Жаңалықтар

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Тараз қ-нда 1931 ж. ашылған. 1978 ж. қаланың орт. алаңындағы жаңа ғимаратқа көшірілді. Мұражай залдарының жалпы аум. 1492 м2. Ондағы экспонаттар тірі және өлі табиғат, тарих және археология, этнография, тарихи оқиғалар залдарына жүйеленіп қойылған. Мұражай қоры 30 мыңнан аса экспонаттан тұрады. Олардың бірқатары Италия, Астана, Алматы қ-ларында болған көрмелерде көрсетілді. Мұражай қызметкерлері 1991 — 2001 ж. Археология ин-тының археологтерімен біріге отырып, облыс территориясындағы көне тарихи орындарға археол. қазба жұмыстарын жүргізді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 1994 — 97 ж. көне Тараз орнынан қаланың б.з. 1 ғ-ында болғандығын дәлелдейтін көптеген заттар: үйлердің қабырғалары және кейінгі дәуірлерге қатысты теңгелер (20 дана), тереңд. 6 м құдық, пеш және су құбырлары, ыдыс-аяқ, шырақтар, ұршық бастар, Тараздың қола теңгелері (8 дана), оның ішінде 7 — 8 ғ-ларға жататын ортасында төртбұрышты саңылауы бар соғды теңгелері табылды. Мұражайға “балбал тастар” деп аталатын тас мүсіндердің бірегей тобы қойылған. Олардың жалпы саны 70-тен астам. Мұражайдағы өте сирек кездесетін экспонаттың бірі — сақ жауынгерлерінің дулығасы. Ол қоладан жасалынған, б.з.б. 6 — 5 ғ-ларға жатады. Сақ заманынан сақталған биік тұғырлы қола қазандар да назар аудартады. 1972 ж. Тараз қ-ндағы Орт. базар аумағын қазу жұмыстарының барысында ер адамның қола мүсіні табылды. 1976 ж. Орт. спорт алаңын салу үшін жүргізілген құрылыс жұмыстарының кезінде табылған қоладан жасалған үнді бишісінің мүсіні де осы мұражайда тұр. 1995 — 96 ж. мұражай директоры К.Байбосыновтың жетекшілігімен ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың орындарына және сақ, үйсін қорғандарына қазба жұмыстары жүргізілді. Қорғандардан тас, қола моншақ, жебенің ұшы, ілгіштер табылды. Төм. Барысхан қалашығының орнынан бөлме, зал сылақтарының оюлы, әшекейлі сынықтары кездесті. Шахристаннан әр түрлі пішінді ас пісіретін қазандар, шыны бұйымдар, түрлі түсті моншақтар мен сырға, түркі теңгесінің табылуы үлкен олжа болды. 8 ғ-ға жататын Ақыртасты қазу жұмыстары 1996 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1998 жылғы зерттеуде ұз. 16 м, ені 6 м, 6 бөлмеден тұратын керуен сарайдың орны, бір бөлмесінен сырға, ыдыс сынықтары және өлшемі 2525 см күйдірілген кірпіш, су құбырлары табылды. Мұражай қоры, негізінен, қазба жұмыстарынан табылған заттармен толығып отыр. Мұражай қорында Тараз қ-на жер аударылып келген неміс халқының көрнекті суретшісі Л.В. Брюммердің сыйға тартқан үлкенді-кішілі 1000-ға тарта жұмыстары да сақтаулы. Мұражайға, сондай-ақ, қазақ халқының көне саз аспаптары (сазсырнай, шаңқобыз) мен ер-тұрман әбзелдері, қолөнер туындылары қойылған.
05.12.2012 09:36 11506

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға