Жаңалықтар

Лепті сөйлемдер

СөйлемСөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қоймайды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты туған эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушнің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Сөйлемдерді лепті және лепсіз, яғни эмоциясыз деп бөлу өз алдына бөлек принципке сүйенеді. Бұл топтау сөй-лемдердің мазмұнына, эмоцияның қатысуына, катыспауына және эмоцияны білдіретін формалардың көріну, көрінбеюіне негізделеді. Эмоциялық, экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар катар жүреді. Бұл тұлғалар затты, қүбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп коймайды, оған қоса сөйлеушің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоция—психикалык кұбылыс. Оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі — болмыстан алған әсерді білдіру, тандаушыға жеткізу. Екіншісі тыңдаушыны (немесе үшінші бір жакты) бір іске жұмылдыру үшін   әсер ету . Тілдің   синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбіне баяндауыш мүше катарынан көрінеді. Бұл заңды да. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда негізгі кызмет атқарады. Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлі, бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді, мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптаскан сөйлемдер де бар. Эмоция кісінің түрлі сезіміне-куанышына; таңдануына, жиренішіне байланысты. Бірақ осы алуан түрлі эмоциялық сезімдер көбіне синкретті ортақ формалар арқылы көрінеді. Көп жағдайда сөйлемнің лепті, лепсіз көрінуі тек интонацияға сүйенеді: Құлайды!— деп айқайлады. Біз ілгеріде эмоция бір жағынаи зат, құбылыстың өзіне, соның әсеріне байланысты болады дедік. Сондықтан да істің карқынын білдіретін баяндауыштардың көпшілігі әрі эмоциялы болып келеді. Интеллектілік мағына мен эмоциялык, негізінен катар жүретіндіктен эмоциялық форма жай хабарлаушы баяндауыштар қатарынан да, бұйрық мағыналы баяндауыштар катарынан да табылады. Осынысына қарамай біз экспрессивті баяндауыштарды парадигматикалык қатардағы дара топ ретінде бөлек карап отырмыз. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, экспрессивті баяндауыштар морфологиялық формаларды, тіпті өзіне сынар болып келетін қара жаяу баяндауыштық формаларды өз ыңғайымен ерекше жұмсап кұралады: алмасам, алмасам ба, алмас па, жалықпайды екен т. б. Екіншіден, өз бойында интеллектілік мағына мен эмоциялык мағынаны қатар сыйыстыратын баяндауыштық формалармен бірге тілімізде тек эмоциялықты білдіретін баяндауыштар бар. Бұлар интеллектілік мағыналы баяндауыштардың еш-қайсысына қосуға келмейді. Үшіншіден, эмоциялы баяндауыштар түрлі коммуникативтік жағдайға, стильдік міндетке сай өзара қызмет бөліскен. Осыньщ бәрі эмоциялық баяндауыштар тобын дербес грамматикалык жүйе дәрежесінде қараған жөн екенін байқатады. Осы қысқаша жалпылай шолудан кейін біз эмоциялы баяндауыштардың жеке-жеке формаларын, олардың қызмет ерекшеліктерін көрсетпекпіз. 1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мьщты десе мықты тәрізді кұралған баяндауыштар қызмет етеді. Бұл баяндауыштар бар сөзді қайталақтатып тіркестіру негізінде жасалады. Баяндауышқа енген компоненттердің бағыныңқысы шартты рай тұлғасы арқылы негізгі компонентпен байланысады. Ах, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудырмай түсірген (Ш. X.). 2.    Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұ- жырып айтуда алғаным алған, алғаны алған, айтатыным айтамын тәрізді кұралған  баяндауыштар  жұмсалады. Бұл баяндауыштар да бір сөздің қайталақтап келуі ар- қылы жасалған. Баяндауыштардың бір түрінде (алға- ным алған) негізгі компонент болып -ған, -ген формалы есімше түбір күйінде келеді де, қайталақ компонент тәуел- дік жалғауын жалғаған есімше түрінде келеді,  екі компонент өзара предикативтік қатынас арқылы байла- нысады. Бірінші компоненттің тәуелдік жалғауы баян- дауыштың жақтық мағынасына қарай түрленеді. Әпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған (Ш. X.). 3.    Эмоциялы баяндауыштың бір түрі келетіні келеді, келуі келді (келген) тәрізді болып жасалады. Баяндауыш- тың негізгі компоненті ретінде келер шақ ,  өткен шақ формалы етістік жұмсалады да, оларға есімше, тұйық рай тұлғалы қайталау компоненттер үстеледі. Әпквм келетіні келеді (келуі келеді, келуі келген). 4.    Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы бі- ріккен күрделі баяндауыштар да (алды да кетті) эмо- циялық күйді білдіру үшін қызмет етеді. Жалғаулық арқылы біріккен күрделі баяндауыш көсемше форма арқылы бірігуден гөрі эмоциялы болуға бейім болуынын себебі бар. Баяндауыштын бұл түрі ерекше интонациямен айтуға ыңғайлы: сіресіп қалдым— сірестім де қалдым. 4.    Эмоциялық   баяндауыш   «сын   есім — десеңші», «етістік — десеңші» болып  кұралады:   күшті  десеңші, алады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз қатыс- қан лепті сөйлемдер құрамында жұмсалады. Оған не жоқ десеңші (Б. Т.). 5.    «Етістік — дейсің (деймін)», «есім сөз — деймін» болып құралған баяндауыштар да  іс-әрекетті эмоция- мен атау үшін жұмсалады: жауды дейсің, ұстамын дей- мін. 6.    Эмоциялы баяндауыштардың бір түрі -тын, -тін формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бі- рігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысты: сөйлейтіннің өзі, күлегештің өзі. 7.    Эмоциялы баяндауыштың тағы бір түрі алғанды шығарды тәрізді болып құралады: -ған, -ген, -тын, -тін формалы есімше шығарды етістігімен тіркесіп, бір ба- яндауыштық форма құрап тұр. Екі компонент объекті- лік катынас арқылы  біріккенмен,  объектілік  мағына бұл тіркесте көрінбейді. Объектілік қатынастын жоға- луына екі компоненттің лексикалық мағыналарының, бұл қатынас шеңберінде сыйыспауы себеп. Үй-ішіне ырза болмай, үнемі төмен қарап отырғанды шығарды (Ә. Н.). Отырғанды шығарды тәрізді құралған баяндауыш субъектіге тән іс-әрекетті ренішпен, жақтырмай атау қажет болғанда жұмсалады. Бұл баяндауыш жалпылай емес, тек бір стильдік аяға—ауызекі сөйлеу тіліне тән. Біздің ойымызша, «табыс септіктегі есімше — шығарды» болып құралған баяндауышқа тікелей сыңар болып экспрессивтік қатыспаған сөзде келетін күлетін болды сияқты баяндауыштар жұмсалады. Осы типті баяндауыштарға қарсы қойып салыстырғанда алғанды шығарды тәрізді баяндауыштар ез ерекшелігін айқын көрсетеді. Аталған эмоциялы баяндауыш келер шаққа тән форма алып та жұмсалады. 8.    Бір топ баяндауыштар тек өткем шақка қатысты іс-әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет етеді. Солардың бірі -ғаным тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: келгенім бар ма. Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма (Б. Момышұлы). Баяндауыш кызметінде жұмсалатын бұл тіркестің құрамындағы негізгі сөздер өзара предикативтік қатынасқа түсіп байланыскан. Бірақ экспрессивтік мағына, соған байланысты интонациялық калып компоненттердің арасындағы синтаксистік қатынастың солғындап, көрінбей кетуіне әкеледі. Сондықтан да (-ған формалы есімше — бар ма) құрамы бір баяндауыштық тұлға болып танылады. Бұл баяндауыштық форма көбіне ауызекі сөйлеу тілінде ұшырап, жедел өткен шақ етістіктен жасалған баяндауышқа стильдік сыңар ретінде жұмсалады: сөйледім — сөйлегенім бар ма. 9.    Эмоциялық мағына білдіретін  мына баяндауыш- тық форма да құралуы жағынан ілгергі аталған формаға жақын: алмасы бар ма. Бұл баяндауыштың құрамындағы сөздер де предикативтік катынасқа түсіп байланысып тұр. Ерекшелігі — бірінші компоненттін етістікті есім тудыратын -ма, -ме жұрнағы арқылы жасалған сөз ретінде кірігуі. Осынысының өзі сөзді өрнектеуге жәрдемші ретінде пайдаланылады. Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А. Н.). 10.    Өткен шақ етістіктен болған баяндауышқа эмо- ционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді баяндау- ышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді жасалған баяндауыштар жұмсалады. Баяндауыш құра- мына бұйрық рай тұлғасындағы болымсыз етістік пен сұраулы шылау кіріп тұр. Бұл эмоциялы баяндауыштың ілгергі аталған алғаны бар ма, алмасы бар ма тәрізді формалардан екі айырмашылығы бар. Біріншіден, ал- масын ба ілгергілерге карағанда жинақы,   қысқалау форма. Сөйлеу үстінде, белгілі коммуникативтік жағ- дайға сай бұның талғанатын реті болады. Екіншіден, бұл форма өткен шақтық істі білдірумен қатар, тұрақ- ты болып тұратын іс-әрекетті де білдіреді де, мақал- мәтелдер кұрауда көп жұмсалады. Қасқырдан бөлтірік тумасын ба (Б. М.). 11.    Өткен шақта болған іс-әрекетті эмоциямен, әсер- лі етіп айту үшін -ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма, ме бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді: жетіп келермін бе, ала қоярсың ба, айта қояр ма. Аңқау басым, әлгі машинесінің артына міне коярмын ба! (Б. М.). Келер шақ есімшенің бұл мағынада жұмсалуы шылауды катыстыруы, ерекше интонацияның қатысуы арқылы мүмкін болып отыр. Осы косымша компоненттердің қосылуы есімшені бастапқы (келер шақ) мағынасынан ажыратып, жаңа қызметке бейімдеген. 12.    Эмоциялы лепті  сөйлем құрайтын баяндауыш- тардың бір түрі «болымсыз шартты райлы етістік -ба (бе)» болып құралады: алмасам ба! Бұл баяндауыш шартты рай болымды етістіктен жасалып тілекті,  ар- манды білдіретін баяндауыштарға сыңар ретінде пай- даланылады: алсам-алмасам ба. Экспрессивті баяндау- ыш іс-әрекетті көксеу, арман етуді эмоциямен білдіру- мен қатар белгілі ситуацияда, сөздің лексикалык мағы- насына қарай сес көрсетуге ыңғайланып кетеді. Сені бү- гін жеткізіп тастамасам ба! Сенің түбіңе жетпесем бе! (Б. М). Келтірілген мысалдарға қарағанда, баяндауыштық форманың жақтық өзгерісі өлшеулі. Ол тек бірінші жақ түрінде ұшырасады. Генезисіне үңілгенде, баяндауыш мына құрамдағы құрмалас сөйлемнің бағыныңқы бөлшегінің дараланып шығуы негізінде пайда болғаны байқалады: Соны сатып алмасам ба, саған жолықпай-ақ қояйын. Баяндауыштың морфологиялық құрамы (шартты райлы сөздің болымсыз формада келуі) осы генезиске байланысты. «Шартты рай болымсыз етістік -ба (бе)» формалы баяндауыш ауызекі сөйлеу тіліне тән. 13.    Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баян- дауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұм- салады: Оқуды бітірсек! Ел-жұртымызға щолымыздан келген пайдамызды тигізсек! «Шартты рай етістік — шы (ші)» түрінде құралған баяндауыштар да армандаулы іс-әрекетті білдіру үшін қызмет етеді. Шіркін, ол өсітіп көз айырмай өмір бойы қарап тұр-сашы (С. Мұрат.). Осы баяндауыштар қатысқан сөйлемдер кейде бұрын, өткен кезеңде болған немесе болмаған іс-әрекеттің қарсы реакциясы (өкініш) ретінде туған армандауды білдіретіні бар: алмадым — алсамшы, келмедің — келсеңші, алдым — алмасамшы, келдің — келмесеңші. «Шартты рай етістік — шы (-ші)» формалы баяндауыштарды осы ситуативтік байланысын пайдаланып сөйлеушілер оны болмаған іс-әрекеті экспрессивті түрде білдіру үшін жұмсайды. Келін-ай, шөп те сондай ауыр болады екен, әлгі құрығырды машинадан сырып түсіре алсамшы (Б. М.). Осы сөйлемде түсіре алсамшы деген баяндауыш реакция тудыратын іс-әрекетті (түсіре алмадым) атап, білдіріп түр. 14.    Болымсыз мағыналы баяндауыштар қатарында экспрессивті сыңар ретінде «-ған, -ген (-қан, -кен) — емес» болып құралатын форма жұмсалады: келген емес, көрген емес.     Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген емес (I. Е.). Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бұл бірігуі ерекше синтаксистік форма тудыру мақсатында пайда болған. Есімшенің болымсыз формасы морфология аясында -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: алмаған, көрмегені; -ғана-емес экспрессивті форма ретінде экспрессивтігі жоқ болымсыз мағыналы өткен шақтық баяндауыштардың бәріне вариант болып жұмсалады: келмеді, келген жоқ — келген емес. 15.    Экспрессивтігі жоқ болымсыз  мағыналы  баян- дауышқа стильдік вариант ретінде «шартты рай етістік- тің болымды түрі — ба (бе) болып» құралған баяндау- ыш жұмсалады: айтсам ба (айтпаймын). 16.    Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталақтатып құралған алмақ түгіл  аламын  тэрізді  баяндауыштар жұмсалады. Бұл баяндауыштың жасалу жолы былай. Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы  шақ,  нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөз келеді де, қайталанатын сөз -мақ, -мек, (-пақ, -пек) т. б. формасында келеді. Екі компонент түгіл демеулігі арқылы қарсылықты  қаты- насқа түсіп байланысады. Баяндауыш диалогтың жауап репликасында ұшырасады. Өйткені ол сөйлеушінің ал- дыңғы айтылған сөзіне байланысты тұжырымды, поле- микалы жауап білдіргенде жұмсалады. Осы ерекшелі- гімен бұл баяндауыш экспрессивтігі жоқ келер  шақ, осы шақ, өткен   шақ істі   білдіретін баяндауыштарға стильдік сыңар болып келеді: алады — алмақ түгіл ала- ды, жазып жатыр — жазбақ түгіл жазып жатыр, көрді— көрмек түгіл көрді. —    Түсіндірерсің! —    Түсіндірмек түгіл түсіндіремін! (Б. М.). 17.    Кезінде істелген істі өкінішпен білдіру үшін кө- семшенің болымсыз түрінен жасалған баяндауыш жұм- салады: алмай, көрмей. Бұл формадағы етістіктің жеке жұмсалатын сөйлем құрауы — ерекше жай, жалпы тіл- дік зандылықтан оқшау болып  көрінеді.  Өйткені тіл ғылымы талдауға қатыстырып жүрген мысалдарда кө- семше етістік бағыныңқы позицияда ғана ұшырайтын (бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы немесе пысықтауыш мүше ретінде) форма болып көрінеді. Көсемше фор-малы баяндауыштың, дербес сөйлем құрауы ауызекі сөйлеу тіліне тән. Бұл жай ауызекі сөйлеу тілінін эллипсисте (сөйлемді қысқартып айтуға) бейімділігіне байланысты болуға тиіс. Мені есіркегенше арбаға өзің отырмай!.— деп Бибі де кейіп тұр (С. Мүрат.). 18.    Көсемшенің болымсыз түрінен  жасалған  баян- дауыш (алмай) кезінде істелмеген істі өкінішпен атау үшін қызмет етсе, -ып, -іп формалы көсемше сөз істеген істі, әрекетті өкінішпен атау үшін қызмет етеді: Әр нәр- сеге ренжіп! 19.    Ашық рай болымды баяндауыштарға эмоциялы сыңар форма ретінде мына ретпен құрылған баяндауыш жұмсалады: -уға (-ғанға)   формалы  етістік — дейін — барды. Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін барды. 20.    Ашық рай болымсыз баяндауышқа эмоциялы сы- ңар ретінде жұмсалатын зат есім — құрлы — көрмейді, субстантивтенген есімше — құрлы — көрмейді, зат есім— құрлы — болмады, есімше — құрлы — болмадым,  (Күр- ке құрлы болмады, алған құрлы болмады) болып құрал- ған баяндауыштар бар. Күміс самаурының шойын құманым нұрлы болмады (Ғ.М.). Аталған баяндауыштың эмоциялы болуы құрамына ішкен нұрлы, көлеңке құрлы тәрізді құрылған синтаксистік формалардың кіруіне байланысты. Эмоциялы баяндауыш тек болымсыз формада жұмсалады. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемге эмоциялық түр беретін баяндауыштық формадан бөлек амалдар бар. Олардың бірі — одағай сөздері сөйлемге енгізу. Бұл баяндауыштың актуалдық сапасына байланысты болуға тиіс. Ей, шеттерінен күйіп пісті-ау (С. Мұрат.). Баяндауыштар қайталанып айтылып та эмоциялық білдіріледі. Мұндайда алдыңғысына демеулік қосылады. Күлімсіреген сәті Халимадан еш аумайды-ау, аумай-ды (С. Мұрат.).  
05.12.2012 09:49 17306

СөйлемСөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қоймайды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты туған эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушнің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Сөйлемдерді лепті және лепсіз, яғни эмоциясыз деп бөлу өз алдына бөлек принципке сүйенеді. Бұл топтау сөй-лемдердің мазмұнына, эмоцияның қатысуына, катыспауына және эмоцияны білдіретін формалардың көріну, көрінбеюіне негізделеді.
Эмоциялық, экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар катар жүреді. Бұл тұлғалар затты, қүбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп коймайды, оған қоса сөйлеушің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоция—психикалык кұбылыс. Оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі — болмыстан алған әсерді білдіру, тандаушыға жеткізу. Екіншісі тыңдаушыны (немесе үшінші бір жакты) бір іске жұмылдыру үшін   әсер ету . Тілдің   синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбіне баяндауыш мүше катарынан көрінеді. Бұл заңды да. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда негізгі кызмет атқарады.
Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлі, бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді, мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптаскан сөйлемдер де бар. Эмоция кісінің түрлі сезіміне-куанышына; таңдануына, жиренішіне байланысты. Бірақ осы алуан түрлі эмоциялық сезімдер көбіне синкретті ортақ формалар арқылы көрінеді.
Көп жағдайда сөйлемнің лепті, лепсіз көрінуі тек интонацияға сүйенеді: Құлайды!— деп айқайлады.
Біз ілгеріде эмоция бір жағынаи зат, құбылыстың өзіне, соның әсеріне байланысты болады дедік. Сондықтан да істің карқынын білдіретін баяндауыштардың көпшілігі әрі эмоциялы болып келеді. Интеллектілік мағына мен эмоциялык, негізінен катар жүретіндіктен эмоциялық форма жай хабарлаушы баяндауыштар қатарынан да, бұйрық мағыналы баяндауыштар катарынан да табылады. Осынысына қарамай біз экспрессивті баяндауыштарды парадигматикалык қатардағы дара топ ретінде бөлек карап отырмыз. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, экспрессивті баяндауыштар морфологиялық формаларды, тіпті өзіне сынар болып келетін қара жаяу баяндауыштық формаларды өз ыңғайымен ерекше жұмсап кұралады: алмасам, алмасам ба, алмас па, жалықпайды екен т. б. Екіншіден, өз бойында интеллектілік мағына мен эмоциялык мағынаны қатар сыйыстыратын баяндауыштық формалармен бірге тілімізде тек эмоциялықты білдіретін баяндауыштар бар. Бұлар интеллектілік мағыналы баяндауыштардың еш-қайсысына қосуға келмейді. Үшіншіден, эмоциялы баяндауыштар түрлі коммуникативтік жағдайға, стильдік міндетке сай өзара қызмет бөліскен. Осыньщ бәрі эмоциялық баяндауыштар тобын дербес грамматикалык жүйе дәрежесінде қараған жөн екенін байқатады. Осы қысқаша жалпылай шолудан кейін біз эмоциялы баяндауыштардың жеке-жеке формаларын, олардың қызмет ерекшеліктерін көрсетпекпіз.
1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мьщты десе мықты тәрізді кұралған баяндауыштар қызмет етеді. Бұл баяндауыштар бар сөзді қайталақтатып тіркестіру негізінде жасалады. Баяндауышқа енген компоненттердің бағыныңқысы шартты рай тұлғасы арқылы негізгі компонентпен байланысады. Ах, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудырмай түсірген (Ш. X.).
2.    Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұ-
жырып айтуда алғаным алған, алғаны алған, айтатыным
айтамын тәрізді кұралған  баяндауыштар  жұмсалады.
Бұл баяндауыштар да бір сөздің қайталақтап келуі ар-
қылы жасалған. Баяндауыштардың бір түрінде (алға-
ным алған) негізгі компонент болып -ған, -ген формалы
есімше түбір күйінде келеді де, қайталақ компонент тәуел-
дік жалғауын жалғаған есімше түрінде келеді,  екі
компонент өзара предикативтік қатынас арқылы байла-
нысады. Бірінші компоненттің тәуелдік жалғауы баян-
дауыштың жақтық мағынасына қарай түрленеді.
Әпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған (Ш. X.).
3.    Эмоциялы баяндауыштың бір түрі келетіні келеді,
келуі келді (келген) тәрізді болып жасалады. Баяндауыш-
тың негізгі компоненті ретінде келер шақ ,  өткен шақ
формалы етістік жұмсалады да, оларға есімше, тұйық
рай тұлғалы қайталау компоненттер үстеледі.
Әпквм келетіні келеді (келуі келеді, келуі келген).
4.    Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы бі-
ріккен күрделі баяндауыштар да (алды да кетті) эмо-
циялық күйді білдіру үшін қызмет етеді.
Жалғаулық арқылы біріккен күрделі баяндауыш көсемше форма арқылы бірігуден гөрі эмоциялы болуға бейім болуынын себебі бар. Баяндауыштын бұл түрі ерекше интонациямен айтуға ыңғайлы: сіресіп қалдым— сірестім де қалдым.
4.    Эмоциялық   баяндауыш   «сын   есім — десеңші»,
«етістік — десеңші» болып  кұралады:   күшті  десеңші,
алады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз қатыс-
қан лепті сөйлемдер құрамында жұмсалады.
Оған не жоқ десеңші (Б. Т.).
5.    «Етістік — дейсің (деймін)», «есім сөз — деймін»
болып құралған баяндауыштар да  іс-әрекетті эмоция-
мен атау үшін жұмсалады: жауды дейсің, ұстамын дей-
мін.
6.    Эмоциялы баяндауыштардың бір түрі -тын, -тін
формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бі-
рігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысты: сөйлейтіннің өзі, күлегештің өзі.
7.    Эмоциялы баяндауыштың тағы бір түрі алғанды
шығарды тәрізді болып құралады: -ған, -ген, -тын, -тін
формалы есімше шығарды етістігімен тіркесіп, бір ба-
яндауыштық форма құрап тұр. Екі компонент объекті-
лік катынас арқылы  біріккенмен,  объектілік  мағына
бұл тіркесте көрінбейді. Объектілік қатынастын жоға-
луына екі компоненттің лексикалық мағыналарының, бұл
қатынас шеңберінде сыйыспауы себеп.
Үй-ішіне ырза болмай, үнемі төмен қарап отырғанды шығарды (Ә. Н.).
Отырғанды шығарды тәрізді құралған баяндауыш субъектіге тән іс-әрекетті ренішпен, жақтырмай атау қажет болғанда жұмсалады. Бұл баяндауыш жалпылай емес, тек бір стильдік аяға—ауызекі сөйлеу тіліне тән. Біздің ойымызша, «табыс септіктегі есімше — шығарды» болып құралған баяндауышқа тікелей сыңар болып экспрессивтік қатыспаған сөзде келетін күлетін болды сияқты баяндауыштар жұмсалады. Осы типті баяндауыштарға қарсы қойып салыстырғанда алғанды шығарды тәрізді баяндауыштар ез ерекшелігін айқын көрсетеді.
Аталған эмоциялы баяндауыш келер шаққа тән форма алып та жұмсалады.
8.    Бір топ баяндауыштар тек өткем шақка қатысты
іс-әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет етеді.
Солардың бірі -ғаным тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: келгенім бар ма.
Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма (Б. Момышұлы).
Баяндауыш кызметінде жұмсалатын бұл тіркестің құрамындағы негізгі сөздер өзара предикативтік қатынасқа түсіп байланыскан. Бірақ экспрессивтік мағына, соған байланысты интонациялық калып компоненттердің арасындағы синтаксистік қатынастың солғындап, көрінбей кетуіне әкеледі. Сондықтан да (-ған формалы есімше — бар ма) құрамы бір баяндауыштық тұлға болып танылады. Бұл баяндауыштық форма көбіне ауызекі сөйлеу тілінде ұшырап, жедел өткен шақ етістіктен жасалған баяндауышқа стильдік сыңар ретінде жұмсалады: сөйледім — сөйлегенім бар ма.
9.    Эмоциялық мағына білдіретін  мына баяндауыш-
тық форма да құралуы жағынан ілгергі аталған формаға жақын: алмасы бар ма. Бұл баяндауыштың құрамындағы сөздер де предикативтік катынасқа түсіп байланысып тұр. Ерекшелігі — бірінші компоненттін етістікті есім тудыратын -ма, -ме жұрнағы арқылы жасалған сөз ретінде кірігуі. Осынысының өзі сөзді өрнектеуге жәрдемші ретінде пайдаланылады.
Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А. Н.).
10.    Өткен шақ етістіктен болған баяндауышқа эмо-
ционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді баяндау-
ышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді
жасалған баяндауыштар жұмсалады. Баяндауыш құра-
мына бұйрық рай тұлғасындағы болымсыз етістік пен
сұраулы шылау кіріп тұр. Бұл эмоциялы баяндауыштың
ілгергі аталған алғаны бар ма, алмасы бар ма тәрізді
формалардан екі айырмашылығы бар. Біріншіден, ал-
масын ба ілгергілерге карағанда жинақы,   қысқалау
форма. Сөйлеу үстінде, белгілі коммуникативтік жағ-
дайға сай бұның талғанатын реті болады. Екіншіден,
бұл форма өткен шақтық істі білдірумен қатар, тұрақ-
ты болып тұратын іс-әрекетті де білдіреді де, мақал-
мәтелдер кұрауда көп жұмсалады. Қасқырдан бөлтірік
тумасын ба (Б. М.).
11.    Өткен шақта болған іс-әрекетті эмоциямен, әсер-
лі етіп айту үшін -ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма,
ме бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді: жетіп
келермін бе, ала қоярсың ба, айта қояр ма.
Аңқау басым, әлгі машинесінің артына міне коярмын ба! (Б. М.).
Келер шақ есімшенің бұл мағынада жұмсалуы шылауды катыстыруы, ерекше интонацияның қатысуы арқылы мүмкін болып отыр. Осы косымша компоненттердің қосылуы есімшені бастапқы (келер шақ) мағынасынан ажыратып, жаңа қызметке бейімдеген.
12.    Эмоциялы лепті  сөйлем құрайтын баяндауыш-
тардың бір түрі «болымсыз шартты райлы етістік -ба
(бе)» болып құралады: алмасам ба! Бұл баяндауыш
шартты рай болымды етістіктен жасалып тілекті,  ар-
манды білдіретін баяндауыштарға сыңар ретінде пай-
даланылады: алсам-алмасам ба. Экспрессивті баяндау-
ыш іс-әрекетті көксеу, арман етуді эмоциямен білдіру-
мен қатар белгілі ситуацияда, сөздің лексикалык мағы-
насына қарай сес көрсетуге ыңғайланып кетеді. Сені бү-
гін жеткізіп тастамасам ба! Сенің түбіңе жетпесем бе!
(Б. М). Келтірілген мысалдарға қарағанда, баяндауыштық форманың жақтық өзгерісі өлшеулі. Ол тек бірінші жақ түрінде ұшырасады. Генезисіне үңілгенде, баяндауыш мына құрамдағы құрмалас сөйлемнің бағыныңқы бөлшегінің дараланып шығуы негізінде пайда болғаны байқалады: Соны сатып алмасам ба, саған жолықпай-ақ қояйын. Баяндауыштың морфологиялық құрамы (шартты райлы сөздің болымсыз формада келуі) осы генезиске байланысты.
«Шартты рай болымсыз етістік -ба (бе)» формалы баяндауыш ауызекі сөйлеу тіліне тән.
13.    Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баян-
дауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұм-
салады: Оқуды бітірсек! Ел-жұртымызға щолымыздан
келген пайдамызды тигізсек!
«Шартты рай етістік — шы (ші)» түрінде құралған баяндауыштар да армандаулы іс-әрекетті білдіру үшін қызмет етеді.
Шіркін, ол өсітіп көз айырмай өмір бойы қарап тұр-сашы (С. Мұрат.).
Осы баяндауыштар қатысқан сөйлемдер кейде бұрын, өткен кезеңде болған немесе болмаған іс-әрекеттің қарсы реакциясы (өкініш) ретінде туған армандауды білдіретіні бар: алмадым — алсамшы, келмедің — келсеңші, алдым — алмасамшы, келдің — келмесеңші. «Шартты рай етістік — шы (-ші)» формалы баяндауыштарды осы ситуативтік байланысын пайдаланып сөйлеушілер оны болмаған іс-әрекеті экспрессивті түрде білдіру үшін жұмсайды.
Келін-ай, шөп те сондай ауыр болады екен, әлгі құрығырды машинадан сырып түсіре алсамшы (Б. М.).
Осы сөйлемде түсіре алсамшы деген баяндауыш реакция тудыратын іс-әрекетті (түсіре алмадым) атап, білдіріп түр.
14.    Болымсыз мағыналы баяндауыштар қатарында
экспрессивті сыңар ретінде «-ған, -ген (-қан, -кен) —
емес» болып құралатын форма жұмсалады: келген емес,
көрген емес.    
Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген емес (I. Е.).
Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бұл бірігуі ерекше синтаксистік форма тудыру мақсатында пайда болған. Есімшенің болымсыз формасы морфология аясында -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: алмаған, көрмегені; -ғана-емес экспрессивті форма ретінде экспрессивтігі жоқ болымсыз мағыналы өткен шақтық баяндауыштардың бәріне вариант болып жұмсалады: келмеді, келген жоқ — келген емес.
15.    Экспрессивтігі жоқ болымсыз  мағыналы  баян-
дауышқа стильдік вариант ретінде «шартты рай етістік-
тің болымды түрі — ба (бе) болып» құралған баяндау-
ыш жұмсалады: айтсам ба (айтпаймын).
16.    Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталақтатып
құралған алмақ түгіл  аламын  тэрізді  баяндауыштар
жұмсалады. Бұл баяндауыштың жасалу жолы былай.
Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы  шақ,  нақты
осы шақ, өткен шақ етістік сөз келеді де, қайталанатын
сөз -мақ, -мек, (-пақ, -пек) т. б. формасында келеді. Екі
компонент түгіл демеулігі арқылы қарсылықты  қаты-
насқа түсіп байланысады. Баяндауыш диалогтың жауап
репликасында ұшырасады. Өйткені ол сөйлеушінің ал-
дыңғы айтылған сөзіне байланысты тұжырымды, поле-
микалы жауап білдіргенде жұмсалады. Осы ерекшелі-
гімен бұл баяндауыш экспрессивтігі жоқ келер  шақ,
осы шақ, өткен   шақ істі   білдіретін баяндауыштарға
стильдік сыңар болып келеді: алады — алмақ түгіл ала-
ды, жазып жатыр — жазбақ түгіл жазып жатыр, көрді—
көрмек түгіл көрді.
—    Түсіндірерсің!
—    Түсіндірмек түгіл түсіндіремін! (Б. М.).
17.    Кезінде істелген істі өкінішпен білдіру үшін кө-
семшенің болымсыз түрінен жасалған баяндауыш жұм-
салады: алмай, көрмей. Бұл формадағы етістіктің жеке
жұмсалатын сөйлем құрауы — ерекше жай, жалпы тіл-
дік зандылықтан оқшау болып  көрінеді.  Өйткені тіл
ғылымы талдауға қатыстырып жүрген мысалдарда кө-
семше етістік бағыныңқы позицияда ғана ұшырайтын (бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы немесе пысықтауыш мүше ретінде) форма болып көрінеді. Көсемше фор-малы баяндауыштың, дербес сөйлем құрауы ауызекі сөйлеу тіліне тән. Бұл жай ауызекі сөйлеу тілінін эллипсисте (сөйлемді қысқартып айтуға) бейімділігіне байланысты болуға тиіс.
Мені есіркегенше арбаға өзің отырмай!.— деп Бибі де кейіп тұр (С. Мүрат.).
18.    Көсемшенің болымсыз түрінен  жасалған  баян-
дауыш (алмай) кезінде істелмеген істі өкінішпен атау
үшін қызмет етсе, -ып, -іп формалы көсемше сөз істеген
істі, әрекетті өкінішпен атау үшін қызмет етеді: Әр нәр-
сеге ренжіп!
19.    Ашық рай болымды баяндауыштарға эмоциялы
сыңар форма ретінде мына ретпен құрылған баяндауыш
жұмсалады: -уға (-ғанға)   формалы  етістік — дейін —
барды. Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін барды.
20.    Ашық рай болымсыз баяндауышқа эмоциялы сы-
ңар ретінде жұмсалатын зат есім — құрлы — көрмейді,
субстантивтенген есімше — құрлы — көрмейді, зат есім—
құрлы — болмады, есімше — құрлы — болмадым,  (Күр-
ке құрлы болмады, алған құрлы болмады) болып құрал-
ған баяндауыштар бар.
Күміс самаурының шойын құманым нұрлы болмады (Ғ.М.).
Аталған баяндауыштың эмоциялы болуы құрамына ішкен нұрлы, көлеңке құрлы тәрізді құрылған синтаксистік формалардың кіруіне байланысты.
Эмоциялы баяндауыш тек болымсыз формада жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемге эмоциялық түр беретін баяндауыштық формадан бөлек амалдар бар. Олардың бірі — одағай сөздері сөйлемге енгізу. Бұл баяндауыштың актуалдық сапасына байланысты болуға тиіс. Ей, шеттерінен күйіп пісті-ау (С. Мұрат.).
Баяндауыштар қайталанып айтылып та эмоциялық білдіріледі. Мұндайда алдыңғысына демеулік қосылады. Күлімсіреген сәті Халимадан еш аумайды-ау, аумай-ды (С. Мұрат.).
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға