Жаңалықтар

Шағатай хан

Шағатай хан (моңғ. Цагадай) — Шыңғыс ханның  екінші ұлы. Анасы — Бөрте. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол қазіргі Орталық Азияның бес мемлекетінің жерінің басым бөлігін және солтүстік Иранды еншілеп алды. Ол 1241 жылы қайтыс болғанға дейін соларды басқарды. Шыңғыс хан Ұлы жасақ заңын енгізуді де оған тапсырған болатын. Шағатайдың қол астындағы жерлер кейінірек Шағатай ұлысы деп аталып кетті. Шағатай Жошының Ұлы хан болып сайлануына үзілді-кесілді қарсы болды. Оның жеке басының мінезі шәлкес әрі қызба болып саналған. Өз адамдарының арасында Жошы туралы пікірін бүкпей айтып жүрген. Шағатайдың ұлы Мүтіген 1221 жылы Бамиян маңындағы шайқаста қаза тапты. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде: «...бұларды Шыңғыстың Шағатай деген баласының нәсілі билеп тұрыпты. Ол Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып, бұларды бір інілері билейді екен. Сондағы билеген хандары, билері, бұларды ешбір түзу қарекетке түсіндірмей, дәйім барымтамен мал қумақ, ауыл шаппақ, бірде бұл ел, бірде ол елмен жауласпақ, қырқыспақ, күн кешіп, еш шаруа, өнерге үйрене алмай, өздері кедей болған Һәм өспеген» деп сол дәуірдегі шындықты шын көрсетеді. Мемлекеттің іс жүзінде негізін қалаған — Шағатайдың немересі Алгу. Ол қазіргі солтүстік-шығыс Ауғанстан жерін иемденіп алды. Ол ел Иль-хандар иемденіп отырған елге қарағанда ислам дінінің әсеріне әлдеқайда аз түскен болса да, ол елде де мұсылмандар бар болатын және тағы біраз адам мұсылман дініне кірді. Бірақ көшпенді өмір салттарын көпке дейін өзгерткен жоқ. Кейбір тарихшылар сол аймақтағы қалалар мен ауыл шаруашылығының құлдырауының себебін осыдан көреді. Ислам дінін қабылдаған ең алғашқы билеуші Мүбәрак шах болды. Бұл оқиға 1256 жылы орын алды. Бірақ содан 30 жыл өтпей жатып басқа билеушілер исламнан бас тарта бастады. Тармаршырын ислам дінін қабылдап, бүкіл әулетті исламға қайтаруға әрекет етті. Бұған хандықтың шығыс жағындағы көшпенділер наразы болып, 1334 жылы оны өлтірді. Оның қазасынан кейін Шағатай ұлысы бытырап кетті. Ақсақ Темір кейінірек осы әулеттің бір қызына үйленді. 16-шы ғасырдың басына қарай Шағатай әулеті Мәуереннахр жерінде (қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан облысы) билікті қолға түсіріп, 15 ғ. көшпенді өзбектердің Шайбан әулеті келгенге дейін билік құрды. Шағатай (шамамен 1183/85 — 1241) — Шыңғыс ханның Бөртеден туған екінші ұлы. Аса ержүрек батыр және қайсар мінезді адам болған. 1211 — 16 жылы әкесінің Солтүстік Қытайға қарсы жасаған жорығына ағасы Жошы, інісі Үгедеймен бірге аттанды. Хорезм жорығына аттанар алдында келешек мұрагер туралы сөз болып, Шыңғыс хан Жошы жайында пікірін сұрағанда дөрекі жауап беріп, ағасы мен ата-анасының көңіліне қаяу салады. Осы оқиғадан кейін Жошы мен Шағатай, кейіннен екеуінің ұрпақтары арасында бітіспес алауыздық пайда болды. Хорезм жорығы кезінде інісі Үгедеймен бірге Отырар шайқасын басқарды. Самарқандты қоршау кезінде Жошы мен Шағатай арасындағы қайшылықтың салдарынан Шыңғыс хан билікті Үгедейге береді. Хорезм жорығы жеңіспен аяқталысымен әкесімен бірге Моңғолияға оралды. Хорезм бағындырылғаннан кейін көп ұзамай Әмударияның шығысынан Ілеге дейінгі аумақ Шағатайдың билігіне өтіп, Шағатай ұлысы құрылды. Әкесі көзі тірісінде оған қосымша Моңғол үстіртінен жер және 8 мың халықты еншіге берген. Шыңғыс ханның жарлығымен Жасақ заңының бас сақшысы болып тағайындалды. Әкесі қаза тапқаннан кейін шаңырақтың үлкені ретінде 1229 жылы Үгедейді ұлы хан сайлау ісіне белсене араласты. Үгедей билігі Үгедейдің билігі тұсында (1229 — 41) империя өмірінде Шағатайдың рөлі күшті болды. Інісі онымен үнемі ақылдасып отырды. Орталық Азиядағы көш жолын реттеу, өзен, белдерге көпір, жол салу ісін Шағатай жүргізді. 1235 жылы Қарақорымдағы ұлы құрылтайда батысқа жорық жасауды қолдап, Батудың Русь пен Шығыс Европаға жорығына ұлы Байдар мен немересі Бүриді аттандырды. Шағатай отбасысы Шағатай қоңыраттың қызы Есенлунды, кейіннен оның сіңлісі Турьханды әйелдікке алды. Рашид әд-Диннің айтуынша, Шағатайдың Мутуген, Муче, Балташ-шаг, Сағынлалға, Сарыманас, Буссумуңға, Байдар атты 7 ұлы болған. Өз ажалынан қайтыс болып, Әмудария бойына жерленген. Орнына немересі Қаракүлік отырды. Шағатай тек батырлығымен, бірбеткейлігімен ғана емес 122 жыл (1224 — 1346) салтанат құрған Шағатай ұлысы және кейіннен Орталық Азия түркілеріне ортақ болған Шағатай тілі арқылы әлем тарихында аты қалған тұлға.  
05.12.2012 10:46 17811

Шағатай хан (моңғ. Цагадай) — Шыңғыс ханның  екінші ұлы. Анасы — Бөрте. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол қазіргі Орталық Азияның бес мемлекетінің жерінің басым бөлігін және солтүстік Иранды еншілеп алды. Ол 1241 жылы қайтыс болғанға дейін соларды басқарды. Шыңғыс хан Ұлы жасақ заңын енгізуді де оған тапсырған болатын. Шағатайдың қол астындағы жерлер кейінірек Шағатай ұлысы деп аталып кетті.

Шағатай Жошының Ұлы хан болып сайлануына үзілді-кесілді қарсы болды. Оның жеке басының мінезі шәлкес әрі қызба болып саналған. Өз адамдарының арасында Жошы туралы пікірін бүкпей айтып жүрген. Шағатайдың ұлы Мүтіген 1221 жылы Бамиян маңындағы шайқаста қаза тапты.

Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде: «...бұларды Шыңғыстың Шағатай деген баласының нәсілі билеп тұрыпты. Ол Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып, бұларды бір інілері билейді екен. Сондағы билеген хандары, билері, бұларды ешбір түзу қарекетке түсіндірмей, дәйім барымтамен мал қумақ, ауыл шаппақ, бірде бұл ел, бірде ол елмен жауласпақ, қырқыспақ, күн кешіп, еш шаруа, өнерге үйрене алмай, өздері кедей болған Һәм өспеген» деп сол дәуірдегі шындықты шын көрсетеді.

Мемлекеттің іс жүзінде негізін қалаған — Шағатайдың немересі Алгу. Ол қазіргі солтүстік-шығыс Ауғанстан жерін иемденіп алды. Ол ел Иль-хандар иемденіп отырған елге қарағанда ислам дінінің әсеріне әлдеқайда аз түскен болса да, ол елде де мұсылмандар бар болатын және тағы біраз адам мұсылман дініне кірді. Бірақ көшпенді өмір салттарын көпке дейін өзгерткен жоқ. Кейбір тарихшылар сол аймақтағы қалалар мен ауыл шаруашылығының құлдырауының себебін осыдан көреді.

Ислам дінін қабылдаған ең алғашқы билеуші Мүбәрак шах болды. Бұл оқиға 1256 жылы орын алды. Бірақ содан 30 жыл өтпей жатып басқа билеушілер исламнан бас тарта бастады. Тармаршырын ислам дінін қабылдап, бүкіл әулетті исламға қайтаруға әрекет етті. Бұған хандықтың шығыс жағындағы көшпенділер наразы болып, 1334 жылы оны өлтірді. Оның қазасынан кейін Шағатай ұлысы бытырап кетті. Ақсақ Темір кейінірек осы әулеттің бір қызына үйленді. 16-шы ғасырдың басына қарай Шағатай әулеті Мәуереннахр жерінде (қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан облысы) билікті қолға түсіріп, 15 ғ. көшпенді өзбектердің Шайбан әулеті келгенге дейін билік құрды.

Шағатай (шамамен 1183/85 — 1241) — Шыңғыс ханның Бөртеден туған екінші ұлы. Аса ержүрек батыр және қайсар мінезді адам болған. 1211 — 16 жылы әкесінің Солтүстік Қытайға қарсы жасаған жорығына ағасы Жошы, інісі Үгедеймен бірге аттанды. Хорезм жорығына аттанар алдында келешек мұрагер туралы сөз болып, Шыңғыс хан Жошы жайында пікірін сұрағанда дөрекі жауап беріп, ағасы мен ата-анасының көңіліне қаяу салады. Осы оқиғадан кейін Жошы мен Шағатай, кейіннен екеуінің ұрпақтары арасында бітіспес алауыздық пайда болды. Хорезм жорығы кезінде інісі Үгедеймен бірге Отырар шайқасын басқарды. Самарқандты қоршау кезінде Жошы мен Шағатай арасындағы қайшылықтың салдарынан Шыңғыс хан билікті Үгедейге береді. Хорезм жорығы жеңіспен аяқталысымен әкесімен бірге Моңғолияға оралды. Хорезм бағындырылғаннан кейін көп ұзамай Әмударияның шығысынан Ілеге дейінгі аумақ Шағатайдың билігіне өтіп, Шағатай ұлысы құрылды. Әкесі көзі тірісінде оған қосымша Моңғол үстіртінен жер және 8 мың халықты еншіге берген. Шыңғыс ханның жарлығымен Жасақ заңының бас сақшысы болып тағайындалды. Әкесі қаза тапқаннан кейін шаңырақтың үлкені ретінде 1229 жылы Үгедейді ұлы хан сайлау ісіне белсене араласты.

Үгедей билігі

Үгедейдің билігі тұсында (1229 — 41) империя өмірінде Шағатайдың рөлі күшті болды. Інісі онымен үнемі ақылдасып отырды. Орталық Азиядағы көш жолын реттеу, өзен, белдерге көпір, жол салу ісін Шағатай жүргізді. 1235 жылы Қарақорымдағы ұлы құрылтайда батысқа жорық жасауды қолдап, Батудың Русь пен Шығыс Европаға жорығына ұлы Байдар мен немересі Бүриді аттандырды.

Шағатай отбасысы

Шағатай қоңыраттың қызы Есенлунды, кейіннен оның сіңлісі Турьханды әйелдікке алды. Рашид әд-Диннің айтуынша, Шағатайдың Мутуген, Муче, Балташ-шаг, Сағынлалға, Сарыманас, Буссумуңға, Байдар атты 7 ұлы болған. Өз ажалынан қайтыс болып, Әмудария бойына жерленген. Орнына немересі Қаракүлік отырды. Шағатай тек батырлығымен, бірбеткейлігімен ғана емес 122 жыл (1224 — 1346) салтанат құрған Шағатай ұлысы және кейіннен Орталық Азия түркілеріне ортақ болған Шағатай тілі арқылы әлем тарихында аты қалған тұлға.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға