Жаңалықтар

Орта ғасырлардағы Африка

  Орта ғасырлардағы Африка Египет Африкадағы ең ежелгі мемлекет Египет еді. 395 жылы Рим империясы екіге бөлініп кеткен соң ол Византияның қол астында қалды. IV ғасырдың басына қарай оның халқы христиан дінін қабылдаған болатын. Египетті 639-642 жылдары арабтар басып алды. Жергілікті копт халқы арабтарды өздерін Византия қысымшылығынан құтқарушылар ретінде қуана қарсы алды. Византия императорларының жер иеліктері мұсылман кауым дарының жерлері деп жарияланды. Ол жерлерде отырған шаруалар қазынаға харадж деп аталған жер салығын төледі. VII ғасырдың ортасына қарай Египеттің халқы ислам дінін кабылдап, араб тіліне көше бастады. IX ғасырда Араб халифатының әлсіреуіне байланысты Египет тәуелсіздігін алды. Оның аумағында Тулунилер, Фатимилер әулеттері басқарған дербес мемлекеттер құрылды. 1171 жылы Египеттегі өкімет билігі Айюбилер әулетінің қолына көшті. Ол әулеттің негізін қалаушы сұлтан Салах-ад-дин болды. Айюбилер сұлтандары мәмлүктер деп аталған құлдардан құрылған ұлан ұстады. 1250 жылы мәмлүктер өкімет билігін басып алды. Мәмлүктердің ұлы әскери және мемлекет қайраткері қазақ даласының перзенті, қыпшақ Бейбарыс болды. Ол крест жорықтарына қарсы шыққан Египет өскеріне колбасшылық етті. Бейбарыс батырлығымен, жомарттығымен, әділеттілігімен халықтың сый-құрметіне бөленді. 1260-1277 жылдары Египетті биледі. 1517 жылы мәмлүктерді түріктер жеңіп, Египетті Осман империясына қосып алды. Аксум Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттің бірі Аксум болды. Ол қазіргі Эфиопия мемлекетінің солтүстігінде III ғасырға қарай құрылған болатын. Аксумдағы қоғамдық және экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар қауымы құрады. Қауымда жерге және еңбек өнімдеріне ұжымдық меншік сақталды. Бара-бара жерге мемлекеттік меншік те орнай бастады.Үкімет басшыларының, ақсүйектердің де жеке меншік жер иеліктері қалыптасты. Шіркеулер мен мешіттердің де ұлан-ғайыр жер иеліктері болды. Бұл жерлердің бәрін қауымдық шаруалар өңдеді. Ерікті шаруалар қауымдары үкіметке азық-түлік салығын төлеп, қолөнер бүйымдарының біраз бөлігін беріп отырды. Сондай-ақ қауым мүшелері құрылыс жұмыстарына да қатысуға міндетті болды. Аксумның шаруашылығы натуралды болды, яғни әрбір қауым өз қажетін өзі өтеп отырды. Сауда сырт елдерге бағытталды. IV ғасырда аксумдықтар христиан дінін қабылдады. VII ғасырға қарай өзінше жеке мемлекет болуын тоқтатты. Бірақ оның астанасы Аксум мәдени және тарихи орталық болып қала берді. Гана VIII ғасырға қарай Африка құрлығының батысында Гана мемлекеті күшейе бастады. IX ғасырда ол көршілері - көшпелі берберлермен жиі соғысып отырды. Ал 990 жылы Гана зенга тайпасын жеңіп, оның астанасы Аудагосты басып алды. Гана Батыс Африка елдерімен саудадағы үстемдігін орнатты. Оның жері арқылы сауда жолдары өтетін. Гана барлық сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Саяхатшылар мен көпестер Гана патшаларының байлығы туралы таңғажайып аңыздар таратты. XI ғасырдың аяғына қарай Ганаға Марокко сұлтандары шабуыл жасап, астанасын басып алды. Гана ислам дінін қабылдап, Мароккоға салық төлеп түрды. Марокколықтардың Ганадағы үстемдігі он жылдай уақытқа созылды. Бірақ XIII ғасырдың басында Гана мемлекетін Мали патшалығы жаулап алды.  
05.12.2012 11:05 11394

 

Орта ғасырлардағы Африка
Египет
Африкадағы ең ежелгі мемлекет Египет еді. 395 жылы Рим империясы екіге бөлініп кеткен соң ол Византияның қол астында қалды. IV ғасырдың басына қарай оның халқы христиан дінін қабылдаған болатын. Египетті 639-642 жылдары арабтар басып алды. Жергілікті копт халқы арабтарды өздерін Византия қысымшылығынан құтқарушылар ретінде қуана қарсы алды. Византия императорларының жер иеліктері мұсылман кауым дарының жерлері деп жарияланды. Ол жерлерде отырған шаруалар қазынаға харадж деп аталған жер салығын төледі. VII ғасырдың ортасына қарай Египеттің халқы ислам дінін кабылдап, араб тіліне көше бастады. IX ғасырда Араб халифатының әлсіреуіне байланысты Египет тәуелсіздігін алды. Оның аумағында Тулунилер, Фатимилер әулеттері басқарған дербес мемлекеттер құрылды. 1171 жылы Египеттегі өкімет билігі Айюбилер әулетінің қолына көшті. Ол әулеттің негізін қалаушы сұлтан Салах-ад-дин болды. Айюбилер сұлтандары мәмлүктер деп аталған құлдардан құрылған ұлан ұстады. 1250 жылы мәмлүктер өкімет билігін басып алды. Мәмлүктердің ұлы әскери және мемлекет қайраткері қазақ даласының перзенті, қыпшақ Бейбарыс болды. Ол крест жорықтарына қарсы шыққан Египет өскеріне колбасшылық етті. Бейбарыс батырлығымен, жомарттығымен, әділеттілігімен халықтың сый-құрметіне бөленді. 1260-1277 жылдары Египетті биледі. 1517 жылы мәмлүктерді түріктер жеңіп, Египетті Осман империясына қосып алды.
Аксум
Орта ғасырларда Африкадағы қуатты мемлекеттің бірі Аксум болды. Ол қазіргі Эфиопия мемлекетінің солтүстігінде III ғасырға қарай құрылған болатын. Аксумдағы қоғамдық және экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар қауымы құрады. Қауымда жерге және еңбек өнімдеріне ұжымдық меншік сақталды. Бара-бара жерге мемлекеттік меншік те орнай бастады.Үкімет басшыларының, ақсүйектердің де жеке меншік жер иеліктері қалыптасты. Шіркеулер мен мешіттердің де ұлан-ғайыр жер иеліктері болды. Бұл жерлердің бәрін қауымдық шаруалар өңдеді. Ерікті шаруалар қауымдары үкіметке азық-түлік салығын төлеп, қолөнер бүйымдарының біраз бөлігін беріп отырды. Сондай-ақ қауым мүшелері құрылыс жұмыстарына да қатысуға міндетті болды. Аксумның шаруашылығы натуралды болды, яғни әрбір қауым өз қажетін өзі өтеп отырды. Сауда сырт елдерге бағытталды. IV ғасырда аксумдықтар христиан дінін қабылдады. VII ғасырға қарай өзінше жеке мемлекет болуын тоқтатты. Бірақ оның астанасы Аксум мәдени және тарихи орталық болып қала берді.
Гана
VIII ғасырға қарай Африка құрлығының батысында Гана мемлекеті күшейе бастады. IX ғасырда ол көршілері - көшпелі берберлермен жиі соғысып отырды. Ал 990 жылы Гана зенга тайпасын жеңіп, оның астанасы Аудагосты басып алды. Гана Батыс Африка елдерімен саудадағы үстемдігін орнатты. Оның жері арқылы сауда жолдары өтетін. Гана барлық сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Саяхатшылар мен көпестер Гана патшаларының байлығы туралы таңғажайып аңыздар таратты. XI ғасырдың аяғына қарай Ганаға Марокко сұлтандары шабуыл жасап, астанасын басып алды. Гана ислам дінін қабылдап, Мароккоға салық төлеп түрды. Марокколықтардың Ганадағы үстемдігі он жылдай уақытқа созылды. Бірақ XIII ғасырдың басында Гана мемлекетін Мали патшалығы жаулап алды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға