Жаңалықтар

Маңғыстау археологиясы

Маңғыстау археологиясы Маңғыстау түбегінің археологиясы әлі күнге дейін түбегейлі нақты зерттелмеген. Дегенмен, бүгінгі таңда қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жалпы суреттеу арқылы өте ертеде мекендеген адамдардың өмір сүруі, олардың айналысқан шаруашылық түрлерін білуге болады. Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығына адамдардың қоныстану ерекшелігінің басты себебі олар мекендеген жерлерде су көздерінің болуы еді. Археологлиялық зерттеулерге сүйенсек, тұщы су көздері жақын орналасқан жерлерде немесе оның айналасында адамдар ежелден қоныстанған. Палеогидрологиялық және археологлиялық деректер негізінде аймақтардың (Орта Азия өзен арасы және Солтүстік Каспий жағалауы) ландшафты климатын салыстыру нәтижесінде Маңғыстау мен Үстірт климаты мен табиғатының өзгеріске ұшырағанына 10 мың жыл болғаны геопалеологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. Маңғыстау өңірінің палеолит заманына зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың 60-жылдары геолог А.Г. Медоев жүргізді. Оның тапқан мекен-орындарынан өкінішке орай күні бүгінге дейін ғыл. тұрғыда терең зерттелмеген, тек ол адам жасаған Маңғыстау палеолиті геохронологиясы, археолог Ж.Таймағамбетовтың ғылыми-зерттеу еңбегіне негіз болып алынды. Бұл еңбегінде автор Маңғыстау өлкесінде автохтондық мәдениеттің тас индустриясы өте ертеде пайда болғанын, яғни палеолит дәуірінің үш кезеңінде де болғанын анықтап дәлелдеді. Мезолит ескерткіштері Маңғыстау өңірінің мезолит заманының ескерткіштері де нақты түбегейлі зерттелмеген. Жақын өлкелерде орналасқан Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Батыс Үстірт мәдениеттерінің тас индустриялары, дамыған пластиналық қашау технологияларымен және геометриялық микролиттер (ассиметрия, трапеция және т.б. ) жиынтығымен ерекшеленеді. Осыларға сүйене отырып өлке мезолитінің ерте дәуірін б.з.б. 9 – 10-мыңжылдықтар деп болжауға болады. Неолит ескерткіштері Жергілікті неолит дәуірі технологиясы Қызылсу-1 үлгісінде негізделеді. Оның хронологиялық уақыты б.з.б. 6 – 5-мыңжылдықтарды қамтиды. Маңғыстау неолиті жақын жерде өмір сүрген екі археологиялық мәдениеттер – Ойықты және Тұйылыс мәдениеттері материалдарымен сипатталады. Ойықты мәдениетінде аңшылық және терімшілікпен айналысқан, олар қыштан ыдыс жасауды білген. Күнделікті тұрмыста тері өңдеуді және ағаштан, сүйектен бұйымдар жасауды кеңінен қолданған. Сонымен бірге теңіз түбі қабыршақ-бақалшақтардан әшекей бұйымдар жасауды да игерген. Ойықтылардың бір бөлігі алғашқы кезеңде белгілі анық тұрағы болмағандықтан, кезбе аңшылықпен күн кешкен деген болжамдар бар. Олар Шығыс Каспий жағалауының солт. және оңт. аралығының 600 км кеңістік жерлерінде кезіп жүрген. Олардың маусымдық аңшылыққа шығуы, көршілерімен байланысу мүмкіндігін туғызып, мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Ойықты мәдениетінің бір нұсқасы болғандықтан Тұйылыс мәдениетінің шаруашылығы оншалықты ерекшеленбей аралас болып келген. Жергілікті тұрғындардың тағы бір бөлігі б.з.б. 5-мыңжылдықтың аяғында Каспий теңізі жағалауын мекендеген. Балық аулаумен айналысуға тұрақтарын өзгертудің қажеті болмағандықтан, олар теңіз жағалауының тұщы су көзі бар қолайлы жерлерді таңдаған, ал аңшылықпен айналысу қосалқы кәсіп ретінде болған. Адамдардың теңіз жағалауына орналасып балықшылықпен айналысуы, көші-қонның азайып, тұрақты мекен орындары алғашқы үйлердің пайда болуына үлкен әсерін тигізді.  
05.12.2012 11:09 8239

Маңғыстау археологиясы
Маңғыстау түбегінің археологиясы әлі күнге дейін түбегейлі нақты зерттелмеген. Дегенмен, бүгінгі таңда қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, жалпы суреттеу арқылы өте ертеде мекендеген адамдардың өмір сүруі, олардың айналысқан шаруашылық түрлерін білуге болады. Маңғыстау түбегі мен Үстірт жазығына адамдардың қоныстану ерекшелігінің басты себебі олар мекендеген жерлерде су көздерінің болуы еді. Археологлиялық зерттеулерге сүйенсек, тұщы су көздері жақын орналасқан жерлерде немесе оның айналасында адамдар ежелден қоныстанған. Палеогидрологиялық және археологлиялық деректер негізінде аймақтардың (Орта Азия өзен арасы және Солтүстік Каспий жағалауы) ландшафты климатын салыстыру нәтижесінде Маңғыстау мен Үстірт климаты мен табиғатының өзгеріске ұшырағанына 10 мың жыл болғаны геопалеологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. Маңғыстау өңірінің палеолит заманына зерттеу жұмыстарын 20 ғасырдың 60-жылдары геолог А.Г. Медоев жүргізді. Оның тапқан мекен-орындарынан өкінішке орай күні бүгінге дейін ғыл. тұрғыда терең зерттелмеген, тек ол адам жасаған Маңғыстау палеолиті геохронологиясы, археолог Ж.Таймағамбетовтың ғылыми-зерттеу еңбегіне негіз болып алынды. Бұл еңбегінде автор Маңғыстау өлкесінде автохтондық мәдениеттің тас индустриясы өте ертеде пайда болғанын, яғни палеолит дәуірінің үш кезеңінде де болғанын анықтап дәлелдеді.
Мезолит ескерткіштері
Маңғыстау өңірінің мезолит заманының ескерткіштері де нақты түбегейлі зерттелмеген. Жақын өлкелерде орналасқан Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Батыс Үстірт мәдениеттерінің тас индустриялары, дамыған пластиналық қашау технологияларымен және геометриялық микролиттер (ассиметрия, трапеция және т.б. ) жиынтығымен ерекшеленеді. Осыларға сүйене отырып өлке мезолитінің ерте дәуірін б.з.б. 9 – 10-мыңжылдықтар деп болжауға болады.
Неолит ескерткіштері
Жергілікті неолит дәуірі технологиясы Қызылсу-1 үлгісінде негізделеді. Оның хронологиялық уақыты б.з.б. 6 – 5-мыңжылдықтарды қамтиды. Маңғыстау неолиті жақын жерде өмір сүрген екі археологиялық мәдениеттер – Ойықты және Тұйылыс мәдениеттері материалдарымен сипатталады. Ойықты мәдениетінде аңшылық және терімшілікпен айналысқан, олар қыштан ыдыс жасауды білген. Күнделікті тұрмыста тері өңдеуді және ағаштан, сүйектен бұйымдар жасауды кеңінен қолданған. Сонымен бірге теңіз түбі қабыршақ-бақалшақтардан әшекей бұйымдар жасауды да игерген. Ойықтылардың бір бөлігі алғашқы кезеңде белгілі анық тұрағы болмағандықтан, кезбе аңшылықпен күн кешкен деген болжамдар бар. Олар Шығыс Каспий жағалауының солт. және оңт. аралығының 600 км кеңістік жерлерінде кезіп жүрген. Олардың маусымдық аңшылыққа шығуы, көршілерімен байланысу мүмкіндігін туғызып, мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Ойықты мәдениетінің бір нұсқасы болғандықтан Тұйылыс мәдениетінің шаруашылығы оншалықты ерекшеленбей аралас болып келген. Жергілікті тұрғындардың тағы бір бөлігі б.з.б. 5-мыңжылдықтың аяғында Каспий теңізі жағалауын мекендеген. Балық аулаумен айналысуға тұрақтарын өзгертудің қажеті болмағандықтан, олар теңіз жағалауының тұщы су көзі бар қолайлы жерлерді таңдаған, ал аңшылықпен айналысу қосалқы кәсіп ретінде болған. Адамдардың теңіз жағалауына орналасып балықшылықпен айналысуы, көші-қонның азайып, тұрақты мекен орындары алғашқы үйлердің пайда болуына үлкен әсерін тигізді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға