Жаңалықтар

Мавритания

Мавритания          Ресми  атауы:Мавритания Ислам  Республикасы        Астанасы: Нуакшот. Тұрғын   саны 450.000.         Басты  маңызды  қалалары: Навадхиву, Тазадит, Атар, Валатах.        Жер  көлемі:1.030.700км .        Халқының  саны:2.828.858 кісі (2002ж).Жалпы  халықтың  39%  қалалы  жерде  қоныстанған.Халықтың  49%-ын  14 жастан  төменгілер  құрайды. Әр шаршы  метрге  шаққандағы орналасу тығыздығы  2,4адам. Халықтың өсу  қарқыны  3%.       Ұлттық құрамы: Мавритания  халқының 80%-ын араб- берберлерден  шыққан морлар  (мавританиялықтар) құрайды. Морлар  Марокко,Сенегал, Мали, Гамбияға  тараған. Араб  тілінің  өздеріне  тән  бір  диалектикасынде  сөйлейді. Көшпенді  өмір  сүретін  морлардың  көпшілігінің арасында тайпалық  жүйе  үстем. Морлар түгелімен  мұсылман. Мавританиядағы  екінші бір  ұлттық топ  халықтың  12 %-ын құрайтын  тукулорлар. Тукулорлар  да  бүкіл  Батыс  Африка елдеріне  тараған.Араб  тарихы  деректерінде  олар такарир  деп  аталады. Тукулолар  да толығымен  Ислам  дінін  ұстанады. Сенегалдағы  тукулолар фулани тілінде  сөйлеседі, ал мавританиялық тукулолардың  тілі, көбіне,арабша.Үшінші ұлттық  топ 5%-ды құрайтын фулбелер.Төртінші-3%  көлеміндегі  сонинкелер. Мавританиядан  тыс елдерде  қоныстанған  сонинкелердің  жартысына  жуығы,ал Мағританиядағыларының  түгелі мұсылман.Бұлардың  негізгі тілі азер тілі.Мавританиялық  сонинкелердің мәдени  дәрежесі жоғары, іштерінен  көптеген  ғалымдар шыққан.        Ресми  тілі: арабша. Француз  тілі  екінші  ресми  тілі  болғанымен, халық негізінде, арабша  сөйлейді. Берберше  сөйлейтіндер  азшылық. Бұған қоса, жоғарыда  аталған  ұлттық  топтардың  өз  тілдері  де қолданылады.      Ресми діні: Ислам. Халық түгелімен  сунни  мұсылман. Басым көпшілігі малики  мазхабын ұстанады.      Географиялық   жағдайы: Солтүстік  батыс  Африка  елдеріне  жататынМавритания солтүстік- шығысында Алжир, оңтүстік- шығысы  мен  шығысында  Мали, оңтүстік- батысында Сенегал, батысында  Атлант мұхиты (жағалауының ұзындығы 754км), солтүстігінде  Баты  Сахарамен  шектесіп  жатыр.Ең  маңызды  ағын  суы- тек  бір  бөлігі  ғана Мавритания  топырақтарында болған  Сенегалөзені.Мавритания  жерінің  0,2 % -ы  ғана  егістікке жарамды жер , 38%-ы жайылымды  жер.Топырағының  үлкен  бір бөлігін Ұлы Сахараның  жалғасы болған  шөлді аймақ  алып жатыр. Мавритания ыстық  өлке. Оңтүстігіндегі  егістікке  жарамды кішкене  бір  алқаптан  басқасы құрғақ  жер. Оңтүстік  аймағы   жаңбырлы. Елде ауа – райы күндіз  ыстық, ал түнде өте суық. Атлант мұхиты жағалауында  орналасқан  астанасы Нуакшатта жылдық  орташа  жаңбыр  мөлшері  44  мм.Ал  солтүстігіндегі Мароккомен  шектесіп  Навахибуда орташа ыстық 22,1 дәреже,  жылдық орташа  жаңбыр мөлшері 5мм.        Басқару жүйесі: Мавританияда  көп  партиялы демократиялықреспублика  жүйесі  орныққан. Ел  1999 ж. 21  шілдеде  қабылданған конституциямен басқарылады. Ел  басшысы  әрі  үкімі басшысы да  болып   табылады  және  үкімет  мүшелерін тағайындайды. Елдің  екі  мәжілістен  тұратын парламенті бар.Бірінші  мәжіліс 56, ал  екіншісі-79  мүшеден тұрады. Мемлекеттің ресми  атауында Ислам  Республикасы  деп көрсетілгенімен, Ислам заңдары  қолданылмайды. Бұл заңдар тек жәке  халдерге  қатысты  мәселелерде қолданылады.       Мавритания БҰҰ, ИКҰ (Ислам  конференциясы  ұйымы), Африка  Бірлігі  Ұйымы,Батыс Африка  елдері  экономикелық  қоғамдастығы, Араб мемлекеттері  Бірлігі ІМF, Ислам Даму Банкі  және т.б. қырыққа жуық  халықаралық  ұйымдарға мүше.      Ел астанасы қоса 12  әкімшілік  аймаққа бөлінген.      Тарихы: Мағриб  әл-Ақса деп  аталған Солтүстік батыс  Африка  жеріне  мұсылман  әскерлері Уқбә бин Нафи  әл- Фухридің  қолбасшылығымен  хиджри 55ж ( миләди 675 ж) кірді. Мұның артын  ала  Батыс  Сахара  мен  солтүстік өмір сүрген  берберлер  арасында Ислам діні  тез  жайыла  бастады.Батыс  Сахараның  оңтүстігіндегі  Мавритания  топырағына Ислам дінін  жеткізгендердің басым бөлігі  осы берберлер  болады. Әмәуилер дәуірінде  бүгінгі  Мавританияның  үлкен  бөлігі Шанқыз деп  аталып, Мағрибдің бір  бөлігін құрады. Тарихи  деректерде  14 және 15 ғасырларда Египеттен  кейбір  араб  тайпаларының  Мавританияға қоныс  аударғандығы, соның нәтижесінде  арабтар мен  берберлербіте қайнасып бірігіп  кеткендіді айтылады.      Мавритания жеріне басқыншылық , Миссионерлік ниетпен  келген, алғашқы  португалиялықтардың басқыншылыұ  әрекеттері 15 ғасырдан 1814 жылға   дейін жалғасты.1814ж. Напалеонның  басқа  басқыншы күштерді  жеңуіне  байланысты  Сенегал  топыпағы  билік  шекарасын  кеңейте түскен  Франциның  қол астына  енді. Француздар Мавританияны  басып алу  үшін 19 ғасырда  шабуыл жасағанымен, сәтсіз  аяқталды.Фрацуздар басып  алу  әрекетін  ел  ішінде ірікті  салу  арқылы  жалғастырды. Ол  үшін кейбір  тайпалар  басшыларымен  байланыс құрылып, соның  нәтижесінде арабтар  мен берберлер арасында  ұрыс-керістер  орын  алды. Мұны  пайдаланған  француздар 1903 ж.Мавританияның  тразда аймағын басып  алды.Кейінірек  1920 ж. Мавритания топырағын жерін қол  астына  қалды.Бұдан кейін Мавритания Францич  Батыс  Африкасының  бір бөлігіне айналады. Бұл уақытта христиан миссионерлері қызу  жұмыс жүргізгенімен, Ислам дініне берілген  мавританиялықтарға  әсер ете алмайды. Басқыншыларға   қарсы үздіксіз күрес  нәтижесінде 1958 ж. Мавритания  Француз халықтар Бірлігі ішіндегі  тәуелсіз мүше  статусына  қол  жеткізді. 1959 ж. 22 наурызда  Мавритания Ислам Республикасы  үшін   конституция  мәжілісі  құрылып, артынан 1959 ж. 17  мамырда елде  алғаш сайлау  өткізіліп, сайлауда Мавритания Бірлік  партиясы  жеңіске  жетіп, осы  партияның  басшысы  Мұхтар Уәләд  Дәде  мемлекет басшылығына  сайланды. 1960 ж. 28  қазанда ел толық  Тәуелсіздігін  жариялады.      Экономикасы:Мавритания халқының  басым  көпшілігі  малшаруашылығымен  айналысады. Сондықтан  ел экономикасы да, негізінен, осы  мал шаруашылығына  сүйенеді. Көбіне, қой  өсіріледі. Егін шаруашылығы  тек Сенегал өзеннің жағалауындағы  тар  алаң  мен  солтүстік  шығыстағы  жазықтарда орын  алған.Көбіне егістік  өнімдерінен: құрма, тары, жүгері, дәнді-дақыл, күріш және жер жаңғақ  пен  түрлі жеміс- көкеніс өсіріледі. Мал шаруашылығымен егін шаруашылығының  жалпы  ішкі өнімдегі үлесі 32% көлемінде. Елде балықшылық  та  үлкен  табыс көзі.Ауыл шаркашылығы  мен  балық  секторында  жұмыс  істейтіндер75%-ды құрайды. Мавританияда  баста  темір  мен  мысқа қоса,түрлі  жер  асты  кендері  бар. Қазба  байлықтары: темір, мыс, фосфат, алмас, алтын. Қазба байлықтардан түсетін табыстың жалпы  ішкі өнімдері үлесі17 %.        Ақша  бірлігі:Мавритания  угиясы.Адам  Басына  шаққанда ұлттық  табысы 1800$ (2001ж)        Экспорты: 333млн.$ (1999) экспорт  өнімдері: темір, балық, алтын.Экспорт  серіктестері: Жапония 11%, Франция 17%, Италия 16%, Испания 11%(1998)      Импорты:305 млн.$ (1999). Басты  импорт  өнімдері:машина  және оның бөлшектері, мұнай өнімдері,азық-түлік, тұтынушы заттары.     Сыртқы  қарыз көлемі:2,1 млрд (1999).  
05.12.2012 10:23 11594

Мавритания

 

       Ресми  атауы:Мавритания Ислам  Республикасы

       Астанасы: Нуакшот. Тұрғын   саны 450.000.

        Басты  маңызды  қалалары: Навадхиву, Тазадит, Атар, Валатах.

       Жер  көлемі:1.030.700км .

       Халқының  саны:2.828.858 кісі (2002ж).Жалпы  халықтың  39%  қалалы  жерде  қоныстанған.Халықтың  49%-ын  14 жастан  төменгілер  құрайды. Әр шаршы  метрге  шаққандағы орналасу тығыздығы  2,4адам. Халықтың өсу  қарқыны  3%.

      Ұлттық құрамы: Мавритания  халқының 80%-ын араб- берберлерден  шыққан морлар  (мавританиялықтар) құрайды. Морлар  Марокко,Сенегал, Мали, Гамбияға  тараған. Араб  тілінің  өздеріне  тән  бір  диалектикасынде  сөйлейді. Көшпенді  өмір  сүретін  морлардың  көпшілігінің арасында тайпалық  жүйе  үстем. Морлар түгелімен  мұсылман. Мавританиядағы  екінші бір  ұлттық топ  халықтың  12 %-ын құрайтын  тукулорлар. Тукулорлар  да  бүкіл  Батыс  Африка елдеріне  тараған.Араб  тарихы  деректерінде  олар такарир  деп  аталады. Тукулолар  да толығымен  Ислам  дінін  ұстанады. Сенегалдағы  тукулолар фулани тілінде  сөйлеседі, ал мавританиялық тукулолардың  тілі, көбіне,арабша.Үшінші ұлттық  топ 5%-ды құрайтын фулбелер.Төртінші-3%  көлеміндегі  сонинкелер. Мавританиядан  тыс елдерде  қоныстанған  сонинкелердің  жартысына  жуығы,ал Мағританиядағыларының  түгелі мұсылман.Бұлардың  негізгі тілі азер тілі.Мавританиялық  сонинкелердің мәдени  дәрежесі жоғары, іштерінен  көптеген  ғалымдар шыққан.

       Ресми  тілі: арабша. Француз  тілі  екінші  ресми  тілі  болғанымен, халық негізінде, арабша  сөйлейді. Берберше  сөйлейтіндер  азшылық. Бұған қоса, жоғарыда  аталған  ұлттық  топтардың  өз  тілдері  де қолданылады.

     Ресми діні: Ислам. Халық түгелімен  сунни  мұсылман. Басым көпшілігі малики  мазхабын ұстанады.

     Географиялық   жағдайы: Солтүстік  батыс  Африка  елдеріне  жататынМавритания солтүстік- шығысында Алжир, оңтүстік- шығысы  мен  шығысында  Мали, оңтүстік- батысында Сенегал, батысында  Атлант мұхиты (жағалауының ұзындығы 754км), солтүстігінде  Баты  Сахарамен  шектесіп  жатыр.Ең  маңызды  ағын  суы- тек  бір  бөлігі  ғана Мавритания  топырақтарында болған  Сенегалөзені.Мавритания  жерінің  0,2 % -ы  ғана  егістікке жарамды жер , 38%-ы жайылымды  жер.Топырағының  үлкен  бір бөлігін Ұлы Сахараның  жалғасы болған  шөлді аймақ  алып жатыр. Мавритания ыстық  өлке. Оңтүстігіндегі  егістікке  жарамды кішкене  бір  алқаптан  басқасы құрғақ  жер. Оңтүстік  аймағы   жаңбырлы. Елде ауа – райы күндіз  ыстық, ал түнде өте суық. Атлант мұхиты жағалауында  орналасқан  астанасы Нуакшатта жылдық  орташа  жаңбыр  мөлшері  44  мм.Ал  солтүстігіндегі Мароккомен  шектесіп  Навахибуда орташа ыстық 22,1 дәреже,  жылдық орташа  жаңбыр мөлшері 5мм.

       Басқару жүйесі: Мавританияда  көп  партиялы демократиялықреспублика  жүйесі  орныққан. Ел  1999 ж. 21  шілдеде  қабылданған конституциямен басқарылады. Ел  басшысы  әрі  үкімі басшысы да  болып   табылады  және  үкімет  мүшелерін тағайындайды. Елдің  екі  мәжілістен  тұратын парламенті бар.Бірінші  мәжіліс 56, ал  екіншісі-79  мүшеден тұрады. Мемлекеттің ресми  атауында Ислам  Республикасы  деп көрсетілгенімен, Ислам заңдары  қолданылмайды. Бұл заңдар тек жәке  халдерге  қатысты  мәселелерде қолданылады.

      Мавритания БҰҰ, ИКҰ (Ислам  конференциясы  ұйымы), Африка  Бірлігі  Ұйымы,Батыс Африка  елдері  экономикелық  қоғамдастығы, Араб мемлекеттері  Бірлігі ІМF, Ислам Даму Банкі  және т.б. қырыққа жуық  халықаралық  ұйымдарға мүше.

     Ел астанасы қоса 12  әкімшілік  аймаққа бөлінген.

     Тарихы: Мағриб  әл-Ақса деп  аталған Солтүстік батыс  Африка  жеріне  мұсылман  әскерлері Уқбә бин Нафи  әл- Фухридің  қолбасшылығымен  хиджри 55ж ( миләди 675 ж) кірді. Мұның артын  ала  Батыс  Сахара  мен  солтүстік өмір сүрген  берберлер  арасында Ислам діні  тез  жайыла  бастады.Батыс  Сахараның  оңтүстігіндегі  Мавритания  топырағына Ислам дінін  жеткізгендердің басым бөлігі  осы берберлер  болады. Әмәуилер дәуірінде  бүгінгі  Мавританияның  үлкен  бөлігі Шанқыз деп  аталып, Мағрибдің бір  бөлігін құрады. Тарихи  деректерде  14 және 15 ғасырларда Египеттен  кейбір  араб  тайпаларының  Мавританияға қоныс  аударғандығы, соның нәтижесінде  арабтар мен  берберлербіте қайнасып бірігіп  кеткендіді айтылады.

     Мавритания жеріне басқыншылық , Миссионерлік ниетпен  келген, алғашқы  португалиялықтардың басқыншылыұ  әрекеттері 15 ғасырдан 1814 жылға   дейін жалғасты.1814ж. Напалеонның  басқа  басқыншы күштерді  жеңуіне  байланысты  Сенегал  топыпағы  билік  шекарасын  кеңейте түскен  Франциның  қол астына  енді. Француздар Мавританияны  басып алу  үшін 19 ғасырда  шабуыл жасағанымен, сәтсіз  аяқталды.Фрацуздар басып  алу  әрекетін  ел  ішінде ірікті  салу  арқылы  жалғастырды. Ол  үшін кейбір  тайпалар  басшыларымен  байланыс құрылып, соның  нәтижесінде арабтар  мен берберлер арасында  ұрыс-керістер  орын  алды. Мұны  пайдаланған  француздар 1903 ж.Мавританияның  тразда аймағын басып  алды.Кейінірек  1920 ж. Мавритания топырағын жерін қол  астына  қалды.Бұдан кейін Мавритания Францич  Батыс  Африкасының  бір бөлігіне айналады. Бұл уақытта христиан миссионерлері қызу  жұмыс жүргізгенімен, Ислам дініне берілген  мавританиялықтарға  әсер ете алмайды. Басқыншыларға   қарсы үздіксіз күрес  нәтижесінде 1958 ж. Мавритания  Француз халықтар Бірлігі ішіндегі  тәуелсіз мүше  статусына  қол  жеткізді. 1959 ж. 22 наурызда  Мавритания Ислам Республикасы  үшін   конституция  мәжілісі  құрылып, артынан 1959 ж. 17  мамырда елде  алғаш сайлау  өткізіліп, сайлауда Мавритания Бірлік  партиясы  жеңіске  жетіп, осы  партияның  басшысы  Мұхтар Уәләд  Дәде  мемлекет басшылығына  сайланды. 1960 ж. 28  қазанда ел толық  Тәуелсіздігін  жариялады.

     Экономикасы:Мавритания халқының  басым  көпшілігі  малшаруашылығымен  айналысады. Сондықтан  ел экономикасы да, негізінен, осы  мал шаруашылығына  сүйенеді. Көбіне, қой  өсіріледі. Егін шаруашылығы  тек Сенегал өзеннің жағалауындағы  тар  алаң  мен  солтүстік  шығыстағы  жазықтарда орын  алған.Көбіне егістік  өнімдерінен: құрма, тары, жүгері, дәнді-дақыл, күріш және жер жаңғақ  пен  түрлі жеміс- көкеніс өсіріледі. Мал шаруашылығымен егін шаруашылығының  жалпы  ішкі өнімдегі үлесі 32% көлемінде. Елде балықшылық  та  үлкен  табыс көзі.Ауыл шаркашылығы  мен  балық  секторында  жұмыс  істейтіндер75%-ды құрайды. Мавританияда  баста  темір  мен  мысқа қоса,түрлі  жер  асты  кендері  бар. Қазба  байлықтары: темір, мыс, фосфат, алмас, алтын. Қазба байлықтардан түсетін табыстың жалпы  ішкі өнімдері үлесі17 %.

       Ақша  бірлігі:Мавритания  угиясы.Адам  Басына  шаққанда ұлттық  табысы 1800$ (2001ж)

       Экспорты: 333млн.$ (1999) экспорт  өнімдері: темір, балық, алтын.Экспорт  серіктестері: Жапония 11%, Франция 17%, Италия 16%, Испания 11%(1998)

     Импорты:305 млн.$ (1999). Басты  импорт  өнімдері:машина  және оның бөлшектері, мұнай өнімдері,азық-түлік, тұтынушы заттары.

    Сыртқы  қарыз көлемі:2,1 млрд (1999).

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға