Жаңалықтар

Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы

Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты. 1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді. Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы. 1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды. Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды. 1993 жылы Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы мемлекет көлемінде аталып өтті. Шайқас болған жерге — қазіргі Алматы облысы, Жаркент (Панфилов ауданы) ауданындағы Орбұлақ қырқасына Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен ескерткіш белгі орнатылды.  
05.12.2012 10:31 25696

Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.
1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.
1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.
Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.
1993 жылы Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы мемлекет көлемінде аталып өтті. Шайқас болған жерге — қазіргі Алматы облысы, Жаркент (Панфилов ауданы) ауданындағы Орбұлақ қырқасына Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен ескерткіш белгі орнатылды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға