Жаңалықтар

Қазақ киносы

Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылыАлматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежіреліқ фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін, 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс., "Абай әні" (1946), "Махаббат дастаны" (1954), "Шоқан Уәлиханов" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботагөз" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ К-сын дамытуға режисері Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев,С.Қожықов; актерлер Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев, Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты. 1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды. "Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Садықовтың "Балкон" (1988),Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жыл дар дағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.  
05.12.2012 09:42 7215

Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылыАлматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.

2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежіреліқ фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін,

2-дүниежүзілік соғыс жылдарында халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс., "Абай әні" (1946), "Махаббат дастаны" (1954), "Шоқан Уәлиханов" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботагөз" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ К-сын дамытуға режисері Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев,С.Қожықов; актерлер Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев, Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты.

1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды.

"Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Садықовтың "Балкон" (1988),Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жыл дар дағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға