Жаңалықтар

Мұхтар жолдастың сөзі

Мұхтар жолдастың сөзі   Мен драматургия жөнінде сөйлемекпін. Біз жұмысты осы күнге дейін ұйымдастыра алмай келеміз. Мәскеу, Ленинград драма секцияларының ісі сияқты дұрысталып, жөнге салынып кеткен бізде жұмыс жоқ. Ісімізде жауапкершілік аз. Бізге соңғы жыл ішінде жүз шамалы хат келді, осы хат бойынша хат иелеріне көмек ету, жастарды ұйымдастыру, әсіресе, жас жазушыларды драматургия жолына үйрету жөнінде көп жұмыстар істеуге болатын еді. Бірақ түк істелмей отыр. Бұл жөнінде жастардың алдында үлкен кінәліміз, мұны мойындау керек.   Осыдан екі-үш жыл бұрын Республикалық конкурс жариялап едік. Онан еш нәрсе шықпай, өзінен-өзі ұмытылып, нәтижесіз қалып барады, әрине, бұл да біздің шабандығымыз. Бұған да біз кінәліміз. Үкімет пен партияның үлкен көңіл бөліп отырған жұмысының бірі — театр екені өздеріңізге мәлім. Осы күні театрлардың қайсысы болса да қаулап өсіп келе жатыр. Ал біз жаңа репертуар беру жұмысын ұйымдастыра алмай отырмыз. Бұл жұмысқа қаулап өсіп келе жатқан жас драматургтерді тарта алмай отырмыз. Онан соңғы бір айтатын нәрсе — колхоз, совхоздар театрларына репертуарлар беруге арналған конкурс. Бұл конкурсқа он бес шақты пьеса түсті. Оның жарайтын-жарамайтынын айырып қарап беру керек еді, біз өз пікірімізді айтып жазушылар ұйымына бердік, бірақ жазушылар ұйымы өлі күнге қарап пікірін берген жоқ.   Біздің Семей, Ақтөбе, Шымкент театрларында қызмет етіп отырған кадрларымыз осы күні шыққан пьесаларды меңгеріп алып отыр. Мінекей, бұл біздің өскендігімізді көрсетеді. Ал драматургтер осы қарқынға ілесе алмай артта келеміз.   Біздің жеке жазушыларымыз бұл жөнінде жастарға дұрыс көмек бере алмай отыр. Өзіміз ғана біліп, менің атым жүре тұрсын, сенің атың тұра тұрсын деп отырмыз.   Театр — Бейімбет, Ғабит, Мұхтар сияқты кісілердің монополиясы сияқты болып отыр. Өйткені осылар ғана пьесаны жазуға міндетті сияқты. Бізде өлең, поэмаларды жазып жүрген ірі ақындарымыз бар, проза жазып жүрген жазушыларымыз да бар. Пьеса жазу олардың қолынан әбден келеді. Әдебиетте бес-алты ғана пьеса жазатын кісі болса, әрине, ол аздық қылады. Жаңа адамдар жазу керек, жаңа өмірдің тілегіне сәйкес жазушылардың барлығы қатысып отыру керек. Пьеса жазатын белгілі кісі бар деп қарап отырмау керек. Жазушылардың барлығы бұған күшін болу керек. Бұл жөнінде жазушыларды, әсіресе, жас жазушыларды жинап, әңгімелесу керек. Оларға көмектесіп, үйретіп отыру керек. Облыстық театрымыз күніге жаңа пьесалар сұрап отыр. Бұлардың жақсы-жақсы режиссерлері бар. Осы күні олар "Қыз Жібек", "Жалбырды" қойып жүр. Бұл пьесалар онда қойылмасын деген пікір емес, олар үшін бұл пьесалар ауыр тиеді. Пьесаны молайту үшін ұйымның міндеті — жас драматургтерді ұйымдастырып, көпшілікті өзіне тарту. Қазірде опера театрымыз "Тарғын" операсын қойып отыр, "Сұлушаш" операсын дайындап жатыр. Осыны автолармен бірге отырып, қосатын жерін қосып, алатын жерін алып, көмектесіп отырмыз. Келешекте бірнеше жаңа пьесаларды театрға бермек болып отырмыз. Асқардың пьесасын қарап, театрға тапсырмақшымыз. Театрға қай пьеса дайындалып, қай уақытта қойылатынын біліп отыруымыз керек. Бізде өлеңмен пьеса жазған кісі жоқ. Өлең жазып жүрген ақындарымыз өлеңмен пьеса жаза алады. Бұлар драматургия жұмысына қатынасуы керек. Октябрь революциясының жиырма жылдығына жетістіктермен бару керек.    
05.12.2012 10:41 3604

Мұхтар жолдастың сөзі

 

Мен драматургия жөнінде сөйлемекпін. Біз жұмысты осы күнге дейін ұйымдастыра алмай келеміз. Мәскеу, Ленинград драма секцияларының ісі сияқты дұрысталып, жөнге салынып кеткен бізде жұмыс жоқ. Ісімізде жауапкершілік аз. Бізге соңғы жыл ішінде жүз шамалы хат келді, осы хат бойынша хат иелеріне көмек ету, жастарды ұйымдастыру, әсіресе, жас жазушыларды драматургия жолына үйрету жөнінде көп жұмыстар істеуге болатын еді. Бірақ түк істелмей отыр. Бұл жөнінде жастардың алдында үлкен кінәліміз, мұны мойындау керек.

 

Осыдан екі-үш жыл бұрын Республикалық конкурс жариялап едік. Онан еш нәрсе шықпай, өзінен-өзі ұмытылып, нәтижесіз қалып барады, әрине, бұл да біздің шабандығымыз. Бұған да біз кінәліміз. Үкімет пен партияның үлкен көңіл бөліп отырған жұмысының бірі — театр екені өздеріңізге мәлім. Осы күні театрлардың қайсысы болса да қаулап өсіп келе жатыр. Ал біз жаңа репертуар беру жұмысын ұйымдастыра алмай отырмыз. Бұл жұмысқа қаулап өсіп келе жатқан жас драматургтерді тарта алмай отырмыз. Онан соңғы бір айтатын нәрсе — колхоз, совхоздар театрларына репертуарлар беруге арналған конкурс. Бұл конкурсқа он бес шақты пьеса түсті. Оның жарайтын-жарамайтынын айырып қарап беру керек еді, біз өз пікірімізді айтып жазушылар ұйымына бердік, бірақ жазушылар ұйымы өлі күнге қарап пікірін берген жоқ.

 

Біздің Семей, Ақтөбе, Шымкент театрларында қызмет етіп отырған кадрларымыз осы күні шыққан пьесаларды меңгеріп алып отыр. Мінекей, бұл біздің өскендігімізді көрсетеді. Ал драматургтер осы қарқынға ілесе алмай артта келеміз.

 

Біздің жеке жазушыларымыз бұл жөнінде жастарға дұрыс көмек бере алмай отыр. Өзіміз ғана біліп, менің атым жүре тұрсын, сенің атың тұра тұрсын деп отырмыз.

 

Театр — Бейімбет, Ғабит, Мұхтар сияқты кісілердің монополиясы сияқты болып отыр. Өйткені осылар ғана пьесаны жазуға міндетті сияқты. Бізде өлең, поэмаларды жазып жүрген ірі ақындарымыз бар, проза жазып жүрген жазушыларымыз да бар. Пьеса жазу олардың қолынан әбден келеді. Әдебиетте бес-алты ғана пьеса жазатын кісі болса, әрине, ол аздық қылады. Жаңа адамдар жазу керек, жаңа өмірдің тілегіне сәйкес жазушылардың барлығы қатысып отыру керек. Пьеса жазатын белгілі кісі бар деп қарап отырмау керек. Жазушылардың барлығы бұған күшін болу керек. Бұл жөнінде жазушыларды, әсіресе, жас жазушыларды жинап, әңгімелесу керек. Оларға көмектесіп, үйретіп отыру керек. Облыстық театрымыз күніге жаңа пьесалар сұрап отыр. Бұлардың жақсы-жақсы режиссерлері бар. Осы күні олар "Қыз Жібек", "Жалбырды" қойып жүр. Бұл пьесалар онда қойылмасын деген пікір емес, олар үшін бұл пьесалар ауыр тиеді. Пьесаны молайту үшін ұйымның міндеті — жас драматургтерді ұйымдастырып, көпшілікті өзіне тарту. Қазірде опера театрымыз "Тарғын" операсын қойып отыр, "Сұлушаш" операсын дайындап жатыр. Осыны автолармен бірге отырып, қосатын жерін қосып, алатын жерін алып, көмектесіп отырмыз. Келешекте бірнеше жаңа пьесаларды театрға бермек болып отырмыз. Асқардың пьесасын қарап, театрға тапсырмақшымыз. Театрға қай пьеса дайындалып, қай уақытта қойылатынын біліп отыруымыз керек. Бізде өлеңмен пьеса жазған кісі жоқ. Өлең жазып жүрген ақындарымыз өлеңмен пьеса жаза алады. Бұлар драматургия жұмысына қатынасуы керек. Октябрь революциясының жиырма жылдығына жетістіктермен бару керек.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға