Жаңалықтар

Чад Республикасы

Чад  Республикасы Ресми атауы: Чад Республикасы Астанасы: Нджамена  (Тұрғыны  саны:700.000) Басты қалалары: сарх, Мунду, Фада, Монго, Ати, Муссоро, Абеше Жер  көлемі: 1.284.000 кв.км. Халқының  саны: 8.707.078 (2001ж). Орташа  жас  мөлшері50.88 жас. Бала  өлімі  мыңда  95 (2001). Халықтың   қоныстану тығыздығы  бір кв.км.-ға 4.8 кісі. Халықтың  өсу  қарқыны 3.29% (2001) Ұлттық құрамы: жалпы саны  200-ден  астам түрлі  ұлттық  топтардан  тұрады.Олардың  бастылары  мыналар: Чад арабтары (18.2%),мабалар (4.4%), канембулар (4%), тебулар (4%), тама  тілінде  сөйлейтіндер (3.9%), фуналер(1%), суданилер, хаусалар, саралар,хаддадтар, лисилер, масалалар, даджулар, будумалар, фонгоролар  және т.б. Арабтар, фуланилер, суданилер, тебулар, хаддадтар, тамалар мен  хаусалар  толығымен  мұсылман. Чад  арабтарының  көпшілігі  көшпенді, не  жартылай  көшпенді  өмір  сүреді  және  мал  шаруашылығымен  айналысады.Тедалар мен  дазалардан құралған  тебулар  Чадтың  жергілікті  халқынан  болып, олардың  да бір  бөлігі  көшпенді, не  жартылай  көшпенді  өмір  сүреді. Тебулар, көбіне,  Тибести  тауларының  етегінде  және  Ениди  аймағында  тұрады. Хаусалар  Орта  Африка  елдерінің  кең  тараған,  тілінде  араб  тілінің  әсері  басым  келген  ұлттық топ.Олар  саудамен  және  жергілікті  қол  өнердің  түр-түрімен  шұғылданады. Тілі: Ресми  тілдері  француз және  араб тілдері. Французша  білетіндер  саны 4.3% , ал арабша  білетіндер- 7.8%. Халықтың  арасында  жергілікті  тілдер  кеңінен  қолданылады. Елдегі  мұндай  тілдердің  жалпы  саны  жүзден асады, олардың  ішінде ең  көп  қолданылатындпры: маба, адамайа, сара, сахара  тілдері, судан тілдері мен  араб тілі. Мұсылмандар арасында  араб  тілі оқу- жазу тілі  ретінде  кең  пайданылады. Діні:Елге  ресми  түрде  белгіленген  дін жоқ. Алайда  халықтың 50%-ы мұсылман, 25%-ы христиан, 25%-ы жергілікті  діни сенімдерді (ананизм) ұстанатындар. Мұсылмандар, көбіне, елдің  солтүстік және орталық  бөліктерінде, ал  жергілікті  діндегілер  оңтүстік  бөліктерінде  қоныстанған. Мұсылмандардың көбі мәлики  мазһабындағы  сүнниттер. Христиандардың көпшілігі  католик, аз  бір бөлігі протестанттар.  Чадтың христиандардың  көбі  отаршылдық  кезінде  және  одан  кейін  жылдары  жүргізілген  миссирнерлік іс- әрекеттер нәтижесінде  христиандар  дініне өткендер. Бұлардан басқа  Европадан  келіп  қоныстанған  христиандар  да бар. Географиялық  жағдайы: Орта  Африка  елі болып  саналатын  Чад  солтүстігінде Ливиямен, шығысында  Суданмен, оңтүстігінде  Орталық Африка  Республикасымен, Батысында  Камерун, Нигерия және Нигермен шектеседі.Ең басты ағын сулары:елдің оңтүстігіндегі тығыз ағашты аймақта орналасқан Шари мен Логуна өзендері.Шари өзені Бахри,Селамет,Ухам және Ергинг өзендерінің бірігуінен құралған.Бұлардан басқа ешбір теңіз не көлге барып құйылмайтын,соңы топыраққа сіңіп жоқ болатын кішігірім өзендерде бар.Батыстағы Чад көлінде жағалауы бар,Лагона өзені Нджаменада Шари өзенімен қосылып,осы көлге барып құяды.Чад көлінде мал шаруашылығына ыңғайлы кішкене аралдар бар. Көлде балықшылықпен де айналысады.Көл әрі тасымал үшін де қолайлы.Жаңбырлы маусымдарда көл суы арнасынан тасиды да,ал жаңбыр азайған кезде су қайта тартылып,су тартылған жерлерге егін егіледі.Жер көлемі жағынан Африка елдерінің ішінде бесінші орынды алатын Чад топырағының 2.5%-ы егістікке жарамды жер,3.5%-ы жайылымды жер,1.5%-ы орманды алқап.Қалған топырағын қыратты жерлер мен аптапты шөлдер алып жатыр.Оңтүстігінде тығыз ағашты,мол жаңбырлы тропиктік ормандар бар.Жайылымдар мен егістікке жарамды жерлер де,көбіне,осы аймақта орналасқан.Ал солтүстік бөлігі шөлдер мен таулы қыраттардан тұрады.Климаты аймақтарына қарай түрліше келеді:Чад көліне жақын орналасқан Нджаменада жылдық орташа ыстық дәрежесі 25,жылдық орташа жаңбыр мөлшері 648 мм.Ал оңтүстікте Камерун шекарасына жақын орналасқан Мунду қаласында жылдық орташа ыстық 23.3,жылдық орташа жаңбыр мөлшері-1223 мм. Басқару жүйесі:Чад 31 наурыз 1995ж қабылданған конституция бойынша елде республикалық жүйе белгіленген.Жалпы тікелей жасырын дауыс беру арқылы бес жылда бір сайланатын ел президенті мемлекет басшысы болып табылады,ал премьер-министр үкіметті басқарады.Заң шығару органы-екі палатадан тұратын парламент.Ол мүшелері төрт жылда бір жасырын дауыс беру арқылы сайланатын Ұлттық жиналыс және Сенаттан тұрады.Тайпа басшылары мен аймақтық көсемдер жергілікті басқаруға ықпал ететіндей күшке ие.Әкімшілік бөлінісі жағынан  ел 52 департамент пен  348 префектураға бөлінген 14 обылыстан  тұрады. Чад бҰҰ, ИКҰ ( Ислам Конференциясы  ұйымы), Африка  Бірлігі, IMF ( Халықаралық  қаржы  қоры) және  Ислам Даму банкі сияқты және  т.б. халықаралық  ұйымдарға  мүше. Тарихы: Чадта  Ислам діні Чад  көлі жағалауында  орналасқан Канум  корольдігінің  1086ж. Ислам  дінің қабыл  етуімен қалыптасқан  болатын. Бұдан бұрын да  Чад халқының  Исламмен таныс болғандығы  ацтылуда.Өйкені Чад Траблусгарб,  Каир  және  Хартум тарапынан  келетін  керуендердің  жолының  үстінде  орналасқандықтан, бұл жолдар  арқылы  мұсылман  саудагерлер  көп қатынайтын.Ал  Исламның  елде  орнығып  тапай  бастауы  Канум  королі  Ом Хилмидің  1086ж Исламды  қабыл етуімен  жүзеге  асты. Король Ом Хилми Исламды  бүкіл  Африкаға жаю мақсаты сен  Африканың  түрлі  аймақтарына  мұсылман  дауғатшыларды жолдады.Оның ісін қалған  жерінен ұлы Дунеме жалғастырды.Дунеме королдіктің шекарасын кеңейтіп, кейінірек Борну королдігімен  бірлесе отырып Канум – Борну королдігін құрды.XVII ғасырдың басында  шығыстағы Вадай королдігі де Исламды қабылдады.XIX ғасырдың  орталарында піл аулау  және  сауда  керуендерін басқаратын  Зубейр деген  кісі  де мұсылман  болып, бір  Ислам мемлекетін  құрады.Бұл  мемлекет аз  уақытта  кең алқапқа жайылып, аймақтағы тайпаларды және Ведай королдігін де құрамына алады. 1878-1890 жылдары Рабих бин Зубейр билік құрған тұста бұл мемлекет болды. Осы корол тұсында Франция бұл аймаққа әскер жібере бастады. Рабих ибн Зубейрдің басқаруымен халық отаршыларға қарсы күресіп,1880ж және 1890 ж соғыстарда жеңіске жетті. 1894ж Француз,ағылшын және неміс отаршылары өзара шарт жасасып, Чад көлін бөліседі. Осы шарт нәтижесінде Чад Францияның үлесіне түседі де, Француздар Чад топырағын қолға алу үшін әскери шабуылдарын жалғастырады. Халық отаршыларға қарсы аянбай күреседі. 1911ж Француздар Чадты толығымен басып алып,1944 ж дейін толық билік жүргізеді. Бұл билік тұсында мұсылмандар отаршылар тарапынан көп қысымшылық көрді. Чад толық тәуелсіздігіне  1960ж жетті. Экономикасы:Чад экономикасы негізінен егін және мал шаруашылығына сүйенеді.Алайда егістікке жарамды жер көлемі 2,5 % ғана.Егістік өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41%. Жұмысшы күшінің 76%-ы осы егіншілік саласында жұмыс істейді. Ең басты егістік өнімдері :мақта, жығыр, жүгері,бидай,күріш, картоп, кунжут,қант қамысы, жер жаңғағы, тары және түрлі жемістер. Мал шаруашылығы экспорттың 10%-ын құрайды.Ішкі суларда балық шаруашылығымен айналысуда.Соңғы жылдары Чад көлінің солтүстігінде мұнай табылған. Бұдан басқа сода,темір,алтын және уран резервтері де бар.Шығарылатын шикізат түгелімен экспортталып,жылына орташа есеппен 6млн.доллар табыс түседі. Орман және ағаш өнімдері де ел экономикасына едәуір үлес қосуда.Елдегі саяси тұрақсыздық экономикаға кері ықпал етіп, оның дамуын тежел отыр.Оның үстіне Франция әлі де Чадқа берген кредиттерінің арқасында ел экономикасын өзіне тәуелді етуде. Экспорты: 172 млн.$ (2000) . Экспорт өнімдері :мақта (80%), текстиль, ірі қара мал,ет, балық, сода,зығыр, тері және жер жаңғағы.Экспорт ортақтары : Португалия,Алмания,Тайланд, Коста Рика, Оңтүстік Африка және Франция . Импорт: 223млн.$(2000).Импорт өнімдері: машина және көлік құралдары,өнеркәсіп өнімдері,химия,мұнай өнімдері,азық түлік және текстиль өнімдері.Импорттағы ортақтары: Франция, камерун,Нигерия және Үндістан.  Сыртқы қарыз көлемі: 1млрд.%(1999) Ақша бірлігі:Африка франкі (КФА) Адам басына шаққандағы ұлттық табысы: 220 $ Білім беру саласы : Чадта бастауыш білім міндетті және ақысыз бастауыш мектеп алты жастан басталып, алты жылға созылады. Орта мектеп төрт,лицей үш жыл. Білім беру Француз тілінде жүргізіледі.Білім беру жүйесі де Француз білім беру жүйесіне негізделген,әрі мұғалімдердің басым бөлігі Француздар.Мемлекет тарапынан ашылған ресми мектептермен қатар,христиан миссионерлік ұйымдары ашқан мектептер де бар.Ал елдің солтүстігінде мұсылмандар тығыз орналасқан жерлерде мұсылманша білім беретін кейбір мектептер мен медреселер бар. Чадта 1875 бастауыш мектеп,70 жалпы орта білім беру мекемелері, 30 кәсіптік  орта білім  беретін  оқу  орындары  бар.Бастауыш  мектеп  жасындағы балалардың  38 %-ы ғана мектепке барады.Ел астанасында  орналасқан бір ғана университетке түскендер саны 1%. Денсаулық саласы :Чадта бес аурухана,130 дәрігер бар.47мың кісіге бір дәрігерден келеді.  
05.12.2012 10:31 8720

Чад  Республикасы
Ресми атауы: Чад Республикасы
Астанасы: Нджамена  (Тұрғыны  саны:700.000)
Басты қалалары: сарх, Мунду, Фада, Монго, Ати, Муссоро, Абеше
Жер  көлемі: 1.284.000 кв.км.
Халқының  саны: 8.707.078 (2001ж). Орташа  жас  мөлшері50.88 жас. Бала  өлімі  мыңда  95 (2001). Халықтың   қоныстану тығыздығы  бір кв.км.-ға 4.8 кісі. Халықтың  өсу  қарқыны 3.29% (2001)

Ұлттық құрамы: жалпы саны  200-ден  астам түрлі  ұлттық  топтардан  тұрады.Олардың  бастылары  мыналар: Чад арабтары (18.2%),мабалар (4.4%), канембулар (4%), тебулар (4%), тама  тілінде  сөйлейтіндер (3.9%), фуналер(1%), суданилер, хаусалар, саралар,хаддадтар, лисилер, масалалар, даджулар, будумалар, фонгоролар  және т.б. Арабтар, фуланилер, суданилер, тебулар, хаддадтар, тамалар мен  хаусалар  толығымен  мұсылман. Чад  арабтарының  көпшілігі  көшпенді, не  жартылай  көшпенді  өмір  сүреді  және  мал  шаруашылығымен  айналысады.Тедалар мен  дазалардан құралған  тебулар  Чадтың  жергілікті  халқынан  болып, олардың  да бір  бөлігі  көшпенді, не  жартылай  көшпенді  өмір  сүреді. Тебулар, көбіне,  Тибести  тауларының  етегінде  және  Ениди  аймағында  тұрады. Хаусалар  Орта  Африка  елдерінің  кең  тараған,  тілінде  араб  тілінің  әсері  басым  келген  ұлттық топ.Олар  саудамен  және  жергілікті  қол  өнердің  түр-түрімен  шұғылданады.

Тілі: Ресми  тілдері  француз және  араб тілдері. Французша  білетіндер  саны 4.3% , ал арабша  білетіндер- 7.8%. Халықтың  арасында  жергілікті  тілдер  кеңінен  қолданылады. Елдегі  мұндай  тілдердің  жалпы  саны  жүзден асады, олардың  ішінде ең  көп  қолданылатындпры: маба, адамайа, сара, сахара  тілдері, судан тілдері мен  араб тілі. Мұсылмандар арасында  араб  тілі оқу- жазу тілі  ретінде  кең  пайданылады.

Діні:Елге  ресми  түрде  белгіленген  дін жоқ. Алайда  халықтың 50%-ы мұсылман, 25%-ы христиан, 25%-ы жергілікті  діни сенімдерді (ананизм) ұстанатындар. Мұсылмандар, көбіне, елдің  солтүстік және орталық  бөліктерінде, ал  жергілікті  діндегілер  оңтүстік  бөліктерінде  қоныстанған. Мұсылмандардың көбі мәлики  мазһабындағы  сүнниттер. Христиандардың көпшілігі  католик, аз  бір бөлігі протестанттар.  Чадтың христиандардың  көбі  отаршылдық  кезінде  және  одан  кейін  жылдары  жүргізілген  миссирнерлік іс- әрекеттер нәтижесінде  христиандар  дініне өткендер. Бұлардан басқа  Европадан  келіп  қоныстанған  христиандар  да бар.

Географиялық  жағдайы: Орта  Африка  елі болып  саналатын  Чад  солтүстігінде Ливиямен, шығысында  Суданмен, оңтүстігінде  Орталық Африка  Республикасымен, Батысында  Камерун, Нигерия және Нигермен шектеседі.Ең басты ағын сулары:елдің оңтүстігіндегі тығыз ағашты аймақта орналасқан Шари мен Логуна өзендері.Шари өзені Бахри,Селамет,Ухам және Ергинг өзендерінің бірігуінен құралған.Бұлардан басқа ешбір теңіз не көлге барып құйылмайтын,соңы топыраққа сіңіп жоқ болатын кішігірім өзендерде бар.Батыстағы Чад көлінде жағалауы бар,Лагона өзені Нджаменада Шари өзенімен қосылып,осы көлге барып құяды.Чад көлінде мал шаруашылығына ыңғайлы кішкене аралдар бар.

Көлде балықшылықпен де айналысады.Көл әрі тасымал үшін де қолайлы.Жаңбырлы маусымдарда көл суы арнасынан тасиды да,ал жаңбыр азайған кезде су қайта тартылып,су тартылған жерлерге егін егіледі.Жер көлемі жағынан Африка елдерінің ішінде бесінші орынды алатын Чад топырағының 2.5%-ы егістікке жарамды жер,3.5%-ы жайылымды жер,1.5%-ы орманды алқап.Қалған топырағын қыратты жерлер мен аптапты шөлдер алып жатыр.Оңтүстігінде тығыз ағашты,мол жаңбырлы тропиктік ормандар бар.Жайылымдар мен егістікке жарамды жерлер де,көбіне,осы аймақта орналасқан.Ал солтүстік бөлігі шөлдер мен таулы қыраттардан тұрады.Климаты аймақтарына қарай түрліше келеді:Чад көліне жақын орналасқан Нджаменада жылдық орташа ыстық дәрежесі 25,жылдық орташа жаңбыр мөлшері 648 мм.Ал оңтүстікте Камерун шекарасына жақын орналасқан Мунду қаласында жылдық орташа ыстық 23.3,жылдық орташа жаңбыр мөлшері-1223 мм.

Басқару жүйесі:Чад 31 наурыз 1995ж қабылданған конституция бойынша елде республикалық жүйе белгіленген.Жалпы тікелей жасырын дауыс беру арқылы бес жылда бір сайланатын ел президенті мемлекет басшысы болып табылады,ал премьер-министр үкіметті басқарады.Заң шығару органы-екі палатадан тұратын парламент.Ол мүшелері төрт жылда бір жасырын дауыс беру арқылы сайланатын Ұлттық жиналыс және Сенаттан тұрады.Тайпа басшылары мен аймақтық көсемдер жергілікті басқаруға ықпал ететіндей күшке ие.Әкімшілік бөлінісі жағынан  ел 52 департамент пен  348 префектураға бөлінген 14 обылыстан  тұрады. Чад бҰҰ, ИКҰ ( Ислам Конференциясы  ұйымы), Африка  Бірлігі, IMF ( Халықаралық  қаржы  қоры) және  Ислам Даму банкі сияқты және  т.б. халықаралық  ұйымдарға  мүше.

Тарихы: Чадта  Ислам діні Чад  көлі жағалауында  орналасқан Канум  корольдігінің  1086ж. Ислам  дінің қабыл  етуімен қалыптасқан  болатын. Бұдан бұрын да  Чад халқының  Исламмен таныс болғандығы  ацтылуда.Өйкені Чад Траблусгарб,  Каир  және  Хартум тарапынан  келетін  керуендердің  жолының  үстінде  орналасқандықтан, бұл жолдар  арқылы  мұсылман  саудагерлер  көп қатынайтын.Ал  Исламның  елде  орнығып  тапай  бастауы  Канум  королі  Ом Хилмидің  1086ж Исламды  қабыл етуімен  жүзеге  асты. Король Ом Хилми Исламды  бүкіл  Африкаға жаю мақсаты сен  Африканың  түрлі  аймақтарына  мұсылман  дауғатшыларды жолдады.Оның ісін қалған  жерінен ұлы Дунеме жалғастырды.Дунеме королдіктің шекарасын кеңейтіп, кейінірек Борну королдігімен  бірлесе отырып Канум – Борну королдігін құрды.XVII ғасырдың басында  шығыстағы Вадай королдігі де Исламды қабылдады.XIX ғасырдың  орталарында піл аулау  және  сауда  керуендерін басқаратын  Зубейр деген  кісі  де мұсылман  болып, бір  Ислам мемлекетін  құрады.Бұл  мемлекет аз  уақытта  кең алқапқа жайылып, аймақтағы тайпаларды және Ведай королдігін де құрамына алады. 1878-1890 жылдары Рабих бин Зубейр билік құрған тұста бұл мемлекет болды. Осы корол тұсында Франция бұл аймаққа әскер жібере бастады. Рабих ибн Зубейрдің басқаруымен халық отаршыларға қарсы күресіп,1880ж және 1890 ж соғыстарда жеңіске жетті. 1894ж Француз,ағылшын және неміс отаршылары өзара шарт жасасып, Чад көлін бөліседі. Осы шарт нәтижесінде Чад Францияның үлесіне түседі де, Француздар Чад топырағын қолға алу үшін әскери шабуылдарын жалғастырады. Халық отаршыларға қарсы аянбай күреседі. 1911ж Француздар Чадты толығымен басып алып,1944 ж дейін толық билік жүргізеді. Бұл билік тұсында мұсылмандар отаршылар тарапынан көп қысымшылық көрді. Чад толық тәуелсіздігіне  1960ж жетті.

Экономикасы:Чад экономикасы негізінен егін және мал шаруашылығына сүйенеді.Алайда егістікке жарамды жер көлемі 2,5 % ғана.Егістік өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41%. Жұмысшы күшінің 76%-ы осы егіншілік саласында жұмыс істейді. Ең басты егістік өнімдері :мақта, жығыр, жүгері,бидай,күріш, картоп, кунжут,қант қамысы, жер жаңғағы, тары және түрлі жемістер. Мал шаруашылығы экспорттың 10%-ын құрайды.Ішкі суларда балық шаруашылығымен айналысуда.Соңғы жылдары Чад көлінің солтүстігінде мұнай табылған. Бұдан басқа сода,темір,алтын және уран резервтері де бар.Шығарылатын шикізат түгелімен экспортталып,жылына орташа есеппен 6млн.доллар табыс түседі. Орман және ағаш өнімдері де ел экономикасына едәуір үлес қосуда.Елдегі саяси тұрақсыздық экономикаға кері ықпал етіп, оның дамуын тежел отыр.Оның үстіне Франция әлі де Чадқа берген кредиттерінің арқасында ел экономикасын өзіне тәуелді етуде.

Экспорты: 172 млн.$ (2000) . Экспорт өнімдері :мақта (80%), текстиль, ірі қара мал,ет, балық, сода,зығыр, тері және жер жаңғағы.Экспорт ортақтары : Португалия,Алмания,Тайланд, Коста Рика, Оңтүстік Африка және Франция .

Импорт: 223млн.$(2000).Импорт өнімдері: машина және көлік құралдары,өнеркәсіп өнімдері,химия,мұнай өнімдері,азық түлік және текстиль өнімдері.Импорттағы ортақтары: Франция, камерун,Нигерия және Үндістан.
 Сыртқы қарыз көлемі: 1млрд.%(1999)
Ақша бірлігі:Африка франкі (КФА)
Адам басына шаққандағы ұлттық табысы: 220 $
Білім беру саласы : Чадта бастауыш білім міндетті және ақысыз бастауыш мектеп алты жастан басталып, алты жылға созылады. Орта мектеп төрт,лицей үш жыл. Білім беру Француз тілінде жүргізіледі.Білім беру жүйесі де Француз білім беру жүйесіне негізделген,әрі мұғалімдердің басым бөлігі Француздар.Мемлекет тарапынан ашылған ресми мектептермен қатар,христиан миссионерлік ұйымдары ашқан мектептер де бар.Ал елдің солтүстігінде мұсылмандар тығыз орналасқан жерлерде мұсылманша білім беретін кейбір мектептер мен медреселер бар. Чадта 1875 бастауыш мектеп,70 жалпы орта білім беру мекемелері, 30 кәсіптік  орта білім  беретін  оқу  орындары  бар.Бастауыш  мектеп  жасындағы балалардың  38 %-ы ғана мектепке барады.Ел астанасында  орналасқан бір ғана университетке түскендер саны 1%.
Денсаулық саласы :Чадта бес аурухана,130 дәрігер бар.47мың кісіге бір дәрігерден келеді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға