Жаңалықтар

Баланы шомылдыру

Баланы шомылдыру - баланы қырқынан шыққанша күн сайын суға түсіру. Әу баста шыр етіп дүниеге келген кезде кіндік шешесі баланы жылы суға шомылдырып, құлақ, мұрынын, денесіндегі бала жолдасының шырышынан тазартады. Осы жұмыстар атқарылып болғанша анасы да тазаланып, таза киімдерін киіп, баласын емуге үйретеді. Бала дүниеге келген күннен бастап қыркынан шыққанша күн сайын шомылдырып, сылап-сипайды. Ертеде бала туа салысымен ерніне қойдың құйрық майын жағып, күш-қуат береді, қан толтырады деп қалжаға сойылған қойдың алғашқы қан көбігіне шомылдырған. Баланы қыркынан шыққанша тұзды және сабынды суға кезек-кезек шомылдырады. Анасы немесе әжесі баланы арқасынан демеп тегенеге отырғызып, баланы жуындыруды маңдайынан бастайды. Көзін жуғанда сұқ саусағының жұмсақ басымен көздің сыртқы қиығынан ішке қарай сипай жуады. Себебі, баланың көзіне жиналған былшық, баланың көз алмасына кедергісін тигізбей, сыртқатез шығады. Баланы баптауда тәжірибесі мол аналар баланың көзін керісінше, ішінен сыртқы қиығына қаратып жууға тыйым салады. Өйткені, баланың көзіне жиналған былшық көзінің алмасына кедергісін тигізіп, батуы мүмкін. Баланың бетін жуғанда да алақанын сыртқа қарай жүргізеді, яғни, танауының жанынан бастап құлақ тұсына дейін сипай жуады. Әсіресе, баланың танауын, құлағын жуғанда ептілік керек, себебі нәрестенің танау, құлақ шеміршектері өте қатты болады. Танауын екі жағынан қысып жуса, жылап жібереді. Сондықтан баланың танауы бітелсе анасының сүтін тамызу арқылы тазалайды. Баланың қолтығын, шабын, қол-аяғының саусақтарынығ араларын ашып әбден жуу керек. Себебі, баланың қолтығы, шабы, саусақтарының арасы тез қызарып, қиылғыш келеді. Баланың арқасын жуарда анасы сол қолымен баланың көкірек тұсынан демеп екпсітегеді. Екі тізесімен отырғызып аяқтарын артқа қаратып, аяғының бастарын сыртқа қаратады. Бұлай отырғызу баланың омыртқа және жамбас сүйектеріне өте пайдалы, баланың буындарының, бұлшық еттерінің жақсы жетілуіне септігін тигізеді. Жуындырып болған соң құлағын, кіндігін қайта тазалап, кіндігінің түбіне қойдың майынан аз мөлшерде жағып қояды. Себебі, қойдың майы кіндіктің желденуінен сақтайды. Әбден жуындырып болған соң баланы сылап-сипауға кіріседі. Баланы дұрыс жуындыра, сылай білу, оның дене тұрқының дұрыс, сымбатты болып жетілуіне бірден-бір септігін тигізеді. «Баланы сылау әсіреді, қарды қылау өсіреді» деген мәтел осыдан шыққан. Бала қыркынан шыққанда қырық қасық суға күміс теңгелер және күміс сөлкебай салып, кей өңірлерде «бала өскенде бай болсын», - деп қойдың кепкен құмалағын, «ұрпағы шөптей көп болсын», — деп көк шөп қосып шомылдырады.
05.12.2012 10:34 24641

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға