Жаңалықтар

Мадлен мәдениеті

Мадлен мәдениеті Мадлендік ат, Ұлттық археологиялық мұражайы    Мадлендік адамдар үңгірлерде ғана емес осы сияқты шатырларда тұрған, Pincevent (Франция).   Мадлен мәдениеті, палеолит дәуірінің соңғы кезеңін — шамамен б.з.б. 16 — 10 мыңжылдықтарды қамтиды. Ла-Мадлен (Дордонь, Франция) үңгірінің атына байланысты аталған. 1872 ж. француз археологі Г.Мортилье зерттеулерінде атап көрсетті. Мадлен мәдениеті, негізінен, Франция, Бельгия, Испания, Швейцария, Германия жерлеріне тараған. Бірақ оған тән белгілер Орал тауы маңына дейінгі аралықты да қамтиды. Бұл кезде адамдар үңгірлерді, жер кепелерді ішінара жер үстіне салынған үйлерді мекен еткен. Олар, негізінен, аң және балық аулаумен, терімшілікпен айналысты. Мадлен мәдениетінде еңбек құралдары жетілдіріліп, шақпақтастан түрлі тескіш, кескіш жасау, хайуанаттар сүйектері мен мүйіздерінен найза ұшын, ине, біз дайындау дамыды. Сүйектен жасалған бұйымдардың дамуына қарап зерттеушілер А.Брейль мен Р. де Сен-Перье Мадлен мәдениетін алты фазаға бөледі. Алғашқы үшеуі түрлі пішінді сүйектен дайындалған найза ұштарымен, қалғандары гарпун түрлерімен сипатталады. Гарпун балықпен қатар аң аулауда да қолданылды. Сүйектен қармақ ілгегіне ұқсас құралдар жасалынды. Мадлен мәдениетінде солтүстік бұғысының мүйізінен жасалған “көсемдер аса таяғы” кең тарады. Бұл бір немесе бірнеше тесігі бар, жан-жануарлар суреті не болмаса өрнектер салынған құралдар мен найза ағаштарынан түзетілген зат болатын. Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау ісінің жоғары дәрежеде дамығандығын құс сүйегінен дайындалған ине қорапшалары да растай түседі. Мадлен мәдениеті кезеңінде адамдар солтүстік бұғыларымен бірге жиі қоныс аударып отырды. Осы негізде Еуропаның солтүстік аудандарын игере бастады. Олар солтүстік-батыс Еуропада гамбург, федермессер, аренсбург, Шығыс Еуропада свидер мәдениеттерін қалыптастырды. Мадлен адамдары хайуанаттар үңгірінің қабырғаларына, төбелеріне түрлі бейнелер (Альтамир, Испания; Қап үңгірі, Башқортостан; т.б.) мен саз балшықтан кескіндеме мүсіндер (Ле-Тюк-д, Одубер, Франция) салды. Қазақстанда Мадлен мәдениеті кезеңіне сай келетін тұрақ, қоныс орындары Қаратау мен Мұғалжар тауларынан, Маңғыстау жерінен, Сарыарқа өңірінен табылып, зерттелді. Мадлен мәдениетінің соңғы кезеңінде адамзат біртіндеп мезолит дәуіріне өте бастады.
05.12.2012 10:33 6343

Мадлен мәдениеті

Мадлендік ат, Ұлттық археологиялық мұражайы

 

 Мадлендік адамдар үңгірлерде ғана емес осы сияқты шатырларда тұрған, Pincevent (Франция).

 

Мадлен мәдениеті, палеолит дәуірінің соңғы кезеңін — шамамен б.з.б. 16 — 10 мыңжылдықтарды қамтиды. Ла-Мадлен (Дордонь, Франция) үңгірінің атына байланысты аталған. 1872 ж. француз археологі Г.Мортилье зерттеулерінде атап көрсетті. Мадлен мәдениеті, негізінен, Франция, Бельгия, Испания, Швейцария, Германия жерлеріне тараған. Бірақ оған тән белгілер Орал тауы маңына дейінгі аралықты да қамтиды. Бұл кезде адамдар үңгірлерді, жер кепелерді ішінара жер үстіне салынған үйлерді мекен еткен. Олар, негізінен, аң және балық аулаумен, терімшілікпен айналысты. Мадлен мәдениетінде еңбек құралдары жетілдіріліп, шақпақтастан түрлі тескіш, кескіш жасау, хайуанаттар сүйектері мен мүйіздерінен найза ұшын, ине, біз дайындау дамыды. Сүйектен жасалған бұйымдардың дамуына қарап зерттеушілер А.Брейль мен Р. де Сен-Перье Мадлен мәдениетін алты фазаға бөледі. Алғашқы үшеуі түрлі пішінді сүйектен дайындалған найза ұштарымен, қалғандары гарпун түрлерімен сипатталады. Гарпун балықпен қатар аң аулауда да қолданылды. Сүйектен қармақ ілгегіне ұқсас құралдар жасалынды. Мадлен мәдениетінде солтүстік бұғысының мүйізінен жасалған “көсемдер аса таяғы” кең тарады. Бұл бір немесе бірнеше тесігі бар, жан-жануарлар суреті не болмаса өрнектер салынған құралдар мен найза ағаштарынан түзетілген зат болатын. Тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау ісінің жоғары дәрежеде дамығандығын құс сүйегінен дайындалған ине қорапшалары да растай түседі. Мадлен мәдениеті кезеңінде адамдар солтүстік бұғыларымен бірге жиі қоныс аударып отырды. Осы негізде Еуропаның солтүстік аудандарын игере бастады. Олар солтүстік-батыс Еуропада гамбург, федермессер, аренсбург, Шығыс Еуропада свидер мәдениеттерін қалыптастырды. Мадлен адамдары хайуанаттар үңгірінің қабырғаларына, төбелеріне түрлі бейнелер (Альтамир, Испания; Қап үңгірі, Башқортостан; т.б.) мен саз балшықтан кескіндеме мүсіндер (Ле-Тюк-д, Одубер, Франция) салды. Қазақстанда Мадлен мәдениеті кезеңіне сай келетін тұрақ, қоныс орындары Қаратау мен Мұғалжар тауларынан, Маңғыстау жерінен, Сарыарқа өңірінен табылып, зерттелді. Мадлен мәдениетінің соңғы кезеңінде адамзат біртіндеп мезолит дәуіріне өте бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға