Жаңалықтар

Мәдениетті Қазақстан

Мәдениетті Қазақстан   Бұрын ғылым-өнер қазақтың көп татпаған асы еді. Оның білген химиясы құрт қайнатып, ет асу түрінде, оның білген астрономиясы "ай тоғады", "үркер туды", "үш арқар таразы көтерілді", "Есекқырған еңкейдімен" тоқыраушы еді.   Ол білген есеп ғылымы да не саусақ санап, немесе "қоралы қой", "шұқыр толы жылқы", "пәлен соқыр" деген сияқты шоғыр есеппен болушы еді. Тарихы ата санау; зат бұйым мәдениеті — "киіз туырлықты қазақ" деген сияқты сөзден тараушы еді.   Жайлап жүрген жер, бағып жүрген мал, ішер ас, киер киім, тұрғын жай - барлығына да ғылым-өнер оншалық қабысқан да, атсалысқан да жоқ еді.   Құба тақыр, сарғылт сахарада сол сахаралардай ұзақ-ұзақ заман жатты. Бұлыңғыр сұрғылт күндерде құлаланып толқып көл жатса, сол айдынның бетіне көпіршіп, шыпшып шаңбарақ атқан көбіктер шықпаушы еді? Сахаралар жайқынының бетінде домалақ киіз үйлер, жаңағы көл бетінің көбігіндей шығып-басылып тұрып өшіп, бір жиектен бір жиекке көшіп-қонып күн кешті. "Айдалада ақ отау, аузы-мұрыны жоқ отау" — деген жұмбақтай, сол ұзақ сахараның, сол ұзақ ғасырлардың шешілмес бір жұмбағы боп сол киіз үйлер көп кезді.   Сол үйлердің ішінде күмәнді күндер атқарып жұмбақ тағдырлы адам өтті. Атадан нәсіл, нәсілден ұрпақ, ұрпақтан қарға тамырлы халық өсті. Бірақ ғылым-өнер қазынасына қарай қадам баса алмай, жылжи алмай күн кешті. Бұл сахарада тарих мешел боп отырды.   "Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі" деп ата кешкенді кешсе, ата білгенді білсе болды деді. Атадан озса обалдай көрінеді.   Халық өзі сол мешеу замандарын қалың ұйқы басқан заман деп еді... Өнер бар деп аңсай талпынған заманын ояну деп атап еді. Киіз туырлық астында көп ұйықтағаны рас. Бірақ тыныш ұйықтады ма? Жоқ, жататын төсек жамбасқа тастай батып, басына шеңгел жастанып жатқандай боп, бастығырылып, дөңбекшіп түс көріп ұйықтайды. Ол түсі қиял түсі, ойдың ізі, арман түсі еді. Ізерлеп ойлап, тімтініп іс, тебіреніп те қиялдап еді... Өгей дәуірлер, сұм соққылар тізесі қинап басып еді...   Қамшыланған қиялы көптің көкейін тескен талай-талай көкейкесті" мұңдар айттыˡ. Сол мұңды саз бен ұшқыр қиял шартарапқа шарқ ұрды. Қолымен өнерді ұстамаса да, қиялымен тауып табысып отырды... Қалай табысты?   Әңгіме әпсанасы арқылы, қиял ертегісі арқылы, жыр мен дастан, қобыз бен саз, мұңды наз арқылы қабысты. "Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас", "жер ортасы Көктөбе", "қу медиен қу далада" алысты жақын етер пырақты қиял етті халық. Алты айлықты алты аттар тұлпар тудырды қиялдан. Халық үшін қарысып, қоғамын алысқа бастаған ерлер туғызды. Сараң, өгей табиғаттың бермесін алып, көнбесін көндіруге де талап етті. Алыстың үнін еститін жер тыңдағыш даналар, жеті қат жер астына түсетін. Түскен сайын қазына алып шығатын қиын еңбек сапарларын суреттеді. Ізден, өрле, өнер тап, "жүрген аяққа жөргем ілінеді" деген еді шынымен.   Ең аяғы баланы жұбатқан "Өтірік" деген лақабында да жанды-жансыз дүниенің барлығынан қашықтатпай табыстарға жақындатуға талпынып еді сол қиялмен. Дүниенің сырын біл деп баулып еді. "Талапты ерге нұр жауар" дегенді талайғы мерзімі қып айта бастап еді.   Қанат тауып, аспан өрле, от дариясын өт, сүңгі байлап, су астын жүз, жеті қат жер астына батыл бойла, бәрінде де сыр бар, талабыңа табыс оралар деп еді. Өнерді, өзгеше күнді көксеген еді... Өмірде кенже, өнерден кенде қалғанын сезіп қатты тебіреніп еді. Осылайша бастады да ғасырлар бойы осы арман, қиялын алтындай ардақтады. Өнердің түңғыш әсем, жарқын айшығындай болып бұл сахарада күңіренген күй, шығанға шырқар ән туды. Барлық қуаныш пен талап та, мұң мен шер де, алыс пен тартыс та, кәсіп пен тіршілік те сол әнмен тыныс алды.   Кенжелеп қалған қиын жайын, шерменде жыр, шешен сөзбен де көп айтты. Талай буын өкілдері талайдан бергі ділмәр жүйрік, алғыр ақын сол буындардың зар сарынын аңыратты. Арман жырының басы "арайна" мен басталғандай дәл екі ғасыр бойында халық қамын айтқан жырдың бәрінің құлақ күйі — өнерсіздік, қараңғылық зары еді.   Міне наданды құйқысы cap даланы басып жатқан заманда халық алып "қара қазан, cap баланың қамы үшін" осылайша қиналып, түн ұйқысын төрт бөліп, дөңбекшіп еді. Бұл замандар әні де, жыры да, арман сыры да күрсіну еді. Күрсіну де күңірену еді. Жетпедік, қараңғыда қамалдық, өкінішпен күн өтті! — деп күрсініп еді.   Сол халық өз бойындағы айып шамын өмірі ұмытпады. Мәдениетті ел, өнер-білімді жай көргенде іші күйді. Сол өнер-білімді аңсап, көкірегіне арман жинады. Халықтың осы армандарының сыбызғы қобызындай боп күңіренген "жарғақ құлағы жастыққа тимей" зар қағып өткен ұлдары да болды.   Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды... —   деп, білімді елдерді көргенде іші күйді Алтынсарин Ыбырайдың. Ол қазақтың адал ұлы еді. "Есіл жұртым-ай, мәдениетсіз, білімсіз қор болдың-ау" деп, өзі үміт еткен жас қауымға:   Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! —   деп өнер дүкеніне шақырды. Айтып қана қоймайды, ауылдан мектеп те ашты, кітап та шығарды (араб әрпін алмай, ең алғаш орыс әрпімен қазақша кітап шығарған және сол әрпімен қазақ балаларын оқытқан осы Ыбырай еді), оқытушы да болды. Бірақ жалғыздың үні шыға алмай аз баланы оқытқанмен бірнеше миллион қазақтың көзі ашыла қоймай, "баяғы ауыл бір ауыл" боп көше берді.   Сөйтіп қазақ халқы ғасырлардың ой-шұқырына қонақтап, белес-белесінен желе-бүкеңдеп асқан болды. 19 ғасырдың орта белесінен асқанда қара тобыр жолменен баяғыша маңып бара жатқан жұртына ұлы Абай тап болды. Абай қазақ халқынан шыққан ұлы ақын еді, өз ортасынан иығы асып шығысқа да, батысқа да қарады. Қарады да мәдениеті өскен, өнерлі-білімді жұрттарды көрді алыстан. Соны көрді де ұлы ақын өз халқын өнерге-білімге шақырды. Елінің еркін, жарқын келешегін аңсады.   Атадан қалған қара сүрлеу жолменен аяңдап көшіп кетіп бара жатқан халқын көрді де:   Адасып, алаңдама жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық қамалмай, He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай... —   деп бір айтты. Бұл сөзі ескерілмеген соң, ұлы ақын өз жұртына жалынды да, кейіді де, сөкті де. Бар арманы — білім, өнер, мәдениет еді. Ең алғаш киіз үйдің түңлігін батыс жақтан ашып, халқының тарихын ол кездегі алыс батысқа, аңғарға бағыттаған Абай еді. Халқының сол күндері үшін қайғырып: Өстіп жер-дүниедегі жұрттың қоры болып отырғанымыз ба? Жоқ қазақ ортасында да өнермен өрістерлік күні болар ма екен?" деп ащы арманмен дүниеден қайтты.   Қазақ халқының өнер-білімге деген қиял-арманы тоқталмады. Бірақ ол тілек, ол ынта-талабы іске асуына сонау кер заман ырық бермеді! Аш қасқырдай жалақтап кеп ауыз салған сыртқы жау мен іштен жегідей жеген жебірлер қазақ халқының тұрмысын да күйзелтті, ой қазынасын да жұтатты. Қазақтың қалың көпшілігіне мәдениет есіктері тарс бекітулі болды. Жас буынның оқуға түскісі де, білімді болғысы да келді, қалаға барып орысша да оқығысы келді. Бірақ заманасы талабына тосқауыл жасады. Бертінгі заманда қазақтан шыққан бірен-саран оқығандар болса, олар халыққа тегі жат. Ниеті жат таптың баласы еді. Олар оқыды да сол өз табының, Ресей патшасының сойылын соқты. Халықтың жолын тосып, алдынан ор қазды.   Қалың бұқараның арасынан оқыған адамның шыға қоюы ол кезде өте қиын іс еді. Қазақтың бұрынғы тарихынан ондай адамды іздесеңіз, бірен-саранын әрең табасыз. Соның бірі дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. Оның өмірі сол кездегі кедей баласына қас тағдырды елестетеді. Өз басының өнер-талабы бойынша, ауылдағы қорлықтан қашып шығып, бақыт іздеді. Ол бақыты білім еді, сол білімді іздеп ол қиырды шарлап бармаған жері болмады. Павлодар, Омбы, Семей, Троицк, Том қалаларының бәріне де барды. Өз бойына біткен қайсар жігердің, талап-ынтаның арқасында орыс мектебіне оқуға да кірді, қайыршылап жүріп оқыды. Сөйтіп жүрсе де, қалың елінің ол күнгі қорлық тағдырына кектеніп:   Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылық кегіне, Күн болмағанда кім болам... —   деп, қара түнек заманда қияға қарсы қанат қаққан еді. Заманадан замана озды, қазақ халқы ғасырлардың ұзын сонар белестерінен, аумалы-төкпелі замандардың қаһарлы, қорқынышты кезеңдерінен үдере көшіп өтіп, Ұлы Октябрьге жетті.   Тарлан да, тарлан, тарлан тас, Тарықса шығар көзден жас, Тар қолтықтан оқ тисе, Тартып алар қарындас —   деп, тар кезеңге, тұтқиылға түскен шақта, бауырлас орыс еңбекшілері қазақ халқын жарыққа бастап алып шықты. Еркіндік дүниесіне, бақыт дүниесіне қарай жаңадан көш тартты қазақ халқы. Сол көшті бастаған ұлы орыс халқы, жер жүзі еңбекшілерінің қамқоры, данышпан Ленин мен Сталин². Сахарасынан қараңғылық кетіп, көгінен шаттық күні күлген қазақ халқы — осыдан былай қарай бұрынғы қара сүрлеу жолдан шығып, айдай айқынданып жарқырап жатқан жаңа жолға түсті. Тарихтың дана жолына басты. Бұл жол – қазақ халқының ұлы көшін бақытқа да беттетті, мәдениетке де кенелтті. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып, құлаш ұрды. "Көкейімізді тескен мәдениетсіздік едің-ау, бетімізге дақ салған өнер мен білімнің жоқтығы еді — сенің де ызаң өтті-ау" дегендей өнер-білімге лап қойды. Талайға созылған арманын, түсін, игілік түсін іске асыра беттеді. "Қараңғылықтың кегі үшін" халықтың барлық ұлы, қызы өнер-білім қуып, жарысқа түсті. Бұрынғы замандағыдай "өрмелеп шығу емес" ойнақтап шығып, туған сахарасының мәдениет шамшырағы болуға аттанды олар... Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 09:37 4279

Мәдениетті Қазақстан

 

Бұрын ғылым-өнер қазақтың көп татпаған асы еді. Оның білген химиясы құрт қайнатып, ет асу түрінде, оның білген астрономиясы "ай тоғады", "үркер туды", "үш арқар таразы көтерілді", "Есекқырған еңкейдімен" тоқыраушы еді.

 

Ол білген есеп ғылымы да не саусақ санап, немесе "қоралы қой", "шұқыр толы жылқы", "пәлен соқыр" деген сияқты шоғыр есеппен болушы еді. Тарихы ата санау; зат бұйым мәдениеті — "киіз туырлықты қазақ" деген сияқты сөзден тараушы еді.

 

Жайлап жүрген жер, бағып жүрген мал, ішер ас, киер киім, тұрғын жай - барлығына да ғылым-өнер оншалық қабысқан да, атсалысқан да жоқ еді.

 

Құба тақыр, сарғылт сахарада сол сахаралардай ұзақ-ұзақ заман жатты. Бұлыңғыр сұрғылт күндерде құлаланып толқып көл жатса, сол айдынның бетіне көпіршіп, шыпшып шаңбарақ атқан көбіктер шықпаушы еді? Сахаралар жайқынының бетінде домалақ киіз үйлер, жаңағы көл бетінің көбігіндей шығып-басылып тұрып өшіп, бір жиектен бір жиекке көшіп-қонып күн кешті. "Айдалада ақ отау, аузы-мұрыны жоқ отау" — деген жұмбақтай, сол ұзақ сахараның, сол ұзақ ғасырлардың шешілмес бір жұмбағы боп сол киіз үйлер көп кезді.

 

Сол үйлердің ішінде күмәнді күндер атқарып жұмбақ тағдырлы адам өтті. Атадан нәсіл, нәсілден ұрпақ, ұрпақтан қарға тамырлы халық өсті. Бірақ ғылым-өнер қазынасына қарай қадам баса алмай, жылжи алмай күн кешті. Бұл сахарада тарих мешел боп отырды.

 

"Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі" деп ата кешкенді кешсе, ата білгенді білсе болды деді. Атадан озса обалдай көрінеді.

 

Халық өзі сол мешеу замандарын қалың ұйқы басқан заман деп еді... Өнер бар деп аңсай талпынған заманын ояну деп атап еді. Киіз туырлық астында көп ұйықтағаны рас. Бірақ тыныш ұйықтады ма? Жоқ, жататын төсек жамбасқа тастай батып, басына шеңгел жастанып жатқандай боп, бастығырылып, дөңбекшіп түс көріп ұйықтайды. Ол түсі қиял түсі, ойдың ізі, арман түсі еді. Ізерлеп ойлап, тімтініп іс, тебіреніп те қиялдап еді... Өгей дәуірлер, сұм соққылар тізесі қинап басып еді...

 

Қамшыланған қиялы көптің көкейін тескен талай-талай көкейкесті" мұңдар айттыˡ. Сол мұңды саз бен ұшқыр қиял шартарапқа шарқ ұрды. Қолымен өнерді ұстамаса да, қиялымен тауып табысып отырды... Қалай табысты?

 

Әңгіме әпсанасы арқылы, қиял ертегісі арқылы, жыр мен дастан, қобыз бен саз, мұңды наз арқылы қабысты. "Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас", "жер ортасы Көктөбе", "қу медиен қу далада" алысты жақын етер пырақты қиял етті халық. Алты айлықты алты аттар тұлпар тудырды қиялдан. Халық үшін қарысып, қоғамын алысқа бастаған ерлер туғызды. Сараң, өгей табиғаттың бермесін алып, көнбесін көндіруге де талап етті. Алыстың үнін еститін жер тыңдағыш даналар, жеті қат жер астына түсетін. Түскен сайын қазына алып шығатын қиын еңбек сапарларын суреттеді. Ізден, өрле, өнер тап, "жүрген аяққа жөргем ілінеді" деген еді шынымен.

 

Ең аяғы баланы жұбатқан "Өтірік" деген лақабында да жанды-жансыз дүниенің барлығынан қашықтатпай табыстарға жақындатуға талпынып еді сол қиялмен. Дүниенің сырын біл деп баулып еді. "Талапты ерге нұр жауар" дегенді талайғы мерзімі қып айта бастап еді.

 

Қанат тауып, аспан өрле, от дариясын өт, сүңгі байлап, су астын жүз, жеті қат жер астына батыл бойла, бәрінде де сыр бар, талабыңа табыс оралар деп еді. Өнерді, өзгеше күнді көксеген еді... Өмірде кенже, өнерден кенде қалғанын сезіп қатты тебіреніп еді. Осылайша бастады да ғасырлар бойы осы арман, қиялын алтындай ардақтады. Өнердің түңғыш әсем, жарқын айшығындай болып бұл сахарада күңіренген күй, шығанға шырқар ән туды. Барлық қуаныш пен талап та, мұң мен шер де, алыс пен тартыс та, кәсіп пен тіршілік те сол әнмен тыныс алды.

 

Кенжелеп қалған қиын жайын, шерменде жыр, шешен сөзбен де көп айтты. Талай буын өкілдері талайдан бергі ділмәр жүйрік, алғыр ақын сол буындардың зар сарынын аңыратты. Арман жырының басы "арайна" мен басталғандай дәл екі ғасыр бойында халық қамын айтқан жырдың бәрінің құлақ күйі — өнерсіздік, қараңғылық зары еді.

 

Міне наданды құйқысы cap даланы басып жатқан заманда халық алып "қара қазан, cap баланың қамы үшін" осылайша қиналып, түн ұйқысын төрт бөліп, дөңбекшіп еді. Бұл замандар әні де, жыры да, арман сыры да күрсіну еді. Күрсіну де күңірену еді. Жетпедік, қараңғыда қамалдық, өкінішпен күн өтті! — деп күрсініп еді.

 

Сол халық өз бойындағы айып шамын өмірі ұмытпады. Мәдениетті ел, өнер-білімді жай көргенде іші күйді. Сол өнер-білімді аңсап, көкірегіне арман жинады. Халықтың осы армандарының сыбызғы қобызындай боп күңіренген "жарғақ құлағы жастыққа тимей" зар қағып өткен ұлдары да болды.

 

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды... —

 

деп, білімді елдерді көргенде іші күйді Алтынсарин Ыбырайдың. Ол қазақтың адал ұлы еді. "Есіл жұртым-ай, мәдениетсіз, білімсіз қор болдың-ау" деп, өзі үміт еткен жас қауымға:

 

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! —

 

деп өнер дүкеніне шақырды. Айтып қана қоймайды, ауылдан мектеп те ашты, кітап та шығарды (араб әрпін алмай, ең алғаш орыс әрпімен қазақша кітап шығарған және сол әрпімен қазақ балаларын оқытқан осы Ыбырай еді), оқытушы да болды. Бірақ жалғыздың үні шыға алмай аз баланы оқытқанмен бірнеше миллион қазақтың көзі ашыла қоймай, "баяғы ауыл бір ауыл" боп көше берді.

 

Сөйтіп қазақ халқы ғасырлардың ой-шұқырына қонақтап, белес-белесінен желе-бүкеңдеп асқан болды. 19 ғасырдың орта белесінен асқанда қара тобыр жолменен баяғыша маңып бара жатқан жұртына ұлы Абай тап болды. Абай қазақ халқынан шыққан ұлы ақын еді, өз ортасынан иығы асып шығысқа да, батысқа да қарады. Қарады да мәдениеті өскен, өнерлі-білімді жұрттарды көрді алыстан. Соны көрді де ұлы ақын өз халқын өнерге-білімге шақырды. Елінің еркін, жарқын келешегін аңсады.

 

Атадан қалған қара сүрлеу жолменен аяңдап көшіп кетіп бара жатқан халқын көрді де:

 

Адасып, алаңдама жол таба алмай,

Берірек түзу жолға шық қамалмай,

He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,

Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай... —

 

деп бір айтты. Бұл сөзі ескерілмеген соң, ұлы ақын өз жұртына жалынды да, кейіді де, сөкті де. Бар арманы — білім, өнер, мәдениет еді. Ең алғаш киіз үйдің түңлігін батыс жақтан ашып, халқының тарихын ол кездегі алыс батысқа, аңғарға бағыттаған Абай еді. Халқының сол күндері үшін қайғырып: Өстіп жер-дүниедегі жұрттың қоры болып отырғанымыз ба? Жоқ қазақ ортасында да өнермен өрістерлік күні болар ма екен?" деп ащы арманмен дүниеден қайтты.

 

Қазақ халқының өнер-білімге деген қиял-арманы тоқталмады. Бірақ ол тілек, ол ынта-талабы іске асуына сонау кер заман ырық бермеді! Аш қасқырдай жалақтап кеп ауыз салған сыртқы жау мен іштен жегідей жеген жебірлер қазақ халқының тұрмысын да күйзелтті, ой қазынасын да жұтатты. Қазақтың қалың көпшілігіне мәдениет есіктері тарс бекітулі болды. Жас буынның оқуға түскісі де, білімді болғысы да келді, қалаға барып орысша да оқығысы келді. Бірақ заманасы талабына тосқауыл жасады. Бертінгі заманда қазақтан шыққан бірен-саран оқығандар болса, олар халыққа тегі жат. Ниеті жат таптың баласы еді. Олар оқыды да сол өз табының, Ресей патшасының сойылын соқты. Халықтың жолын тосып, алдынан ор қазды.

 

Қалың бұқараның арасынан оқыған адамның шыға қоюы ол кезде өте қиын іс еді. Қазақтың бұрынғы тарихынан ондай адамды іздесеңіз, бірен-саранын әрең табасыз. Соның бірі дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. Оның өмірі сол кездегі кедей баласына қас тағдырды елестетеді. Өз басының өнер-талабы бойынша, ауылдағы қорлықтан қашып шығып, бақыт іздеді. Ол бақыты білім еді, сол білімді іздеп ол қиырды шарлап бармаған жері болмады. Павлодар, Омбы, Семей, Троицк, Том қалаларының бәріне де барды. Өз бойына біткен қайсар жігердің, талап-ынтаның арқасында орыс мектебіне оқуға да кірді, қайыршылап жүріп оқыды. Сөйтіп жүрсе де, қалың елінің ол күнгі қорлық тағдырына кектеніп:

 

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылық кегіне,

Күн болмағанда кім болам... —

 

деп, қара түнек заманда қияға қарсы қанат қаққан еді. Заманадан замана озды, қазақ халқы ғасырлардың ұзын сонар белестерінен, аумалы-төкпелі замандардың қаһарлы, қорқынышты кезеңдерінен үдере көшіп өтіп, Ұлы Октябрьге жетті.

 

Тарлан да, тарлан, тарлан тас,

Тарықса шығар көзден жас,

Тар қолтықтан оқ тисе,

Тартып алар қарындас —

 

деп, тар кезеңге, тұтқиылға түскен шақта, бауырлас орыс еңбекшілері қазақ халқын жарыққа бастап алып шықты. Еркіндік дүниесіне, бақыт дүниесіне қарай жаңадан көш тартты қазақ халқы. Сол көшті бастаған ұлы орыс халқы, жер жүзі еңбекшілерінің қамқоры, данышпан Ленин мен Сталин². Сахарасынан қараңғылық кетіп, көгінен шаттық күні күлген қазақ халқы — осыдан былай қарай бұрынғы қара сүрлеу жолдан шығып, айдай айқынданып жарқырап жатқан жаңа жолға түсті. Тарихтың дана жолына басты. Бұл жол – қазақ халқының ұлы көшін бақытқа да беттетті, мәдениетке де кенелтті. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып, құлаш ұрды. "Көкейімізді тескен мәдениетсіздік едің-ау, бетімізге дақ салған өнер мен білімнің жоқтығы еді — сенің де ызаң өтті-ау" дегендей өнер-білімге лап қойды. Талайға созылған арманын, түсін, игілік түсін іске асыра беттеді. "Қараңғылықтың кегі үшін" халықтың барлық ұлы, қызы өнер-білім қуып, жарысқа түсті. Бұрынғы замандағыдай "өрмелеп шығу емес" ойнақтап шығып, туған сахарасының мәдениет шамшырағы болуға аттанды олар...

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға