Жаңалықтар

Соңғы палеолит

  Соңғы палеолит – Сонғы палеолит б. з. б. 40—35 мыңжылдан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады. Бұл Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адамзат коғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл кұбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік дамуымен, рулық қауымның қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуы мен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялык тобы болды. Сондай-ақ әйелдердің коғамдық өміріңдегі жоғары дәрежесі де қауымдық үй шаруашылығының өзгешелігінен, руды өрбітуші ретіндегі әйелдің отбасындағы рөлінен туындады. Ежелгі адамдардың идеологиялық ұгым - дарында ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайда болуы кездейсоқ емес.[1] Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды; мүның негізінде хайуанның бейнесін — символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магияның әмбебап кұралы сол кезде пайда болған алғашқы өнер болды деп топшыланады. Оның басты тақырыбы — әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жүмсак тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналык қасиетті бейнеледі. Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сиякты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілтен қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алка тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншак тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақтастан, мүйізден жасалған заттар қойылды. Соңғы палеолиттік мәдениет ареалы Қазақстан аумағы үшін әлі де айқындала қойған жоқ, солай бола тұрса да алдын ала жасалтан тұжырымдар санының аз болғанына қарамастан, ескерткіштерді географиялык жагынан кеңтаралган деп үміттенуге мүмкіндік береді.Біздіңше, олардың саны аз болуы палеогеографиялык жагдайларга байланысты. Нақ сол кезде күн салқындап, қуаңшылыктуган, мұнын өзі адамдардың мекендеуіне қолайсыз жағдай туғызды. Алдындағы кезеннің ескерткіштерімен салыстырғанда бұл ұакыт тұрақтарының аз табылғанын атап өтеміз. Шығыс ҚазақстандаҚанай, Свинчата, Пещера, Ново-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.Өңгір тұрағы Бұқтырманың оң жағасында үңгірге кіреберісте орналаскан. Көмбенің шығыс жағындағы 30—50 см және батыс жағындагы 60-170 см терендікте казба жұмысы барысында палеолиттік бұйымдар табылды, олардың арасында айналдыра өндеп жасалған кырғыш, қайшы сияқты қа- лақшаның сынығы, қайшы тәрізді кұрал, сынық ізді пирамида түріндегі нүктелес, шой балға және қара шақпақтас пен жасыл кварцит жынысы өндірісінің калдықтары бар. Барлық кұралдардың бет жағы өңделіп, әк ренді болып келеді, жануарлар: мүйізтұмсық, бизон, үңгір арыстаны және басқалар сүйектерінің көмірі, сынықтары табылды. Құралдардың сипаты тұрактың мерзімін жоғарғы палеолит деп шамалауға мүмкіндік береді. Алдындағы кезендерге Карағанда жоғарғы палеолитте тас құралдарды өндеу неғұрлым күрделі болды. Сүйек және ағаш жақтауларга сына ретінде пайдалануға арналган жұқа қалақшалар жөніліп, сонан соң бұл кұралдар пышақ және қырғыш ретінде пайдаланылған. Қыспа ретушь техникасы да кең қолданылды, ол жүзі жүқа кұралдар — найзалардың, сүңгілердің ұштарын алуға мүмкіндік берді. Ертістегі Шүлбі тұрағында 5000 тас бұйымдар арасында сынық тастар мен калақшалар, кырғыштар, өткір үштар, кескіштер, түйрегіштер, алуан түрлі нуклеустер мен өндіріс қалдықтары кездеседі. Тас бұйымдардан басқа жұмыр тастардан қаланған, күл қабаты бар ошақтар табылды, ал ошақтардың айналасында едәуір кашық жерде диаметрі шағын және дөңгелектүрдегі қара дақтар жатыр. Бұлар тұргғын жайдың негізі болған ағаш діңгектердің қалдықтары болуы ықтимал. Жердің қолайлы орналасуы, биік жарқабақ, өзен, орман - осылардың бәрі адамдарға пана болған, ал жаз кезінде күйдірген күн мен жаңбырдан бас сауғалап, ол өзіне уақытша тұрғын жай салған, мұны қара дақтар мен ошақтар дәлелдейді. Мәдени-тұрмыстық қалдықтармен қоса адам қабірі табылды, онда адам тік күйінде сол бүйірінен жатқызылып, басы батысқа қаратылған. Қаңқа өте нашар сақталған, өйткені тайызда жатыр, бірақ оның табылуының өзі назар аударуға лайық. Шүлбі тұратындағы құралдарды дайындауға пайдаланылған негізгі шикізат материалы — халцедон, яшма, шақпактас және тау хрусталі. Бұдан көрініп отыр- ғанындай, тас ғасырының алдыңғы дәуірлерімен салыстырғанда, алуан түрлі тас түрлері және жергілікті жердең шықпағандары да пайдаланылған. Алтай мен Сібір тұрақтарынан да осыған ұқсас жиынтықтар табылған, мұның өзі олардың мерзімін 30—25 мың жыл деп белгілеуге мүмкіндік береді. Қазақстан аумағында соңғы палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері көп емес, бірақ қолда бар материалдар ежелгі тас ғасыры адамдарының материалдық мәдениеті дамуының, сондай-ак Қазақстан аумағын мекендеу үрдісінің үздіксіз жүргенін аңғаруға мүмкіндік туғызады. Жоғарғы палеолит — адамның одан әрі дамып, тас кұралдар дайындайтын жаңа техникасы пайда болған және олар жетілдірілген кез. Бұрынғысынша, ұсақ малтатастардан жасалған шапқыш көне құралдар, ауыр салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалакшалар көп, олар дөңгелек түрдегі нуклеустерден омырылып алынған. Омыру техникасының жетілдірілуі соққы жасалатын беті жару сызығына тура бұрыш жасап тұратындай етіп алдын- ала дайындалған призмалы нуклеустердің пайда болуынан көрінеді. Соның нәтижесінде омырылғаннан кейін нуклеус көп қырлы призма түрін алған. Жоғарғы палеолит адамының өмір жағдайларын сипаттау үшін Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы ауданында 22, Шығыс Қазақстандағы Ертісте 23, Сарысу өзені өңірі мен Солтүстік Балқаш өңірінде табылған тас бұйымдар мейлінше толық материал береді.  
05.12.2012 11:00 8793

 

Соңғы палеолит – Сонғы палеолит б. з. б. 40—35 мыңжылдан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады. Бұл Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адамзат коғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл кұбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік дамуымен, рулық қауымның қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуы мен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялык тобы болды. Сондай-ақ әйелдердің коғамдық өміріңдегі жоғары дәрежесі де қауымдық үй шаруашылығының өзгешелігінен, руды өрбітуші ретіндегі әйелдің отбасындағы рөлінен туындады. Ежелгі адамдардың идеологиялық ұгым - дарында ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайда болуы кездейсоқ емес.[1] Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды; мүның негізінде хайуанның бейнесін — символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магияның әмбебап кұралы сол кезде пайда болған алғашқы өнер болды деп топшыланады. Оның басты тақырыбы — әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жүмсак тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналык қасиетті бейнеледі. Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сиякты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілтен қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алка тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншак тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақтастан, мүйізден жасалған заттар қойылды. Соңғы палеолиттік мәдениет ареалы Қазақстан аумағы үшін әлі де айқындала қойған жоқ, солай бола тұрса да алдын ала жасалтан тұжырымдар санының аз болғанына қарамастан, ескерткіштерді географиялык жагынан кеңтаралган деп үміттенуге мүмкіндік береді.Біздіңше, олардың саны аз болуы палеогеографиялык жагдайларга байланысты. Нақ сол кезде күн салқындап, қуаңшылыктуган, мұнын өзі адамдардың мекендеуіне қолайсыз жағдай туғызды. Алдындағы кезеннің ескерткіштерімен салыстырғанда бұл ұакыт тұрақтарының аз табылғанын атап өтеміз. Шығыс ҚазақстандаҚанай, Свинчата, Пещера, Ново-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.Өңгір тұрағы Бұқтырманың оң жағасында үңгірге кіреберісте орналаскан. Көмбенің шығыс жағындағы 30—50 см және батыс жағындагы 60-170 см терендікте казба жұмысы барысында палеолиттік бұйымдар табылды, олардың арасында айналдыра өндеп жасалған кырғыш, қайшы сияқты қа- лақшаның сынығы, қайшы тәрізді кұрал, сынық ізді пирамида түріндегі нүктелес, шой балға және қара шақпақтас пен жасыл кварцит жынысы өндірісінің калдықтары бар. Барлық кұралдардың бет жағы өңделіп, әк ренді болып келеді, жануарлар: мүйізтұмсық, бизон, үңгір арыстаны және басқалар сүйектерінің көмірі, сынықтары табылды. Құралдардың сипаты тұрактың мерзімін жоғарғы палеолит деп шамалауға мүмкіндік береді. Алдындағы кезендерге Карағанда жоғарғы палеолитте тас құралдарды өндеу неғұрлым күрделі болды. Сүйек және ағаш жақтауларга сына ретінде пайдалануға арналган жұқа қалақшалар жөніліп, сонан соң бұл кұралдар пышақ және қырғыш ретінде пайдаланылған. Қыспа ретушь техникасы да кең қолданылды, ол жүзі жүқа кұралдар — найзалардың, сүңгілердің ұштарын алуға мүмкіндік берді. Ертістегі Шүлбі тұрағында 5000 тас бұйымдар арасында сынық тастар мен калақшалар, кырғыштар, өткір үштар, кескіштер, түйрегіштер, алуан түрлі нуклеустер мен өндіріс қалдықтары кездеседі. Тас бұйымдардан басқа жұмыр тастардан қаланған, күл қабаты бар ошақтар табылды, ал ошақтардың айналасында едәуір кашық жерде диаметрі шағын және дөңгелектүрдегі қара дақтар жатыр. Бұлар тұргғын жайдың негізі болған ағаш діңгектердің қалдықтары болуы ықтимал. Жердің қолайлы орналасуы, биік жарқабақ, өзен, орман - осылардың бәрі адамдарға пана болған, ал жаз кезінде күйдірген күн мен жаңбырдан бас сауғалап, ол өзіне уақытша тұрғын жай салған, мұны қара дақтар мен ошақтар дәлелдейді. Мәдени-тұрмыстық қалдықтармен қоса адам қабірі табылды, онда адам тік күйінде сол бүйірінен жатқызылып, басы батысқа қаратылған. Қаңқа өте нашар сақталған, өйткені тайызда жатыр, бірақ оның табылуының өзі назар аударуға лайық. Шүлбі тұратындағы құралдарды дайындауға пайдаланылған негізгі шикізат материалы — халцедон, яшма, шақпактас және тау хрусталі. Бұдан көрініп отыр- ғанындай, тас ғасырының алдыңғы дәуірлерімен салыстырғанда, алуан түрлі тас түрлері және жергілікті жердең шықпағандары да пайдаланылған. Алтай мен Сібір тұрақтарынан да осыған ұқсас жиынтықтар табылған, мұның өзі олардың мерзімін 30—25 мың жыл деп белгілеуге мүмкіндік береді. Қазақстан аумағында соңғы палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері көп емес, бірақ қолда бар материалдар ежелгі тас ғасыры адамдарының материалдық мәдениеті дамуының, сондай-ак Қазақстан аумағын мекендеу үрдісінің үздіксіз жүргенін аңғаруға мүмкіндік туғызады. Жоғарғы палеолит — адамның одан әрі дамып, тас кұралдар дайындайтын жаңа техникасы пайда болған және олар жетілдірілген кез. Бұрынғысынша, ұсақ малтатастардан жасалған шапқыш көне құралдар, ауыр салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалакшалар көп, олар дөңгелек түрдегі нуклеустерден омырылып алынған. Омыру техникасының жетілдірілуі соққы жасалатын беті жару сызығына тура бұрыш жасап тұратындай етіп алдын- ала дайындалған призмалы нуклеустердің пайда болуынан көрінеді. Соның нәтижесінде омырылғаннан кейін нуклеус көп қырлы призма түрін алған.
Жоғарғы палеолит адамының өмір жағдайларын сипаттау үшін Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы ауданында 22, Шығыс Қазақстандағы Ертісте 23, Сарысу өзені өңірі мен Солтүстік Балқаш өңірінде табылған тас бұйымдар мейлінше толық материал береді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға