Жаңалықтар

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (орыс. Московский государственный университет имени М.В.Ломоносова) — Мәскеу қаласында орналасқан Ресей Федерациясының тұңғыш жоғары оқу орны. Ресей Федерациясының ғылыми орталығы. Тарихы 1755 жылы негізі қаланған. 1940 жылы университетке Л.В.Ломоносов есімі берілді. Алғашқыда 3 факультеті болды (философия, заң және медицина). 1756 жылы университет жанынан баспахана және кітап дүкені ашылды. университет баспаханасында “Мәскеу ведомостері” газеті басылды. ММУ-дың ағартушылық қызметі Қазан гимназиясы (1804 жылдан Қазан университеті), Петербургтегі Көркем өнер академиясы (1764 жылға дейін ММУ-дың қарамағында), Кіші театр, т.б. ғылыми және мәдени орталықтардың құрылуына жәрдемдесті. 19 ғасырда университет жанынан алғашқы ғылыми қоғамдар: Табиғатты байқаушылар қоғамы, Ресей тарихы мен естеліктері қоғамы, Ресей тіл-әдебиет әуесқойларының қоғамы құрылды. университетте Ресей ғылымы мен мәдениетінің көптеген көрнекті қайраткерлері білім алып, еңбек етті. 1804 жылы университеттің жарғысы қабылданып, оған дербес мәртебе берілді. Жарғыға сәйкес ММУ Ресейдің орталық губернияларындағы орта және бастауыш оқу орындарына жалпы басшылық жасады. Университеттегі оқу пәндері мен оқытушылар саны артты, тәжірибелік және лабораториялық сабақтарға назар аударылды. Университеттің 4 факультетінде: тарих-филология, физика-математика, заң және медицина факультеттерінде 1500-ге жуық студент оқыды. Университеттің бастамасымен және жәрдемімен 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында көрнекті мәскеулік мұражайлар: Политех., Тарихи, Зоология, Антропология, Әсем өнерлер (қазіргі А.С. Пушкин атындағы Бейнелеу өнері мұражайы) мұражайлары ашылды. 20 ғасырдың 20 – 30 жыл мамандар санын арттыру мақсатында жүргізілген қайта құру шараларыуниверситеттің дамуына кері әсер етті. Университет құрамынан медицина, кеңес құқығы және химия (уақытша) факультеттері шығарылып, олардың негізінде дербес жоғарғы оқу орындары құрылды. Жаратылыстану факультеттеріндегі геология, минералогия және география бөлімдер де жоғарғы оқу орындарына өзгертілді. Гуманитарлық факультеттер негізінде 1931 жылы Москва философия, әдебиет және тарих институты ашылды. Он жылдан кейін ол ММУ-ге қайта қосылды. 1930 – 50 жылы КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдай, өкімет тарапынан жасалған идеология және әкімшілік қысым шығармашылық еркіндікке жол бермей, университеттің дамуына зиянын тигізді. Дегенмен 1941 жылы университеттің тек күндізгі бөлімінде 5 мыңға жуық студент білім алды, 30 профессор мен ғылыми қызметкер КСРО ұА-ның толық мүшесі болды.     Москва (мәскеу) мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы (ММУ)     1820 жылғы Мәскеу Университеті 1940 – 50 жылы ММУ-дың материалдық жағдайы біршама жақсарды. Көптеген мамандырылған, соның ішінде факультет аралық лабораториялар, ғылыми-зерттеулік есептеу орталықтары ұйымдастырылды. Университет құрамында жаңа факультеттер: Шығыс тілдері институтты (1972 жылдан ММУ жанындағы Азия және Африка елдерінің институтты), психология факультеті, есептеуіш математикасы мен кибернетика факультеті, топырақтану факультеті ашылды. Күндізгі бөлімдегі студенттердің жалпы саны 1953 жылы 13 мыңнан 2001 жылы 31 мыңға өсті. ММУ студенттер мен аспиранттарды даярлаудың ірі халықаралық ғылыми орталықтарына айналды. 1992 жылы маусымда РФ Президентінің Жарлығына сәйкес ресейлік өзін-өзі басқарушы (дербес) жоғарғы оқу орны мәртебесін алды. 1998 жылы университеттің жаңа Жарғысы қабылданды. ММУ-ге жалпы басшылық жасайтын ұыл. кеңес ғылым мен оқу ісінің халықар. байланыстардың маңызды мәселелерін шешеді, университеттің құрылымы мен бюджетін бекітеді, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын айқындайды. Ресейдің ірі классикалық университеті ретінде 27 бағыт пен 57 мамандық бойынша студенттер, 168 ғылыми мамандық бойынша аспираттар мен докторанттар даярлайды. Қазіргі уақытта онда 40 мыңнан астам адам білім алуда. Жыл сайын университетте әлемнің көптеген елдерінен келген 2 мыңнан астам студент пен аспирант оқиды. Нобель сыйлығының 18 лауреатының 11-і ММУ-дың түлектері мен профессорлары. Университетте 2,5 мың ғалым доктор мен 6 мыңға жуық ғылым кандидат, 1 мыңға жуық профессор және 2 мың доцент, Ресей ұА-ның және салалық академиялардың 300-ге тарта академия мен корреспондент-мүшесі қызмет етеді. ұыл. бағыттар мен бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізетін 5 мың ғылыми қызметкер университеттің іргелі және қолданбалы ғылым саласында еңбек етеді. ММУ-дың құрамында 27 факультет, 15 ғылыми - зертхана институты, 49 мұражай, 350-ден астам кафедра, ғылыми парк, ботаникалық бақ, ғылыми кітапхана, баспа, типография, мәдени орталық, мектеп-интернат бар. Жыл сайын университетте әр түрлі ғылым салалары бойынша 1500 кандидаттық және 250 докторлық диссертация қорғалады. ММУ Халықаралық университеттер ассоциациясына кіреді, шет елдердің 60-тан астам ғылыми орталықтарымен, университеттерімен, сондай-ақ Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Университеттің жүздеген түлектері Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр түрлі қызметтер атқаруда. 1994 жылы 28 наурызда Қазақстан республикасы Президенті Н. Назарбаев ММУ профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Еуропа Одақ құру идеясын ұсынды. Университеттің көптеген профессорлары арнайы келісім бойынша Астанадағы Еуразия университетінде дәріс оқып тұрады.  
05.12.2012 10:18 8846

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (орыс. Московский государственный университет имени М.В.Ломоносова) — Мәскеу қаласында орналасқан Ресей Федерациясының тұңғыш жоғары оқу орны. Ресей Федерациясының ғылыми орталығы.
Тарихы
1755 жылы негізі қаланған. 1940 жылы университетке Л.В.Ломоносов есімі берілді. Алғашқыда 3 факультеті болды (философия, заң және медицина). 1756 жылы университет жанынан баспахана және кітап дүкені ашылды. университет баспаханасында “Мәскеу ведомостері” газеті басылды. ММУ-дың ағартушылық қызметі Қазан гимназиясы (1804 жылдан Қазан университеті), Петербургтегі Көркем өнер академиясы (1764 жылға дейін ММУ-дың қарамағында), Кіші театр, т.б. ғылыми және мәдени орталықтардың құрылуына жәрдемдесті. 19 ғасырда университет жанынан алғашқы ғылыми қоғамдар: Табиғатты байқаушылар қоғамы, Ресей тарихы мен естеліктері қоғамы, Ресей тіл-әдебиет әуесқойларының қоғамы құрылды. университетте Ресей ғылымы мен мәдениетінің көптеген көрнекті қайраткерлері білім алып, еңбек етті.
1804 жылы университеттің жарғысы қабылданып, оған дербес мәртебе берілді. Жарғыға сәйкес ММУ Ресейдің орталық губернияларындағы орта және бастауыш оқу орындарына жалпы басшылық жасады. Университеттегі оқу пәндері мен оқытушылар саны артты, тәжірибелік және лабораториялық сабақтарға назар аударылды. Университеттің 4 факультетінде: тарих-филология, физика-математика, заң және медицина факультеттерінде 1500-ге жуық студент оқыды. Университеттің бастамасымен және жәрдемімен 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында көрнекті мәскеулік мұражайлар: Политех., Тарихи, Зоология, Антропология, Әсем өнерлер (қазіргі А.С. Пушкин атындағы Бейнелеу өнері мұражайы) мұражайлары ашылды. 20 ғасырдың 20 – 30 жыл мамандар санын арттыру мақсатында жүргізілген қайта құру шараларыуниверситеттің дамуына кері әсер етті. Университет құрамынан медицина, кеңес құқығы және химия (уақытша) факультеттері шығарылып, олардың негізінде дербес жоғарғы оқу орындары құрылды. Жаратылыстану факультеттеріндегі геология, минералогия және география бөлімдер де жоғарғы оқу орындарына өзгертілді. Гуманитарлық факультеттер негізінде 1931 жылы Москва философия, әдебиет және тарих институты ашылды. Он жылдан кейін ол ММУ-ге қайта қосылды.
1930 – 50 жылы КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдай, өкімет тарапынан жасалған идеология және әкімшілік қысым шығармашылық еркіндікке жол бермей, университеттің дамуына зиянын тигізді. Дегенмен 1941 жылы университеттің тек күндізгі бөлімінде 5 мыңға жуық студент білім алды, 30 профессор мен ғылыми қызметкер КСРО ұА-ның толық мүшесі болды.
 
 
Москва (мәскеу) мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы (ММУ)
 
 
1820 жылғы Мәскеу Университеті
1940 – 50 жылы ММУ-дың материалдық жағдайы біршама жақсарды. Көптеген мамандырылған, соның ішінде факультет аралық лабораториялар, ғылыми-зерттеулік есептеу орталықтары ұйымдастырылды. Университет құрамында жаңа факультеттер: Шығыс тілдері институтты (1972 жылдан ММУ жанындағы Азия және Африка елдерінің институтты), психология факультеті, есептеуіш математикасы мен кибернетика факультеті, топырақтану факультеті ашылды. Күндізгі бөлімдегі студенттердің жалпы саны 1953 жылы 13 мыңнан 2001 жылы 31 мыңға өсті. ММУ студенттер мен аспиранттарды даярлаудың ірі халықаралық ғылыми орталықтарына айналды. 1992 жылы маусымда РФ Президентінің Жарлығына сәйкес ресейлік өзін-өзі басқарушы (дербес) жоғарғы оқу орны мәртебесін алды.
1998 жылы университеттің жаңа Жарғысы қабылданды. ММУ-ге жалпы басшылық жасайтын ұыл. кеңес ғылым мен оқу ісінің халықар. байланыстардың маңызды мәселелерін шешеді, университеттің құрылымы мен бюджетін бекітеді, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын айқындайды. Ресейдің ірі классикалық университеті ретінде 27 бағыт пен 57 мамандық бойынша студенттер, 168 ғылыми мамандық бойынша аспираттар мен докторанттар даярлайды. Қазіргі уақытта онда 40 мыңнан астам адам білім алуда. Жыл сайын университетте әлемнің көптеген елдерінен келген 2 мыңнан астам студент пен аспирант оқиды. Нобель сыйлығының 18 лауреатының 11-і ММУ-дың түлектері мен профессорлары. Университетте 2,5 мың ғалым доктор мен 6 мыңға жуық ғылым кандидат, 1 мыңға жуық профессор және 2 мың доцент, Ресей ұА-ның және салалық академиялардың 300-ге тарта академия мен корреспондент-мүшесі қызмет етеді. ұыл. бағыттар мен бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізетін 5 мың ғылыми қызметкер университеттің іргелі және қолданбалы ғылым саласында еңбек етеді. ММУ-дың құрамында 27 факультет, 15 ғылыми - зертхана институты, 49 мұражай, 350-ден астам кафедра, ғылыми парк, ботаникалық бақ, ғылыми кітапхана, баспа, типография, мәдени орталық, мектеп-интернат бар. Жыл сайын университетте әр түрлі ғылым салалары бойынша 1500 кандидаттық және 250 докторлық диссертация қорғалады. ММУ Халықаралық университеттер ассоциациясына кіреді, шет елдердің 60-тан астам ғылыми орталықтарымен, университеттерімен, сондай-ақ Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан. Университеттің жүздеген түлектері Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр түрлі қызметтер атқаруда.
1994 жылы 28 наурызда Қазақстан республикасы Президенті Н. Назарбаев ММУ профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңғыш рет Еуропа Одақ құру идеясын ұсынды. Университеттің көптеген профессорлары арнайы келісім бойынша Астанадағы Еуразия университетінде дәріс оқып тұрады.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға