Жаңалықтар

Жар-жар

  Жар-жар — қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтындығын айтады. Жігіттер жағы “Алып келген базардан қара насар, жар-жар-ау, Қара мақпал сәукеле шашың басар, жар-жар-ау, Мұнда әкем қалды деп қайғырмаңыз, жар-жар-ау, Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар жар-жар-ау” десе, қыздар жағы “Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар-ау, Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар-ау. Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау”, — деп сызылта әндетіп айтатын өлең мәтіні, көбінесе, бір-біріне ұқсас болып келеді. “Жар-жар” сөзі дағдылы қайталанып келіп отыратындықтан да өлең осылай аталып кеткен. Қазақстанның кейбір өңірлерінде оның орнына “үкі-ау”, “ай-ау” сияқты тіркестерді қосып айтатын жағдайлар да кездеседі. Өлең мәтіні 11 буынды қара өлең үлгісімен немесе 7 — 8 буынды жыр ағымымен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі жолы, көбінесе, ұйқас үшін алынған, тұспалды білдіретін мазмұнда болады, негізгі ой үшінші, төртінші жолда айтылады. Әдетте, Жар-жарда дәстүрлі қоғамның адамгершілік ұстанымы жырланады, оның мәтінінде қалыптасқан дүниетанымды бұзатындай жаңа шумақтар сирек болады. Кезектесіп, көп дауыспен айтылатын Жар-жар табиғатында ойын-сауықтық сипаттар басым болады да, оның орындалу мәнері дала сахнасындағы театрландырылған көріністі елестетеді. ұұрыптық салт бойынша Жар-жар айтып болған соң жігіттер отау үйдің үзігін сыпырып тартып әкетеді. Бұл отаудың жігіт жұртына көшірілетінін, қыз ғұмырдың аяқталғандығын, қыздың көп ұзамай аттанатындығын білдіретін салт. Жар-жар өзінің мәні жағынан өнегесі мол, өміршең жанр болып есептеледі. Қазіргі заманғы үйлену тойындағы Жар-жар жаңа мазмұнға ие болған, оған ақын-жазушылар жаңа сөз жазып, жаңа әнмен жас жұбайлар тойында міндетті түрде орындалатын өнер туындысына айналған.  
05.12.2012 11:02 5937

 

Жар-жар — қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.

Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтындығын айтады. Жігіттер жағы “Алып келген базардан қара насар, жар-жар-ау, Қара мақпал сәукеле шашың басар, жар-жар-ау, Мұнда әкем қалды деп қайғырмаңыз, жар-жар-ау, Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар жар-жар-ау” десе, қыздар жағы “Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар-ау, Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар-ау. Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау”, — деп сызылта әндетіп айтатын өлең мәтіні, көбінесе, бір-біріне ұқсас болып келеді. “Жар-жар” сөзі дағдылы қайталанып келіп отыратындықтан да өлең осылай аталып кеткен. Қазақстанның кейбір өңірлерінде оның орнына “үкі-ау”, “ай-ау” сияқты тіркестерді қосып айтатын жағдайлар да кездеседі. Өлең мәтіні 11 буынды қара өлең үлгісімен немесе 7 — 8 буынды жыр ағымымен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі жолы, көбінесе, ұйқас үшін алынған, тұспалды білдіретін мазмұнда болады, негізгі ой үшінші, төртінші жолда айтылады. Әдетте, Жар-жарда дәстүрлі қоғамның адамгершілік ұстанымы жырланады, оның мәтінінде қалыптасқан дүниетанымды бұзатындай жаңа шумақтар сирек болады. Кезектесіп, көп дауыспен айтылатын Жар-жар табиғатында ойын-сауықтық сипаттар басым болады да, оның орындалу мәнері дала сахнасындағы театрландырылған көріністі елестетеді. ұұрыптық салт бойынша Жар-жар айтып болған соң жігіттер отау үйдің үзігін сыпырып тартып әкетеді. Бұл отаудың жігіт жұртына көшірілетінін, қыз ғұмырдың аяқталғандығын, қыздың көп ұзамай аттанатындығын білдіретін салт. Жар-жар өзінің мәні жағынан өнегесі мол, өміршең жанр болып есептеледі. Қазіргі заманғы үйлену тойындағы Жар-жар жаңа мазмұнға ие болған, оған ақын-жазушылар жаңа сөз жазып, жаңа әнмен жас жұбайлар тойында міндетті түрде орындалатын өнер туындысына айналған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға