Жаңалықтар

Лаос

Лаос, Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан. Жер аумағы – 236,8 мың км2. Астанасы – Вьентьян қаласы. Әкiмшілік жағынан 16 кхуэнге бөлiнедi. Халқы 5,5 млн. адам. Этникалық құрамында лао-лум (68%), лао-тенг (22%), т.б. халықтар бар. Мемлекеттік тiлi – лаос тiлi. Халқының басым көпшiлiгi будда дiнiн ұстанады (85%). Ақша бiрлiгi – кип. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент. Заң шығарушы органы – бiр палаталы Ұлттық жиналыс. Жерi, негiзiнен, таулы келедi. Солтүстік бөлiгiн Траннинь таулы қыраты алып жатыр. Ең биiк жерi – Биа тауы (2820 м). Шығысында Чыонгшон, оңтүстігінде Боловен таулары, батысында Корат үстiрттерi бар. Климаты субэкваторлық муссондық. Қаңтардың орташа температурасы 15 – 23°С, шiлдеде 28 – 30°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерi тауда 2000 – 3000 мм, жазық бөлiгiнде 1500 мм. Басты өзенi – Меконг. Лаоста субтропиктiк мәңгi жасыл ағаштар өседi. Пiл, мүйiзтұмсық, маймыл (макака, гиббон), жыланның көптеген түрлерi, қырғауыл, бүркiт, тауыс, т.б. құстар, өзендерiнде тұқы, шортан сияқты балықтар кездеседi. Лаос жерiн адамдар жоғарғы палеолит дәуiрiнен бастап мекендеген. Неолит дәуiрiнде Лаос алқабында күрiш егу, таулы жерлерде аңшылық пен мал шаруашылығы өрiс алды. Біздің заманымыздың 1-мыңжылдығының алғашқы жартысында Фунань кхмерлер мемлекетi құрылды. 1353 ж. Лаостағы ұсақ иелiктер аса iрi Лансанг мемлекетiне бiрiктi. 14-ғасырда бiрыңғай мемлекет болып қалыптасты. Будда дiнi күшейдi, елде дiни мектептер салына бастады. 15 – 18-ғасырларда Лаос мәдениетi жан-жақты өркендедi. Лансанг мемлекетiнде сауда жолдары дамыды. 1827 ж. елдің астанасы Вьентьянға көшiрiлдi. 1893 ж. Франция Лаос аймағын өз отарына айналдырды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ұлттық Лао Иссара (Лаосты азат ету) ұйымы құрылды. Жапония 2-дүниежүзілік соғыста жеңiлiске ұшыраған соң француз үстемдiгiне қарсы көтерiлiс ұйымдастырылды. 1945 ж. 12-қазанда көтерiлiсшiлер Лао елiнің (“Патет Лао”) тәуелсiздiгiн жариялады. Бiрақ 1946 ж. 21-наурызда Патет Лао құрамалары француз әскерлерiнен жеңiлiп қалды. Елде партизандық күрес басталды. 1950 ж. Лаостың Азаттық майданы, 1951 ж. наурызда Лаос, Камбоджа және Вьетнам мемлекеттерiнің бiрiккен Азаттық майданы құрылды. Француз отаршылары 1953 ж. 22-қазанда Лаостың тәуелсiздiгiн шартты түрде мойындауға мәжбүр болды. 1975 ж. 2-желтоқсанда Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы жарияланды. 1955 ж. Лаос БҰҰ-на қабылданды. Лаос халқы, негiзiнен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Басты дақылы – күрiш. Экспортқа ағаш, тоқыма бұйымдарын, кофе, гипс, қалайы шығарады. Сырттан азық-түлiк, ауыр машина жасау өнiмдерiн, өнеркәсiптiк отын алады. Ұлттық жалпы өнiмнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негiзгi сауда серiктестерi – Жапония, Қытай, Тайланд, Италия, Франция және Германия.    
05.12.2012 09:35 8513

Лаос, Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан. Жер аумағы – 236,8 мың км2. Астанасы – Вьентьян қаласы. Әкiмшілік жағынан 16 кхуэнге бөлiнедi. Халқы 5,5 млн. адам. Этникалық құрамында лао-лум (68%), лао-тенг (22%), т.б. халықтар бар. Мемлекеттік тiлi – лаос тiлi. Халқының басым көпшiлiгi будда дiнiн ұстанады (85%). Ақша бiрлiгi – кип. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент. Заң шығарушы органы – бiр палаталы Ұлттық жиналыс.

Жерi, негiзiнен, таулы келедi. Солтүстік бөлiгiн Траннинь таулы қыраты алып жатыр. Ең биiк жерi – Биа тауы (2820 м). Шығысында Чыонгшон, оңтүстігінде Боловен таулары, батысында Корат үстiрттерi бар. Климаты субэкваторлық муссондық. Қаңтардың орташа температурасы 15 – 23°С, шiлдеде 28 – 30°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерi тауда 2000 – 3000 мм, жазық бөлiгiнде 1500 мм. Басты өзенi – Меконг. Лаоста субтропиктiк мәңгi жасыл ағаштар өседi. Пiл, мүйiзтұмсық, маймыл (макака, гиббон), жыланның көптеген түрлерi, қырғауыл, бүркiт, тауыс, т.б. құстар, өзендерiнде тұқы, шортан сияқты балықтар кездеседi.

Лаос жерiн адамдар жоғарғы палеолит дәуiрiнен бастап мекендеген. Неолит дәуiрiнде Лаос алқабында күрiш егу, таулы жерлерде аңшылық пен мал шаруашылығы өрiс алды. Біздің заманымыздың 1-мыңжылдығының алғашқы жартысында Фунань кхмерлер мемлекетi құрылды. 1353 ж. Лаостағы ұсақ иелiктер аса iрi Лансанг мемлекетiне бiрiктi. 14-ғасырда бiрыңғай мемлекет болып қалыптасты. Будда дiнi күшейдi, елде дiни мектептер салына бастады. 15 – 18-ғасырларда Лаос мәдениетi жан-жақты өркендедi. Лансанг мемлекетiнде сауда жолдары дамыды. 1827 ж. елдің астанасы Вьентьянға көшiрiлдi. 1893 ж. Франция Лаос аймағын өз отарына айналдырды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ұлттық Лао Иссара (Лаосты азат ету) ұйымы құрылды. Жапония 2-дүниежүзілік соғыста жеңiлiске ұшыраған соң француз үстемдiгiне қарсы көтерiлiс ұйымдастырылды. 1945 ж. 12-қазанда көтерiлiсшiлер Лао елiнің (“Патет Лао”) тәуелсiздiгiн жариялады. Бiрақ 1946 ж. 21-наурызда Патет Лао құрамалары француз әскерлерiнен жеңiлiп қалды. Елде партизандық күрес басталды. 1950 ж. Лаостың Азаттық майданы, 1951 ж. наурызда Лаос, Камбоджа және Вьетнам мемлекеттерiнің бiрiккен Азаттық майданы құрылды. Француз отаршылары 1953 ж. 22-қазанда Лаостың тәуелсiздiгiн шартты түрде мойындауға мәжбүр болды. 1975 ж. 2-желтоқсанда Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы жарияланды. 1955 ж. Лаос БҰҰ-на қабылданды.

Лаос халқы, негiзiнен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Басты дақылы – күрiш. Экспортқа ағаш, тоқыма бұйымдарын, кофе, гипс, қалайы шығарады. Сырттан азық-түлiк, ауыр машина жасау өнiмдерiн, өнеркәсiптiк отын алады. Ұлттық жалпы өнiмнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негiзгi сауда серiктестерi – Жапония, Қытай, Тайланд, Италия, Франция және Германия.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға