Жаңалықтар

Албания

  Албания — Балкан түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағалауында орналасқан мемлекет. Үкімет басшысы – президент. Жер аумағы 28,7 мың км2. Халқы 3,2 млн. астанасы – Тирана қаласы. Әкімшілік-аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді. Албанияның негізгі халқы – албандар (96%-ға жуық). Халықтың 75%-ы мұсылмандар. Ірі қалалары: Тирана, Дурри, Шкодер, Влера, Корча, Эльбасан. Елдің Адрия теңізі жағалауы ойпатты (ені 40 – 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен топырағына қарай төменгі белдеу (1700 – 2000 м-ге дейін), таудағы орманды белдеу (2000 м-ден астам), биік альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Жазық жерлерде жазда ауа райы құрғақ және ыстық; шілденің орташа температурасы 24 – 25ӘС, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының орташа температурасы 8 – 9ӘС-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық әрі ылғалды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкумбини, Семани, Вьоса; басты көлдері: Шкодер, Охрид, Преспа. Негізгі кен байлықтары – хромит, мыс, никель рудалары; тау етектерінде мұнай, битум шығатын жерлер бар. Албания жеріндегі ежелгі халық – пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген, біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтан бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғасыр  өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия құрамына кірді (4 – 5 ғасырлар). Кейін Византияның аумағында қалған Даррахи қаласынан басқа жері Болғар мемлекетіне қосылды. 11 – 14 ғасырларда да Албания территориясы түрлі өзгерістерге ұшырады. 14 ғасырдың ақырында түріктер Албанияны өздеріне бағындырғаннан кейінгі мерзімде елде ислам діні тарала бастады. Албания 20 ғасырдың бас кезіне дейін Осман империясының құрамында болды. 1-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемлекеттерге тәуелді күйінде қала берді. 1-дүниежүзілік соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскерлері басып кірді. Кең көлемдегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 – 31 қаңтарда тәуелсіздігі қалпына келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия Албанияны басып алды. Елде қайтадан ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Неміс басқыншылары жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демократиялық үкімет құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда Албания халық республикасы болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. 1946 – 91 ж. Албанияда бір партиялы (Албан еңбек партиясы, 1985 жылға дейін Энвер Ходжа басқарған) режим өмір сүрді. Соғыстан кейінгі жылдары жер реформасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер, көлік және байланыс құралдары национализацияланып, ел экономикасы шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесіне көшірілді. 1944 – 48 ж. Албания Югославиямен, кейін КСРО және Шығыс Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. 1949 ж. Экономикалық өзара көмек кеңесіне (СЭВ) мүше болып қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылданды. 1960-жылдардың бас кезінен Албания КСРО-мен қарым-қатынастарын үзді, 1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл мемлекет Албания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле бастаған түбірлі өзгерістер тоталитарлық жүйенің жойылуына әкелді. Елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір айында Албания республикасы болып жарияланды. Албания – аграрлы-индустриялы ел. Пайдалы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және темір-никель рудалары. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егін шаруашылығы (барлық егістік жерінің 60%-ында дәнді дақылдар өсіріледі). Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетті шикізат, тағам әкелінеді.      
05.12.2012 10:03 22746

 

Албания — Балкан түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағалауында орналасқан мемлекет. Үкімет басшысы – президент. Жер аумағы 28,7 мың км2. Халқы 3,2 млн. астанасы – Тирана қаласы. Әкімшілік-аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді. Албанияның негізгі халқы – албандар (96%-ға жуық). Халықтың 75%-ы мұсылмандар. Ірі қалалары: Тирана, Дурри, Шкодер, Влера, Корча, Эльбасан.

Елдің Адрия теңізі жағалауы ойпатты (ені 40 – 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен топырағына қарай төменгі белдеу (1700 – 2000 м-ге дейін), таудағы орманды белдеу (2000 м-ден астам), биік альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Жазық жерлерде жазда ауа райы құрғақ және ыстық; шілденің орташа температурасы 24 – 25ӘС, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының орташа температурасы 8 – 9ӘС-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық әрі ылғалды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкумбини, Семани, Вьоса; басты көлдері: Шкодер, Охрид, Преспа. Негізгі кен байлықтары – хромит, мыс, никель рудалары; тау етектерінде мұнай, битум шығатын жерлер бар.

Албания жеріндегі ежелгі халық – пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген, біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтан бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғасыр  өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия құрамына кірді (4 – 5 ғасырлар). Кейін Византияның аумағында қалған Даррахи қаласынан басқа жері Болғар мемлекетіне қосылды. 11 – 14 ғасырларда да Албания территориясы түрлі өзгерістерге ұшырады. 14 ғасырдың ақырында түріктер Албанияны өздеріне бағындырғаннан кейінгі мерзімде елде ислам діні тарала бастады. Албания 20 ғасырдың бас кезіне дейін Осман империясының құрамында болды. 1-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемлекеттерге тәуелді күйінде қала берді. 1-дүниежүзілік соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскерлері басып кірді. Кең көлемдегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 – 31 қаңтарда тәуелсіздігі қалпына келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия Албанияны басып алды. Елде қайтадан ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Неміс басқыншылары жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демократиялық үкімет құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда Албания халық республикасы болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. 1946 – 91 ж. Албанияда бір партиялы (Албан еңбек партиясы, 1985 жылға дейін Энвер Ходжа басқарған) режим өмір сүрді. Соғыстан кейінгі жылдары жер реформасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер, көлік және байланыс құралдары национализацияланып, ел экономикасы шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесіне көшірілді. 1944 – 48 ж. Албания Югославиямен, кейін КСРО және Шығыс Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. 1949 ж. Экономикалық өзара көмек кеңесіне (СЭВ) мүше болып қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылданды. 1960-жылдардың бас кезінен Албания КСРО-мен қарым-қатынастарын үзді, 1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл мемлекет Албания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле бастаған түбірлі өзгерістер тоталитарлық жүйенің жойылуына әкелді. Елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір айында Албания республикасы болып жарияланды.

Албания – аграрлы-индустриялы ел. Пайдалы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және темір-никель рудалары. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егін шаруашылығы (барлық егістік жерінің 60%-ында дәнді дақылдар өсіріледі). Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетті шикізат, тағам әкелінеді.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға