Жаңалықтар

Орта ғасырлардың адамзат тарихындағы маңызы

  Орта ғасырлардың адамзат тарихындағы маңызы Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші - еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды. Орта ғасырларда католик шіркеуін түбірімен қайта құруға бағытталған қозғалыс - реформация өріс алды. Оның жақтастары папалардың діндарларды басқару құқын мойындаудан бас тартты. Шіркеу жерлерін тартып алуды, монастырьларды жабуды, икондар мен әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, киелі кітапты адамдардың бәріне бірдей оқуға рұқсат берілуін талап етті. Реформация Еуропаның көптеген елдерінде (Солтүстік Германияда, Швейцарияда, Нидерланды мен Англияда, Дания мен Швецияда т. б.) жеңіске жетті. Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гуманистік идея өмірге келіп, нығая түсті. Орта ғасырларда Осман түріктері Византия империясын басып алып, еуропалықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшін Шығысқа теңіз арқылы бет түзеді. Соның арқасында ұлы географиялық ашулар жасалды. Оның нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы, оның халықтары жайлы білімдері, ой өрістері кеңейе түсті. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі - кітап басып шығару өмірге келді. Ол білімнің, ғылымның, өнердің кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Жоғары оқу орындары - университеттер ашылды. Мәдениет қалың халық бұқарасының игілігіне айнала бастады. Көптеген таңғажайып ортағасырлық өнер туындылары дүниеге келді. Ғылым-білімнің дамуы сағат, су двигателі, домна пеші, оқ-дәрімен атылатын қару сияқты құрал-саймандардың өмірге келуіне себеп болды. Орта ғасырларда мемлекеттік биліктің демократиялық жүйесі өмірге келіп, қалыптаса бастады. Бұл жүйе адам құқықтарына негізделген заңдар жиынтығын (Юстиниан кодексі, «Яса» т.б.) қалыптастырды. Орта ғасырларда халықтар мен мемлекеттердің бәрінің даму деңгейі бірдей болмады. Ерте орта ғасырлар мен дамыған феодализм кезінде Шығыс елдері шаруашылығы мен медениетінің дамуы жағынан Еуропа елдерінен едәуір алда болып келсе, кейінгі орта ғасырларда, әсіресе қайта өркендеу дәуірінде даму жағынан Еуропа алға озып шықты. Батыс Еуропа елдері жаңа, капиталистік қатынастарға аяқ басқанда Шығыста феодализм үстемдік қүра берді. Ал Африка мен Австралиядағы, Америка мен Азиядағы көптеген елдерде алғашқы қауымдық құрылыс сақталып қалды. Қорыта айтқанда, орта ғасырлар адамзат тарихындағы шаруашылық пен мәдениеттің қарышты қадаммен алға жылжу кезеңі болды.  
05.12.2012 10:44 7070

 

Орта ғасырлардың адамзат тарихындағы маңызы
Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші - еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды.
Орта ғасырларда католик шіркеуін түбірімен қайта құруға бағытталған қозғалыс - реформация өріс алды. Оның жақтастары папалардың діндарларды басқару құқын мойындаудан бас тартты. Шіркеу жерлерін тартып алуды, монастырьларды жабуды, икондар мен әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, киелі кітапты адамдардың бәріне бірдей оқуға рұқсат берілуін талап етті. Реформация Еуропаның көптеген елдерінде (Солтүстік Германияда, Швейцарияда, Нидерланды мен Англияда, Дания мен Швецияда т. б.) жеңіске жетті.
Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гуманистік идея өмірге келіп, нығая түсті.
Орта ғасырларда Осман түріктері Византия империясын басып алып, еуропалықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшін Шығысқа теңіз арқылы бет түзеді. Соның арқасында ұлы географиялық ашулар жасалды. Оның нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы, оның халықтары жайлы білімдері, ой өрістері кеңейе түсті. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі - кітап басып шығару өмірге келді. Ол білімнің, ғылымның, өнердің кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Жоғары оқу орындары - университеттер ашылды. Мәдениет қалың халық бұқарасының игілігіне айнала бастады. Көптеген таңғажайып ортағасырлық өнер туындылары дүниеге келді. Ғылым-білімнің дамуы сағат, су двигателі, домна пеші, оқ-дәрімен атылатын қару сияқты құрал-саймандардың өмірге келуіне себеп болды.
Орта ғасырларда мемлекеттік биліктің демократиялық жүйесі өмірге келіп, қалыптаса бастады. Бұл жүйе адам құқықтарына негізделген заңдар жиынтығын (Юстиниан кодексі, «Яса» т.б.) қалыптастырды.
Орта ғасырларда халықтар мен мемлекеттердің бәрінің даму деңгейі бірдей болмады. Ерте орта ғасырлар мен дамыған феодализм кезінде Шығыс елдері шаруашылығы мен медениетінің дамуы жағынан Еуропа елдерінен едәуір алда болып келсе, кейінгі орта ғасырларда, әсіресе қайта өркендеу дәуірінде даму жағынан Еуропа алға озып шықты. Батыс Еуропа елдері жаңа, капиталистік қатынастарға аяқ басқанда Шығыста феодализм үстемдік қүра берді. Ал Африка мен Австралиядағы, Америка мен Азиядағы көптеген елдерде алғашқы қауымдық құрылыс сақталып қалды. Қорыта айтқанда, орта ғасырлар адамзат тарихындағы шаруашылық пен мәдениеттің қарышты қадаммен алға жылжу кезеңі болды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға