Жаңалықтар

Бақташылық

  Бақташылық — шаруашылықтың бір түрі, мал өсірудің жалпылама атауы. Бақташылық, егіншілік, балық аулау кәсібімен қатар, ертедегі неолит дәуірінен мәлім. Бұдан бұрын, мезолит дәуірінде ит қолға үйретілген болатын. Бақташылықтың маңызы энеолит дәуірінде арта түсті. Бұл дәуірде ұсақ мал мен ірі қараның, шошқаның қолда ұсталғаны дәлелденді. Жылқы мен түйе энеолит дәуірінің аяқ шенінде қолға үйретілді. Бірте-бірте Бақташылық аң аулау кәсібінен бөлініп шықты. Ол тамақ пен киім табудың аң аулаудан гөрі неғұрлым тиімді жолы болды, мал көлік ретінде, ал қола дәуірінде оның күші егіншілік жұмыстары үшін пайдаланыла бастады. Бақташылық пайда болғаннан кейін, малды күтуді еркектер өз міндетіне алды. Қола дәуірінде еркектер малдың күшімен жер айдайтын болды. Одан бұрын кетпенді егіншілікпен, негізінен, әйелдер шұғылданатын. Бақташылықты кәсіп еткен тайпалар басы артық азық-түлікті басқа тайпалармен айырбастауға мүмкіндік алды. Малмен сауда жасау байлық қорын молайтып, қоғамның мүліктік және әлеуметтік жікке бөлінуіне жағдай жасады. Жерорта теңізі бойында қола дәуірінің аяқ шенінде мыс құйманы өгіздің терісі іспеттес етіп жасаған, бұған дейін тері ақшаның орнына жүрген. Бақташылықтың тарихи даму жолы түрліше болған. Үй малын өсірудің негізгі ошағы Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі жағалауында пайда болды. Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында жайылымда қой өсіріле бастады. Неолит дәуіріндегі Еуропаның орманды жерлерінде Бақташылық жабайы шошқа мен жабайы өгізді қолға үйретуден басталды. Қола дәуірінің аяғынан бастап мұнда қой өсіру басты орын алды. Қиыр Шығыста тундралық бұғы үйретілді. Мал алғашқыда, ашық жерде, неолит дәуірінде кейде үңгірде, ал қола дәуірінен бастап қоршау мен жабық қорада ұсталды. Тұрақты егіншілік өріс алған тұста мал қолда ұсталып бағылды да, қиы жиналып, тыңайтқыш үшін пайдаланылды. Американың тұрғылықты халқы тек лама өсірді. Темір ғасырының бас кезінде далалық жерде Бақташылық өріс алған шақта бүкіл халық жайылым іздеп, көшіп-қона бастады (қ. Көшпелілік). Өрістік-жайылымдық Бақташылық кең тараған тұста малды тек бақташы бақты. Алғашқыда Бақташылық адамды етпен қамтамасыз ету мақсатын көздеді, қолға үйретілген малдың сүті аз болды. Малдың сүті көбейіп, адам сүттен түрлі азық (айран, ірімшік, май, т.б.) жасап үйренген кезде сүт малының маңызы күшейді. Терісі киім үшін пайдаланылды. Орта Азияның көшпелі халықтары бұл үшін киіз бен жүн матаны да қолданған, былғарыдан әбзел, ыдыс, қап, т.б. жасаған. Кейбір Шығыс елдерінде үрленген былғары торсық судан өту үшін де пайдаланылған. Мүйізден ішімдік құятын ыдыс, музыкалық аспаптар, түрлі заттар жасалған. Үй малы күш — көлік қажетіне де жаратылған. Экстенсивті Бақташылық кең көлемді жайылымға, интенсивті Бақташылық шабындыққа, шөп қорын жасап, малды қолда ұстап бағуға, түрлі зоотехникалық шараларды қолдануға негізделген. 19 ғасыр және 20 ғасырдың басында Бақташылық егіншілікпен байланысты өрістік — отырықшы, (Оңтүстік Африкада) отарлы жайылымдық (Кавказда, Альпіде, Солтүстік Африкада), көшпелі (Азияның көптеген облыстарында), қолда бағу болып бірнеше түрге бөлінеді. Жайылымдық жыртылып, егіншіліктің өріс алуына байланысты көшпелі малшылар отырықшылыққа ауысты. Қазақ даласындағы Бақташылық та неолит дәуірінен бастау алады. Мал шаруашығы дәстүрлі қазақ қоғамының экономикалық негізін құраған; қазіргі Мал шаруашылығы.
05.12.2012 09:56 9817

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға