Жаңалықтар

Малайзия

Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы федералды  мемлекет. Батыс бөлігі Малакка түбегінің оңтүстігінде, шығыс бөлігі Калимантан аралының солтүстігі мен солтүстік-батысында орналасқан. Жалпы жер аумағы 332,8 мың км2. Халқы – 21,3 млн. адам. Астанасы – Куала Лумпур қаласы. Әкімшілік жағынан 13 штаттан және 2 федералды аумақтан тұрады. Ресми тілі – малайя тілі. Негізгі діні – ислам, сонымен бірге буддизм, христиан діндерін ұстанады. Малайзия – конституциялық монархиялы мемлекет. Ел басшысы – сұлтан. Заң шығарушы органы 2 палатадан (сенат және өкілдер палатасы) тұрады. Атқарушы билік премьер-министрге бағынады. Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні – 31 тамыз (1957). Ақша бірлігі – ринггит. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық климат. Орташа жылдық температурасы 25 – 28°С. Жауын-шашын мөлшері жылына – жағалаулық өңірлерде 2000 – 2500 мм, таулы аймақта 4000 – 5000 мм. Ірі өзендері – Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр. Малайзия жерін адамдар өте ерте заманнан бастап қоныстанған. Біздің заманымыздың бас кезінен бастап жергілікті мемлекеттік бірлестіктер құрылды. Малайзия жерінде 7-ғасырда үнділік мемлекет құрылды. 13-ғасырда елдің солтүстігі Тан билеушілеріне бағынды. 15-ғасырдың басында барлық Малайзия жерлерін біріктірген Малакка патшалығы қалыптасты. 16-ғасырда Малаккаға Португалия, кейінірек Голландия басып кірді. 18-ғасырдан бастап Малайзия Британ билігінде болды. 1941 ж. елді Жапония жаулап алды. 1945 ж. Жапонияның жеңілуімен, Малайзия қайтадан Британ отарына айналды. 1948 ж. Малайя федерациясы құрылды (Батыс Малайзияда). 1957 ж. 31 тамызда Малайзия Британ бірлестігі аумағында өз тәуелсіздігін жариялайды. 1963 ж. Малайя, Сингапур, Саравак, Сабах және Солтүстік-Борнео елдері бірігіп Малайзия федерациясын құрды. 1980 – 90 ж. Малайзия жедел дамып, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аса дамыған мемлекеттер қатарына қосылды. Малайзия – Тынық мұхит бассейніндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Экономикасы мұнай, каучук, қалайы, ағаш өнімдерін экспорттауға негізделген. Негізгі ауыл шаруашылық  дақылдары – күріш, какао, бұрыш. 1995 жылдан бастап, экспорттық тауарлар қатарына – автокөлік бөлшектері, радиоэлектроника, тоқыма-тігін тауарлары және цемент, станоктар, т.б. қосылды. 1990 жылдан Малайзия әлемдік демалыс және туризм орталығына айнала бастады. Негізгі сауда серіктестері: Жапония, АҚШ, Сингапур. Қазақстан мен Малайзия қарым-қатынасы 1992 ж. 16-наурыздан бастап орнықты.      
05.12.2012 10:56 15040

Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы федералды  мемлекет. Батыс бөлігі Малакка түбегінің оңтүстігінде, шығыс бөлігі Калимантан аралының солтүстігі мен солтүстік-батысында орналасқан. Жалпы жер аумағы 332,8 мың км2. Халқы – 21,3 млн. адам. Астанасы – Куала Лумпур қаласы. Әкімшілік жағынан 13 штаттан және 2 федералды аумақтан тұрады. Ресми тілі – малайя тілі. Негізгі діні – ислам, сонымен бірге буддизм, христиан діндерін ұстанады. Малайзия – конституциялық монархиялы мемлекет. Ел басшысы – сұлтан. Заң шығарушы органы 2 палатадан (сенат және өкілдер палатасы) тұрады. Атқарушы билік премьер-министрге бағынады. Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні – 31 тамыз (1957). Ақша бірлігі – ринггит.

Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық климат. Орташа жылдық температурасы 25 – 28°С. Жауын-шашын мөлшері жылына – жағалаулық өңірлерде 2000 – 2500 мм, таулы аймақта 4000 – 5000 мм. Ірі өзендері – Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр.

Малайзия жерін адамдар өте ерте заманнан бастап қоныстанған. Біздің заманымыздың бас кезінен бастап жергілікті мемлекеттік бірлестіктер құрылды. Малайзия жерінде 7-ғасырда үнділік мемлекет құрылды. 13-ғасырда елдің солтүстігі Тан билеушілеріне бағынды. 15-ғасырдың басында барлық Малайзия жерлерін біріктірген Малакка патшалығы қалыптасты. 16-ғасырда Малаккаға Португалия, кейінірек Голландия басып кірді. 18-ғасырдан бастап Малайзия Британ билігінде болды. 1941 ж. елді Жапония жаулап алды. 1945 ж. Жапонияның жеңілуімен, Малайзия қайтадан Британ отарына айналды. 1948 ж. Малайя федерациясы құрылды (Батыс Малайзияда). 1957 ж. 31 тамызда Малайзия Британ бірлестігі аумағында өз тәуелсіздігін жариялайды. 1963 ж. Малайя, Сингапур, Саравак, Сабах және Солтүстік-Борнео елдері бірігіп Малайзия федерациясын құрды. 1980 – 90 ж. Малайзия жедел дамып, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аса дамыған мемлекеттер қатарына қосылды.

Малайзия – Тынық мұхит бассейніндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Экономикасы мұнай, каучук, қалайы, ағаш өнімдерін экспорттауға негізделген. Негізгі ауыл шаруашылық  дақылдары – күріш, какао, бұрыш. 1995 жылдан бастап, экспорттық тауарлар қатарына – автокөлік бөлшектері, радиоэлектроника, тоқыма-тігін тауарлары және цемент, станоктар, т.б. қосылды. 1990 жылдан Малайзия әлемдік демалыс және туризм орталығына айнала бастады. Негізгі сауда серіктестері: Жапония, АҚШ, Сингапур. Қазақстан мен Малайзия қарым-қатынасы 1992 ж. 16-наурыздан бастап орнықты.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға