Жаңалықтар

Миллиард

Миллиард   Мемлекеттік, қоғамдық майдандардың қандай саласында жүрген ер мен әйел, кәрі мен жас совет азаматы болса, қазір Қазақстандағы бір майданға түгелімен үңіле, ынталана қарайды, көп көңіл бөледі.   Советтік Қазақстанның өз жұртшылығы түгелімен бір ұлы ниет, зор міндет, қасиетті тілек соңында, біртұтас мақсатта. Әр күнгі таңертеңгі Москвадан берілетін радио хабарлары, әр күні таңертең еңбек күні басталар алдында қолыңызға келетін орталық, республикалық баспасөздерінің бір-бірінен ең алдымен еститінің, оқитының сол жаңағы бір майдан, зор майданның жаңалығы, табысы мен талабы болады.   Барлық Одақ көлеміне және эфир арқылы бүкіл дүние әлеміне кетіп жатқан, тарап жетіп жатқан табыстар, жеңістер дабылында, абыройлы ақпарларында астық жиып жатқан Қазақстан аты ауыздан түспейді. Ол ғана емес, Одақтағы әлденеше үлкен республикалар шаруашылығы аталмай тұрып, Қазақстанның жеке облысы — Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы деп, әр облыстың өзіне де ауыз толтыра әңгіме етіп, табыс - жеңістерін хабарлап жатады.   Осы жайды тыңдай отырып, осыған көңіл-бейіліңмен, күш-көмегіңмен әр саладан араласа отырып, егіс майданындағы жекеленген ерлерге де, түгел шоғырымен өзып шыққан тобына да мың алғыс, достық ойлар ойлайсың. Табыстарын мақтан етесің, қуанасың! Осындай өзғын жекелер мен қажырлы қалың көптің ойға алғаны орындалып, Отан қуанса, ұлы алғысын айтса екен деп барлық ниетінді, дос бейілінді бересің. Дәл осындай сезім-санадан бүгінгі Советтік Қазақстан ішіндегі ата мен анада, жас пен кәріде сыртқары тұрған жан баласы жоқ дей аламыз. Соның үшін де әрбір отаншыл азамат жүріп жатқан астық жинау ұлы науқанының аяқталу нәтижесіне ынта-бейілмен, зор тілектестікпен көз қадады.   Биыл республика тарихында бұрын болып көрмеген ұлы бір асу асқандай жай бар. Қиын қияға алыптың адымымен шырқап шыққандай табыс-жеңіс жылын күтеді. Сол Отанның, халық-ананың адал, асыл зор тілегінде барлық еңбек азаматының жүректен шыққан әміріндей игі арман, мүдде де жатыр.   Осындай берісі Ұлы Отан алдында, әрісі әлем алдында ауызға алынып, көзге түсіп отырған Қазақстан ұлы мақсатына "жетсе екен, жеңсе екен, сол жеткені мен жеңгенін көрсек екен" дейтін көңіл астық майданындағы барлық өрендердің қанатты серігіндей. Осы күндерде әр колхоз, әрбір МТС, әрбір совхозда еңбек етіп жүрген әрбір жеке комбайншы әр апта, әр тәулікте өздерін биік асуға өрлеп келе жатқан алғыр, басым топтай түсіну міндет.   Олардың әрқайсысы өздеріне барлық республика жұртшылығы, барлық Отан ойы мен бейілі қадала ауып отырғанын үнемі ойдан шығармауға керек. Біздің Отанның үлкен бір дәстүрі бойынша, осы алуандас майдандардың барлық шыны цифрлармен, сандармен алақандағыдай алдымызда отырады.   Өткен аптада өзгын болған совхоз, алда келе жатқан комбайншы осы аптада қай жерде? Ертең қандай өріс, өрге баспақшы? Қатарынан қайтіп аспақшы? Соның бәрін біз барлық Отан жұртшылығымен қатар көз тіге қадалып, бар бейілмен ынтыға білмекпіз. Осы күнде Одақ қана емес, барлық әлемдегі достар жүзін жадыратып, жаулар жүзін түнертіп отырған бір Қазақ республикасының сан цифрлары біздегі бірде-бір жанның ой-санасынан ұмытылмайды.   Жақсы өлеңнің жатық ұйқасындай боп миға сіңген, көкейге қонған, дос көңілді қуантқан ұмытылмас сан цифрларды Қазақстан әлемге әйгі етті.   1953 жылдан бері Қазақстанда 19,5 миллион гектар тың жер игерілді. Бұл сан бұрын меже қылған жоспардан 2 миллион 700 мың гектар асып түсіп отыр. Биылғы жыл Қазақстанның егіндік жер көлемі 27 миллион гекгарға жетті. Соның 23,5 миллион гектары тек қана дәнді eгic.   Біздің социалистік Қазақстан қазір Одақ көлемінде барлық басқа республикалардан асып өзып, астық табысы жөнінде екінші орынға шықты. 80-нен аса облыстары бар, өз көлемінде бірнеше автономиялық республикалары бар, барлық Отанның шын шұрайы, ең ұлы ұйытқысы РСФСР, әрине, Қазақстанның алдында. Ол беретін биылғы астық саны 2 миллиард 200 миллион пұт болғанда, Қазақстан соның дәл жарымына тақап, бір өзі бірегей етіп, тұтас бір миллиард пұт астық берді. Миллиард пұт!   Ал республикамыздың биылғы жалпы жинап алған астық көлемі 1 миллиард 400 миллион пұт болды. Тағы бір осындай, таулар аралағандай, ұлы цифрлар арасын ой көзіңмен аралап, салғастыра өтсең, кешегі мен бүгіннің арасындай жап-жақын шақтардың өздерінің айырмасы да жер мен көктей жырақтап сала берген тәрізді.   Мысалы, 1954 жылы, алғаш тыңды меңгеруді бастаған жылмен салыстырғанда, биыл Қазақстан астықты төрт есе артық алып отыр. Осы алуандас алыптар әрекетіндей әрқай- сысы бір-бір асқардай цифрлар жалғыз ауылшаруашылық майданында жүрген республикалық, облыстық немесе аудандық, колхоз-совхоздық қызметкерлердің ғана жадында емес, ауыл шаруашылығына тікелей қатынасы болмаған, өз майдан, өз саласында отандық міндет, мақсаттарды отаншыл біртұтас көңілмен атқарып, ада қып жүрген азаматтарымыздың бәрінің де жадына қатты қонған, дос жүрекпен қабыл етілген сан цифрлар. Халық көңіл-бейілі соншалық тілектестікпен жұмыла қараған себепті, бір жаңағы ғана цифрлар емес, біздің қалың халқымыз одан арғы, әр облыстың нақтылы цифрларын да жадында өте жақсы сақтайды. Әр облыс сол сенімін ақтайды деп те біледі.   Міне, сол жөнінде біз, мысалы, Қостанай облысының колхоздары мен совхоздары 260 миллион пұт астық бергенін анық білеміз. Мұның 124 миллион пұты жоспардан тыс, асыра орындалған асыл жеңіс табысы болмақшы. Мысалы, Ақмола облысы да мол өнім облысы болып, 175 миллион пұт бергенде, 55 миллион пұтты жоспардан тыс беріп отыр. Көкшетау облысының 165 миллион пұт алымының 79 миллион пұты жоспардағыдан артық. Павлодар облысы 110 миллион пұт астықтың 48-ден аса миллион пұтын жоспардан тыс өткізді. Сол тәрізді Солтүстік Қазақстан облысы беретін 90 миллион пұт астықгың 38 миллион пұты жоспардан сыртқары.   Облыстар атаулының бұл саналғаннан басқалары да биылғы Қазақстанда дегенін берді және атағанынан да асып түсті. Астық жинаудың дәл қазіргі кезеңіне орай, құрметті атақ алған азаматтардың аттары да Отан халқының көбіне мәлім, көңіліне қадірлі. Мысалы, "Социалистік ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген механизатор" дейтін құрметті ататақ алған ұлы майдан ерлерінің де асыл аттары жадымызда. Олар: Ақмола облысы Семенов МТС-інің комбайншысы Алпысбаев Кенжебек жәйі, Қостанай облысы "Қарасу" МТС-інің комбайншысы, өзі Социалистік Еңбек Ері Ысқақов Амангелдінің аты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бадам МТС-інің комбайншысы Кәрімов Зияттың аты, Көкшетау облысы "Рузаев" астық совхозының комбайншысы Колбасконың аты және Павлодар облысы Надаров МТС-інің комбайншысы Музыканың аты, тағы да Алматы облысы "Рославль" астық совхозының комбайншысы Кононенконың аты — бәрі тегіс Одақ көлемінде даңқ алды. Қазақстанда қалың еңбек ерінің қатарынан шыққан ең қадірлі аттар, міне, осылар сияқтылар.   Бұл майданда атағы шыққан қалың топ, үлкен шоғырда жеке совхоздардың абыройлы табыстары да ауызға алынумен келеді. Мысалы, Алматы облысында өткен жылдың көктемінде ғана құрылған "Рославль" астық совхозы бар еді. Осы совхоз қазір республика көлеміндегі ең алдыңғы қатарлы совхоздардың бірі боп шықты. Бұл 5 миллион пұт астық жинап, мемлекетке жоспардан тыс 600 мың пұт астық берді. Сондайлық даңқ-атаққа ие болып отырған Көкшетау облысындағы "Симферополь" совхозы. Ол мемлекетке жоспардан тыс 1 миллион пұтқа жуық астық берсе, "Чистополь" совхозы жоспардан тыс 4 миллион пұт астық өткізді.   Жорық майдандай жарыс майданда МТС-терден де үдеп ұзап шыққан қадірлі топтар бар. Соның бірі — Қостанай облысындағы таңдаулы МТС-тердің бірі — Бөрлі МТС-і. Бұл МТС-тің механизаторлары биыл 70 мың гектар жердің егінін жинады. Әр гектардан асыл бидайдан 100 пұттан артық астық алды.   Қазақстан тыңдарында аяулы алтындай жайқалып шыққан қалың егін кеніне Отанымыздың бар тарапынан, қалың қалалар тобынан, нелер кен еңбек салаларынан егін жинауға көмекке келіп жатқан дос-жар жұрт саны да өте мол. Мысалға бір Ленинград қаласының өзінен тыңдағы егінді жинауға 10 мыңдай жас патриоттар көмекке келді. Биыл республиканың ұшан-теңіз егіс даласында 1 миллион 800 мыңнан аса адам жұмыс істеді. Осылар қатарында қазақ халқының еңбек иесі әйелдерінің арасынан шыққан, абыройлы атқа ие болған асыл жандар да бар. Әсіресе бұл жөнде біздің ауызға алатынымыз: Жамбыл облысы Байқадам МТС-іңдегі абыройлы, өзат комбайншы Қантбала Сырттамбекова. Ол күніне 200 центнерден аса астық бастырды. Сонымен өзіндей қазақ әйелі, құрбылас тұрғыларына, барлық апа-сіңлілеріне қадірлі үлгі көрсетіп отыр.   Қалың ел қайраты біздің Отанда нелер зор қиындықтарды мендетпей, жеңбей қойған емес. Сондықтан қадірлі майдан, ұлы майдан биылғы астық жинау науқанында әрбір жеке бетке де, көпке де зор абырой болды. Республика жұртшылығы партия мен Отан алдында ардақты міндеті — мемлекетке бір миллиард пұт астық тапсыру міндетін абыроймен орындап шықты.   Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 10:28 4025

Миллиард

 

Мемлекеттік, қоғамдық майдандардың қандай саласында жүрген ер мен әйел, кәрі мен жас совет азаматы болса, қазір Қазақстандағы бір майданға түгелімен үңіле, ынталана қарайды, көп көңіл бөледі.

 

Советтік Қазақстанның өз жұртшылығы түгелімен бір ұлы ниет, зор міндет, қасиетті тілек соңында, біртұтас мақсатта. Әр күнгі таңертеңгі Москвадан берілетін радио хабарлары, әр күні таңертең еңбек күні басталар алдында қолыңызға келетін орталық, республикалық баспасөздерінің бір-бірінен ең алдымен еститінің, оқитының сол жаңағы бір майдан, зор майданның жаңалығы, табысы мен талабы болады.

 

Барлық Одақ көлеміне және эфир арқылы бүкіл дүние әлеміне кетіп жатқан, тарап жетіп жатқан табыстар, жеңістер дабылында, абыройлы ақпарларында астық жиып жатқан Қазақстан аты ауыздан түспейді. Ол ғана емес, Одақтағы әлденеше үлкен республикалар шаруашылығы аталмай тұрып, Қазақстанның жеке облысы — Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы деп, әр облыстың өзіне де ауыз толтыра әңгіме етіп, табыс - жеңістерін хабарлап жатады.

 

Осы жайды тыңдай отырып, осыған көңіл-бейіліңмен, күш-көмегіңмен әр саладан араласа отырып, егіс майданындағы жекеленген ерлерге де, түгел шоғырымен өзып шыққан тобына да мың алғыс, достық ойлар ойлайсың. Табыстарын мақтан етесің, қуанасың! Осындай өзғын жекелер мен қажырлы қалың көптің ойға алғаны орындалып, Отан қуанса, ұлы алғысын айтса екен деп барлық ниетінді, дос бейілінді бересің. Дәл осындай сезім-санадан бүгінгі Советтік Қазақстан ішіндегі ата мен анада, жас пен кәріде сыртқары тұрған жан баласы жоқ дей аламыз. Соның үшін де әрбір отаншыл азамат жүріп жатқан астық жинау ұлы науқанының аяқталу нәтижесіне ынта-бейілмен, зор тілектестікпен көз қадады.

 

Биыл республика тарихында бұрын болып көрмеген ұлы бір асу асқандай жай бар. Қиын қияға алыптың адымымен шырқап шыққандай табыс-жеңіс жылын күтеді. Сол Отанның, халық-ананың адал, асыл зор тілегінде барлық еңбек азаматының жүректен шыққан әміріндей игі арман, мүдде де жатыр.

 

Осындай берісі Ұлы Отан алдында, әрісі әлем алдында ауызға алынып, көзге түсіп отырған Қазақстан ұлы мақсатына "жетсе екен, жеңсе екен, сол жеткені мен жеңгенін көрсек екен" дейтін көңіл астық майданындағы барлық өрендердің қанатты серігіндей. Осы күндерде әр колхоз, әрбір МТС, әрбір совхозда еңбек етіп жүрген әрбір жеке комбайншы әр апта, әр тәулікте өздерін биік асуға өрлеп келе жатқан алғыр, басым топтай түсіну міндет.

 

Олардың әрқайсысы өздеріне барлық республика жұртшылығы, барлық Отан ойы мен бейілі қадала ауып отырғанын үнемі ойдан шығармауға керек. Біздің Отанның үлкен бір дәстүрі бойынша, осы алуандас майдандардың барлық шыны цифрлармен, сандармен алақандағыдай алдымызда отырады.

 

Өткен аптада өзгын болған совхоз, алда келе жатқан комбайншы осы аптада қай жерде? Ертең қандай өріс, өрге баспақшы? Қатарынан қайтіп аспақшы? Соның бәрін біз барлық Отан жұртшылығымен қатар көз тіге қадалып, бар бейілмен ынтыға білмекпіз. Осы күнде Одақ қана емес, барлық әлемдегі достар жүзін жадыратып, жаулар жүзін түнертіп отырған бір Қазақ республикасының сан цифрлары біздегі бірде-бір жанның ой-санасынан ұмытылмайды.

 

Жақсы өлеңнің жатық ұйқасындай боп миға сіңген, көкейге қонған, дос көңілді қуантқан ұмытылмас сан цифрларды Қазақстан әлемге әйгі етті.

 

1953 жылдан бері Қазақстанда 19,5 миллион гектар тың жер игерілді. Бұл сан бұрын меже қылған жоспардан 2 миллион 700 мың гектар асып түсіп отыр. Биылғы жыл Қазақстанның егіндік жер көлемі 27 миллион гекгарға жетті. Соның 23,5 миллион гектары тек қана дәнді eгic.

 

Біздің социалистік Қазақстан қазір Одақ көлемінде барлық басқа республикалардан асып өзып, астық табысы жөнінде екінші орынға шықты. 80-нен аса облыстары бар, өз көлемінде бірнеше автономиялық республикалары бар, барлық Отанның шын шұрайы, ең ұлы ұйытқысы РСФСР, әрине, Қазақстанның алдында. Ол беретін биылғы астық саны 2 миллиард 200 миллион пұт болғанда, Қазақстан соның дәл жарымына тақап, бір өзі бірегей етіп, тұтас бір миллиард пұт астық берді. Миллиард пұт!

 

Ал республикамыздың биылғы жалпы жинап алған астық көлемі 1 миллиард 400 миллион пұт болды. Тағы бір осындай, таулар аралағандай, ұлы цифрлар арасын ой көзіңмен аралап, салғастыра өтсең, кешегі мен бүгіннің арасындай жап-жақын шақтардың өздерінің айырмасы да жер мен көктей жырақтап сала берген тәрізді.

 

Мысалы, 1954 жылы, алғаш тыңды меңгеруді бастаған жылмен салыстырғанда, биыл Қазақстан астықты төрт есе артық алып отыр. Осы алуандас алыптар әрекетіндей әрқай- сысы бір-бір асқардай цифрлар жалғыз ауылшаруашылық майданында жүрген республикалық, облыстық немесе аудандық, колхоз-совхоздық қызметкерлердің ғана жадында емес, ауыл шаруашылығына тікелей қатынасы болмаған, өз майдан, өз саласында отандық міндет, мақсаттарды отаншыл біртұтас көңілмен атқарып, ада қып жүрген азаматтарымыздың бәрінің де жадына қатты қонған, дос жүрекпен қабыл етілген сан цифрлар. Халық көңіл-бейілі соншалық тілектестікпен жұмыла қараған себепті, бір жаңағы ғана цифрлар емес, біздің қалың халқымыз одан арғы, әр облыстың нақтылы цифрларын да жадында өте жақсы сақтайды. Әр облыс сол сенімін ақтайды деп те біледі.

 

Міне, сол жөнінде біз, мысалы, Қостанай облысының колхоздары мен совхоздары 260 миллион пұт астық бергенін анық білеміз. Мұның 124 миллион пұты жоспардан тыс, асыра орындалған асыл жеңіс табысы болмақшы. Мысалы, Ақмола облысы да мол өнім облысы болып, 175 миллион пұт бергенде, 55 миллион пұтты жоспардан тыс беріп отыр. Көкшетау облысының 165 миллион пұт алымының 79 миллион пұты жоспардағыдан артық. Павлодар облысы 110 миллион пұт астықтың 48-ден аса миллион пұтын жоспардан тыс өткізді. Сол тәрізді Солтүстік Қазақстан облысы беретін 90 миллион пұт астықгың 38 миллион пұты жоспардан сыртқары.

 

Облыстар атаулының бұл саналғаннан басқалары да биылғы Қазақстанда дегенін берді және атағанынан да асып түсті. Астық жинаудың дәл қазіргі кезеңіне орай, құрметті атақ алған азаматтардың аттары да Отан халқының көбіне мәлім, көңіліне қадірлі. Мысалы, "Социалистік ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген механизатор" дейтін құрметті ататақ алған ұлы майдан ерлерінің де асыл аттары жадымызда. Олар: Ақмола облысы Семенов МТС-інің комбайншысы Алпысбаев Кенжебек жәйі, Қостанай облысы "Қарасу" МТС-інің комбайншысы, өзі Социалистік Еңбек Ері Ысқақов Амангелдінің аты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бадам МТС-інің комбайншысы Кәрімов Зияттың аты, Көкшетау облысы "Рузаев" астық совхозының комбайншысы Колбасконың аты және Павлодар облысы Надаров МТС-інің комбайншысы Музыканың аты, тағы да Алматы облысы "Рославль" астық совхозының комбайншысы Кононенконың аты — бәрі тегіс Одақ көлемінде даңқ алды. Қазақстанда қалың еңбек ерінің қатарынан шыққан ең қадірлі аттар, міне, осылар сияқтылар.

 

Бұл майданда атағы шыққан қалың топ, үлкен шоғырда жеке совхоздардың абыройлы табыстары да ауызға алынумен келеді. Мысалы, Алматы облысында өткен жылдың көктемінде ғана құрылған "Рославль" астық совхозы бар еді. Осы совхоз қазір республика көлеміндегі ең алдыңғы қатарлы совхоздардың бірі боп шықты. Бұл 5 миллион пұт астық жинап, мемлекетке жоспардан тыс 600 мың пұт астық берді. Сондайлық даңқ-атаққа ие болып отырған Көкшетау облысындағы "Симферополь" совхозы. Ол мемлекетке жоспардан тыс 1 миллион пұтқа жуық астық берсе, "Чистополь" совхозы жоспардан тыс 4 миллион пұт астық өткізді.

 

Жорық майдандай жарыс майданда МТС-терден де үдеп ұзап шыққан қадірлі топтар бар. Соның бірі — Қостанай облысындағы таңдаулы МТС-тердің бірі — Бөрлі МТС-і. Бұл МТС-тің механизаторлары биыл 70 мың гектар жердің егінін жинады. Әр гектардан асыл бидайдан 100 пұттан артық астық алды.

 

Қазақстан тыңдарында аяулы алтындай жайқалып шыққан қалың егін кеніне Отанымыздың бар тарапынан, қалың қалалар тобынан, нелер кен еңбек салаларынан егін жинауға көмекке келіп жатқан дос-жар жұрт саны да өте мол. Мысалға бір Ленинград қаласының өзінен тыңдағы егінді жинауға 10 мыңдай жас патриоттар көмекке келді. Биыл республиканың ұшан-теңіз егіс даласында 1 миллион 800 мыңнан аса адам жұмыс істеді. Осылар қатарында қазақ халқының еңбек иесі әйелдерінің арасынан шыққан, абыройлы атқа ие болған асыл жандар да бар. Әсіресе бұл жөнде біздің ауызға алатынымыз: Жамбыл облысы Байқадам МТС-іңдегі абыройлы, өзат комбайншы Қантбала Сырттамбекова. Ол күніне 200 центнерден аса астық бастырды. Сонымен өзіндей қазақ әйелі, құрбылас тұрғыларына, барлық апа-сіңлілеріне қадірлі үлгі көрсетіп отыр.

 

Қалың ел қайраты біздің Отанда нелер зор қиындықтарды мендетпей, жеңбей қойған емес. Сондықтан қадірлі майдан, ұлы майдан биылғы астық жинау науқанында әрбір жеке бетке де, көпке де зор абырой болды. Республика жұртшылығы партия мен Отан алдында ардақты міндеті — мемлекетке бір миллиард пұт астық тапсыру міндетін абыроймен орындап шықты.

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға