі-зайыпты С. және М.Э. Банкрофттардың, Норвегияда Б.Бьернсон мен Г.Ибсеннің, т.б. шығармашылығы арқылы ілгері дамыды. Ресейде А.А. Шаховской, М.С. Щепкин мен А.П. Ленскийдің режиссерлік қызметінің, сонымен қатар өз пьесаларын сахнаға қоюға тікелей араласып отырған Н.В. Гоголь мен А.Н. Островский еңбегінің мәні зор болды. Реалистік драма мен театрдың романтизмнен басты өзгешелігі сол, ол қоғамға жалғыз өзі қарсы шапқан ереуілшінің емес, ең әуелі белгілі бір әлеум. өмір азаптарын тартып шыңдалған қаїарман жанның бейнесін жасауды мақсат тұтуында. Мұнда кейіпкердің психол.-әлеум. мінездемесі күрделі көркем бірлікте қарастырылады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы Г.Гауптман, Б.Шоу, А.Стриндберг пен Дж. Голсуорсидің, ал Ресейде А.В. Сухово-Кобылин, А.К. Толстой, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов пен М.Горькийдің, т.б. драматургиясы театрда реализмнің дамуына ықпал етті. 19 ғасырда Батыс Еуропада Э.Росси, Т.Сальвини, Э.Дузе, Б.К. Коклен, Г.Ирвинг, Э.Терри, ал Ресейде А.Е. Мартынов, Садовскийлер әулеті, П.А. Стрепетова, Г.Н. Федотова, А.И. Южин сынды реалист актерлер есімі көрермен-көпшілікке танылды. Орыс сахнасының реалистік мақсат-мұратын прогресшіл демократ сыншы В.Г. Белинский өзінің сын мақалаларымен үнемі қолдап, қорғап отырды. 19 ғасырдың аяғында театрдың бүкіл көркемдік құралдары мен репертуарын қозғаған жаңа сахналық реформа пісіп-жетілді.
05.12.2012 11:10 13503

 

Орта ғасырдағы театр. Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды.

Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді. Қалалардың өсуімен байланысты 11 ғасырдан бастап орындаушылық өнердің мамандануы басталады. Мысалы, кезбе актерлер: жонглерлер, гистриондар мен скоморохтар пайда болды. Орта ғасыр театрындағы ең ірі жанр болып табылатын миракль мен мистерия сауықтарының (14 – 15 ғасырлар) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы белгілер, тұрмыстық реализм мен стихиялы халықтық бояулар да бой көрсетіп отырды. 15 – 16 ғасырлардағы аллегориялық драма сауығы – моралите өсиет пен мораль айтушылықтан аспады. 14 – 16 ғасырларда бірқатар елдерде (Италияда, Францияда, Германияда, т.б.) фарс секілді орта ғасыр театрының ең демократиялық бір түрі өркен жайды. Қайта өркендеу дәуіріндегі алғашқы еуропалық кәсіби театр болып саналатын итальянның дель арте комедиясының (16 – 17 ғасырлар) спектаклі тұрақты маска образдар мен сценарийлерге негізделген ұжымды актерлік шығармашылық бойынша жасалды. Бұл спектакльдер актерлердің көрермен-көпшілікпен емін-еркін қарым-қатынас жасап отыруына құрылды әрі олар жарқылдаған буффонада, гипербола, гротескіге құрылған өткір сатираға, нәрлі юморға, динамика мен жарқын бояуға толы болды. Қайта өркендеу дәуірінде әдеби драма өмірге келді; осыған орай Т. әдебиеттік негізге құрылып, бұдан былай ол қаланың мәдени орталықтарына, тұрақты мекенжайларға қарай ойысты. Жалпы мәдениеттің даму процесінде театрдың шығармашылық міндеттерінің ұлғайып өсуі оның алуан түрлерінің жіктеліп, әрқайсысының жеке, өз алдына дамуына себепкер болды. Мысалы, 16 ғасырда опера, 18 ғасырдың ортасында балет, 19 ғасырдың ортасында оперетта жеке жанр түрінде бөлініп шығып, қалыптаса бастады. Қайта өркендеу дәуіріндегі У.Шекспир, М.Сервантес, Лопе де Вега, П.Кальдерон, т.б. секілді ұлы драматургтер пьесаларында тарих мәселесі өткір әлеуметтік және саяси талас-тартыстар үстінде ашылды; олар өздерінің өмірлік мақсат-мұратын орындауға ұмтылған, ойлау мен әрекет жасау қабілеті жойқын, кесек мінезді ерен жандардың бейнесін алдыңғы қатарға шығарды. Жоғары адамгершілік пен қаһармандық негізінің болуы, өмірге деген философиялық көзқарас, поэзиялық, қайырымдылық пен зұлымдықтың ымырасыз кереғарлығы, арлылықтан арсыздыққа, трагедиялықтан комедиялыққа табиғи түрде ауысып отырушылық, т.б. Қайта өркендеу дәуірі драмасының ерекшелігін айқындады және оның барлығы сол дәуірдегі сахналық мәдениеттің де ерекшеліктерін қалыптастырды. Драматургияның халықтығы театрдың да халықтық сипатын айқындады. Еуропа елдерінде кезбе актерлер труппасынан басқа театр антрепренерлері басқарған жеке меншікті немесе актерлер жолдастығы типіндегі тұрақты кәсіпорындар (мысалы, Лондондағы “Глобус” театры) пайда бола бастады. Көптеген сарай театрлары ұйымдасты. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басындағы театрдың жаңадан қайта өрлеуі классицизмнің кең өріс алуымен тығыз байланысты. Осы кезеңде Францияда қатаң ережеге құрылған театр жүйесі (Н.Буалоның “Поэтикалық өнер” атты теортялық поэмасы, 1674, т.б.) жасалды. Көрерменнің жан дүниесін баурап алар актерлік сезім дүниесі театрдан аласталды. Трагедиялық актер өнерінде музыка-поэзиялық декламацияға негізделген принцип тұжырымдалды. Сана мен эмоция, борыш пен сезім арасындағы қайшылықтар және оның борыш пен ақыл-ой пайдасына қарай шешілуі драмалық әрекеттің негізгі өзегіне айналды. Осымен байланысты классикалық спектакль аналитикалық психологизмге, характерлерді ашуда монологтық принципке негізделді. П.Корнель, Ж.Расин сияқты көрнекті француз драматургтері өз пьесаларын зор қаїармандық пафосқа, психол. шынайылыққа, тартыстың ішкі трагизміне құрды. 17 ғасырдың ортасында реалистік реформасын жасаған Ж.Б. Мольер қызметінің нәтижесінде қарапайым халық өкілдерінің сахналық бейнесі жасалды. Актерлер өнерінде жоғары азаматтық әуен толыққанды характерлер жасау және тарихи шындыққа ден қою мақсатымен ұласты. Дегенмен, ой-парасатқа негізделген эстетика талаптары (Д.Дидроның “Актер парадоксы”, 1773 – 1778) актерлік сезімді жоққа шығара алмады. Ерлікті, ізгі жандарды және буржуазиялар, тоғышарлар тұрмысын жалаң сезіммен, патетикалық рухта бейнелейтін мещандық драма мен көз жасы аралас комедия секілді жанрлар пайда болды. Г.Лессинг, Ф.Шиллер, П.Бомарше, Г.Филдинг, Р.Шеридан, К.Гольдони қаламынан туған драмалық шығармаларда феодалдыққа қарсы идеология мен реалистік ағымдар белең алды. Ф.Ж. Тальма (Франция), С.Сиддонс (Ұлыбритания), И.Флекк (Германия), т.б. сынды трагедиялық актерлер шығармашылығынан романтик. бағыттың алғашқы нышандары айқын байқалды. 18 ғасырдың аяғында “Дауыл мен тегеурін” драматургиясының (Германия), мелодрамалар мен сатиралық ағымдағы водевильдердің өмірге келуі театрдың демократиялық негізін кеңейте түсті. 18 және 19 ғасыр аралығында өткен саяси-әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде көрермендер молайды да оның өзі жалпы театр өмірін демократияландыру мен театр жүйесінің толассыз өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар театр ісіне сауда тұрғысынан – пайда табу көзімен қараушылық күшейіп, театрда буржуазия идеологияның әсері байқалды. Театр идеялық-көркемдік күрес алаңына айналды; Еуропадағы жаңа қоғамдық құрылыстың өткір қайшылықтары мен одан туындаған азат ету қозғалысы 19 ғасырдың бүкіл өн бойында театрдың прогресшіл бағыттан айнымауына жағдай жасап отырды. 19 ғасырдың 1-жартысындағы гуманистік мұрат пен утопиялық арманды паш еткен романтик. Театрда буржуазиялық тәртіпке қарсы қоғамдық наразылық білдіру, үстем тап өкілдеріне сыншылдықпен қарау мәселелері өз шешімін тапты. Романтизм туы астында драмада замани театрдың қоғамдық прогресшілдігі, халықтық пен ұлттық қасиеті үшін, сондай-ақ эпигондық классицизмге қарсы күрес өрістеді. Ресейде декабристер мен ақын А.С. Пушкин театр реформасын жариялап, театрды “шекспирлендіру” принципін ұсынды, ал М.Ю. Лермонтов өз шығарм-мен романтик. дәстүрді жалғастырып, ілгері дамытты. Еуропа елдерінде романтик. драманың жаңа үлгісі жасалды. Романтикалық драма мен театр ұлт-тық тарихқа, фольклорға, халық эпосына назар аударып, халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуын, өсуін бейнелеп көрсетті. Романтикалық қозғалыстың алқапты арнасында театрдың реалистік негізі зор қарқынмен дами бастады. 19 ғасырдың 1-жартысындағы еуропалық театр репертуарынан мелодрамалар және романтик. тарихи драмалар мол орын алды. Аталмыш шығармаларда зұлымдық пен жауыздықтың иелері әдетте қолында билігі бар, ой-өрісі мешеу бай, үстем тап өкілдері болып келеді. Ал адамгершілік пен ізгілік мәселелері бұл жанрлардың әлеум. бағытын айқындай түсті. Сезім табиғилығы мен психологизм, контрастқа құрылған сахналық ойын жүйелері, қоғамдық әшкерелеу пафосы мен жарқын демократиялыққа ұмтылу романтик актерлері өнерінің ерекшелік сипаттарын айқындап берді. Сахнада өмірдің ұнамсыз жайлары үлкен әлеум. тұрғыда қорытылып, өткір гротескілік мінез-кейіптер жасау шеберлігі қалыптасты. Декабристер эстетикасының азаттықты, ерлік пен азаматтықты көксеген ой-мұраттары әсерімен қалыптаса бастаған орыс сахна романтизмі 19 ғасырдың басында өнер толғаған трагедиялық актерлер Е.С. Семенова мен А.С. Яковлев шығармашылығы арқылы бой көрсетті. Көбіне У.Шекспир пьесаларында ойнап, өзінің зор трагедиялық дарын-қабілетімен ерекше көзге түскен демократ актер П.С. Мочалов декабристер романтизмінен кейінгі орыс сахна өнеріндегі ірі тұлға болды. Дүниежүзілік театрда романтизм дәстүрі кейінгі жылдары да үзілген жоқ, қайта ол реализммен сабақтасып (мысыла, М.Н. Ермолова шығарм-нда), жарыса қатар дамып отырды. Осы заманғы театрда да ол өзіндік бояу-сипатын тапты. Алдымен ағарту дәуірі, одан кейінгі романтизм театрды ықпалымен қалыптаса бастаған реализм 19 ғасырдың ортасында зор қарқынмен дами бастады. Типтік характерлерді типтік жағдайларда алып бейнелеу реалистік драма мен актерлік өнердің методолог. негізіне айналды. Режиссураның өрістеп өркендеуі сахнада өмірдің тұтас көрінісін жасауды, өткен оқиғалардың тарихи дәлдігін сақтауды, қаїармандардың мінез-кейіптері мен өмір кешкен ортасын шынайы бейнелеуді талап ететін реализм ағымының даму жолымен тығыз байланысты. 18 ғасырдың аяғында басталған режиссерлік өнер 19 ғасырда Германияда Ф.Л. Шредер, И.В. Гете, К.Л.Иммерман, Э.Ф. Девриент пен Л.Кронектің, Францияда Ф.Ж. Тальма мен Фредерик-Леметррдің, Ұлыбританияда У.Ч. Макреди, Ч.Кин, С.Фелпс, Г.Ирвинг пен ерлі-зайыпты С. және М.Э. Банкрофттардың, Норвегияда Б.Бьернсон мен Г.Ибсеннің, т.б. шығармашылығы арқылы ілгері дамыды. Ресейде А.А. Шаховской, М.С. Щепкин мен А.П. Ленскийдің режиссерлік қызметінің, сонымен қатар өз пьесаларын сахнаға қоюға тікелей араласып отырған Н.В. Гоголь мен А.Н. Островский еңбегінің мәні зор болды. Реалистік драма мен театрдың романтизмнен басты өзгешелігі сол, ол қоғамға жалғыз өзі қарсы шапқан ереуілшінің емес, ең әуелі белгілі бір әлеум. өмір азаптарын тартып шыңдалған қаїарман жанның бейнесін жасауды мақсат тұтуында. Мұнда кейіпкердің психол.-әлеум. мінездемесі күрделі көркем бірлікте қарастырылады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы Г.Гауптман, Б.Шоу, А.Стриндберг пен Дж. Голсуорсидің, ал Ресейде А.В. Сухово-Кобылин, А.К. Толстой, Л.Н. Толстой, А.П. Чехов пен М.Горькийдің, т.б. драматургиясы театрда реализмнің дамуына ықпал етті. 19 ғасырда Батыс Еуропада Э.Росси, Т.Сальвини, Э.Дузе, Б.К. Коклен, Г.Ирвинг, Э.Терри, ал Ресейде А.Е. Мартынов, Садовскийлер әулеті, П.А. Стрепетова, Г.Н. Федотова, А.И. Южин сынды реалист актерлер есімі көрермен-көпшілікке танылды. Орыс сахнасының реалистік мақсат-мұратын прогресшіл демократ сыншы В.Г. Белинский өзінің сын мақалаларымен үнемі қолдап, қорғап отырды. 19 ғасырдың аяғында театрдың бүкіл көркемдік құралдары мен репертуарын қозғаған жаңа сахналық реформа пісіп-жетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға