Жаңалықтар

Жужан қағанаты

Жужан қағанаты – 5 ғасырда Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет (402 – 552). Қытай жылнамаларында қағанаттың негізін салған қашқын Могулюй құл деп көрсетілген, ол төңірегіне өзі сияқты қашқындарды топтастырып, жауынгер жасақұйымдастырады. Бұлардың көпшілігі бұрын Ұлы ғұн ордасының құрамында болған тайпалардан шыққаны белгілі (қ. Ғұндар). Жужандар қауымдастығы алғашқыда Орталық Хингай тауларының шығыс баурайында орналасты. Дэулань Шелунь (Челухой) билігі тұсында (402 – 410) қауымдастық едәуір күшейіп, Дэулань Шелунь өзін қаған деп атады, ал қауымдастық Жужан Қағанаты аталды. Дэулань Шелунь қаған Солтүстік Қытайдағы Юань Вэй мемлекетімен қақтығыста жеңіліс тапқанымен, жужан тайпаларының күшімен Солтүстік Моңғолиядағы Чао-сяннан (қазіргі Кореяның солтүстік облыстары) Қарашарға дейінгі жерлерді иеленді. Гаогюй тайпаларын бағындырып, Юань Вэй мемлекетінің құрамындағы Гоби шөлінен солтүстікке қарай орасан зор аймақты басып алды.Жетісуда Үйсін ордасы иеліктері жужандардың жиі шапқыншылығына ұшырады. Дэулань Шелунь қағаннан кейін оның мұрагерлері қағанат территориясын одан әрі кеңейтіп, Моңғолияда 150 жыл билік құрды. Жужан Қағанаты Үлкен Хингайдың шығыс, батыс баурайларын, Қленің жоғарғы ағысы мен Жоңғарияны, Селенганың жоғ. ағысын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған үлкен территорияны алып жатты. Қытай деректерінің бірінде “Жужандардың отаны ұлы құм дала Гоби болды” десе, екінші бірінде “олар Гоюиде қыстап, жазды Хингай тауларында өткізетін” делінеді. Қалай болғанда да жужандар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жужан Қағанаты Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен бірқатар соғыстар жүргізді. 425 жылдан бастап Юань Вэй мемлекетінің императоры Тоба Дао Жужан Қағанатына қарсы соғыс ашады. Осы кезеңдерде жужандарға қарсы гаогюй тайпалары көтеріліп, жужандарды әлсіретті. Алайда, Уди қаған тұсында жужандар Қытайдың солтүстігіндегі шекараларына қайтадан шабуыл жасады. 6 ғасырдың ортасында билеуші топтардың өзара тартысы салдарынан Жужан Қағанаты құлдырай бастайды. Жужандардың вассалы көк түркілер (ашина тайпасы) күшейіп, аймақтағы саяси күшке айнала бастады. Ашина тайпасының көсемі Бумынға Юань Вэй мемлекеті 545 ж. елші жіберіп, одақтастық шарт жасасады. Осы жыл Түркі қағанатының құрылған жылы болып есептеледі. 546 жылы бұрын Жужан Қағанатына бағынып келген теле тайпасы да Түркі қағанатына қосылады. Күшейіп алған түркілер 552 жылы Жужан Қағанатына жойқын шабуыл жасады. Жужан Қағанатының соңғы қағаны Анахуан (кейбір деректерде Анағұй) түркілерден тас-талқан болып жеңіліп, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Жужандардың аман қалған бөлігі батысқа қарай үдере көшті. Түркі әскерлерінің қолбасшысы Истеми (Істемі) оларды Каспий теңізінен әрі қуып тастайды. Жужандар Еуропа тарихшыларының деректерінде “аварлар” деп аталып, Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. Түркі қағанаты мен Византия империясы арасындағы қарым-қатынастарда аварлар мәселесі үнемі дау туғызып отырған; қысқаша Авар қағанаты, Аварлар.  
05.12.2012 10:35 21708

Жужан қағанаты – 5 ғасырда Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет (402 – 552). Қытай жылнамаларында қағанаттың негізін салған қашқын Могулюй құл деп көрсетілген, ол төңірегіне өзі сияқты қашқындарды топтастырып, жауынгер жасақұйымдастырады. Бұлардың көпшілігі бұрын Ұлы ғұн ордасының құрамында болған тайпалардан шыққаны белгілі (қ. Ғұндар). Жужандар қауымдастығы алғашқыда Орталық Хингай тауларының шығыс баурайында орналасты. Дэулань Шелунь (Челухой) билігі тұсында (402 – 410) қауымдастық едәуір күшейіп, Дэулань Шелунь өзін қаған деп атады, ал қауымдастық Жужан Қағанаты аталды. Дэулань Шелунь қаған Солтүстік Қытайдағы Юань Вэй мемлекетімен қақтығыста жеңіліс тапқанымен, жужан тайпаларының күшімен Солтүстік Моңғолиядағы Чао-сяннан (қазіргі Кореяның солтүстік облыстары) Қарашарға дейінгі жерлерді иеленді. Гаогюй тайпаларын бағындырып, Юань Вэй мемлекетінің құрамындағы Гоби шөлінен солтүстікке қарай орасан зор аймақты басып алды.Жетісуда Үйсін ордасы иеліктері жужандардың жиі шапқыншылығына ұшырады. Дэулань Шелунь қағаннан кейін оның мұрагерлері қағанат территориясын одан әрі кеңейтіп, Моңғолияда 150 жыл билік құрды. Жужан Қағанаты Үлкен Хингайдың шығыс, батыс баурайларын, Қленің жоғарғы ағысы мен Жоңғарияны, Селенганың жоғ. ағысын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған үлкен территорияны алып жатты. Қытай деректерінің бірінде “Жужандардың отаны ұлы құм дала Гоби болды” десе, екінші бірінде “олар Гоюиде қыстап, жазды Хингай тауларында өткізетін” делінеді. Қалай болғанда да жужандар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жужан Қағанаты Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен бірқатар соғыстар жүргізді. 425 жылдан бастап Юань Вэй мемлекетінің императоры Тоба Дао Жужан Қағанатына қарсы соғыс ашады.
Осы кезеңдерде жужандарға қарсы гаогюй тайпалары көтеріліп, жужандарды әлсіретті. Алайда, Уди қаған тұсында жужандар Қытайдың солтүстігіндегі шекараларына қайтадан шабуыл жасады. 6 ғасырдың ортасында билеуші топтардың өзара тартысы салдарынан Жужан Қағанаты құлдырай бастайды. Жужандардың вассалы көк түркілер (ашина тайпасы) күшейіп, аймақтағы саяси күшке айнала бастады. Ашина тайпасының көсемі Бумынға Юань Вэй мемлекеті 545 ж. елші жіберіп, одақтастық шарт жасасады. Осы жыл Түркі қағанатының құрылған жылы болып есептеледі. 546 жылы бұрын Жужан Қағанатына бағынып келген теле тайпасы да Түркі қағанатына қосылады. Күшейіп алған түркілер 552 жылы Жужан Қағанатына жойқын шабуыл жасады. Жужан Қағанатының соңғы қағаны Анахуан (кейбір деректерде Анағұй) түркілерден тас-талқан болып жеңіліп, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Жужандардың аман қалған бөлігі батысқа қарай үдере көшті. Түркі әскерлерінің қолбасшысы Истеми (Істемі) оларды Каспий теңізінен әрі қуып тастайды. Жужандар Еуропа тарихшыларының деректерінде “аварлар” деп аталып, Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанады. Түркі қағанаты мен Византия империясы арасындағы қарым-қатынастарда аварлар мәселесі үнемі дау туғызып отырған; қысқаша Авар қағанаты, Аварлар.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға