Жаңалықтар

Журналистика

Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы. Журналистикаға және Ақпарат Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған. Мәліметтерді жариялау Жекелеген хабарламалар немесе мәліметтер жариялау әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды: шешендер мен жаршылар ақпараттарды ауызша жеткізсе (қ. Жаршы), Мысырда (Ежелгі Египетте) жаңалықтар жазылған папирустар, Ежелгі Римнің қоғамдық орталықтарында хабарлама ілінетін арнаулы тақталар арқылы жазбаша жүргізілді. Әр түрлі елдерде қазіргі газеттердің алғашқы бастауы ретіндегі жаңалықтар жазылған қолжазбалар пайдаланылды. Неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің (1394/99 – 1468) баспа машинасын ойлап табуы (1445) қазіргі заманғы түсініктегі журналистиканың пайда болуына ықпал етті. Алғашқы газеттер Германияда 1609 жылы, Ұлыбританияда 1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады. Журналистика термині Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет). Журналистиканың түрлері Журналистиканың әрбір түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Журналистік қызмет құрылтайы Журналистік қызмет құрылтайшы – журналист – аудитория жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Кеңестік тоталитарлық қоғамда Журналистикаға қатысты біржақты көзқарас қалыптасып, барша бұқаралық ақпарат құралдары бірпартиялық билік пен оның идеологиясын насихаттауға жұмылдырылды. Сайып келгенде, мұның өзі ежелден қалыптасқан Журналитиканың “өзі өмір сүріп отырған кезеңді жан-жақты қарастыру” мүмкіндігін шектеді. Қалыпты даму заңдылығы болып табылатын бәсекелестікті кеңестік журналистика өз ішінде жоқ деп санағанымен, осы идеяны қорғау мақсатында шетелдік ақпарат құралдарымен амалсыз сырттай бәсекеге түсуге мәжбүр болды. Қазақстандағы журналистика Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңы кепілдік береді (қ. Қазақ журналистикасы).  
05.12.2012 11:02 11406


Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Журналистикаға және Ақпарат
Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған.
Мәліметтерді жариялау
Жекелеген хабарламалар немесе мәліметтер жариялау әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды: шешендер мен жаршылар ақпараттарды ауызша жеткізсе (қ. Жаршы), Мысырда (Ежелгі Египетте) жаңалықтар жазылған папирустар, Ежелгі Римнің қоғамдық орталықтарында хабарлама ілінетін арнаулы тақталар арқылы жазбаша жүргізілді. Әр түрлі елдерде қазіргі газеттердің алғашқы бастауы ретіндегі жаңалықтар жазылған қолжазбалар пайдаланылды. Неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің (1394/99 – 1468) баспа машинасын ойлап табуы (1445) қазіргі заманғы түсініктегі журналистиканың пайда болуына ықпал етті. Алғашқы газеттер Германияда 1609 жылы, Ұлыбританияда 1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады.
Журналистика термині
Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).
Журналистиканың түрлері
Журналистиканың әрбір түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Журналистік қызмет құрылтайы
Журналистік қызмет құрылтайшы – журналист – аудитория жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Кеңестік тоталитарлық қоғамда Журналистикаға қатысты біржақты көзқарас қалыптасып, барша бұқаралық ақпарат құралдары бірпартиялық билік пен оның идеологиясын насихаттауға жұмылдырылды. Сайып келгенде, мұның өзі ежелден қалыптасқан Журналитиканың “өзі өмір сүріп отырған кезеңді жан-жақты қарастыру” мүмкіндігін шектеді. Қалыпты даму заңдылығы болып табылатын бәсекелестікті кеңестік журналистика өз ішінде жоқ деп санағанымен, осы идеяны қорғау мақсатында шетелдік ақпарат құралдарымен амалсыз сырттай бәсекеге түсуге мәжбүр болды.
Қазақстандағы журналистика

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңы кепілдік береді (қ. Қазақ журналистикасы).
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға