Жаңалықтар

Жас тұлпар

  Жас тұлпар Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы. Тарихы Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты. Біздерге – Қазақ жерінің əр түпкірінен келген жастарға КСРО-ның орталығынан туған елдің ішкі жағдайларын басқа елдермен салыстырудa ой өрісіміздің кеңеюіне мүмкіндік бергендей еді. Маған, студенттік өмірге ересек жаста (25 жас) келгендіктен болар Қазақ жастарының арасында өзіме тиісті рөлді атқаруға тура келді. Ойымды (ересектік жөнінде) аңығырақ түсірдірейін. Осы жасымның он жылдық мектепті бітіргеннен кейінгі 3 жылы Гурьевтің Мұнай техникумын бітіруге, 3 жылы Совет Армиясында қызмет етуге кеткен еді. Сонымен, 1963 жылдың Қазан айында Мəскеу энергетика институтының 2-курс студенті едім. Осы институтта оқитын Қазақстан жастарының көбі Алматы қаласынан келген қазақтар жəне олардың бірқатары өзінің ана тілін білмейтін еді. Мұндайды (қазақтардың қазақ тілін білмеуін) мен бұрын – соңды кездестірмеп едім. Осындай өзімнің ішкі өкінішті ойымды бірде (1963 жылдың Қазан айында) Алтайдың (Қадыржанов) бөлмесінде (энергетика институтының жатақханасында) кездескенде Мұратқа (Əуезов) қынжыла айттым. Мұрат бұл уақытта Мəскеу мемлекеттік университетінің 4-курс студенті екен, оның өзі де қазақ тілінде өте шорқақ сөйлейтін. Сол кездесуде мен бөлмеде отырғандарға (Мұрат, Алтай, Жеңіске) өзімнің Армияда бастан өткізген бір жағдайымды айтқанымда Мұраттың таңданысында шек болмағанды. Ол мынадай жағдай еді. 1959 жылдың Қараша айында Армиядағы қызметтің бірінші жылында Барнаул қаласындағы авиацияның кіші техникалық мамандарын дайындайтын училищесін бітіргендердің алаңда өтетін салтанатты жиынында училище басшыларының алдынан əн айтып өтетін рəсімінде біздің ротаның (120 адам) солдаттары қазақтың “Бейбітшілік туы берік қолда” (əні Е.Брусиловскийдікі, өлеңі Н.Баймұхамедовдікі) əнін қазақ тілінде айтып өткенімізді, осындай өнеріміз үшін училище бастығы полковник Сергаев рота командиріне (майор Денисов), рота старшинасына (старшина Шадымов) осындай интернационалдық тəрбие жұмыстарын жоғары бағалап алғыс жариялағанын айтып бергенмін. Қазақстандық солдаттардың Алтай өлкесінің астанасының орталық алаңында қазақша əн шырқағанын естіп Мұрат Мұхтарұлы өте қатты тебіренгендей болды.Осы сəтте мен осы энергетика институтында қазақ тілін (ана тілін) білмейтін Қазақстандық студенттерге қазақ тілінен “тіл сындыру” курсын ұйымдастыру керектігін айттым. Əңгіме одан əрі Қазақстандық студенттердің оқуы, тұрмыстық жағдайлары жөнінде болды. Сонда біздің Энергетика институтының студенттері осы алдағы Октябрь революциясы мерекесінің қарсаңында (6 қарашада) өздерінің кешін ұйымдастырмақшы болып жатқандығы туралы айтылды жəне сол кеште Мəскеуде оқитын студенттердің бір ұйымын құру керектігін айтқан едік. Сол кешке Мұрат Мұхтарұлының келуін сұрадық. Ол келетін болды. Сонымен, 1963 жылдың 6 қарашасында Энергетика институтының қазақстандық студенттерінің кеші өтті. Онда көрші Байланыс институтының да студенттері болды. Сол кешке құрметті қонақтар ретінде Мəскеу университетінің студенттері Мұрат Əуезов, Қорлан Рахымбекова, Клара Ашықбаевалар қатысты. Осы кеште студенттердің “Жас тұлпар” атты ұйымы құрылды. Кейіннен ұйымдастыру жиналысында оның басшылығына Мұрат Мұхтарұлы Əуезов жəне бірнеше адамнан (9 əлде 11 адам) құрылған президиумы сайланды. Бұл ұйымның негізгі мақсаттары: - Мəскеуде (кейіннен басқа қалаларда) оқитын жастардың оқуына көмек көрсету; - Қазақстандағы қазақ тілінің тағдыры жəне оның рөлін көтеру; - Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың (КСРО территориясындағы) тұрмыс-тіршілігімен танысу, оларға Қазақстан туралы көбірек мəліметтер (мəдени, əдеби жəне экономика, саясат, тағы басқа мəселелер) жеткізу. “Жас тұлпардың” сол кездегі бітірген істері жөнінде Бұл ұйым алдымен студенттердің оқу, тұрмыстық жағдайларын жəрдемдесуді қолға алып еді, сол ретте ұйымның Мəскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінде ай сайын шығатын “Жас тұлпар” атты қабырға газетінде үнемі осы қаладағы Қазақстандық студенттердің тіршілік жайы жарияланып тұрды. Мен өзім Мəскеудегі төрт институт студенттерінің оқу, тұрмыс жағдайлары жөнінде əр семестрде бір хабар беруші едім. Ол институттар: - Энергетика институты; - Инженерлік байланыс институты; - Инженерлік темір жол институты, - Губкин атындағы мұнай, газ институты. Осы ұйымның өтініші бойынша Қазақстан Үкіметі КСРО-ның оқу министрлігінен алдағы уақытта Қазақстан студенттерінің кезекті сессияларда бір немесе бірнеше пəннен тапсыра алмаған (мүмкіндік болмаған) жағдайда ол студенттің тағдырын Қазақстанның Мəскеудегі өкілеттігімен бірлесе отырып шешу керектігі жөнінде келіскендігі бірден-бір маңызды мəселе еді. Бұндай күрделі мəселенің оң шешімін табуға сол кезде Қазақстанның Мəскеудегі тұрақты өкілдігінде “Білім жəне мəдениет” бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған аяулы ағамыз Ғалым Сүлейменовтың атқараған ісін айрықша айту керек. Ғ.Сүлейменов өзі бір жаны да ішкі сезім дүниесі де “Қазақ” деп тұратын абзал азамат еді. Өзі орыс əйелді бола тұрып орыс тілін “без акцента” сөйлей алмаушы еді. Ол жағынан маған сүйкімді ағай еді. Олай дейтінім, кейіннен түрлі қызметтер атқарып жүрген кездерімде бір жиналыстарда менің орысша жасаған баяндамаларымнан кейін сол жиналыста сөз сөйлеген əріптестерім сөз арасында “Коммунист Таужанов əлге дейін орысша акцентпен сөйлейді” деп сынап өтетін. Абзал азамат – Сүлейменов айтушы еді: “Жолдастар, тым қатты кетпеңдер, жайлап жүрсеңдер (сөйлесеңдер) карманым да хорошо, желудогым да хорошо”. Бұл тек студенттердің сөздерінен кейінгі сөздер емес, бұл сол кездерде əртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аспиранттар мен докторанттардың “Жас тұлпардың” кезекті жиындарында сөйлеген сөздерінен кейін айтылған басқару орны өкілінің сөздері болатын. “Жас тұлпардың” жиындарында Мəскеулік студенттер мен бірге Ресейдің , басқа республикалардың жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар қатысып ой бөлісетінді. Олар тек күнделікті оқу, тұрмыс жайлы айтып қоймай, Қазақстан Республикасының ішіндегі қоғамдық, экономикалық, тіпті саяси жайларға да тоқталатынды. Сондай сөз сөйлеушілердің бірі, Ауыл шаруашылық академиясының аспиранты (өкінішке орай, атын ұмыттым):“Біздің республикамыздан жылма жыл миллиардтаған пұт астық өсіру (өндіру) талап етіледі де, оған сəйкес минералды тыңайтқыштар бөлінбейді”, ия “Біздің Республикамызда бір жазылмаған заңдылық бар, ол – бір мекемеде, егерде бірінші бастықтың ұлты қазақ болса, онда оның орынбасары орыс ұлтынан болуы керек, немесе керісінше болуы керек”, ия “Қазақ мектептерінің саны азайып барады”, ия “Қазақстанның Ресейдегі студенттеріне (соның ішінде ұлттық мектепті бітіргендерге) шетелдік студенттерге берілетін жеңілдік берілмейді, оларға сол Ресей студенттерімен бірдей талаптар қойылады, бұл дұрыс емес ”сияқты тағы басқа да еркін пікірдегі көзқарас-тарын айтатын еді. Тақ осындайда Ғалекең (Ғалым Сүлейменов) жоғарыда келтірілген атышулы сөздерін айтып қоятын...  
05.12.2012 11:09 33141

 

Жас тұлпар

Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы.

Тарихы

Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты. Біздерге – Қазақ жерінің əр түпкірінен келген жастарға КСРО-ның орталығынан туған елдің ішкі жағдайларын басқа елдермен салыстырудa ой өрісіміздің кеңеюіне мүмкіндік бергендей еді. Маған, студенттік өмірге ересек жаста (25 жас) келгендіктен болар Қазақ жастарының арасында өзіме тиісті рөлді атқаруға тура келді. Ойымды (ересектік жөнінде) аңығырақ түсірдірейін. Осы жасымның он жылдық мектепті бітіргеннен кейінгі 3 жылы Гурьевтің Мұнай техникумын бітіруге, 3 жылы Совет Армиясында қызмет етуге кеткен еді. Сонымен, 1963 жылдың Қазан айында Мəскеу энергетика институтының 2-курс студенті едім. Осы институтта оқитын Қазақстан жастарының көбі Алматы қаласынан келген қазақтар жəне олардың бірқатары өзінің ана тілін білмейтін еді. Мұндайды (қазақтардың қазақ тілін білмеуін) мен бұрын – соңды кездестірмеп едім. Осындай өзімнің ішкі өкінішті ойымды бірде (1963 жылдың Қазан айында) Алтайдың (Қадыржанов) бөлмесінде (энергетика институтының жатақханасында) кездескенде Мұратқа (Əуезов) қынжыла айттым. Мұрат бұл уақытта Мəскеу мемлекеттік университетінің 4-курс студенті екен, оның өзі де қазақ тілінде өте шорқақ сөйлейтін. Сол кездесуде мен бөлмеде отырғандарға (Мұрат, Алтай, Жеңіске) өзімнің Армияда бастан өткізген бір жағдайымды айтқанымда Мұраттың таңданысында шек болмағанды. Ол мынадай жағдай еді. 1959 жылдың Қараша айында Армиядағы қызметтің бірінші жылында Барнаул қаласындағы авиацияның кіші техникалық мамандарын дайындайтын училищесін бітіргендердің алаңда өтетін салтанатты жиынында училище басшыларының алдынан əн айтып өтетін рəсімінде біздің ротаның (120 адам) солдаттары қазақтың “Бейбітшілік туы берік қолда” (əні Е.Брусиловскийдікі, өлеңі Н.Баймұхамедовдікі) əнін қазақ тілінде айтып өткенімізді, осындай өнеріміз үшін училище бастығы полковник Сергаев рота командиріне (майор Денисов), рота старшинасына (старшина Шадымов) осындай интернационалдық тəрбие жұмыстарын жоғары бағалап алғыс жариялағанын айтып бергенмін. Қазақстандық солдаттардың Алтай өлкесінің астанасының орталық алаңында қазақша əн шырқағанын естіп Мұрат Мұхтарұлы өте қатты тебіренгендей болды.Осы сəтте мен осы энергетика институтында қазақ тілін (ана тілін) білмейтін Қазақстандық студенттерге қазақ тілінен “тіл сындыру” курсын ұйымдастыру керектігін айттым. Əңгіме одан əрі Қазақстандық студенттердің оқуы, тұрмыстық жағдайлары жөнінде болды. Сонда біздің Энергетика институтының студенттері осы алдағы Октябрь революциясы мерекесінің қарсаңында (6 қарашада) өздерінің кешін ұйымдастырмақшы болып жатқандығы туралы айтылды жəне сол кеште Мəскеуде оқитын студенттердің бір ұйымын құру керектігін айтқан едік. Сол кешке Мұрат Мұхтарұлының келуін сұрадық. Ол келетін болды. Сонымен, 1963 жылдың 6 қарашасында Энергетика институтының қазақстандық студенттерінің кеші өтті. Онда көрші Байланыс институтының да студенттері болды. Сол кешке құрметті қонақтар ретінде Мəскеу университетінің студенттері Мұрат Əуезов, Қорлан Рахымбекова, Клара Ашықбаевалар қатысты. Осы кеште студенттердің “Жас тұлпар” атты ұйымы құрылды. Кейіннен ұйымдастыру жиналысында оның басшылығына Мұрат Мұхтарұлы Əуезов жəне бірнеше адамнан (9 əлде 11 адам) құрылған президиумы сайланды. Бұл ұйымның негізгі мақсаттары: - Мəскеуде (кейіннен басқа қалаларда) оқитын жастардың оқуына көмек көрсету; - Қазақстандағы қазақ тілінің тағдыры жəне оның рөлін көтеру; - Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың (КСРО территориясындағы) тұрмыс-тіршілігімен танысу, оларға Қазақстан туралы көбірек мəліметтер (мəдени, əдеби жəне экономика, саясат, тағы басқа мəселелер) жеткізу. “Жас тұлпардың” сол кездегі бітірген істері жөнінде Бұл ұйым алдымен студенттердің оқу, тұрмыстық жағдайларын жəрдемдесуді қолға алып еді, сол ретте ұйымның Мəскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінде ай сайын шығатын “Жас тұлпар” атты қабырға газетінде үнемі осы қаладағы Қазақстандық студенттердің тіршілік жайы жарияланып тұрды. Мен өзім Мəскеудегі төрт институт студенттерінің оқу, тұрмыс жағдайлары жөнінде əр семестрде бір хабар беруші едім. Ол институттар: - Энергетика институты; - Инженерлік байланыс институты; - Инженерлік темір жол институты, - Губкин атындағы мұнай, газ институты. Осы ұйымның өтініші бойынша Қазақстан Үкіметі КСРО-ның оқу министрлігінен алдағы уақытта Қазақстан студенттерінің кезекті сессияларда бір немесе бірнеше пəннен тапсыра алмаған (мүмкіндік болмаған) жағдайда ол студенттің тағдырын Қазақстанның Мəскеудегі өкілеттігімен бірлесе отырып шешу керектігі жөнінде келіскендігі бірден-бір маңызды мəселе еді. Бұндай күрделі мəселенің оң шешімін табуға сол кезде Қазақстанның Мəскеудегі тұрақты өкілдігінде “Білім жəне мəдениет” бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған аяулы ағамыз Ғалым Сүлейменовтың атқараған ісін айрықша айту керек. Ғ.Сүлейменов өзі бір жаны да ішкі сезім дүниесі де “Қазақ” деп тұратын абзал азамат еді. Өзі орыс əйелді бола тұрып орыс тілін “без акцента” сөйлей алмаушы еді. Ол жағынан маған сүйкімді ағай еді. Олай дейтінім, кейіннен түрлі қызметтер атқарып жүрген кездерімде бір жиналыстарда менің орысша жасаған баяндамаларымнан кейін сол жиналыста сөз сөйлеген əріптестерім сөз арасында “Коммунист Таужанов əлге дейін орысша акцентпен сөйлейді” деп сынап өтетін. Абзал азамат – Сүлейменов айтушы еді: “Жолдастар, тым қатты кетпеңдер, жайлап жүрсеңдер (сөйлесеңдер) карманым да хорошо, желудогым да хорошо”. Бұл тек студенттердің сөздерінен кейінгі сөздер емес, бұл сол кездерде əртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аспиранттар мен докторанттардың “Жас тұлпардың” кезекті жиындарында сөйлеген сөздерінен кейін айтылған басқару орны өкілінің сөздері болатын. “Жас тұлпардың” жиындарында Мəскеулік студенттер мен бірге Ресейдің , басқа республикалардың жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар қатысып ой бөлісетінді. Олар тек күнделікті оқу, тұрмыс жайлы айтып қоймай, Қазақстан Республикасының ішіндегі қоғамдық, экономикалық, тіпті саяси жайларға да тоқталатынды. Сондай сөз сөйлеушілердің бірі, Ауыл шаруашылық академиясының аспиранты (өкінішке орай, атын ұмыттым):“Біздің республикамыздан жылма жыл миллиардтаған пұт астық өсіру (өндіру) талап етіледі де, оған сəйкес минералды тыңайтқыштар бөлінбейді”, ия “Біздің Республикамызда бір жазылмаған заңдылық бар, ол – бір мекемеде, егерде бірінші бастықтың ұлты қазақ болса, онда оның орынбасары орыс ұлтынан болуы керек, немесе керісінше болуы керек”, ия “Қазақ мектептерінің саны азайып барады”, ия “Қазақстанның Ресейдегі студенттеріне (соның ішінде ұлттық мектепті бітіргендерге) шетелдік студенттерге берілетін жеңілдік берілмейді, оларға сол Ресей студенттерімен бірдей талаптар қойылады, бұл дұрыс емес ”сияқты тағы басқа да еркін пікірдегі көзқарас-тарын айтатын еді. Тақ осындайда Ғалекең (Ғалым Сүлейменов) жоғарыда келтірілген атышулы сөздерін айтып қоятын...

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға