Жаңалықтар

Балаларға арналған хабарлар

Балаларға арналған хабарлар – Алматы телестудиясында 1960 жылы бастау алды. Ол тұста арнайы редакция болмағанымен, мектеп оқушыларын қатыстыру, концерттік программалар арқылы балаларға арналған хабарлар беріліп тұрды. Мұның өзі бірте-бірте өз алдына редакция құрылуына алып келді. Сөйтіп, "Ғылым және мектеп" редакциясы құрылып, балаларға арналған хабарлар эфирден жүйелі түрде беріле бастады.  Алғашқы хабарлардың бірі ретінде "Ертегі кеші" атты хабарды атауға болады. Хабар ерекше бір шығармашылық ізденістен туған хабар еді деп атауға болмас. Себебі, ол Орталық теледидардан беріліп жүрген "Спокойные ночи" хабарының тәжірибесінен өмірге келген еді. Ойды да, жүйені де сол хабардан алған хабарда еліктеу басым болды. Алайда редакцияның ізденістерін жоққа шығаруға болмайды. Хабарлар Қазақ теледидарынан ұзақ жылдар берілген уақытын да талай рет өзгеріске ұшырады. Алғашында лақ пен қозы, қуыршақ кейіпкерлер арқылы берілген бұл хабар, кейін "Мен мектепке барамын" болып ауысты. Ортақ тұлға жүргізуші арқылы оқиға әр түрлі күйде дамып отырды. Хабар 60-жылдары Орталық теледидардың дикторы Валентина Леонтьева жүргізген "қуыршақтар" ойының еске салар еді. Кейіннен балаларды мультфильм көруге шақыру ғана емес, ертегі айтуға тәрбиелеуге ұмтылыс байқалды. Әже бейнесі арқылы балаларды кәусар бұлаққа қызықтыруға бетбұрыс болды. Сахнадағы бірнеше қыз - балалардың ортасында шымқай ақ киімге оранған, адалдық пен пәктіктің бейнесіндей ақ әже тылсым сыры мол ертегі әлеміне әуезді үнімен, әсем дауысымен аудиторияны лезде-ақ тартып алатын. Бұл тек студия ішінде отырған балаларды ғана емес, сол сәтте, телеэкранға жәудіреп отырған миллиондаған сәбилерді өзіне тартып, осынау қызық әлемді шарлатып-ақ кететін-ді. Сондықтан да бұл хабардың миллиондаған бүлдіршіндер қиялына канат бітіргені шындық. Сол тұстағы балалардың көз алдында хабарды әр кезеңде жүргізген Мәриям Айымбетова, Бұқаралық ақпарат құралдыры ытжамал Ерманова апайларының бейнесі мәңгілік сақталып қалғаны рас. Ия, алғашқы ізденістер осылай басталған. Алайда өмір бірқалыпта тұрмасы анық. 1986 жылы бергі өзгерістер өміріміздің сан саласына бетбұрыс әкелді. 1992 жылы бастап балалар редакциясы ез алдына отау тікті. Осыдан бастап балалар редакциясы ұлттық тәрбиеге, ұлттық салт-дәстүрге айрықша бет бұрды.  
05.12.2012 10:22 3991

Балаларға арналған хабарлар – Алматы телестудиясында 1960 жылы бастау алды. Ол тұста арнайы редакция болмағанымен, мектеп оқушыларын қатыстыру, концерттік программалар арқылы балаларға арналған хабарлар беріліп тұрды. Мұның өзі бірте-бірте өз алдына редакция құрылуына алып келді. Сөйтіп, "Ғылым және мектеп" редакциясы құрылып, балаларға арналған хабарлар эфирден жүйелі түрде беріле бастады. 

Алғашқы хабарлардың бірі ретінде "Ертегі кеші" атты хабарды атауға болады. Хабар ерекше бір шығармашылық ізденістен туған хабар еді деп атауға болмас. Себебі, ол Орталық теледидардан беріліп жүрген "Спокойные ночи" хабарының тәжірибесінен өмірге келген еді. Ойды да, жүйені де сол хабардан алған хабарда еліктеу басым болды. Алайда редакцияның ізденістерін жоққа шығаруға болмайды. Хабарлар Қазақ теледидарынан ұзақ жылдар берілген уақытын да талай рет өзгеріске ұшырады. Алғашында лақ пен қозы, қуыршақ кейіпкерлер арқылы берілген бұл хабар, кейін "Мен мектепке барамын" болып ауысты. Ортақ тұлға жүргізуші арқылы оқиға әр түрлі күйде дамып отырды. Хабар 60-жылдары Орталық теледидардың дикторы Валентина Леонтьева жүргізген "қуыршақтар" ойының еске салар еді. Кейіннен балаларды мультфильм көруге шақыру ғана емес, ертегі айтуға тәрбиелеуге ұмтылыс байқалды.
Әже бейнесі арқылы балаларды кәусар бұлаққа қызықтыруға бетбұрыс болды. Сахнадағы бірнеше қыз - балалардың ортасында шымқай ақ киімге оранған, адалдық пен пәктіктің бейнесіндей ақ әже тылсым сыры мол ертегі әлеміне әуезді үнімен, әсем дауысымен аудиторияны лезде-ақ тартып алатын. Бұл тек студия ішінде отырған балаларды ғана емес, сол сәтте, телеэкранға жәудіреп отырған миллиондаған сәбилерді өзіне тартып, осынау қызық әлемді шарлатып-ақ кететін-ді. Сондықтан да бұл хабардың миллиондаған бүлдіршіндер қиялына канат бітіргені шындық. Сол тұстағы балалардың көз алдында хабарды әр кезеңде жүргізген Мәриям Айымбетова, Бұқаралық ақпарат құралдыры ытжамал Ерманова апайларының бейнесі мәңгілік сақталып қалғаны рас. Ия, алғашқы ізденістер осылай басталған. Алайда өмір бірқалыпта тұрмасы анық. 1986 жылы бергі өзгерістер өміріміздің сан саласына бетбұрыс әкелді. 1992 жылы бастап балалар редакциясы ез алдына отау тікті. Осыдан бастап балалар редакциясы ұлттық тәрбиеге, ұлттық салт-дәстүрге айрықша бет бұрды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға