Жаңалықтар

Оңтүстік Африка Республикасы

  ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫ (ОАР) – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жер аум. 1221 мың км2. Халқы 44,5 млн. (2001). Жергілікті тұрғындары 35 млн-ға жуық. Олардың ішінде зулулар – 39%, сутолар – 28%, косалар – 12%, шангаан-тсонгалар – 6,6%, тсваналар – 6,6%; қалғандары – еур-тар 5 млн., үнділер 1 млн-нан астам, метистер 3,5 млн. Астанасы – Претория қ. Әкімш. жағынан 9 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі – ағылшын және африкаанс тілдері. Халқының 77%-ы христиандар, 20%-ы жергілікті наным-сенімдерді, қалғандары индуизм, ислам діндерін ұстанады. 1996 ж. қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғ. заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Жоғ. атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – рэнд. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994). Табиғаты. ОАР Оңт. Африка таулы үстіртінің оңт. шетін ала орналасқан. Шығысын Айдаһар таулары (биікт. 3482 м), Оңт. Африка жағалауын бойлай Кап таулары алып жатыр. Пайдалы қазындылары – алтын, уран, қалайы, марганец, хромит, хризотил-асбест, мыс. Климаты ыстық және ылғалды тропиктік, оңт.-шығысы субтропиктік. Жаз айларының орташа темп-расы 18 – 27ӘС, қыс айларында 7 – 18ӘС. Үстірттің жылдық жауын-шашын мөлш. 150 – 750 мм. Оңтүстігінде жаз айларының орташа темп-расы 13 – 21ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 650 – 700 мм; Айдаһар тауының шығыс беткейлерінде 1000 – 2000 мм, Атлант теңізі жағалауында 60 – 100 мм. Басты өзендері – Оранжевая (Вааль саласымен) және Лимпопо. Елдің шығысына қарай саванналар, Айдаһар тауларында мәңгі жасыл таулы субтропиктік бұталар, ішкі аудандарда тікенді бұталар өседі.  Тарихы. Қазіргі ОАР жерін адамдар көне тас дәуірінен бастап мекендеген. Негізгі халқы готтентоттар мен бантулар. Бірақ олардың ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі деректер жоқтың қасы. 15 ғ-да португалдықтар, испандықтар және голландықтар жергілікті халықпен сауда қатынастарын орнатты. Еуропалықтар арасынан бұл аймақты отарлауды голландықтар мен ағылшындар бастады. Голландық Ост-Үнді компаниясы 1652 ж. Кап отарын құрды. 18 ғ-дың 70-жылдарынан бастап Голландия мен Франциядан бұл жерге көптеген келімсектер қоныстанып, жергілікті халықтарды қанау арқасында байи түсті. Олардың ұрпақтары бурлар, 19 – 20 ғ-ларда африкаанерлер деп аталды. Оңт. Африка аймағына талас 18 ғ-дың аяғында ағылшындардың пайдасына шешілді. 1806 ж. Кап отары ағылшындардың иелігіне өтті. 1838 ж. бурлар зулулардың жерін басып алып, Наталь Республикасын құрды. 1843 ж. Натальды ағылшындар өздеріне бағындырды. 19 ғ-дың жартысында бурлар екі ірі мемлекет – Трансвааль және Ерікті Қызғылт Республикаларын жариялады. Оларды Англия, Германия және Ресей мойындады. Ұлыбритания 19 ғ-дың 70-жылдары бурларды жаулауға кірісіп, нәтижесінде 1902 ж. Трансвааль мен Ерікті Қызғылт республикалары ағылшын отарына айналды. Еуропалықтардың Оңт. Африкаға ағылуына 19 ғ-дың 60 – 70-жылдары ашылған алмас, алтын қорлары себеп болды. Шетел компаниялары африкандықтарды қазба жұмыстарға, жол салуға пайдаланды, оларды арнайы аудандарға (резервацияларға) зорлықпен шоғырландырды. 1910 ж. Ұлыбритания отарларын біріктіріп, Оңт. Африка Одағын (ОАО) құрып, ол доминион құқығын алды. ОАО-да басқа жерлерде кездеспейтін нәсілшілдік және апартеид тәртібі орнатылды. Жергілікті африкалықтардан шыққан зиялылар мен ақсүйектер өкілдері 1912 ж. қаңтарда Оңт.-Африкалық түземді ұлттық конгресті ұйымдастырып, ол кейін Африка Ұлттық конгресі (АҰК) болып аталды. 1-дүниежүз. соғыс кезінде ОАО-ның экономикасы алға басып, монополистік топтар құрылды. Соғыс кезінде Ұлыбританияны қолдаған ОАО немістердің бұрынғы отары болған Оңт.-Батыс Африканы (қазіргі Намибияны) басқарып, соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс басталды. 1920 ж. кәсіподақтар бірлестіктері, 1921 ж. Оңт. Африка коммунистік партиясы құрылды. 1924 – 33 ж. жергілікті үкімет нәсілшілдік және апартеид тәртібін одан әрі жалғастырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары ОАО Ұлыбритания жағында соғысқа қатысты. Соғыс кезінде ОАО-да өндіріс салалары дамып, экономика көтерілді. АҚШ капиталы Англия капиталын ығыстырды. 1961 ж. Оңт. Африка Республикасы жарияланып, ел Британ Достастығынан шықты. 1976 – 78 ж. нәсілшілдікке қарсы ереуілдер күшейді. 1979 ж. үкімет кәсіподақтардың қызмет істеуіне рұқсат берді, қара нәсілдердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін жаңа заңдар қабылданды. 1984 ж. жаңа конституция бекітіліп, президенттік билік енгізілді. Парламентте еур-тар, үндістер, түрлі-түстілер палаталары құрылды. Бірақ жергілікті халық құқықсыз жағдайда қалды. Бұған қарсылық ретінде АҰК 1983 ж. Біріккен демокр. майдан (БДМ) құрды. Елде жаппай ереуілдер басталды. 1988 ж. Бота үкіметі биліктен кетті. 1989 ж. Фр. де Клерк президент болды. 1993 ж. ОАР-дың жаңа Конституциясы қабылданды. 1994 ж. 27 сәуірде өткен сайлауда АҰК партиясы жеңіске жетіп, 9 мамырда Ұлттық Ассамблея Н.Манделаны ОАР-дың президенті етіп сайлады. 1999 ж. маусымда елде жаңа президенттік сайлау өтті.   ОАР дамыған индустриялы-аграрлы ел. Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлш. 7490 АҚШ долл. шамасында. Халықтың 85%-ы агр. салада жұмыс істейді. ОАР алтын, платина, хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден дүние жүзінде алғашқы орындарда, уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің жетекші саласы – тау-кен өндірісі. Оңт.-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Көмір өндірудің басты аудандары – Трансвааль, Наталь провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара металлургияның басты орт-тары – Претория және Фандербейлпарк. Машина жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия, тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, мех. аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар, жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария. Әдеб.: Африка. Энциклопедический справочник, т. 2, М., 1987; Новейшая история стран Азии и Африки, т. 3, М., 2001. К. Қожахметұлы  
05.12.2012 10:10 55121

 

ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫ (ОАР) – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жер аум. 1221 мың км2. Халқы 44,5 млн. (2001). Жергілікті тұрғындары 35 млн-ға жуық. Олардың ішінде зулулар – 39%, сутолар – 28%, косалар – 12%, шангаан-тсонгалар – 6,6%, тсваналар – 6,6%; қалғандары – еур-тар 5 млн., үнділер 1 млн-нан астам, метистер 3,5 млн. Астанасы – Претория қ. Әкімш. жағынан 9 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі – ағылшын және африкаанс тілдері. Халқының 77%-ы христиандар, 20%-ы жергілікті наным-сенімдерді, қалғандары индуизм, ислам діндерін ұстанады. 1996 ж. қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғ. заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Жоғ. атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – рэнд. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994).
Табиғаты. ОАР Оңт. Африка таулы үстіртінің оңт. шетін ала орналасқан. Шығысын Айдаһар таулары (биікт. 3482 м), Оңт. Африка жағалауын бойлай Кап таулары алып жатыр. Пайдалы қазындылары – алтын, уран, қалайы, марганец, хромит, хризотил-асбест, мыс. Климаты ыстық және ылғалды тропиктік, оңт.-шығысы субтропиктік. Жаз айларының орташа темп-расы 18 – 27ӘС, қыс айларында 7 – 18ӘС. Үстірттің жылдық жауын-шашын мөлш. 150 – 750 мм. Оңтүстігінде жаз айларының орташа темп-расы 13 – 21ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 650 – 700 мм; Айдаһар тауының шығыс беткейлерінде 1000 – 2000 мм, Атлант теңізі жағалауында 60 – 100 мм. Басты өзендері – Оранжевая (Вааль саласымен) және Лимпопо. Елдің шығысына қарай саванналар, Айдаһар тауларында мәңгі жасыл таулы субтропиктік бұталар, ішкі аудандарда тікенді бұталар өседі. 
Тарихы. Қазіргі ОАР жерін адамдар көне тас дәуірінен бастап мекендеген. Негізгі халқы готтентоттар мен бантулар. Бірақ олардың ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі деректер жоқтың қасы. 15 ғ-да португалдықтар, испандықтар және голландықтар жергілікті халықпен сауда қатынастарын орнатты. Еуропалықтар арасынан бұл аймақты отарлауды голландықтар мен ағылшындар бастады. Голландық Ост-Үнді компаниясы 1652 ж. Кап отарын құрды. 18 ғ-дың 70-жылдарынан бастап Голландия мен Франциядан бұл жерге көптеген келімсектер қоныстанып, жергілікті халықтарды қанау арқасында байи түсті. Олардың ұрпақтары бурлар, 19 – 20 ғ-ларда африкаанерлер деп аталды. Оңт. Африка аймағына талас 18 ғ-дың аяғында ағылшындардың пайдасына шешілді. 1806 ж. Кап отары ағылшындардың иелігіне өтті. 1838 ж. бурлар зулулардың жерін басып алып, Наталь Республикасын құрды. 1843 ж. Натальды ағылшындар өздеріне бағындырды. 19 ғ-дың жартысында бурлар екі ірі мемлекет – Трансвааль және Ерікті Қызғылт Республикаларын жариялады. Оларды Англия, Германия және Ресей мойындады. Ұлыбритания 19 ғ-дың 70-жылдары бурларды жаулауға кірісіп, нәтижесінде 1902 ж. Трансвааль мен Ерікті Қызғылт республикалары ағылшын отарына айналды. Еуропалықтардың Оңт. Африкаға ағылуына 19 ғ-дың 60 – 70-жылдары ашылған алмас, алтын қорлары себеп болды. Шетел компаниялары африкандықтарды қазба жұмыстарға, жол салуға пайдаланды, оларды арнайы аудандарға (резервацияларға) зорлықпен шоғырландырды. 1910 ж. Ұлыбритания отарларын біріктіріп, Оңт. Африка Одағын (ОАО) құрып, ол доминион құқығын алды. ОАО-да басқа жерлерде кездеспейтін нәсілшілдік және апартеид тәртібі орнатылды. Жергілікті африкалықтардан шыққан зиялылар мен ақсүйектер өкілдері 1912 ж. қаңтарда Оңт.-Африкалық түземді ұлттық конгресті ұйымдастырып, ол кейін Африка Ұлттық конгресі (АҰК) болып аталды. 1-дүниежүз. соғыс кезінде ОАО-ның экономикасы алға басып, монополистік топтар құрылды. Соғыс кезінде Ұлыбританияны қолдаған ОАО немістердің бұрынғы отары болған Оңт.-Батыс Африканы (қазіргі Намибияны) басқарып, соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс басталды. 1920 ж. кәсіподақтар бірлестіктері, 1921 ж. Оңт. Африка коммунистік партиясы құрылды. 1924 – 33 ж. жергілікті үкімет нәсілшілдік және апартеид тәртібін одан әрі жалғастырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары ОАО Ұлыбритания жағында соғысқа қатысты. Соғыс кезінде ОАО-да өндіріс салалары дамып, экономика көтерілді. АҚШ капиталы Англия капиталын ығыстырды. 1961 ж. Оңт. Африка Республикасы жарияланып, ел Британ Достастығынан шықты. 1976 – 78 ж. нәсілшілдікке қарсы ереуілдер күшейді. 1979 ж. үкімет кәсіподақтардың қызмет істеуіне рұқсат берді, қара нәсілдердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін жаңа заңдар қабылданды. 1984 ж. жаңа конституция бекітіліп, президенттік билік енгізілді. Парламентте еур-тар, үндістер, түрлі-түстілер палаталары құрылды. Бірақ жергілікті халық құқықсыз жағдайда қалды. Бұған қарсылық ретінде АҰК 1983 ж. Біріккен демокр. майдан (БДМ) құрды. Елде жаппай ереуілдер басталды. 1988 ж. Бота үкіметі биліктен кетті. 1989 ж. Фр. де Клерк президент болды. 1993 ж. ОАР-дың жаңа Конституциясы қабылданды. 1994 ж. 27 сәуірде өткен сайлауда АҰК партиясы жеңіске жетіп, 9 мамырда Ұлттық Ассамблея Н.Манделаны ОАР-дың президенті етіп сайлады. 1999 ж. маусымда елде жаңа президенттік сайлау өтті.  
ОАР дамыған индустриялы-аграрлы ел. Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлш. 7490 АҚШ долл. шамасында. Халықтың 85%-ы агр. салада жұмыс істейді. ОАР алтын, платина, хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден дүние жүзінде алғашқы орындарда, уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің жетекші саласы – тау-кен өндірісі. Оңт.-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Көмір өндірудің басты аудандары – Трансвааль, Наталь провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара металлургияның басты орт-тары – Претория және Фандербейлпарк. Машина жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия, тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, мех. аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар, жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария.
Әдеб.: Африка. Энциклопедический справочник, т. 2, М., 1987; Новейшая история стран Азии и Африки, т. 3, М., 2001.
К. Қожахметұлы
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға