Жаңалықтар

Орынбор мүфтилігі

  Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма. 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина ІІ-нің жарлығына сәйкес Уфа қ-нда ашылды. Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қ-нда құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор  қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қ-на қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қ-на келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді.  Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж.  Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар Мұхамеджан Қазиев, 1802 ж. Бөкей Ордасына Жүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж. Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда  өтініштері  аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. 1867 – 68 ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не  қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде  Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды. Әдеб.: Азаматов Д.Д., Оренбургское магометанское духовное собрание в конце XVІІІ – XІX, Уфа, 1999; Хабутдинов А.,  Миллет Оренбургского духовного собрания в конце XVІІІ – XІX веках, Казань, 2000; Рүстемов С., Орынбор  мүфтилігі және қазақтар //Қазақ тарихы, 2004, №5. С. Рүстемов  
05.12.2012 10:18 6683

 

Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма. 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина ІІ-нің жарлығына сәйкес Уфа қ-нда ашылды. Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қ-нда құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор  қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қ-на қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қ-на келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді.  Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж.  Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар Мұхамеджан Қазиев, 1802 ж. Бөкей Ордасына Жүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж. Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда  өтініштері  аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. 1867 – 68 ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не  қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде  Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды.

Әдеб.: Азаматов Д.Д., Оренбургское магометанское духовное собрание в конце XVІІІ – XІX, Уфа, 1999; Хабутдинов А.,  Миллет Оренбургского духовного собрания в конце XVІІІ – XІX веках, Казань, 2000; Рүстемов С., Орынбор  мүфтилігі және қазақтар //Қазақ тарихы, 2004, №5.

С. Рүстемов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға