Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҚАРАКӨЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ҚАРАКӨЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ – ғыл.-тәжірибелік мекеме. ҚР А. ш. мин-лігінің қарамағында. Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тының Қаракөл ш. бөлімі мен Шымкент мемл. а. ш. тәжірибе ст. негізінде 1962 ж. ұйымдастырылған. 2002 ж. «Оңтүстік-батыс ауыл шаруашылығы» ғыл.-өндірістік орт-ның Респ. мемл. кәсіпорны болып қайта құрылды. Ин-тта қаракөл қойының генетикасы мен селекциясы; түйе мен қаракөл қойын өсіру технологиясы, жайылым және мал азығын өндіру; қаракөл ш-ндағы өндірістік процестерді кешенді механикаландыру; ғыл.-тех. ақпарат және патент ісі бөлімдері бар. 1963 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғыл. бағыттары: елтірілік қой тұқымдарына және түйелерге иммундық-генетик. және феноцитогенетик. мониторинг және тератологиялық скрининг жүргізу; қаракөл қойы тұқымдарының жаңа зауыттық типтері мен тектес туыстарын (линияларын) шығарып, олардың гендік қорын сақтау; елтірілік қойлар мен бір өркешті түйелерді өсіру технологиясын жетілдіру; өте құнды, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің, сондай-ақ Оңт. Қазақстанның шөл және таулы аймақтарында өсетін дәрілік өсімдіктердің гендік қорын жасап, оларды ұзақ мерзімге сақтаудың технологиясын әзірлеу; шөл және шөлейт жерлерде жайылым шөптерінің сорттарын өсіру; фермерлік ш-тар үшін шөптесін-бұталы және жусанды-эфемерлі қысқа мерзімді жайылымдарды тиімді пайдаланудың тәсілдерін анықтау; оңт. аймақтардағы түйе ш. кешендеріне арнап еңбек өнімділігін арттыратын құрал-жабдықтар жасау. Ин-т қаракөл қойының «Сырдариялық қара», «Гурьевтік көгілдір», «Бұхарлық сұр», т.б. типтерін және елтірілі-етті-майлы Атырау асыл тұқымды қаракөл қойының зауыттық типін шығарды. Қазақ а. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, қаракөл елтірісін өңдеуге арналған машиналар мен механизмдер жасап, оларды өндіріске енгізді; түйені машинамен сауу, жүнін электр машинамен қырқу әдістерін өндіріске ұсынды. Түрікменстанның Шөл ғыл.-зерт. ин-ттарымен, сондай-ақ Израильдің Бен-Гурион ун-ті, Италияның Халықар. генетик. ресурстық экспортымен, т.б. тығыз байланыста әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ин-тта С.Әбдірайымов, Х.Ы.Үкібаев, сондай-ақ Ә.М.Омбаев, Ә.С.Ахметше, Н.Н.Әлібаев, Т.К.Рисимбетов, А.Баймұханов, М.А.Есқара, т.б. ғалымдар жұмыс істеді.
05.12.2012 09:38 5126

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға