Жаңалықтар

Жаңа шеріктердің маңызы

  Жаңа шеріктердің маңызы    Жаңа шерік киімін киген Ататүрік Жаңа шерік топтары бірнеше жағынан маңызы болды. Олардың арнайы әскери униформалары болды, оларға жалақы қолма-қол ақшамен тұрақты түрде төленді, олар саппен жүргенде қазіргі әскери оркестрге ұқсайтын меһтер деп аталатын ерекше әскери әуеннің екпінімен жүрді. Осы сияқты белгілер жаңа шеріктерді өз заманындағы әскерлердің арасында ерекшелеп тұрды.   Османлылар Рим империясы құлағалы бері Еуропадағы ең алғашқы тұрақты армия ұйымдастырды. Жаңа шеріктер Рим әскеріндегі преториялық сақшыларға ұқсас болатын, әрі сол замандағы феодалдық христиан әскерлерінде оларға ұқсас ешбір әскер жоқ еді. Христиан феодал қолбасшылары болса соғысуға қажетті әскерді соғыс басталғанда ғана жинай бастайтын.[1] Жаңа шеріктің әскери құрамасын оның өз отбасысы еді деп айтуға болады. Олар өздерінің барактарында тұрып, бейбітшілік кезінде тәртіп сақшылары және өрт сөндірушілер ретінде қызмет етті.     Жаңа шеріктердің тағы бір айырмашылығы — басқа әскерлерге жалақы тек соғыстың кезінде ғана төленсе, оларға қолма қол ақша тұрақты түрде төленіп тұрды. Ақша оларға әр тоқсанда бір рет төленіп, сұлтан оларға жалақыны туралы әмір берген соң, өзі де жаңа шерік киімін киіп, олардың барактарына келіп, Бірінші дивизияның қатардағы жауынгері ретінде өзінің де жалақысын алатын.   Оқатар қарумен қаруланған жаяу әскердің қылыш пен найзамен қаруланған атты әскерге қарағанда әлдеқайда қарулы екені анықталғанда, жаңа шерік күштерінің маңызы айқын бола бастады.[4] Жаңа шеріктер оқатар қаруларды өте ертеде, 15-ші ғасырда меңгеріп алған болатын. 16-шы ғасырда мүшкет жаңа шеріктің басты қаруына айналды. Жаңа шеріктер алғашқы болып гранатыларды және қол зеңбіректерді қолданды.   Жаңа шерік әскерлерінің тылдық қамтамасыз еті қызметтері де өз заманындағы ерекше құбылыс болатын. Жаңа шеріктер соғысты жақсы ұйымдасқан әскери машинаның бір бөлігі ретінде жүргізді. Османлылардың әскерінде жолды дайындайтын арнайы бөлім, алға шығып шатырларды тігетін арнайы бөлім, нан жабатын арнайы бөлім сияқты бөлімдер бар болатын. «Джебеджілер» бөлімі қару-жарақ пен оқ-дәріні алып жүріп, керек кезінде үлестіріп беретін. Жаңа шеріктер құрамасының өзінің дәрігерлік қызметі де бар болатын. Мұсылман және яһуди оташылары жорықтардың кезінде әскерлермен бірге болып, жаралылар мен ауру-сырқауларды артқы шептегі жылжымалы госпитальдарға шығару жолын ұйымдастыратын.   Осы айырмашылықтардың және жаңа шерік әскерлерінің ерекше тиімділігінің себебінен заманында шетелдіктер оларды зерттеумен айналысты. Уақыт өте осы заманғы армиялардың ұйымдастырылуының арқасында жаңа шеріктердің артықшылықтары күшін жоғалтса да, кейңн Османлы империясының өзі де жаңа шерік әскерлерін таратып жіберсе де, олар көптеген адамдар үшін османлы заманын білдіретін белгілердің бірі болып қала беруде.   Қазіргі кездері жаңа шерік әскерлері кәсіби соғыс күші ретінде қолданылмаса да, меһтер әуендері мәдени мұра ретінде және туристерді қызықтыру үшін маңызы бар.
05.12.2012 10:13 3799

 

Жаңа шеріктердің маңызы

 

 Жаңа шерік киімін киген Ататүрік

Жаңа шерік топтары бірнеше жағынан маңызы болды. Олардың арнайы әскери униформалары болды, оларға жалақы қолма-қол ақшамен тұрақты түрде төленді, олар саппен жүргенде қазіргі әскери оркестрге ұқсайтын меһтер деп аталатын ерекше әскери әуеннің екпінімен жүрді. Осы сияқты белгілер жаңа шеріктерді өз заманындағы әскерлердің арасында ерекшелеп тұрды.

 

Османлылар Рим империясы құлағалы бері Еуропадағы ең алғашқы тұрақты армия ұйымдастырды. Жаңа шеріктер Рим әскеріндегі преториялық сақшыларға ұқсас болатын, әрі сол замандағы феодалдық христиан әскерлерінде оларға ұқсас ешбір әскер жоқ еді. Христиан феодал қолбасшылары болса соғысуға қажетті әскерді соғыс басталғанда ғана жинай бастайтын.[1] Жаңа шеріктің әскери құрамасын оның өз отбасысы еді деп айтуға болады. Олар өздерінің барактарында тұрып, бейбітшілік кезінде тәртіп сақшылары және өрт сөндірушілер ретінде қызмет етті.

 

 

Жаңа шеріктердің тағы бір айырмашылығы — басқа әскерлерге жалақы тек соғыстың кезінде ғана төленсе, оларға қолма қол ақша тұрақты түрде төленіп тұрды. Ақша оларға әр тоқсанда бір рет төленіп, сұлтан оларға жалақыны туралы әмір берген соң, өзі де жаңа шерік киімін киіп, олардың барактарына келіп, Бірінші дивизияның қатардағы жауынгері ретінде өзінің де жалақысын алатын.

 

Оқатар қарумен қаруланған жаяу әскердің қылыш пен найзамен қаруланған атты әскерге қарағанда әлдеқайда қарулы екені анықталғанда, жаңа шерік күштерінің маңызы айқын бола бастады.[4] Жаңа шеріктер оқатар қаруларды өте ертеде, 15-ші ғасырда меңгеріп алған болатын. 16-шы ғасырда мүшкет жаңа шеріктің басты қаруына айналды. Жаңа шеріктер алғашқы болып гранатыларды және қол зеңбіректерді қолданды.

 

Жаңа шерік әскерлерінің тылдық қамтамасыз еті қызметтері де өз заманындағы ерекше құбылыс болатын. Жаңа шеріктер соғысты жақсы ұйымдасқан әскери машинаның бір бөлігі ретінде жүргізді. Османлылардың әскерінде жолды дайындайтын арнайы бөлім, алға шығып шатырларды тігетін арнайы бөлім, нан жабатын арнайы бөлім сияқты бөлімдер бар болатын. «Джебеджілер» бөлімі қару-жарақ пен оқ-дәріні алып жүріп, керек кезінде үлестіріп беретін. Жаңа шеріктер құрамасының өзінің дәрігерлік қызметі де бар болатын. Мұсылман және яһуди оташылары жорықтардың кезінде әскерлермен бірге болып, жаралылар мен ауру-сырқауларды артқы шептегі жылжымалы госпитальдарға шығару жолын ұйымдастыратын.

 

Осы айырмашылықтардың және жаңа шерік әскерлерінің ерекше тиімділігінің себебінен заманында шетелдіктер оларды зерттеумен айналысты. Уақыт өте осы заманғы армиялардың ұйымдастырылуының арқасында жаңа шеріктердің артықшылықтары күшін жоғалтса да, кейңн Османлы империясының өзі де жаңа шерік әскерлерін таратып жіберсе де, олар көптеген адамдар үшін османлы заманын білдіретін белгілердің бірі болып қала беруде.

 

Қазіргі кездері жаңа шерік әскерлері кәсіби соғыс күші ретінде қолданылмаса да, меһтер әуендері мәдени мұра ретінде және туристерді қызықтыру үшін маңызы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға