Жаңалықтар

Балқаш қаласы

   Балқаш қаласы  - Балқаш жағалауында орналасқан қала. Халқы 74,5 мың адам. 1931 жылы қаланған. Қала дәрежесі 1937 жылы берілген. Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.Балқаш қаласы картаға оралу Қала 1937 жылы құрылған. Қала аумағы 5,9 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы кәрістер, 2,1% басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 18,53 өлім – 14,36 табиғи өсім – 4,17 Қалада 01.01.07жылы 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; энергетика; Қаланың негізгі кәсіпорындары: «ЗОЦМ» АҚ, Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га. 2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс – 5,4 мың бас. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі.Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна. Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады. Бүгінгі таңда Балқашта 363 кәсіпорын бар, оның 286 –ы нақты жұмыс жүргізуде. Қалада 65,5 мың адам тұрады. Мұның 70 пайызға жуығы қазақтар.
05.12.2012 10:42 16681

 

 Балқаш қаласы  - Балқаш жағалауында орналасқан қала. Халқы 74,5 мың адам. 1931 жылы қаланған. Қала дәрежесі 1937 жылы берілген. Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.Балқаш қаласы картаға оралу Қала 1937 жылы құрылған. Қала аумағы 5,9 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы кәрістер, 2,1% басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 18,53 өлім – 14,36 табиғи өсім – 4,17 Қалада 01.01.07жылы 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; энергетика; Қаланың негізгі кәсіпорындары: «ЗОЦМ» АҚ, Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га. 2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс – 5,4 мың бас.

Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі.Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна. Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.

Бүгінгі таңда Балқашта 363 кәсіпорын бар, оның 286 –ы нақты жұмыс жүргізуде. Қалада 65,5 мың адам тұрады. Мұның 70 пайызға жуығы қазақтар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға