Жаңалықтар

Баланы сынау

Баланы сынау — баланың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өскенде қандай адам болатынын болжау, жорамалдау; баланың болмысына баға беру. Қазақ адамның адамгершілігін, кісілік мәдениетін оның әрбір іс-қимылынан, емеурінінен байқаған. Адамның жүріс-тұрыс, бет-бейнесі, қимыл-қылығы, аман-сәлемі, әдеп-ибасы, қонақ күтуі т.б. қасиеттеріне қарап, оның қандай адам, қандай ниет-мақсаттағы жан екенін аңғара білген. Тіпті бесікте жатқан сәбилерді бағадарлап, оның болашақта қандай адам болатындықтарына дейін алдын ала жорамалдап, өз бағаларын беріп отырған. Мәселен, емгенде анасыныңбос емшегін тас қылып ұстап алып емген баланы «есейгенде сараң болады» десе, омырауға жабыспай емген баланы қолы ашық, жомарт болады» деп жорамалдайды. Ал ұйықтағанда көзін толық жұмбай ұйықтайтын ер балаларды «есейгенде сұлу жар құшады» десе, көзін толық жұмбай ұйықтайтын қыз балалардың «серігі сері болады» деп тұспалдайды. Үнемі жастықтың үстіне шығып алып, жастықты басып ұйықтайтын бала есейгенде «бай-бақытты»; басын бүркеп алып ұйықтайтын баланы «бұйығы, сылбыр, ынжық»; бүк түсіп, қол-аяғын бауырына басып жататын баланы «уайымшыл, тұйық, бір тоға»; етбетінен жататын баланы «қызғаншақ»; қол-аяғын жан-жаққа керіп тастап, шалқалай ұйықтайтын баланы «төрт түлігі сай, ақыл-ойы терең адам» болады деп тұжырымдайды. Ал кейбір сыншылар: «Кісі болар баланы кісесінен білерсің, aт болатын құлынды мүшесінен білерсің» деп балалардың сыртқы кескін-келбетіне қарап та сынай білген. Мәселен, бала дөң жауырынды, сом денелі келсе - батыр, балуан; мандайы кең болса - білімді, жайдары; құлағы үлкен әрі қалқиған болса - бақ-талайлы, домбырашы; саусақтары сүйрік әрі нәзік болса - ісмер, күйші, биші; маңдайы тар болса - ашушаң, күйгелек, қызғаншақ; аузы мен құлағының арасы жақын болса - аузына сөз тұрмас өсекші, ал алыс болса - сөзге сараң, іске шөгел; желкесі шұңқыр болса - жалқау, жайбасар т.б. деген сияқты болжамдар жасаған. Балаға қатысты ырым-тыйымдар мен әдет-ғұрыптар Баланың дүниеге келуін қамтамасыз ету, аман-есен өсіріп, бағып-қағуға байланысты ұстанымдар мәні жағынан тіршілік цикліндегі әлеуметтік мәртебені айқындаушы әдет- ғұрыптардан құралады. Баланы басты байлық санайтын қазақтың балаға деген ықылас-ниеті, бағым күтімі, жосын-жоралғыларының басы әйел бала көтергеннен басталады. Бала бойға біткеннен басталатын құрсақ той (құрсақ шашу) баланың дүниеге келуі мен өсу кезеңіне, жасына байланысты ғұрыптарға жалғасып, жарыс қазан, көген құру, көтеріп алу, кіндік кесу, құйрық ботқа, сүндеттеу, атқа мінгізу, тоқымқағар сияқты жосын-жоралғылар атқарылады. Анасына баланы көтеру мерзімі ұзаққа созылады деп түйе етін, баланың ерні қоянжырық болады деп қоянның етін, сақау болады деп балық етін жеуге тыйым салған. Баланың денесіне бөртпе шығады деп кіндігі түспей тұрғанда үйден күл шығармай, қапқа салып отырады. Баланың кіндігін аттай жүйрік болсын деп жылқының жалына байлап қояды. Бала қырқынан шыққанға дейін қасқырдай қайратты болсын деп қасқырдың аузынан өткізу (езуін айналдыра бүтіндей кесіп алып сақтап қояды) рәсімдерін жасаған. Аяғы ауыр келінге ырымдатып отқа май құйғызғанда, от ағарып ұзын жанса - ұл бала болғаны, қызарып жанса қыз бала болады деп ұғынған. Толғақ жетпей тұрса, май ұзарып жанады. Баланың жолдасына асық ойнайтын бала жалғассын деген тілекпен екі асық қосып, табалдырық астына көмеді. Тіл-көз тимеу үшін босағаға жеті түрлі шүберек байлап, ине шаншып қояды. Толғақ басталғанда есікке, терезеге пышақ, ине шаншып қояды. Бала туған үйде баланы бесікке салушы әйел бесіктің барлық жабдығын орын-орнына қойып, әбден жасап алған соң, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байланатын тесігінен төмен өткізігі, бесік астынан қолын тосқан әйелдерге береді, жиналған бала-шаға, отырған әйелдер оны өзара үлесіп алады, осылайша тышты ма салтын орындайды. Балалы болғысы келген жас әйелдер, әлі бала таппаған жас келіншектер ырым етіп, үлкен сеніммен шашудан дәм татады. Алматы облысынан жиналған кейбір деректерде кіндікті кейде өздері араласатын, жақсы көретін бала тумаған әйелдерге беретіндігі туралы мәліметтер кездеседі. Х. Арғынбаевтың еңбегінде кейбір ырымшыл кемпірлердің кіндікті етпен қоса қуырып, бала таппай жүрген әйелдерге жегізетіні туралы айтылады. Бала таппай жүрген әйелдерге баланың кіндігін ғана емес, сүндетке отырғызғанда алынатын кесіндіңі жегізу (білдіртпей, көрсетпей) Ташкент облысы қазақтарында көптеп кездеседі екен. Баланы қырқынан шығарып ит көйлегін ауыстырғанда оны бойына бала бітпей жүрген әйелдер арнайы сұрап алатын дәстүр бар. Оларға баланың анасы ит көйлекті бүтіндей бере салмай, жыртып береді. Бір ғана бала тісіне және аяғына қатысты жосындардың өзі біршама: шілдехана, aт қою, бесікке салу, шаш aлy, қырқынан шығару, тұсау кесер, шідерге енгізу, бала тістей бастағанда түскен тісін кесек ет, май немесе бауырсаққа тығып, тісі иттің тісіндей өткір, мықты болсын деп итке асатады. Сондай-ақ көктей өссін деп жеміс ағашының түбіне көмеді, таудай бол деп тауға қарата лақтырады. Бала тісі періште бұйымы ретінде есіктен кіретін түрлі пәле-жала, қасқой күштерден қағып тұрады делініп, есік жақтауы арасына да қыстырылады. Кішкентай бала табаққа аяғын салса - тоқшылық белгісі (қолын салса, керісінше) деп түсініледі. Баланың алғашқы нақтылап айтқан сөзі үшін де сүйінші сұрап, көршілері, дос-жарандары тана тағып, дастарқан жайып, атап өтеді. Еңбектей бастағанда бауырын жерден тез көтерсін деп бауырынан табақ өткізіп алу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде де жүйрік болсын деп сирақ асып, бұтының арасынан өткізіп алу (бауыр аяқ) сияқты т.б.ырымдар көптеп саналады. Бала отырып бастағанда: Отырсын, балам отырсын, Құшағын гүлге толтырсын. Ұйқысын алып кетеді деп нәрестені бөлеп болғанша үйден кісі шығармайды. Нәрестені тіл-кезден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Егер көз тиді деп секем алған жағдайда күдіктенген адамының киімінен өзіне білдірмей кішкене қиынды қиып алып түтетеді. Нәрестенің ата-анасы әлдебіреудің нәрестеге сұқтана қарағанын байқап қалса, балаң балпанақтай екен деген сөзін көңіліне алған жағдайда, іле-шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның қарағы тегін жібермейді» деп, үйге осындай белгісі бар адамның келуінен қатты сақтанады. Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған кезде, осының көзі тиді-ау деген адамды таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды. Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін оны көзден тасалап, оған көбінесе жаман-жәутік, ескі-кұсқы кигізіп, бет-аузына әдейі күйе жағып қояды. Төрге аунату ырымы Баланы төрге аунату - ырымның бір түрі. Дәстүрлі ортада бала босағадан кіріп келе жатып, сүрініп кетсе, «олжа келді, олжа келді, олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге аунат, олжа төрге жұқсын» деп үлкендер баланы төрге апарып аунатады. Баланы періштеге санайтындықтан үйге баламен бірге құт кірді деп ырымдап, құтты төрге, яғни үйге орнықтыруды меңзейтін магиялық ырым. Оң аяқ көтеру ырымы Баланың он аяғын көтеруі - қандай да бір істің орындалар-орындалмасын білу үшін балаға «аяғыңды көтерші» деп сұрап болжам жасау ырымы. Бала айтқан бойда өзінше гуілдеп, күліп, оң аяғын көтере қалса, өтінуші тілегім орындалатын болды деп қуанады, ісім оңынан, асығым алшысынан түсетін болды деп ырымдайды. Баланың жол қарау (жол ашу) ырымы Бір-екі жастағы кішкентай баланың екі қолымен жер тіреп, басын еңкейтіп, екі аяғының арасымен қарап тоңқаюы. Баланың осы қимылын жол қарады, қонақ келеді деп ырымдайды. Тілін шығару ырымы Баланың тілін шығаруы - сәбидің өздігінен қайта-қайта еркінен тыс тілін шығара беруін алыстан хат не хабар келеді деп ырым қылған.  
05.12.2012 10:30 14034

Баланы сынау — баланың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өскенде қандай адам болатынын болжау, жорамалдау; баланың болмысына баға беру. Қазақ адамның адамгершілігін, кісілік мәдениетін оның әрбір іс-қимылынан, емеурінінен байқаған. Адамның жүріс-тұрыс, бет-бейнесі, қимыл-қылығы, аман-сәлемі, әдеп-ибасы, қонақ күтуі т.б. қасиеттеріне қарап, оның қандай адам, қандай ниет-мақсаттағы жан екенін аңғара білген. Тіпті бесікте жатқан сәбилерді бағадарлап, оның болашақта қандай адам болатындықтарына дейін алдын ала жорамалдап, өз бағаларын беріп отырған. Мәселен, емгенде анасыныңбос емшегін тас қылып ұстап алып емген баланы «есейгенде сараң болады» десе, омырауға жабыспай емген баланы қолы ашық, жомарт болады» деп жорамалдайды. Ал ұйықтағанда көзін толық жұмбай ұйықтайтын ер балаларды «есейгенде сұлу жар құшады» десе, көзін толық жұмбай ұйықтайтын қыз балалардың «серігі сері болады» деп тұспалдайды. Үнемі жастықтың үстіне шығып алып, жастықты басып ұйықтайтын бала есейгенде «бай-бақытты»; басын бүркеп алып ұйықтайтын баланы «бұйығы, сылбыр, ынжық»; бүк түсіп, қол-аяғын бауырына басып жататын баланы «уайымшыл, тұйық, бір тоға»; етбетінен жататын баланы «қызғаншақ»; қол-аяғын жан-жаққа керіп тастап, шалқалай ұйықтайтын баланы «төрт түлігі сай, ақыл-ойы терең адам» болады деп тұжырымдайды. Ал кейбір сыншылар: «Кісі болар баланы кісесінен білерсің, aт болатын құлынды мүшесінен білерсің» деп балалардың сыртқы кескін-келбетіне қарап та сынай білген. Мәселен, бала дөң жауырынды, сом денелі келсе - батыр, балуан; мандайы кең болса - білімді, жайдары; құлағы үлкен әрі қалқиған болса - бақ-талайлы, домбырашы; саусақтары сүйрік әрі нәзік болса - ісмер, күйші, биші; маңдайы тар болса - ашушаң, күйгелек, қызғаншақ; аузы мен құлағының арасы жақын болса - аузына сөз тұрмас өсекші, ал алыс болса - сөзге сараң, іске шөгел; желкесі шұңқыр болса - жалқау, жайбасар т.б. деген сияқты болжамдар жасаған.

Балаға қатысты ырым-тыйымдар мен әдет-ғұрыптар

Баланың дүниеге келуін қамтамасыз ету, аман-есен өсіріп, бағып-қағуға байланысты ұстанымдар мәні жағынан тіршілік цикліндегі әлеуметтік мәртебені айқындаушы әдет- ғұрыптардан құралады. Баланы басты байлық санайтын қазақтың балаға деген ықылас-ниеті, бағым күтімі, жосын-жоралғыларының басы әйел бала көтергеннен басталады. Бала бойға біткеннен басталатын құрсақ той (құрсақ шашу) баланың дүниеге келуі мен өсу кезеңіне, жасына байланысты ғұрыптарға жалғасып, жарыс қазан, көген құру, көтеріп алу, кіндік кесу, құйрық ботқа, сүндеттеу, атқа мінгізу, тоқымқағар сияқты жосын-жоралғылар атқарылады.
Анасына баланы көтеру мерзімі ұзаққа созылады деп түйе етін, баланың ерні қоянжырық болады деп қоянның етін, сақау болады деп балық етін жеуге тыйым салған. Баланың денесіне бөртпе шығады деп кіндігі түспей тұрғанда үйден күл шығармай, қапқа салып отырады. Баланың кіндігін аттай жүйрік болсын деп жылқының жалына байлап қояды. Бала қырқынан шыққанға дейін қасқырдай қайратты болсын деп қасқырдың аузынан өткізу (езуін айналдыра бүтіндей кесіп алып сақтап қояды) рәсімдерін жасаған.
Аяғы ауыр келінге ырымдатып отқа май құйғызғанда, от ағарып ұзын жанса - ұл бала болғаны, қызарып жанса қыз бала болады деп ұғынған. Толғақ жетпей тұрса, май ұзарып жанады. Баланың жолдасына асық ойнайтын бала жалғассын деген тілекпен екі асық қосып, табалдырық астына көмеді. Тіл-көз тимеу үшін босағаға жеті түрлі шүберек байлап, ине шаншып қояды. Толғақ басталғанда есікке, терезеге пышақ, ине шаншып қояды.

Бала туған үйде баланы бесікке салушы әйел бесіктің барлық жабдығын орын-орнына қойып, әбден жасап алған соң, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байланатын тесігінен төмен өткізігі, бесік астынан қолын тосқан әйелдерге береді, жиналған бала-шаға, отырған әйелдер оны өзара үлесіп алады, осылайша тышты ма салтын орындайды. Балалы болғысы келген жас әйелдер, әлі бала таппаған жас келіншектер ырым етіп, үлкен сеніммен шашудан дәм татады. Алматы облысынан жиналған кейбір деректерде кіндікті кейде өздері араласатын, жақсы көретін бала тумаған әйелдерге беретіндігі туралы мәліметтер кездеседі. Х. Арғынбаевтың еңбегінде кейбір ырымшыл кемпірлердің кіндікті етпен қоса қуырып, бала таппай жүрген әйелдерге жегізетіні туралы айтылады. Бала таппай жүрген әйелдерге баланың кіндігін ғана емес, сүндетке отырғызғанда алынатын кесіндіңі жегізу (білдіртпей, көрсетпей) Ташкент облысы қазақтарында көптеп кездеседі екен. Баланы қырқынан шығарып ит көйлегін ауыстырғанда оны бойына бала бітпей жүрген әйелдер арнайы сұрап алатын дәстүр бар. Оларға баланың анасы ит көйлекті бүтіндей бере салмай, жыртып береді. Бір ғана бала тісіне және аяғына қатысты жосындардың өзі біршама: шілдехана, aт қою, бесікке салу, шаш aлy, қырқынан шығару, тұсау кесер, шідерге енгізу, бала тістей бастағанда түскен тісін кесек ет, май немесе бауырсаққа тығып, тісі иттің тісіндей өткір, мықты болсын деп итке асатады. Сондай-ақ көктей өссін деп жеміс ағашының түбіне көмеді, таудай бол деп тауға қарата лақтырады. Бала тісі періште бұйымы ретінде есіктен кіретін түрлі пәле-жала, қасқой күштерден қағып тұрады делініп, есік жақтауы арасына да қыстырылады.

Кішкентай бала табаққа аяғын салса - тоқшылық белгісі (қолын салса, керісінше) деп түсініледі. Баланың алғашқы нақтылап айтқан сөзі үшін де сүйінші сұрап, көршілері, дос-жарандары тана тағып, дастарқан жайып, атап өтеді. Еңбектей бастағанда бауырын жерден тез көтерсін деп бауырынан табақ өткізіп алу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде де жүйрік болсын деп сирақ асып, бұтының арасынан өткізіп алу (бауыр аяқ) сияқты т.б.ырымдар көптеп саналады. Бала отырып бастағанда:
Отырсын, балам отырсын,
Құшағын гүлге толтырсын.
Ұйқысын алып кетеді деп нәрестені бөлеп болғанша үйден кісі шығармайды. Нәрестені тіл-кезден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Егер көз тиді деп секем алған жағдайда күдіктенген адамының киімінен өзіне білдірмей кішкене қиынды қиып алып түтетеді. Нәрестенің ата-анасы әлдебіреудің нәрестеге сұқтана қарағанын байқап қалса, балаң балпанақтай екен деген сөзін көңіліне алған жағдайда, іле-шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның қарағы тегін жібермейді» деп, үйге осындай белгісі бар адамның келуінен қатты сақтанады. Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған кезде, осының көзі тиді-ау деген адамды таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды. Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін оны көзден тасалап, оған көбінесе жаман-жәутік, ескі-кұсқы кигізіп, бет-аузына әдейі күйе жағып қояды.

Төрге аунату ырымы

Баланы төрге аунату - ырымның бір түрі. Дәстүрлі ортада бала босағадан кіріп келе жатып, сүрініп кетсе, «олжа келді, олжа келді, олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге аунат, олжа төрге жұқсын» деп үлкендер баланы төрге апарып аунатады. Баланы періштеге санайтындықтан үйге баламен бірге құт кірді деп ырымдап, құтты төрге, яғни үйге орнықтыруды меңзейтін магиялық ырым.

Оң аяқ көтеру ырымы

Баланың он аяғын көтеруі - қандай да бір істің орындалар-орындалмасын білу үшін балаға «аяғыңды көтерші» деп сұрап болжам жасау ырымы. Бала айтқан бойда өзінше гуілдеп, күліп, оң аяғын көтере қалса, өтінуші тілегім орындалатын болды деп қуанады, ісім оңынан, асығым алшысынан түсетін болды деп ырымдайды.

Баланың жол қарау (жол ашу) ырымы

Бір-екі жастағы кішкентай баланың екі қолымен жер тіреп, басын еңкейтіп, екі аяғының арасымен қарап тоңқаюы. Баланың осы қимылын жол қарады, қонақ келеді деп ырымдайды.
Тілін шығару ырымы

Баланың тілін шығаруы - сәбидің өздігінен қайта-қайта еркінен тыс тілін шығара беруін алыстан хат не хабар келеді деп ырым қылған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға